«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»




Скачать 252.13 Kb.
Название«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
страница1/3
Дата конвертации14.07.2013
Размер252.13 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3




«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

салыстырмалы кесте



НҚА құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын

редакциясы

Негіздеме

1.

1-бап

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ўєымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

     1) инновация - өндiрiстiң және қоғамды басқарудың түрлi салаларына енгiзiлуi экономикалық тұрғыдан тиiмдi жјне (немесе) әлеуметтiк, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлiк меншiк объектiсi болып табылатын ғылыми жәјне ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi;

     2) инновациялық грант - инновациялық жобаның тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерiн орындау, техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттiк ұйымдарда патенттеу үшiн грант берушi мен грант алушы арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берiлетiн трансферт;

     3) инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияны күздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;

    4) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi;

    5) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға;

   6) инновациялық қызмет - инновацияларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың түрлi салаларына енгiзу арқылы пайдалану;

    7) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi - технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор;

  8) инновациялық қызметтiң субъектiлерi - инновациялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

   9) сенiмгер уәкiл - тапсырма шартының негiзiнде сенiм бiлдiрушi атынан және оның есебiнен әрi оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар берумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;

    10) технологиялар трансфертi - құқық иесiнен инновациялық қызмет субъектiлерiне Қазақстан Республикасында және (немесе) шет елдерде патенттелген инновацияларды пайдалану құқықтарын беру процесi;

    11) технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;

    12) технологиялық парк (бұдан әрi - технопарк) - негiзгi қызметi инновациялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жұмыстар мен қызметтердi ұсыну болып табылатын бiртұтас материалдық-техникалық кешенге меншiк құқығы бар заңды тұлға немесе консорциум;

    13) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктер шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1) инновация – жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асыруды алған инновациялық қызмет нәтижесі, сондай-ақ, өндірістің әртүрлі салаларына және қоғамды басқарудың саласына прогрессивті әсер ететін қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер;

2) инновациялық грант – технологияларды сатып алуға, инновациялық жобаның тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерiн орындауға, техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауға, өнеркәсiптiк меншік объектiсiн шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге арналған, грант беруші мен грант алушы арасындағы келісімде көзделген шарттардың ұсынылған бюджеттік қаражаттар;

3) инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияны күздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;

     4) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi;

     5) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға;

6) инновациялық қызмет – жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін жасауға және өндірістін түрлі салалыры мен қоғамды басқару саласына енгізуге бағытталған қызмет, оның нәтижелері экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттілік үшін пайдаланылады;

7) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi - технологиялық бизнес-инкубатор, инновациялық қор;

     8) инновациялық қызметтiң субъектiлерi - инновациялық қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

9) оператор компаниясы – технопаркті дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған жергілікті атқарушы орган анықтаған заңды тұлға;

     10) сенiмгер уәкiл - тапсырма шартының негiзiнде сенiм бiлдiрушi атынан және оның есебiнен әрi оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар берумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;

11)тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер – жаңа өнімдерді немесе құрылғыларды, жаңа материалдарды жасауға, жаңа немесе шығарылып жатқан немесе қолданысқа енгізілген процестерді, жүйелер мен қызметтерді енгізуге не жетілдіруге бағытталған жұмыстар;

12) технология – зияткерлік қызметтің нәтижесі, жүйеленген ғылыми білімдер жиынтығы, ұйымдастырушылық және операцияларды, өндіріс процесіне орындаудың және/немесе өнімді өткізу және сақтаудың, қызметтерді көрсетудің тізбесіне, мерзімдеріне, тәртібі мен сабақтастығына қатысты басқа шешімдер;

13) технологиялар трансферті ––инновациялық қызмет субъектісіне құқықтық иеленушіден алынған технологияларды пайдалануға арналған мүліктік құқықты беру процесі;

14) технологиялық бизнес-инкубатор - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға;

15) технологиялық парк (бұдан әрі - технопарк) - инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалатын шектеулі аймақ;

16) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктер шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.


Осыған байланысты қолданыстағы редакцияда «инновация» ұғымы ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет болып табылады, бұл инновациялық қызметтің нәтижесінде айқындау арқылы инновациялар ұғымын кеңейту ұсынылады.

Бұрын Бюджеттік кодексте бюджеттен ақшалай қаражатты жеке және заңды тұлғаларға беруді көздейтін трансферт ұғымы қолданылып келді, бірақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165 Заңымен осы ереже алынып тасталды. Осыған байланысты жаңа ұғым енгізу қажеттілігі туындайды.

Инновациялық қызметтің осы ұғымы барынша кең болып табылады және инновациялық қызмет қайда бағытталғандығын нақтылайды. Айырмашылық ерекшеліктер инновациялық қызмет әрдайым ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі бола бермейтіндігінде.

Сонымен байланысты осы заң жобасының шеңберінде технопарк аумақ, ал инновациялық қызметтің субъектісі заңды және жеке тұлға болып табылатындықтан технопарк инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісінің айқындамасына дәл келмейді.


Осыған байланысты қолданыстағы Заңда тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерге грант көзделеді, ал «тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер» деген термин қолданыстағы заңнамада жоқ, осы ұғым енгізіледі.

Осыған байланысты, осы заң жобасында технологиялар сатып алуға қосымша гранттар енгізіледі, «технология» ұғымы енгізіледі.

Осы ұғым технологиялар трансферті айқындамасын кеңейтеді.

Технопарктің жаңа ұғымы енгізіледі. Әлемдік тәжірибие инновациялық қызметтің барлық субъектілерінің географиялық бірігуі инновацияларды дамытуға қабілетті инновациялық ортаны құруға қабілетті екендігін көрсетті.

2

5-баптың 7) тармақшасы

(жаңа)

жоқ


5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:

7) инновациялық жобаға ғылыми-техникалық, экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.

Осыған байланысты осы заң жобасының шеңберлерінде гранттар берудің негіздемелерінің бірі ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама жүргізу болып табылады. Осы талапты мемлекеттік қолдаудың нысандарының бірі ретінде айқындау ұсынылады.

3

6-бап 1-тармағының

5) тармақшасы


 6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
  саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

5) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеу ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет саласындағы құзыретi

  1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

5)технологиялық бизнес-инкубаторларды аккредиттеу ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

Осыған байланысты, жаңа ұғым бойынша технопарктер аумақ болып табылады, нақты жер телімін аккредиттеу мағынасы алынып тасталған. Аккредиттеуге тек қана технологиялық бизнес-инкубаторлар жататын болады.


4

6-бап 1-тармағының 9) тармақшасы

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
 саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

9) пайдаланылуы ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiмен байланысты зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтар алу тәртiбiн айқындайды;

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
 саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
9) алынып тасталсын;

ИСМ-нің көрсетілген Ережесін әзірлеу кезінде кейбір заңнамалық актілерді түзету қажеттілігі туындадады, атап айтқанда:

  1. Орындаушыға мемлекеттік келісім-шарт бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау кезінде құрылған өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды бекіту және беру, яғни ҚР Конституциясының 61-бабна сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі заңмен реттеледі;

  2. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды мемлекеттік мекемелерге жүктеу, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1-тармағына сәйкес Мемлекеттiк мекеменiѕ, егер заѕ актісінде ґзгеше белгіленбесе, ґзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бґлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi ґз бетiмен иелiктен айыруға немесе ґзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.

  3. Қорғау құжаттарын беру және қолдауға бюджеттік қаражат бөлу, өнеркәсіптік меншік объектілерін құрғаны және пайдаланғаны үшін авторларға сыйақылар беру, яғни Бюджеттік кодекс ұқсас шығыстарын қаржыландыру көзделмеген.

Осыған байланысты Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарына «Кейбір заңнамалық актілерге зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізуге шешім қабылдады.

5

6-бап 1-тармағының 10) тармақшасы


6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
 саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

10) инновациялық гранттар беру мақсатында сенiмгер уәкiлдi және оның сыйақы мөлшерiн айқындайды.

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
 саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

10) алынып тасталсын;


Осы нормамен уәкілетті орган сенім білдіргенді айқындау ұсынылады.



6

6-бап 1-тармағының 11) тармақшасы

жоқ

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет  саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

11) технопарктерді құру туралы шешім қабылдайды

Осы норма Қазақстан республикасы Үкіметінің технопарктер құру жөніндегі құзыретін айқындау мақсатында енгізіледі

7

6-бап 2-тармағының 4) тармақшасы

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
саласындағы құзыретi

  2. Уәкiлеттi орган:

4) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерiн, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн аккредиттеу ережелерiн,;

6-бап. Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
саласындағы құзыретi

 2. Уәкiлеттi орган:

4) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерiн, технологиялық бизнес-инкубаторларын аккредиттеу ережелерiн және оларға қойылатын біліктілік талаптарын, бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар алу өтiнiмдерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргiзу ережелерiн

әзiрлейдi;

Заң жобасының 6-бап 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келтіру

  1   2   3

Похожие:

«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconЖобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconТехнологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1037 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconЖергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1038 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы №826 Қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі Қаулы етеді: «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» icon«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«1-1) босатылу бағасы – реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын...
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница