Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления




Скачать 110.88 Kb.
НазваниеЖергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления
Дата конвертации12.07.2013
Размер110.88 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

С.С.КУЛЬБАЕВ

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАЙТА ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ
В статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления.
The article deals with reorganization of a system of local management and with government centralization.
Қазіргі таңда басқаруды реформалау мәселелері бойынша әлемде көптеген талқылаулар орын алуда. Әлемнің сыртқы қауіптілігі мен биполярлығы жағдайында, әлемдік даму жағдайында қажетті ертеректегі жетістікке қол жеткізілген мемлекеттік басқарудың орталықтандырылуы мемлекетке кері әсерін тигізеді, оны бәсекеге қабілетсіз етеді. Себебі орталықтандырудың тікелей нәтижесі әлеуметтік белсенділікті тұншықтыру болып табылады. Ал ол ұлттың интеллектуалды потенциалының - дамудың негізгі факторының – төмен қажеттілігін білдіреді. «Күшті мемлекет» ұғымы «орталықтандырылған мемлекет» ұғымының синонимі емес, сондықтан күшті, бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыру үшін қажетті шарттардың бірі мемлекеттің және жергілікті қоғамдастықтың мүддесінің келісімділігі мен іске асырылуын қамтамасыз ететін саяси, әлеуметтік және экономикалық механизмдерінің барлығы болып табылады [1.6].

Қалалар, селолық елді-мекендер, аудандар экономикалық тұйықтық пен өзіндік жеткілікті құрылымдар болып табылмайды және мемлекеттілікті нығайтатын байланыстарды «кеңейтуге» талпынады.

Сондықтан орталық билік, жергілікті өзін-өзін басқаруға Конституцияға сәйкес белгілі бір дербестікті ұсына және кепілдік бере отырып, жалпы ұлттық және аймақтық мүдделерді көздейтін мәселелерді шешуде мемлекетке жағдай жасайды және биліктің барлық құрылысының келісе жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Мемлекеттің аумақтық тұтастығын нығайту және сақтау мақсатында өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік билік органдарның қол астынан шығарудың объективті қажеттілігі туындайды. Бұл мәселе Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемдік қоғамдыққа да қатысты. Алайда, басқару мәселесі даму мақсаты туралы мәселеге қарағанда кейінгі мәселе болып табылады.

Егер дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары анықталмаған болса басқару мәселесінің ешқандай мәнісі болмайды.

Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру барысында басқарудың үш өзара байланысты тиімді шарттары көп жағдайда көріне бермейді.

  1. Кез-келген мәселенің мәні қоғамның стратегиялық мүдделері тұрғысынан бағаланбайды;

  2. Моноторинг және алынған әлеуметтік нәтиже бағасы болмайды;

  3. Стратегия және әлеуметтік бағдарламалар жасау барысында альтернативтілік қағидасы сақталмайды; Яғни оларды жүзеге асыру жағдайындағы қандай да бір нәтиженің мүмкін дәрежесі төмендейді. Аталған үшеуі де жиі орын алып жатады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды ашып көрсететін негізгі ұғымдардың бірі – дербестік. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Конституцияға сәйкес құзыреттіліктерге ие және соған сәйкес жауапкершілік жүктелген.

Халықаралық ұйымдар дәрежесінде мемлекеттік билік елдің барлық деңгейіндегі істеріне басшылық жасау мақсатында экономикалық, саяси және әкімшіл билікті жүзеге асырушы ретінде қарастырылады. Ол азаматтар мен және азаматтар топтары өз мүдделерін білдіретін, заңды құқықтарын жүзеге асыратын, міндеттемелерін орындайтын және қайшылықтарды шешетін биліктің механизмдерінен, процедураларынан және институттарынан тұрады. Осы анықтамаға мемлекеттік басқару мүдделерді білдіру және келісімділігімен, шешімдер қабылдаумен ғана шектелмейтіндігін, сондай-ақ аталған шешімдерді жүзеге асыратындығын, қоғамдық қатынастарда іске асыратындығын қосуға болады. Мемлекеттік басқаруды ұғынуда «good governance» түсінігімен көрсетуге болады, ол «дұрыс басқару» деген ұғымды береді. «Good governance» ұғымын төмендегі екі белгі немесе екі сипаттама нақты анықтамасын береді [2.7].

Біріншіден, «good governance» мемлекеттік басқарудың билікті бөлудің демократиялық қағидалары, халық билігі, жоғары лауазымды тұлғалардың сайланбалылығы жайлы ауыспалылығы, атқарушы билік институттарының есептілігі, заң билігі, саяси плюрализм және бұқаралық ақпарат бостандығы негізінде құрылатынын білдіреді. Бұл қағидалар тізімі жалғасын таба бермек, алайда мемлкеттік басқарудың демократиялық сипатын анықтау үшін аталғандар жеткілікті. Бұл жердегі мәселе мемлекеттік басқарудың демократиялық сипатының қойылған мақсаттарға оптималды түрде қол жеткізе бермейтінідігі. Осы мағынада басқарудың демократиялық сипаты көбінесе нәтижесінен гөрі шешімді қабылдау және оны жүзеге асыру процесін бейнелейді. Адамзаттың тарихи тәжірибесі демократиялық басқару тиімділі бола бермейтіндігін және «good governance» концепциясының бір жағын ғана бейнелейтінін көрсетеді.

Екіншіден, «good governance» қойылған мақсаттарға қоғамдық ресурстардың минималды шығындарын жасай отырып, тиісті мерзімде қол жеткізу ретінде түсінілетін мемлекеттік басқарудың тиімділігін білдіреді. Бұл мағынада тиімді басқару басқарушылық шешімдердің қабылдануы мен жүзеге асырылуының демократиялық сипатын бермейді. Белгілі бір кезеңдерде және белгілі бір жағдайларда басқару процесінің бұл екі жағы – тиімділік және демократиялық сипат – антипод, яғни қарама-қарсы қолданылуы мүмкін. Мұндай қарама-қайшылық, әсіресе масштабтылық пен күрделі міндеттер кең таралмаған экономикалық және әлеуметтік шараларды

қолдану қажеттілгі көбінесе «авторитарлы модернизацияға» азғырушылықтың кеңінен таралуына ықпал ететін кездегі демократиялық қалыптасудың бастапқы кезеңдеріне тән көптеген елдер бұл кезеңнен өтпеген күннің өзінде де, осындай басқарудың мүмкіншілігі мен қажеттілігі туралы кең ұлттық талқылауларды, айтыстарды бастан өткерген [2.8].

Алайда мемлекеттік басқарудың бүкіл әлемдік тәжірибесінен күрделі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің барлық сфекторын неғұрлым сәтті шешетін елдердің мемлекеттік басқаруында демократиялылық пен тиімділік бастауының бірлігін ғана емес сондай-ақ, бір-бірін себепші және толықтырушы болатындығын көрсетеді.

Мемлекеттік басқару процесі мемлекеттік билік институттарының ішкі жүйесіндегі өзара қатынастармен ғана шектеліп қана қоймайды. Мемлекет аппарат шегінен шығатын мемлекеттік басқару барысындағы шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру процесінде көпшілік халықты тарататын мемлекеттік басқару аспектілерінің де рөлі зор. Бұл жерде билік институттарының техникалық өзара қарым-қатынастарына қарағанда мемлекеттік басқару процесін реформалаудың әлеуметтік-саяси шешімі туралы қарастырылып отыр [3.86].



2.Сайлау 3.Биліктің бөлінуі



1.Өкілеттіктерді 4.Әкімшілік

анықтау (Басқару органдары)



6.Нәтижелерді бағалау 5.Басқару процесі


1-сурет
Жергілікті қоғамдастық басқару органдарымен ұсынылатын бірқатар уәкілеттілік шеңберін белгілейді және осы белгіленген уәкілеттіліктер шеңберінде шешім қабылдайтын әкімшіік органдарды сайлау жолымен қалыптастырады. Қабылданған және іске асырылған басқарушылық шешімдердің нәтижелері жергілікті қауымдастықпен бағаланады және ол бекітілген уәкілеттіліктердің түзетулерінде және жергілікті әкімшілікпен сайланған немесе тағайындалған басшылардың құрамында көрсетіледі.

Басқаша айтқанда демократиялық басқарудың тиімділігі үшін билік пен басқару органдарының қалыпты жұмыс істеу жұмысы мен шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру процесіне халықтың көлемді қабатын тарту процедуралары бірдей маңызды.

Бұл процедуралар мемлекеттік аппарат шеңберімен шектелмейді бірақ билік институттарымен елдің азаматтары арасындағы қатынас процесін білдіреді. Кең мағынада аталған процесс әлеуметтік диалог ретінде аталуы мүмкін, ал ол тек қана ой алмасуы ғана емес түрлі және келісімді бағыттар мен ыңғайларды, амал-тәсілдерді жасайды (табады).

Осылайша мемлекеттік басқарудың потенциалдық дамуы мен жетілдірілуіне толық ыңғай өз құрамына институционалды реформа мен мемлекеттік қызмет жүйесінің қайта ұйымдастырылуын ғана алып қоймай, сонымен қатар қоғамдық дамудың міндеттері мен қажеттіліктеріне бара-барлық шешімдерді жасау қабылдау және оларды жүзеге асырудың трансформациясын (айналу) да қарастырады. Мұндағы маңыздылық мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі процестеріне азаматтардың көптеп тартылу мүмкіндігі болып табылады.

Осы бағыттағы дамудың өзіне тән шектері болады және билік уәкілеттіліктерін жүзеге асыру ретінде мемлекеттік басқару мемлекеттік институттардың уәкілетті функциясы болып қала береді. Алайда, азаматтарды тарту мемлекеттік басқарудың сипатын өзгертеді, ол қажетті элемент ретінде азаматтарды қатыстыруды қамтитын ашық процеске айналады. Қазіргі кезеңде соңғы жылдағы отандық экономикамен қол жеткізілген өсу темпі Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің реформалау мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Демократиялық мемлекет болып табылатын Қазақстанның ілгері дамуы шешім қабылдау процесінде өзінің барлық азматтарының мүдделері есепке алына отыратындай қоғамдық құрылыстың жетілдірілуін болжайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мұндай қоғамдық құру азаматтарды жергілікті қоғамдық деңгейінен жалпы мемлекеттік көлемдегі сұрақтар мен мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне тартуы ғана мүмкін. Сонымен бірге барлық жауапкершілікті орталық органдар өзіне алып отырғанда басқаруда орталықтанған ыңғайды назардан шығарды. Осындай тәжірибе басқарудың децентрализациялық моделімен алмасуы қажет [5.135].

Негізгі мақсат – қоғамдық басқару мәселелерін шешуде азаматтарды тартудан басқа децентрализация өмір сүру деңгейінің сапасын жоғарылату және қоғамдық құрылым жүйесінің жекелеген элементтерінің потенциалын дамыту мақсатын көздейді. Мемлекеттік басқаруды децентрализациялаудың тиімділігі үшін қажетті негізгі шарттар келесідей:

  • жергілікті басқарудың сайланбалы органдарының (кеңесінің болуы); Осылайша халықтың өз қалауларын білдіру және қабылданатын шешімдерге әсер ету мүмкіндігі болады, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан есеп берулерін талап ете алады;

  • биліктің жергілікті органдарының бірінші тұлғалары басқару органдарының сайлау органдарымен тағайындалуы қажет немесе басқарудың жоғары сатыларымен тағайындалу барысында муниципалдық құрылымының даму бағдарламасының іске асыру кезектілігі болатын жағдайларда сайлануы қажет;

  • биліктің жергілікті органдарына жергілікті салықтарды белгілеуде бостандық беру қажет;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары бюджетті бөлуде едәуір бостандық алу қажет, сонда ғана олар өздерінің бірінші кезектегі функцияларын қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруда тиімді орындай алады;

  • жергілікті органдарға көрсетілген қызметтердің белгілі бір дәрежесі мен деңгейін анықтайтын уәкілеттіліктер берілу қажет, себебі барлық елдерде дерлік аймақтар мен муниципалдық құрылымдардың экономикалық мүмкіндіктері халықтың өмір деңгейі сияқты әр түрлі болып жатады. Сондықтан әлеуметтік коммуналды қызметттерінде абсолютті бірдей деңгейді қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ;

  • жергілікті органдар кіріс көздерінің қажетті көлемін шоғырландыру үшін салықты басқарудың тең мүмкіншілігін алу қажет;

  • басқарудың жергілікті органдарының қаржыландырудың баламалы бастауларын пайдалану мүмкіншілігі болу қажет (мыс: түрлі қаржы нарықтарындағы жергілікті заимдар).

Қазіргі таңда транзитті экономикасы бар көптеген елдерде мемлекеттік басқаруды күшейту бірнеше мәселелердің шешімін талап етеді:

  • орын алған жағдайлардағы институционалды жүйе мен құқықтық база даму мен нығайтуды қажет етеді;

  • көбіне инфрақұрылымдылық базасының әлсіз даму кезіндегі елдің даму басымдылықтарын және қолдағы ресурстарды тиімді басқаруды жасау қажеттілігі;

  • шешім қабылдауда азматтардың қатысуы, механизмді құрудағы табанды қажеттілік.

Бұл сәт кейбір мемлекеттерде түрлі этникалық және әлеуметтік топтардың арасында келісімге қол жеткізуді талап етумен күрделі болып келеді. Халықаралық тәжірибеде басқарудың сатылар арасындағы уәкілеттіліктерді шектеу сондай-ақ олардың функциясын белгілеуде төмендегідей қағидаларға негізделеді:

  1. Аумақтық сәйкестілік қағидасы: халыққа қандай да бір қызмет көрсету немесе ұсыну (сондай-ақ функцияларын орындау) аталған қызметтің тұтынушылардың тұратын аумағын қамтитын басқару сатысымен бекітілуі қажет.

  2. Масштабтан үнемділік қағидасы: қызметті ұсыну оны тиімдірек қамтамасыз ете алатын басқару деңгейімен бекітілуі қажет.

  3. Субсидиялық қағидасы: белгілі функция аталған қызмет тұтынушыларына ең жақын басқару органдарымен бекітілуі қажет.

Жергілікті басқару саяси, конституциялық және заң шығарушы, сонымен қатар қаржы сферасындағы қарым-қатынастарды міндетті түрде орталық үкіметтің келісімі бойынша жүзеге асырады. Жоғарыда айтылғандай денцентрализациялау процесінің негізгі кезеңдерінің өзара байланысуын қайтару туралы ұсынысын суреттеді.

Қайта жаңарту жүргізілген мемлекеттік басқару жүйесіндегі анықтаушы рөл ойнайтын саяси факторлар, оның түп негізі болып мемлекеттік құрылым билеуші топтарының қызығуы мен елдің дамуына негізделіп отыр. Мемлекеттік басқару денцентрализациялаудың процестік базасын саяси фактор анықтайды (белгілейді) – мемлекеттік басқару және делегаттау үкіметіне функцияларын тапсырады. Яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болашақтағы өкілділігін анықтайды. Мысалға, олардың ұйымдастырушылық құрылымы, осы бағыттағы көрсетілген қолдауы немесе керісінше, үкімет тарапынан қарсы әрекеті мүдделі топтардың арасындағы ықпал, өрісті үйлестіруші барлық аспектілер саяси факторлардың айқындалуынша денцентрализациялау аспектісінің құқығы да дамиды. Оның негізін құрушы Конституциядан бастап мемлекеттік заң шығарушы базасы, осы сұраққа байланысты сондай-ақ нормативтік-құқықтық база, заң шығарушы актілерге өзгерістер енгізетін процедуралардың қолданылуы [5.142].

Жергілікті басқару органдарының өкілділігі атқарушы және өкілетті органдарының функцияларының ережелері өңделіп, құқықтық қағидаларын да анықтайды.

Денцентрализациялаудың экономикалық аспектілерін, ондағы құрамындағы муниципалды меншік пен қаржы ресурстарын өз кезегінде заң шығарушы база анықтайды. Берілген сферадағы бір топ мәселелер жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен шығындарының қайнарын анықтайды.

Жалпы мемлекеттен муниципалды меншіктің бөліну процедураларын немесе басқа да жасалу жолдарын, аталған барлық сұрақтардың нұсқалары нормативтік-құқықтық базада ең болмаса нұсқасы бейнеленуі қажет. Әлде қандай жағдай болса, егерде мемлекеттік органдарына жергілікті және аймақтық функцияларын бірыңғай жүктесе, онда денцентрализациялау процесінің басына экономикалық фактор қойылады. Осылайша, келтірілген үлгі келесі қарама-қайшы мінездемеге ие болады, бірінші кезекте экономикалық факторларды анықтайды, содан кейін заңды түрде бекітеді және саяси факторлардың жүйесінің түзетуімен жергілікті басқару органдарымен жұмыс істеуін сәйкесінше анықтайды. Сөйтіп, денцентрализациялаудың іске асырылуы ерекшеліктерінің қатарымен байланысты. Біріншіден, мемлекет жергілікті басқару органдарының ерікті қызметінің дәрежесін анықтайды. Мұндай жағдайларда мемлекеттің ұмтылысы, оның орталық үкіметі жергілікті өзін-өзі басқару шешуші рөл ойнайтын нақты жүйесін құрмақ. Екіншіден, шаралардың жүйелі орындалуын өкілеттілік беру арқылы орындауы қажет. Бұл заң шығарушы және мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымына едәуір өзгерістердің енгізуін қажет етеді. Үшіншіден, жергілікті билік органдарының қызметіндегі қажеттігі болып, жоғарғы құқықтық және әкімшілік жекеленушілігімен қорғалуы өмірде ең маңызды болып табылады. Ақырында, ең күрделісі және ең маңыздысы сұрақтардың бірі болып жергілікті басқару органдарына қаржылық өкілеттілігінің берілуі болып табылады (жергілікті бюджет жолдарынан дербес бөліп таратудан бастап, салық салу жүйесінің дербес қалыптасу мүмкіншілігіне дейін). Мемлекеттік құрылыстың ең приоритетті міндеті елдің даму тұрақтылығына өтуі мен елдің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы мен пайда болуы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Орынбаев С.Қ. Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын// Егемен Қазақстан 26.06.06.

  2. Нурсейтов Е.О. Современное управление: диалектика количества и качества// Казахстанская правда. 25.11.06 .

  3. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы: Экономика, 2005.

  4. Глущенко Е.В. Теория управления М: Инфра. 1992.

  5. Төлембетов Н.Р. Демократические принципы, кадры и эффективность управления //Ішкі саясат. Саясат – Policy, № 6. 2005.

Похожие:

Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconУспен ауылдық округінің әкімі с и. Саламацкийдің 2011 жылға тұрғындар алдындағы есебіне тезистер «Жергілікті ауылдық (селолық) оқушыларды мектепке жеткізу және қайта әкелуді ұйымдастыру»
Дық (селолық) оқушыларды мектепке жеткізу және қайта әкелуді ұйымдастыру бағдарламаны іске асыру аясында Белоусовка орта мектебіне...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconАршалы ауданының әкімдігінің Қаулысымен бекітілген № а- 816 25. 12. 2009 ж
Миссия – ауылдық округ әкімінің қызметін талдамдық-ақпарат, ұйымдастыру-құқықтық және матералды- техникалық қамтамасыздандыру,өз...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconА. А. Орсариевтің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен
Национальной Школы государственного управления, в текущем году Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconҚазақ поэзиясындағы ақындардың Сөз қолданыс ерекшеліктері в этой статье рассматриваются особенности словоупотребления поэтов в казахской поэзии в данном этапе
Рдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта үңілу, оның тағылымдық мәнін...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconБанктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления icon«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Бағдарлама «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына арналған Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай жасалды....
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconReu 4306 «аймақТЫҚ экономика және басқару» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Силлабусты құрады: 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу жоспары және пәннің кэук-ми-85-04. 01-2007...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления iconЭлектр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc
«kegoc» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру...
Жергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления icon«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округінің әкім аппараты» мм 2011-2015 жылдарға Стратегиалық жоспары Малеевск с. 2011 жыл мазмұны «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округінің әкім аппараты»
Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір функцияларын және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың функцияларын, жергілікті өзін-өзі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница