Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы




НазваниеМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
страница2/8
Дата конвертации13.07.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тұрғылықты жерi өзгерген кезде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау тәртiбi

      36. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша , асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ", " Жерасты және ашық кен жұмыстарында , еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы" заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Орталықтың бөлiмшесi өтiнiш берушiнiң бұрынғы тұрған жерiндегi зейнетақы iсiн (жәрдемақы алушының iсiн) сұратуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      37. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындалған адамдардың: Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған зейнетақы төлемiн Қазақстан Республикасы шегiнен тыс кету сәтiнде белгiленген мөлшерде қалпына келтiрудi не "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа тағайындау рәсiмiнен өтудi таңдауға құқығы бар.

      38. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындату үшiн бұрынғы тұрған жерiндегi зейнетақы немесе жәрдемақы төлемiнiң тоқтатылғаны туралы құжатты қоса бере отырып, өтiнiштi және осы Ереженiң 3-10-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады.

      39. Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға кеткен елiнде төлем алмаған жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу кеткен елiнiң зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органдары берген, төлем алмағаны туралы анықтаманы ұсынған кезде, төлем тоқтатылған күннен бастап, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiм жасардың алдындағы үш жыл iшiндегi мөлшерден асырылмай төленедi.
      Бұл ретте зейнетақы Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жерге кету сәтiнде белгiленген мөлшерде қайта жаңартылады. Егер кету кезеңiнде зейнетақыларды арттырулар жүргiзiлген болса, оның мөлшерi осы арттыруларды ескере отырып белгiленедi.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      40. Алушылар республиканың басқа өңiрлерiне кеткен жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы төлемiн жаңадан тұратын жерiндегi Орталықтың бөлiмшесi зейнетақы немесе жәрдемақы алушының өзi немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамы осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес ұсынған өтiнiшi мен құжаттарының, сондай-ақ зейнетақы iсiнiң немесе жәрдемақы алушы iсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      41. Республиканың басқа өңiрлерiне кеткен адамдардың зейнетақы iсi немесе жәрдемақы алушының iсi Орталықтың басқа бөлiмшелерiнiң сұратуы бойынша осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама-аттестатпен қоса жiберiледi.

      42. Орталықтың бөлiмшесi Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетушiнiң өтiнiшi негiзiнде iс қолына берiледi немесе басқа елдердiң уәкiлеттi органдарының сұратуы бойынша жiберiледi.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетушiлерге зейнетақы мен жәрдемақы төлеу әдiлет органдарында тiркеуден шығарылған айын қоса жүргiзiледi.

5. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртiбi

      43. Орталықтың бөлiмшесi зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешiмi мен электрондық iс макетiн алып, зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы журналға тиiстi жазба жасайды, iске нөмiр берiледi.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      43-1. Орталықтың бөлiмшесi зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткiзгiштегi шешiмiн зейнетақы немесе жәрдемақы алушының iсiне қосып тiгедi.
      Ескерту. Ереже 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      44. Тегi, аты немесе әкесiнiң аты, жеке шотының нөмiрi, туған күнi, тұратын жерi өзгерген жағдайда алушы Орталықтың бөлiмшесiне осы өзгерiстер туралы, тиiстi өзгерiстердi растайтын құжаттарды қоса, өтiнiш бередi. Деректемелердiң өзгеруi туралы белгi зейнетақы немесе жәрдемақы алушының iсiнiң мұқабасына жасалады, сондай-ақ ОДБ-ға тиiстi өзгерiстер жасалады.

      45. Орталықтың бөлiмшелерi:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары, селолық (ауылдық) әкiмдер, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар аумақтық органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болғандар деп жарияланған адамдардың тiзiмдерiн және әдiлет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кеткендердiң тiзiмдерiн ағымдағы айдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей, ай сайын салыстырып тексерудi, «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорында қайтыс болғандар деп тiркелгендердi электрондық салыстырып тексерудi;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi ұсынатын консулдық есепке тұрған және шет мемлекеттiң аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының тiзiмдерiн, шет мемлекеттiң аумағында тұрған, қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының тiзiмдерiн (ақпараттың түсуiне қарай) тоқсан сайын салыстырып тексерудi;
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, iздеуде жүрген адамдардың тiзiмдерiн ай сайын салыстырып тексерудi;
      оқып жүрген адамды оқу орнынан шығарған немесе сырттай оқыту нысанына ауыстырған жағдайда оқу орындарының хабарламасын салыстырып тексерудi;
      анықталған күнiнен бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен құқық қорғау органдарына кейiннен хабарлай отырып, отбасыларға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеу кезеңiнде, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамдардың 10 % мiндеттi зейнетақы жарналарын аударғанын ОДБ-да ай сайын тексерудi жүргiзедi.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      45-1. Орталықтың бөлiмшесi:
      1) хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың табысынан 10 % мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактiсi анықталған;
      2) алушының банктiк шоты бойынша үш ай мерзiмнен астам уақыт қозғалыс болмаған;
      3) зейнетақы және жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактiсi анықталған;
      4) алушы қайтыс болған жағдайларда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы Ережеге 17-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмiнiң негiзiнде төлемдердi тоқтатады.
      Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      46. Орталық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi адамның өлiмi, кету фактiлерi, төлемдi тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемдi қайта жаңарту, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуiне, төлемдердi тоқтата тұруға байланысты, оның iшiнде осы Ереженiң 45 және 57-тармақтарына сәйкес салыстырып тексеру деректерi бойынша қажеттiлiк сомаларын азаю жағына қарай түзету жөнiндегi негiздемелер, iс-әрекеттер белгiленген ұстап қалу сомалары туралы ОДБ-ға күн сайын жазба жасайды.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      47. Орталық алушылар бойынша енгiзiлген және қолда бар деректердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiткен күнделiктi төлем кестесiнiң негiзiнде зейнетақы мен жәрдемақы төлемiне бюджеттiк қаражат қажеттiлiгiн қалыптастырады және Министрлiкке төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне ұсынады.

      48. Ұсынылған зейнетақы және жәрдемақы төлеу кестесiне сәйкес қаржыландыру үшiн Министрлiк зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бюджеттiк қаражат қажеттiлiгiне орай өтiнiмдi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынады.

      49. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Министрлiктен зейнетақы және жәрдемақы төлемiне қажеттiлiк туралы өтiнiмдi алып, тиiстi кезеңге арналған мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен зейнетақы және жәрдемақы төлемiне өтiнiмде көрсетiлген қажеттiлiк шегiнде рұқсат бередi.

      50. Орталық бюджеттiк қаражатты алып, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге төлем тапсырыстарын, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалуларды қалыптастырады.

      51. Орталық зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеудi Орталықтың бөлiмшелерi басып шығаратын және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға ұсынатын, осы Ережеге 18, 19-қосымшаларға сәйкес N 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостардың негiзiнде банктiк шоттарға есептеу, алушылардың үйiне апарып беру жолымен жүргiзедi.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      52. N 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостар екi данада басылады және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен Орталық бөлiмшесiнiң қолымен және мөртабанымен расталады әрi олардың әрқайсысында бiр-бiр данадан сақталады.

      53. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды үйге апарып берудi зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, сексен жасқа толған зейнетақы алушыларға, бiрiншi топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргiзедi.

      54. Зейнетақы мен жәрдемақыны беру жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың банктiк шоттарына есептелген сомалар шегiнде, сондай-ақ N 7, 7Д нысанындағы тiзiм-ведомостар бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      55. Осы мақсатқа арналған шығыстар, алып жүрген төлемнiң түрiне қарай тиiстi бюджеттiк бағдарлама есебiнен жүзеге асырылады.

      56. Шетелдiкке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында зейнетақы немесе жәрдемақы төлеудi Орталықтың бөлiмшесi Қазақстан Республикасы аумағында оның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзiмi iшiнде жүргiзедi.
      Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн зейнетақы немесе жәрдемақы төлемi тоқтатыла тұрады, ал құжаттың қолданылу мерзiмi ұзартылған кезде тоқтатылған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерi Орталықтың бөлiмшесi тоқтатқан күннен бастап қайта жаңартылады.

      57. Зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктiк шоттарында 3 және одан да көп айлар бойы қозғалыс жоқ зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тiзiмдерiн, соңғы операцияның күнiн, сондай-ақ сенiмхат бойынша алушылардың банктiк шоттарынан зейнетақы мен жәрдемақы алынғаны туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тоқсан сайын Орталық бөлiмшелерiне ұсынады.
      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      58. Алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару үшiн Орталықтың облыстық филиалдары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның сенiмхаты бойынша сот органдарына жүгiнедi.
      Артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      58-1. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган азаматтарды хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп тану туралы сот шешiмдерiнiң күшiн жою мәселесi бойынша Орталық бөлiмшесiнен хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп танылған адамның жинақтаушы зейнетақы қорына 10 % мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактiсi туралы хабарлама келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа жүгiнедi.
      Сонымен бiрге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган алушының тарапынан төлемдердi заңсыз алу ниетiнiң болуы немесе болмауы фактiсiн анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнедi.
      Ескерту. Ереже 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      59. Орталықтың зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қате аударғаны белгiленген, нұсқау қайтарылған немесе тоқтатылған жағдайда Орталық зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзгеше белгiлемесе, Орталық және зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасындағы шартпен белгiленген нысан және әдiс бойынша қате нұсқау не нұсқауды керi қайтару немесе тоқтату туралы ақпаратты жолдайды.
      Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым қате нұсқау не нұсқауды керi қайтару немесе тоқтату туралы ақпараттың негiзiнде «Ақша төлемi және ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен Орталыққа ақшаны қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтатады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      59-1. Орталық бөлiмшесiне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын есептен шығару үшiн борышкердiң қайда екендiгi белгiсiз болуына немесе мұрагерi болмауына байланысты соманы қайтару мүмкiн еместiгi жөнiнде анықтама шығару үшiн Орталық бөлiмшесi сот органдарына жүгiнедi.
      Ескерту. Ереже 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      59-2. Орталық бөлiмшелерi артық есептелген (төленген) сомаларды есептен шығаруды Есептен шығару актiсi бойынша сот қаулыларының негiзiнде жүргiзедi. Орталықтың бөлiмшесi Есептен шығару актiлерiн үш жыл сақтайды.
      Ескерту. Ереже 59-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

6. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау және жүзеге асыру тәртiбi

      60. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он бес еселенген мөлшерiнде, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оның мүгедегi қайтыс болған жағдайда отыз бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемақы, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемақыға өтiнiш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған айдан кейiн үш жылдан кешiктiрiлмей берiлген болса, төленедi.
      Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      61. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау үшiн жерлеудi жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне қажеттi құжаттар мен олардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, осы Ережеге 20 қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiштi бередi. Құжаттардың көшiрмелерiн өтiнiш берушiге қайтарылатын ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейiн Орталық бөлiмшесiнiң бастығы растауға тиiс. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен расталған құжаттардың көшiрмелерiн қабылдауға жол берiледi.

      62. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

      1) жерлеудi жүзеге асырған адамның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, не заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн) немесе жерлеудi жүзеге асырған жеке кәсiпкердiң патентiнiң (жеке адамдар үшiн) көшiрмесi;

      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары берген сақтандыру анықтамасы;

      3) өлiм туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      63. Жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi жүзеге асыру үшiн қажеттi өтiнiш пен құжаттар Орталықтың бөлiмшесiне ұсынылады.
      Сканермен көшiрiлген өтiнiш пен құжаттар Орталық бөлiмшесiнiң маманы мен басшысының электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысандағы жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау туралы электронды шешiмнiң жобасымен бiрге электронды байланыс арқылы бiр күннiң iшiнде Орталықтың филиалдарына жiберiледi.
      Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.28. N 1327 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      64. Орталықтың филиалдары бiр күннiң iшiнде жәрдемақы мөлшерiнiң дұрыстығын, электронды шешiм жобасының ресiмделуiн тексередi, оны Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады, бұдан кейiн электронды шешiм жобасын электронды байланыс арқылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      65. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган электрондық түрдегi құжаттар мен электронды шешiм жобасын алған сәттен бастап, бiр күннiң iшiнде жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау туралы шешiм қабылдайды, электронды шешiм жобасын басқарманың (бөлiмнiң) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады, бұдан кейiн электронды шешiм мен алынған құжаттарды электронды байланыс арқылы Орталықтың бөлiмшесiне жiбередi.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      66. Орталықтың бөлiмшесi алынған жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау туралы шешiм бойынша бiр күн iшiнде осы Ережеге 22, 23, 24-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi төлеуге қажеттiлiк-өтiнiмдi жасайды және Орталықтың филиалы арқылы Орталыққа жiбередi.
      Орталықтың бөлiмшесi бiр күн iшiнде осы Ережеге 25-қосымшаға сәйкес нысандағы жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi алушылардың тiзiм-ведомосын жасайды және оны зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бередi.
      Ескерту. 66-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      67. Орталық жеке тұлғаларға жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тиiстi банктi операциялардың түрлерiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдарда ашылған банктiк шоттарға аударуды жүргiзедi.
      Заңды тұлғаларға жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi аударуды Орталық олардың ағымдағы шоттарына жүргiзедi.
      Ескерту. 67-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      68. Орталықтың бөлiмшесi жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi тағайындау туралы қағаз жеткiзгiштегi шешiмдi қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының iсiне қосып тiгедi.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.10.26 № 1114 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconҚазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconҚазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Орталық бөлімшесі) мекенжайларының тізбесі осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау»...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы icon2011 жылғы 1 сәуірдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы
Заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметке лицензия берілген жоқ
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconЗтмо-ның құрылымдық бөлімшелері мен Қр еңбекмині Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының тізбесі
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай–ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелері 1 4–нысандар
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconЗейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы iconСұрақ: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен есеп айырысу қалай жасалады? Жауап
Азақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 23-3-бабының 3-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінен аушыға ұсынылған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница