Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»




Скачать 58.04 Kb.
НазваниеЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»
Дата конвертации11.07.2013
Размер58.04 Kb.
ТипДокументы




Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы

Е Р Е Ж Е.



  1. Жалпы ережелер:

1. «Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім құрайтын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ аппарат туралы Ережеге сәйкес іске асырады.

3. «Аудан әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөр мен мөр таңбасы, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп-шоттары болады.

4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.

Әкім аппаратының басшысы өз құзырындағы мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, олардың аппарат қызметкерлері үшін міндетті күші бар.

5. Аппарат туралы Ережені, оның құрылымы мен штат кестесін облыс әкімі белгіленген шегінде әкім бекітеді.

Әкім аппаратының заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі №54 үй.

Толық атауы: Мемлекеттік мекеме – Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан ауданы әкімінің аппараты», Государственное учреждение – «Аппарат акима Зайсанского района» Восточно-Казахстанской области.

Мемлекет аудан әкімі тұрғысында әкім аппаратының құрылтайшысы болып табылады.

Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен осы органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына келісімшарттық қатынастар етуге тиым салынады.


  1. Функциялар, негізгі міндеттер мен құқықтар

Аудан әкімі аппаратының функциялары:

  1. Аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

  2. Қазақстан Республикасының Президенті, облыс әкімі, аудан әкімі актілерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру және іске асыру;

  3. Аудан атқарушы органдар аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің алға қойған міндеттеріне, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

  4. Қалалық, ауылдық округтер әкімдері аппаратының қызметін үйлестіру.


Аудан әкімі аппаратының міндеттері:

- Аудан әкімі мен әкімдігінің ауданды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, тиісті бюджеттерін, олардың орындалу жоспарларын әзірлеудегі қызметін үйлестіру;

- Аудан әкімі мен әкімдігінің облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен облыстық атқарушы органдарымен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстық бірлестіктерімен саяси партиялармен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру;

- Аудан әкіміне әкімдік жұмысының жоспарларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Аудан әкімі, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудан атқарушы органдары, қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау жөніндегі жұмысын тексеруді ұйымдастыру, жұмыста орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар қабылдау және қажет болған жағдайда әкімдіктің отырысына мәселелер енгізу;

Қала мен ауылдық округтерінің әкімдеріне, сондай – ақ атқарушы органдарына олардың жұмыс әдісі мен тәсілін жетілдіруге тұрақты әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

- Аудан сайлау органдарының референдумдар мен сайлауларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

Аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс-шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;

    • Әкім және әкімдік атына түскен қызметтік корреспонденция бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, аудан әкімінің, әкімдігінің, әкім орынбасарларының тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін атқарушыларға дейін жеткізу;

    • Азаматтардың өтініштері мен келушілерді қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдесу;

    • Аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай және инвестициялық ахуал жасауға қатысу;

    • Халықты жұмыспен қамту және кедейшілікке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуге қатысу;

    • Аудандық қоғамдық орындарды көркейту және сыртқы келбетін безендіру мәселелерін шешуге қатысу;

    • Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу бағдарламасын іске асыруға қатысу;

12. Аудан әкімі аппаратының құқы:

1) Аудан әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын тексеруге. белгіленген тәртіппен іске асыруға;

2) Ауданның қалалық, ауылдық округтері әкімдерінен, атқарушы органдарынан, ұйымдарынан аудан әкімі мен әкімдігінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар мен басқа да анықтамалық материалдар сұрауға;

3) Тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер, сондай-ақ оларға аудан әкімі аппаратының құзырына енетін мәселелер бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

4) Аудан атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларын «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Респрубликасы Заңына және Қазақстан Республикасының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданған Ережелеріне сәйкес ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы әкімге ұсыныстар енгізуге.


  1. Аудан әкімі аппаратының мүлкі.

Аудан әкімі аппаратының оған мемлекет берген, оперативтік басқару құқығымен бөлшектелген мүлкі бар, оның бағасы баланста көрсетіледі.

Аудан әкімі аппаратының оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен бөлуге құқы жоқ.


  1. Аудан әкіңмі аппаратының қызметін ұйымдастыру.

Аудан әкімінің аппаратын аудан әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалған және лауазымнан босататын аппарат басшысы басқарады.

Аппарат басшысы аппарат жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функциясын іске асыру үшін жеке жауапкершілік атқарады.

Аппарат басшысы осы мақсатта:

  • аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте Е-4, Е-5, Е-6 санаттарының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін және аудан әкімін аппаратының жұмысын техникалық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

-аудан әкімінің аппаратының қызметкерлеріне Заңмен белгіленген тәртіпте жазалар қолданады:

- аудан әкімінің аппараты бойынша бұйрық шығарып, қол қояды;

- аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

- аудан әкімі аппараты атынан мемлекеттік органдарды және басқа да ұйымдарда өкімдік етеді;

- заңнамаға сәйкес басқа өкілдікті іске асырады.


  1. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату.

Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату ісі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2 – тармағында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Әкімнің өкілеттігін тоқтатуына, жаңа әкімнің тағайындалуына байланысты әкім аппаратының мемлекеттік қызметінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Аудан әкімі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимит шегіндегі оның құрылымы мен штат санын бекітеді.

Әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Похожие:

Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» icon«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»
...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» icon«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты»
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіпте...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconЖаңақорған ауданының әкімі, орынбасарлары және «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу. Аудан әкімі С. Т. Тәуіпбаев
Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады, жергілікті атқарушы орган аудан әкімдігін басқарады және оның жұмысына...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070702, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070703, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Біржан ауылы,...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты» мм 070704, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, Береговая...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» мм 070705, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы,...
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» iconКонкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы ( e 4 )
Зайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница