«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»




Скачать 44.25 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Дата конвертации29.11.2012
Размер44.25 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілген

2011 жылғы 19 шілдедегі

№33/11 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ

ДИВИДЕНДТІК САЯСАТЫ

Астана қ., 2011 ж.

  1. Жалпы ережелер



  1. «Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама актілеріне сәйкес әзірленген.

  2. Осы Саясат Қоғамның Директорлар кеңесінің ациялар бойынша дивидендтер есептеу көлемі, оларды төлеу шарттары мен тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлеу кезіндегі басымдықтарды анықтайды.

  3. Қоғамның Дивидендтік саясаты дивидендтік төлемдерді анықтау кезіндегі Қоғам мен оның Акционерлерінің мүдделерінің сақталуына, Қоғамның инвестициялық тартымдылығын көтеру мен оның капитализациясына, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен және Корпоративтік басқару кодексімен көзделген Акционерлердің құқықтарының құрметтелуі мен қатаң сақталуына негізделеді.

  4. Осы Саясатта келесі анықтамалар қолданылады:

Дивидендтер Компанияның консолидирленген қаржылық есептілігіне сәйкес Акционерлерге Компанияның жарғылық капиталындағы меншікті акциялары/үлестері бойынша төленетін таза пайданың (қорытынды табыстың) бөлігі;

Норматив – акционерлердің жалпы жиналысының немесе жалғыз акционер шешімімен орнатылған есептік кезең үшін Қоғамның консолидирленген таза пайдасындағы (қорытынды табысындағы) дивидендтер есептелуінің минималды пайыздық үлесі;

ҚЕХС Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары.

  1. Мақсат және негізгі принциптер



  1. Саясаттың мақсаты дивидендтік төлемдер өлшемін, оның шарттары мен тәртібін анықтау кезіндегі Қоғам мен Акционерлер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Саясаттың негізгі принциптері:

  • Қоғамның акционерлерге дивидендтерді төлеуін қамтамасыз ету принципі;

  • Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету принципі;

  • Қоғамның ағымдағы қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету принципі.

  1. Дивидендтерді төлеу шарттары:

  • Қоғамның есептік мерзім ішінде таза пайдасының болуы;

  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 22-бабында көзделген дивидендтер төлеуге шектеулердің болмауы;

  • Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі болып табылады.

  1. Келесі жағдайларда Қоғам акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жол берілмейді:

  • егер өзіндік капиталдың теріс көлемі болса немесе Қоғамның өзіндік капиталы көлемі оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу уақытында теріс болатын болса;

  • егер Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемге қабілетсіздік не дәрменсіздік белгісіне жауап берсе немесе аталған белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезінде пайда болатын болса.



  1. Дивидендтер көлемін анықтау

  1. Акционерлерге дивидендтер төлеу көзі ҚЕХС сәйкес құрастырылған консолидирленген (аудирленген) қаржылық есептілік негізінде есептелген таза пайда (қорытынды табыс) болып табылады.

  2. Қоғамның Директорлар кеңесі мерзімі өткен қаржы жылына Қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі және бір жылға дивидендер көлемі туралы ұсыныс әзірлеу кезінде Акционерлермен анықталатын белгіленген нормативті басшылыққа алады.

  3. Бір жай акцияға жылдық дивиденд көлемі дивидендтік төлемдерге бағытталған қаражатты Қоғамның жай акциялары санына бөлу арқылы анықталады.

  4. Дивидендтер көлемі (норматив) Акционерлердің жалпы жиналысымен, алайда Қоғамның консолидирленген таза пайдасының 15 пайызынан кем емес мөлшерде анықталады.



  1. Дивидендтерді төлеу тәртібі

  1. Қоғамның Директорлар кеңесі өткен қаржы жылына таза пайданы бөлу тәртібі және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі бір жылға дивиденд көлемі туралы ұсынысты әзірлейді.

  2. Акционерлер есептік қаржы жылы үшін Қоғамның таза табысын бөлу тәртібін талқылап, бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды және Қоғамның бір жай акциясына есептелетін дивиденд көлемін бекітеді. Дивиденд төлеу мәрзімі дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған мерзімнен бастап 60 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

  3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік интернет сайтында жариялануы тиіс.

  4. Ацционерлер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мерзімдік басылымда міндетті жариялауымен Қоғамның жай және артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

  5. Қоғам және оның атқарушы органы дивидендтердің уақытылы әрі толық төленуін қамтамасыз етеді.

  6. Дивидент төлеу Қоғамның есепшотынан Акционерлердің банк есепшоттарына сәйкесінше ақшалай соманы аудару болып табылады.

  7. Төленетін дивидендтерге салық салу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



  1. Дивидендтерді уақытылы төлеуге жауапкершілік

  1. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының дивидендтер төлеу туралы шешімін уақытылы орындауға жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның атқарушы органына жүктеледі.

  2. Саясаттың түпнұсқасы Қоғам кеңсесінде сақталады.

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго» icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже І. Жалпы ережелері
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница