"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы




Название"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы
страница1/5
Дата конвертации10.07.2013
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы

      «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық - инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар (келiсiм бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу, мониторингiлеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   

2011 жылғы 14 наурыздағы

№ 254 қаулысымен 

бекiтiлген     
«Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның       «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы

Атауы  

Әзiрлеу үшiн        «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-негiздеме    инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға                       арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама)
Әзiрлеушi           Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Бағдарламаның        Экономиканың басым секторларында мақсаты    еңбек өнiмдiлiгiн арттыру жолымен өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Бағдарламаның        1. Кәсiпорындар қолданып жүрген басқару және
мiндеттерi           өндiрiстiк технологияларды жетiлдiру
                     2. Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту
                     (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге
                     қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру

Iске асыру           2011 - 2020 жылдар
мерзiмдерi           1-кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011-пилоттық,
                     2-кезең - 2015 - 2020 жылдар

Нысаналы             Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру
индикаторлар         мақсатында 2020 жылға дейiн мынадай нысаналы
                     индикаторларға қол жеткiзiледi: Бағдарламаға
                     қатысатын өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарының
                     еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде екi есеге ұлғайту

Қаржыландыру         2011 жылғы республикалық бюджетте 19,9 млрд.
көздерi              теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және
                     қазiргi заманғы басқару технологияларын ендiруге
                     арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан
                     Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы
                     № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291
                     қаулыларымен бекiтiлген «Қазақстан
                     Республикасында инновацияларды дамыту және
                     технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi
                     2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» және
                     «Елдiң 2020 жылға дейiн ғылыми-технологиялық
                     дамуының салааралық жоспарында» көрсетiлiген.
                     Республикалық бюджеттен келесi жылдарды
                     қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi
                     бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады

2. Кiрiспе

      «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттiк бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар Кеңесiнiң 23-шi пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын iске  асыру шеңберiнде әзiрленген.
      Бағдарлама Дүниежүзiлiк банктiң әдiстемелiк қолдауымен әзiрлендi және Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру құралдарының бiрi болып табылады.
      Экономиканың жалпы өнiмдiлiгi оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабiлеттiлiгiн айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсiнетiн өнiмдi шығаратын өңдеушi салалар кәсiпорындары үлесiнiң ұлғаюы экономикадағы еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiн едәуiр арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру, инновациялық әзiрлемелердi ендiру, қазiргi заманғы басқару технологияларын ендiру және жалпы кәсiпорындардың негiзгi қорларын жаңғырту өмiрлiк маңызды. Бүгiнгi күнi бәсекеге қабiлеттi  жаңа өндiрiстердi құру, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсiз, қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу бiрiншi
дәрежелi мiндет болып табылады.
      Бұл ретте, еңбек тиiмдiлiгiне бизнестiң инновациялық белсендiлiгi, күштi бренд, персоналдың бiлiктiлiгi, өткiзу нарығының тартымдылығына қол жеткiзу, бәсекелi ортаның сапасы, өнiмдердi немесе қызметтердi шебер жылжыту және сату қабiлеттiлiгi де әсер етедi. Бұдан басқа, қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу мәселелерiнде менеджменттiң рөлi басты болып табылады.
      Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиiстi Бағдарламаны әзiрлеу арқылы қазiргi заманғы басқару және энергия үнемдеушi технологияларды енгiзудiң, кәсiпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құрудың жүйелi құралдарын қабылдау қажет.
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде:
      мемлекет Бағдарлама әкiмшiсi (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi) және арнайы белгiленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекеттiк қолдау құралдарын ұсыну мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды;
      қажет болғанда Бағдарламаны iске асыру шеңберiндегi құжаттарды мүдделi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсудi Бағдарлама операторы «бiр терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады;
      Бағдарлама шеңберiнде оның бiр қатысушысына Бағдарлама құралдарын кешендi ұсынуға жол берiледi.
      Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:
      ведомствоаралық комиссия - кәсiпорындарды жаңғырту жөнiндегi ведомствоаралық комиссия - орталық мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, даму институттарының өкiлдерi мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкiмшiсiнiң жанында құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган;
      Бағдарлама әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi;
      Бағдарлама операторы - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы;
      құрал операторы - мемлекеттiк қолдау құралдарын ұсынатын, жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға;
      өтiнiм берушi - Бағдарламаға қатысуға өтiнiм берген және Бағдарлама шеңберiнде инвестициялық жобаның iске асырылуына қызығушылығы бар кәсiпкерлiк субъектiсi;
      қатысушы - Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар кәсiпкерлiк субъектiсi;
      инвестициялық жобаның кешендi жоспары - қажеттi экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакетi.

3. Ағымдағы жағдайларды талдау

      Мемлекеттiк бағдарлама экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн, оның шикiзаттық емес секторларын жедел дамытуды көздейдi.
      2010 жылы Қазақстанның өнеркәсiбi тұрақты өсу қарқынын көрсетедi. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы iшкi өнiм (бұдан әрi - ЖIӨ) көлемi 8 733 001, 3 млн. теңгенi құрады және алдыңғы жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өстi. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖIӨ-дегi тауарлар өндiрiсi мен қызметтер өндiрiсiнiң үлесi тиiсiнше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖIӨ өндiрiсiндегi негiзгi үлестi - 32,0%-ды өнеркәсiп құрайды.
      Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағаларының 7467,6 млн. теңгенi құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9 %-ға көп. Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде өндiрiс 5,8 %-ға, өңдеушi өнеркәсiпте 19,1 %-ға, электрмен қамту, газ беру, бу және ауа желдеткiшi 7,6%-ға өстi. Тамақ өнiмдерi мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсiбiнiң өнiмдерi мен машина жасау өндiрiсi артты. Өндiрiстiң өсуi республиканың 15 өңiрлерiнде байқалады.
      Құндық мәндегi Республиканың экспорт көлемi 2005 - 2009 жылдар аралығында 55,1%-га 27,9-дан 43,2 млрд. АҚШ долларына дейiн өстi, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда экспорт көлемi 2009 жылы 39,3%-ға, 71,2-ден тиiсiнше 43,2 млрд. АҚШ долларына дейiн қысқарды. Құндық мәнде экспорт көлемiнiң төмендеуi ең алдымен, әлемдiк нарықта тұтынушылар сұраныстарының төмендеуiмен және елдiң негiзгi экспорттық  баптары болып табылатын негiзгi энергия тасымалдаушылар мен шикiзат ресурстарына бағаның төмендеуiмен байланысты болды.
      Бүгiнде 1000 жуық қазақстандық компания экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың 750 өңделген өнiмдi экспорттайды. Қазақстан өнiмдерiнiң негiзгi сатып алушылары Қытай (Республиканың барлық экспортынан 15,7 %), Италия (15,7%), Франция (9,2%), Ресей (9,1%) - болып табылады.
      Өңдеушi өнеркәсiп экспортының үлесi 26,8%-ды құрайды, оның 14,9 % үлес салмағын металлургиялық өнiмдер экспорты алады. Негiзгi экспорттық тауар топтарына минералдық шикiзаттар мен одан жасалған өнiмдер, металдар мен одан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығының және өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi жатады. 2005-2009  жылдар iшiнде жоғары қосылған құны бар өңделген экспорттың басты баптары - машина мен жабдықтар, дайын азық-түлiк тауарлары, барлығы 2,6-3,5% немесе 0,7- 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсiп өнiмдерi экспортының тауарлық құрылымында айрықша үлестi шикi мұнай
мен табиғи газ иемденедi (64,8%).
      Қазiргi заманғы әлемде еңбектiң жоғары өнiмдiлiгi бәсекелестiк артықшылық болып табылады, оны статистика да растайды. Мәселен, жоғары өнiмдiлiк арқасында өндiрiстiк жағынан дамыған мемлекет көшбасшылығын сақтап отыр, бұл - АҚШ, Франция, Германия. Оларға
өндiрiстегi лайықты бәсекелестiктi Ирландия, Бельгия, Люксембург, Норвегия және басқа елдер құрайды.
      Бүгiнгi күнi Қазақстандағы еңбек өнiмдiлiгi төменгi деңгейде қалып отыр. Орта есеппен бiр адамға ол 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, сонымен бiрге дамыған елдерде бұл көрсеткiш 200 мың АҚШ долларына тең. Мәселен, Қазақстанда ең төменгi еңбек өнiмдiлiгi ауыл шаруашылығында байқалады - жылына жұмыс iстейтiн бiр адамға 3 мың АҚШ долларына жуық, ал дамыған елдерде - 50-70 мың АҚШ доллары. Қазақстанның машина жасауында бұл көрсеткiш 10-17 мың АҚШ долларын құрайды, шетелдiк бәсекелестерде -90 мың АҚШ доллары. Бұл артта қалушылық бiрқатар факторлармен, солардың бiреуi болып табылатын: ағымдағы қуаттылықтарының толық жүктелмеуiмен, негiзгi қорлардың жоғары тозуымен және менеджменттiң қазiргi заманғы технологияларды енгiзе және қолдана алмауымен түсiндiрiледi.
      Табиғи және моральдық жағынан ескiрген технологиялық жабдықтар мен жоғары шығындар көптеген отандық кәсiпорындарға толық көлемде шығарылатын өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бермейдi. Кәсiпорындар үшiн өндiрiстiк әлеуеттi тек жетiлдiру ғана емес сол бұрынғы деңгейде қолдау да проблема болып табылады. Осындай жағдайда қалыптасқан өндiрiстiк әлеует толық көлемде кеңейтiлген жеделдетiлген шығаруға көшудi қамтамасыз ете алмайды.
      Осылайша, өнеркәсiптiк кәсiпорындарда табиғи және моральдық жағынан тозған қорлардың жинақталуының қарқынды үдерiсi оларды пайдалану тиiмдiлiгiне терiс әсер етедi және жаңғырту жөнiндегi iс-құралдарды өткiзу қажеттiлiгiн растайды. Сонымен қатар, барынша жоғары нәтижеге қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы басқару технологияларын белсендi түрде ендiру қажет. Олсыз жаңғырту тұрақты бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындар құруға мүмкiндiк бермейтiн, қымбатқа айналады.
      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту, қайта құру немесе өндiрiстердiң экспортқа бағыттылығын дамыту перспективасымен қазiргi заманғы өндiрiстердi құру арқылы орта және iрi бизнестi дамыту мемлекеттiк бағдарламаның басымдықтары болып табылады. Орта және iрi бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешуге, жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң санын арттыруға айтарлықтай әсер етедi.
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiп кәсiпорындарын жаңғыртудың жүйелi құралдарын жасау мақсатында Бағдарлама операторы Атамекен одағымен бiрлесiп, 16 өңiрдi және 10 өнеркәсiп салаларын бiлдiретiн 187 өнеркәсiптiк кәсiпорынның технологиялық аудитiн жүргiздi.                Технологиялық аудит барысында өндiрiстердiң дамуына кедергi келтiретiн проблемалар анықталды, атап айтқанда:
      қарызға алынған қаражаттың жоғары құны;
      индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
      кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының дамымауы;
      кәсiпорында алдыңғы жылдары құрылған үлкен борыштық жүктеме олардың инвестициялық белсендiлiгiн шектейдi;
      басты түрде технологиялық жабдықтарды жаңартудағы және жаңғыртудағы, оның iшiнде металлургия саласының кәсiпорындарында -58,4%, ал жекелей алғанда - 70% дейiн жететiн инвестициялардың төменгi деңгейiмен шартталған, өндеушi өнеркәсiп салаларының көптеген  кәсiпорындарының негiзгi қорларының тозуы (60% асады). Тозу машина жасау кәсiпорындарында - 56,7%, химия және фармацевтика - 45,3%, құрылыс индустриясы - 39% құрайды.
      ресурсты қажетсiну және бiрiншi кезекте, өнiмнiң энергияны көп қажетсiнуi және тиiсiнше ресурстық-энергия үнемдейтiн технологияларды, «жасыл» технологияларды және т.б. енгiзудегi объективтi қажеттiлiгi;
      өнеркәсiп құрылымында шикiзат салаларының, тiкелей, негiзiнен шетелдiк инвестициялар ағынының тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде басым болуы;
      қазақстандық кәсiпорындар мен экономиканың толығымен жоғары технологиялық өнiм импортына тәуелдiлiгiнiң күшеюi, бұл едәуiр дәрежеде ұлттық қауiпсiздiк көрсеткiштерiн нашарлатады;
      жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды ендiруге және iске асыруға қабiлеттi техникалық профилдiң жоғары кәсiби басқарушы кадрларының жетiспеушiлiгi;
      өндiрiстiк үдерiстердi жаңғырту үдерiсiнде жабдықтар мен көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жұмысшы персоналы бiлiктiлiгiнiң төмен деңгейi.
      Технологиялық аудиттiң алдын ала нәтижелерi жаңғырту үдерiсiн iске қосу үшiн «пилоттық» жобаларға шоғырлануы қажеттiгiн, ол ерте демонстрациялық табысқа арналған мүмкiндiктерге ие екендiгiн көрсеттi. Дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, «пилоттық»  жобаларды әзiрлеу жұмыс iстеу үшiн демонстрациялық алаң болып
табылады.
      Мемлекет шикiзаттық емес секторлардың экспортына толық қолдау көрсетпейдi, ал iрi әлемдiк көшбасшылардың кәсiпорындарын жаңғыртудың әлемдiк тәжiрибесiнiң талдауы көрсеткендей жаңғырту үдерiсi мемлекеттiң экономикаға және өзiнiң өндiрушiсiн қолдауға ауқымды араласуымен сипатталды.
      Жаңғырту кезiнде Жапонияда экономиканы инновациялық дамытудың және оларды мемлекеттiк қолдаудың алуан құралдарының көмегiмен iске асырудың ұзақ мерзiмдi жоспарлары әзiрлендi, ол мынадай құралдарды қамтыды:
       басым ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттiк қаржыландыру;           саланы дамытудың ұзақ мерзiмдi жоспарларын және шешiмдердi iске асыру;
      кәсiпорындарды экспорттық кредиттеудi жүзеге асыратын арнайы банктердi құру;
      патент беруге өтiнiмдердi қараудың жедел рәсiмi, зияткерлiк меншiк құқықтарын тиiмдi қорғау;
      импорт тарапынан бәсекелестiктi қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргiзу;
      шетелдiк технологияларды лицензиялауға көмек көрсету;
      кәсiпорындарды бiрiктiру саласында көмек көрсету;
      Аталған құралдарды қолдану нәтижесi әлемдегi технологиялық көшбасшылық болып табылады.
      Германияда жүргiзiлiп жатқан жаңғыртудың басты мақсаты - бұл ресурстарды жұмылдыру және оларды капиталды қажетсiнетiн жобаларға шоғырландыру. Осы мақсатпен инвестициялық банкiлердi өндiрiстiк кәсiпорындармен қаржы-өнеркәсiптiк топтарға бiрiктiрдi. Үш iрi топтың басында ұлттық банктер - DеntsсhВаnk, DrеsсiеrВаnk АG тұр. Осындай өнеркәсiптiк концерндердiң өндiрстiк қызметi негiзiнен жоғары технологияларды қолдану негiзiнде iрi және жаппай өндiрiс дамыған экономиканың бiр iрi саласын немесе кiшi саласын қамтиды.
      Жаңғырту үшiн сапаларды таңдау бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
      экспорттық әлеует, бәсекелi артықшылық
      өсу перспективасы;
      жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
      Кәсiпорынды жаңғырту кезiнде барынша ең аз салымы бар мемлекеттiк қолдау құралдары мынадай құралдарды қамтыды:
      қолайлы салық режимiн құру;
      валюта бағамын қолдау;
      орта және шағын кәсiпорындарды қолдау.
      Алайда, жеке бизнестiң дамуына бөгет жасамай, мемлекет қатаң монополияға қарсы заңдарды және қатаң техникалық мемлекеттiк стандарттарды белгiледi.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды бағыттарының бiрi мемлекеттiң қолдауы кезiнде жеке амалға негiзделген өнеркәсiптiк жаңғырту болып табылады.
      Бағдарламаны табысты iске асыру және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн өнеркәсiптiк қаржылық және қаржылай емес қолдау саясатын қайта қарау талап етiледi.
  1   2   3   4   5

Похожие:

\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы icon"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы
Егемен Қазақстан 2011 жылғы 22 шiлде №307-308 (26702); Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 31, 314-құжат
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысын (бұдан...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы icon2012 жылға жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын
Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» қаулысына, Көкпекті ауданының...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2011 2013 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconАкт нөмірі: 1118 Акт түрі: Жарлық Қабылданған уақыты: 07. 12. 2010 Деректер базасы жаңарған уақыты: 16. 11. 2011 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconОңтүстік Қазақстан облысында 2012 – 2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын
...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгі ереже
Н іске асыру мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ауданы (қала) аумағында Қазақстан Республикасы...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconСауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
«Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы...
\"Өнiмдiлiк 2020\" бағдарламасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница