Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық




Скачать 28.27 Kb.
НазваниеНақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық
Дата конвертации12.07.2014
Размер28.27 Kb.
ТипДокументы
Cұрақ: Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысында және зейнетақы төлемдерінің алушысында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру шартының біреуден артық болуы заңды ма?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын салу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуы және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуы міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен екі және одан артық зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуына жол берілмейді, бұлнақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық жинақтаушы зейнетақы қорына не біреуіне енгізуімен және жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауымен барабар.

Сонымен қатар, Заңның 27-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар үшін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде бір шарттың ғана тарабы болып табылатындығы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорында иелене алатындығы жөніндегі міндеті белгіленді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесi мен Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесiне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес:

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) салымшылардың міндетті жарналары бойынша деректер базасын (бұдан әрі –Деректер базасы) және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін (бұдан әрі – Бірыңғай тізім) қалыптастыруы мен жүргізуін жүзеге асырады;

­– Бірыңғай тізімде әрбір салымшы бойынша ең соңғы жасалған күні көрсетілген қолданыстағы бір ғана шарт көрсетіледі;

– жинақтаушы зейнетақы қорлары жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа күн сайын береді. Орталық сондай-ақ алынған мәліметтер негізінде күн сайын Деректер базасын және Бірыңғай тізімді жаңартып отырады.

Өз кезегінде, Ереженің 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару ережесінің 7-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталықта жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

Аталғандарды ескеріп, егер салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен біреуден артық зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан тарап болған жағдайда, салымшы (алушы) Заң нормаларын орындау мақсатында өз жинақталған зейнетақы қаражатын өзі таңдаған бір жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы қажет болады.

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес осы түсіндіру ресми түсіндіру болып табылмайды.

Похожие:

Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы
Оса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconМіндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)
Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconЗейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 15 мамырдағы n 452 қаулысы
Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгiлеу ережесiн және Салымшылар өз қаражаты есебiнен...
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық icon2011 жылғы 1 сәуірдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы
Заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметке лицензия берілген жоқ
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай–ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелері 1 4–нысандар
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconЖинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Нақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница