«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер




Скачать 123.61 Kb.
Название«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер
Дата конвертации29.11.2012
Размер123.61 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8, 11-баптары, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 196
Жарлығымен бекітілген «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісі бар жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметі туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.

8. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сұрату алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтердің нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:

өтініш беруші мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған өтініш еркін нысанда жасалады;

қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабар мазмұны алдын ала зерделеніп, тіркелгеннен кейін электрондық құжат айналымы шағын жүйесі арқылы ол Комитет төрағасының немесе оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне жіберіледі;

Комитеттің басшылығы құжаттарды олар келіп түскен күні қарастырады;

құжаттар қарастырылып, оларға Комитеттің басшылығы тиісті бұрыштамалар қойғаннан кейін электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қойылған құжаттар одан әрі орындау үшін Лицензиялау департаментіне жіберіледі;

Лицензиялау департаментінің басшылығы орындаушыны белгілейді;

жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды Лицензиялау департаментінің орындаушысы қарайды;

құжаттарды қараудың оң нәтижесі болған кезде куәлік ресімделеді;

құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрдегі дәлелді жауап беріледі;

мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Лицензиялау департаментінің хатшысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне тиісті журналға қолын қойғыза отырып қолма-қол береді.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почтамен жөнелту арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкерді құрайды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаты
10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда, өтініш берушінің қолына өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды қабылдауды, ашуды және электрондық құжат айналымы шағын жүйесіне тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне өткізуді жүзеге асырады.

11. Ақпарат қауіпсіздігіне талаптар қойылмайды.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне мыналар қатысады:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды оларға мөртабан қойып және нөмір беріп қабылдау және тіркеу;

2) Комитеттің басшылығы – бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;

3) Лицензиялау департаментінің басшылығы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, қол қою және тиісті құжаттарға қол қою;

4) Лицензиялау департаментінің қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттар дайындау.

13. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) жүйелігінің және өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

15. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан 8 (727) 2788 008 телефоны арқылы алуына болады.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қабылдайтын шешімдері және әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.


«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 1-қосымша

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаты. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу




Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеті




1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер


Комитет басшылығы

ЛД басшылығы

ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері

ЛД басшылығы

Комитет басшылығы

ЛД хатшысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және оған кіріс нөмірін бере отырып қабылдау

Құжаттарды Комитеттің жауапты бөлімшесіне жазу



Құжаттарды ЛД бөлімшесіне жазу



Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау


Орындалған құжатты тексеру және қол қою


Орындалған құжатты тексеру және қол қою


Орындалған құжатты тексеру, тіркеу және құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет басшылығына тапсыру

Құжаттарды Комитеттің жауапты бөлімшесіне беру


Барлық келіп түскен құжаттарды ЛД жауапты басқармасына өткізу


Құжаттар пакетінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін толық тексеру және жауап хатты дайындау

Жауап беру құжатын тексеру және қол қою


Жауап беру құжатын тексеру және қол қою






5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


5 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


6

Келесі іс-әрекет нөмірі

2-баған.

3-баған.

4-баған.

5-баған.

6-баған.

7-баған.

8-баған.





1-кестенің жалғасы


1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

8

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

Алынған құжаттарды тексеру және тіркеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Дайын құжатты тұтынушыға жөнелту

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс – Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу


Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)







Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер

Комитет басшылығы

ЛД басшылығы

ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері

ЛД хатшысы

1. Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және кіріс нөмірін бере отырып қабылдау және тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет басшылығына өткізу

(1 жұмыс күні)


2. Құжаттарды орындау үшін Комитеттің жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)


3. Құжаттарды орындау үшін ЛД жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)


4. Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау (5 жұмыс күні)


7. Орындалған құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге беру үшін толық жинақтау (1 жұмыс күні)


8. Дайын құжатты тексеру, тіркеу және тұтынушыға жөнелту (1 жұмыс күні)

6. Орындалған құжаттың сапасын тексеру және оған қол қою (1 жұмыс күні)


5. Орындалған құжаттың сапасын тексеру және оған қол қою (1 жұмыс күні)


-






«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 2-қосымша
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу бойынша

функционалдық өзара іс-әрекет схемасы


3. ЛД басшылығы
Құжаттарды орындау үшін ЛД жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)

5. ЛД басшылығы
орындалған құжаттың орындалу сапасын тексеру және қол қою

(1 жұмыс күні)

4. ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері
Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау. Оң (+)/теріс (-) қаралған жағдайда құжаттарды ЛД басшылығына жіберу

(5 жұмыс күні)






+






-

















7. ЛД хатшысы
Орындалған құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге беру үшін толық жинақтау (1 жұмыс күні)








Похожие:

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» жөніндегі мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Енжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер iconҚРӘМ №3832 12. 09. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Енжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер iconЖарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі №268...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер iconРегламенті Жалпы ережелер
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер icon«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Жалпы ережелер iconРегламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница