2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер!




Название2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер!
страница1/10
Дата конвертации06.11.2012
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Облыс әкімі Е.Н.Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және

2010 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері
Құрметті ақтөбеліктер!
Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауы еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғалардың бірі болып табылады. Бұл - жаңа уақыттың, жаңа жоспарлардың, жаңа міндеттердің жаңа жетістіктерге жетуге ұмтылу бағыты.

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі, Елбасының ғаламдық экономикалық және саяси, тарихи кезеңдердің ауысуы кезіндегі Қазақстан дамуының 10 жылдық бағдарламасын ұсынуы.

Ол экономикалық және цивилизациялық өзгерістердің арасында сенімді алға жылжу векторын белгілеп берді.

Тек қана, жеделдетілген индустрияландыру, инновациялар, еңбек өнімділігінің көп еселенген өсімі Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде пайдалы және нық позицияны алуға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеп көрсетті.

Жолдауда әрбіреуіміз өзімізге жолданған отандық қолдау мен қамқорлықты естідік.

Біздің облысымыздың әрбір тұрғыны, сондай-ақ әрбір қазақстандық еліміздің дағдарыстан кейін тез арада қалпына келуі және өзінің тұрмыс жағдайының өсуі мен берекелігіне сенімді бола алады.

Бүгінгі күні, еліміздің экономикасы үшін қиын уақытта, жалпы республикада, сонымен қатар облысымыздағы дағдарысқа қарсы бағдарламасының нақты нәтижелерін көріп отырмыз.

Жолдау бүкіл халықтың, әрбір отбасының, әрбір адамның тұрмыс жағдайын бұдан әрі жақсарту жөніндегі реалистік және нақтыланған жоспары.

Елімізбен бірге, біздер ақтөбеліктер, сенімді түрде, дамудың салмақты әлеуметімен бірге алдағы жаңа болашақтағы онжылдыққа қадам бастық.

Бұл туралы облыстың экономикасының, инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласының соңғы 5 жылдағы және 2009 жылдың қорытындысының көрсеткіштері көрсетеді.

2009 жылы біздің қозғалысымыздың негізгі векторы ҚР Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында көрсетілген бағыттарымен жүрді, мұнда Мемлекет Басшысы негізгі басымдықтарды белгіледі, олар: бюджет қаражаттарын қатаң түрде үнемдеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қаржы саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы бұдан әрі жаңғырту, дағдарыстан кейінгі даму жоспарын әзірлеу.

Сондықтан, жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті дағдарыстың салдарын, оның азаматтарға әсер етуін төмендету, әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Облыс әкімдігінің 2009 жылға белгіленген мақсаттары, міндеттеріне қол жеткізілді.

2009 жылдың негізгі қорытындысы – бұл, облыс экономикасы әлемдік дағдарыс жағдайына қарсы тұра алды, төтеп берді және дамуын жалғастырды.

Барлық белгіленген әлеуметтік бағдарламалар іске асырылды, қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталды.
Дағдарысқа қарсы шаралары

Облыс әкімдігі Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарын әзірледі және облыстық мәслихаттың 14 сессиясында бекітті.

Жоспар ауқымында мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

  • жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;

  • инфляциялық процестерін тежеу;

  • экономикалық өсімге қол жеткізу, дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай жасау.

Жоспарды іске асыру үшін мерзімі 2009-2010 жылдары орындалатын 46 іс-шара бекітілді. Белгіленген жоспарға сәйкес қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік рыногында проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ірі индустриялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 2009 жылға арналған барлық іс-шаралары орындалды.

Жоспарды орындауға бақылау жасау мақсатында Экономиканы тұрақтандыру және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу жөніндегі штаб және Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және тұрғындарды жұмыспен қамту стратегиясын қамтамасыз етуді бақылау бойынша Комиссия құрылды және жұмыс жасауда.

2009 жыл бойы штабтың 26 отырысы және Комиссияның 4 отырысы өткізілді, тиісті шешімдер қабылданды. Өндірістің, жұмыспен қамтудың жағдайын және жалақы төлеу, тұрақтандыру шараларын уақытылы қабылдауды анықтау үшін облыс кәсіпорындарының қызметіне жедел мониторинг ұйымдастырылды.

Әкімдіктің облыс кәсіпорындарымен бірлесіп жасаған жұмысы өндірістің құлдырауын болдырмауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді.

Қол жетімді бағадағы газ бен электрэнергиясын жеткізуде «АХҚЗ» АҚ көмек көрсетілді, бұл өндірістік процесті қалпына келтіруге елеулі ықпал етті. Жекелеген кәсіпорындар бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар жүйелі шаралары қабылданды.

Инвестициялық жобаларда, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асыру кезінде мөлдірлікті анықтауда қазақстандық (жергілікті) қамтуды ұлғайту мәселесі бойынша облыстың ірі кәсіпорындарымен жұмыс жүргізілді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың өнеркәсіп секторы тұрақты даму траекториясына шықты.

Әлеуметтік шиеленушілікті болдырмау мақсатында әкімдікпен, кәсіподақ және «Атамекен» ҚҰЭП АФ бірлесіп, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығаруды болдырмау мақсатында ірі компаниялармен меморандумдар жасалды.

Есепті кезеңде 3992 ұжымдық шарт және қызметкерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумның 801 жасалды. Тұрақты негізде еңбек қатынастарын орындау бойынша кәсіпорындардағы жағдай қадағалануда.

2009 жылы облыс ұйымдарында және кәсіпорындарында 1613 тексеру жүргізілді. 436 әкімшілік айыппұл салынды.

Жалақы төлеуді кідіртудің әрбір фактісі бойынша жедел әсер ету шаралары қабылдануда.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2009 жылдың басында анықталған берешектің 265,1 млн. теңгесі өтелді.

Әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз қабаттарын қолдау бойынша шаралары анықталды және іске асырылды.
Қаржы секторы

2010 жылдың 1 қаңтарында кредиттер бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 162,3 млрд. теңгені құрады және 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,8% азайтылды.

2009 жылы 104,3 млрд. теңге берілді, бұл 2008 жылғы осы кезеңнен 29,7% аз.

Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасы ауқымында бөлінген қаражаттардың шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға екінші деңгейлі банкілер филиалдарымен (9,5 млрд. теңге) толық игерілді.

Осы сомадан 91 заем алушы бұрынғы алған кредиттерін сомасы 4,6 млрд. теңгеге қайта қаржыландырды және 92 заем алушы сомасы 4,9 млрд. теңгеге жаңа кредиттерді ресімдеді.

1571 заем алушы 5,4 млрд. теңгеге ипотекалық займдарды қайта қаржыландырды.

Жеңілдетілген бағдарлама бойынша студенттерді кредиттеу бойынша Альянс банкінің Ақтөбе филиалымен облыстың 52 студентіне 6,1 млн. теңгеге жеңілдетілген кредит берілді.

Заем алушылардың қарыздық жүктемесін жеңілдету үшін қолданыстағы кредиттік келісімдері бойынша ШОБ клиенттерін және тұрғындарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы облыс банкілері барлық қаржылық құралдары мен шараларын қолданды.
Жылжымайтын мүлік рыногы

2009 жылдың басында облыс аумағында үлескерлердің қатысуымен объектілер саны 19 құрады, жыл ішінде 439 үлескердің қатысуымен 11 объект пайдалануға берілді.

Қалған, 287 үлескерлердің қаражаты жұмылдырылған 8 коммерциялық тұрғын үйдің, бүгінгі күні 2 объектісі 100% дайын. Дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  • 110 үлескерлердің қаржысы тартылған «Гүлдер» ТК тұрғын үйі бойынша. Құрылысты аяқтау үшін облыс әкімдігі («АКМ Строй Консалтинг» ЖШС балансындағы) Қаңдыағаш қаласындағы 60 пәтерлік тұрғын үйінен 55 пәтер жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды,

- 17 үлескерлердің қаржысымен Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі, № 269 мекен-жайындағы үйге мансардты қабаттың құрылысы (құрылыс салушы – «Уля» ЖШС) бойынша қаржылай көмек көрсету туралы «Уля » ЖШС қолдау хаты комиссиямен қанағаттандырылды.

Басқа, үлестік құрылыстың 4 объектісі мемлекеттің қолдауынсыз үлескерлерлер және құрылыс салушылардың қаражаты есебінен салынуда.

«Ақтөбе-Ажары» тұрғын үй кешенінің №2 блок құрылысы (құрылыс салушы – «ЛашынИнвестХолдинг» ЖШС), 91 үлескерлердің қаражатын тартылды. Нысанның дайындық деңгейі – 46 %.

Ақтөбе Облысы әкімдігімен үлескерлердің проблемаларын шешу үшін «Ақтобе-Ажары» ТКаумағындағы коммерциялық алаңдары С.Бәйішев атындағы кітапханаға үшін сатып алынды, объектіде құрылыс-монтаждық жұмыстарды қайта бастауға мүмкіншілік берді. «ЛашынИнвестХолдинг» ЖШС құрылысты толық аяқтау үшін (2 блок) 2010 жылдың наурызында кредиттік желіні ашу бойынша екінші деңгейлі банкілермен келіссөздер жүргізуде.

«Арай» тұрғын үй кешені құрылысы (қоймасы және құрылған сауда залы бар 4 қабатты тұрғын үй), үлескерлердің саны – 51.

Қазіргі таңда, Арай-Ақтөбе-2008 қоғамдық қорымен 0,8000 га жер сатылып, үлестік қатысу шарт сомасы 115,2 млн.тенгенің 50 % тең бөлікпен Арай ТК үлескерлеріне қаражат төленді. 92,8 млн. тенге - «Арай» ТК үлескерлерінің қарызы мүмкіндік келгенше тұтқындалған мүлікті сатудан қайтарылады.

Үлескерлердің проблемалық мәселелерін шешу облыстық комиссия бақылауында тұр.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарын орындау

Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жоспардың 27 іс-шарасының 2009 жылы орындалу мерзімімен 20 орындалды. Қалған 7 іс-шара бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Жоспардың басымды бағыттары бойынша мынадай негізгі жұмыс жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша 2009 жылы облыс бойынша жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге басымды емес шығыстары оңтайландырылды, оның ішінде әкімшілік шығыстары – 349,2 млн. теңге, олар Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жол картасының» инвестициялық бағыттарын қаржыландыру үшін бағытталды.

Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізілді, мемлекеттік органдарды басқару құрылымын жетілдіру және қызметкерлер санын оңтайландыру ұсыныстары дайындалды. Жалпы облыс бойынша штат санын 110 бірлікке қысқарту жүргізілді.

Мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын ендіру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын сақтауды қадағалау бөлімі құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, түпкі нәтижеге бағдарланған басқарудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2009 жылы аумақтарды көркейту және көгалдандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Екі айлық шеңберінде 126 сенбілік өткізілді, онда 198,5 мың адам қатысты, 48,3 мың аумақ көркейтілді, 32,3 га санитарлық-қорғау аймақтары құрылды.
Жол картасы

«Жол картасын» іске асыру арқасында жұмыссыздықтың өсуін болдырмай, оның деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.

Бағдарлама шеңберінде 24298 жұмыс орны құрылды, көптеген елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық саласында, қалалар мен ауылдар инфрақұрылымында жағдай елеулі жақсарды.

22141 адам, оның 17159 – жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

4384 әлеуметтік жұмыс орны ашылды (жоспарға 130,2%), жастар практикасына 3211 жас маман жіберілді (166,7%), кәсіби даярлау және қайта даярлауға – 6509 адам (131,1%); оның 4992 адамы оқуды аяқтады.

Жол картасының инвестициялық бағыттары шеңберінде 245 жоба бойынша 11 712,3 млн. теңге игерілді немесе жылдық жоспарға 99,6%







Инвестициялық бағыттар бойынша


  1. ТКШ жүйесін реконструкциялау және дамыту

21 инвестициялық жоба іске асырылды, 4987,0 млн. теңге игерілді, бұл жоспардың 99,7% құрайды. 10413 жұмыс орны құрылды, 9160 адам жұмыс орналастырылды.

40,45 км. суқұбырлық желілері, 4,9 км. кәріздік желілері, 2 сорма станциясы күрделі жөнделді. Ақтөбе қаласының 3 қазандығы, 3,6 км. суқұбырлық желілері, 0,5 км. кәріздік желілері және 22,4 км. жылу желілеріне реконструкциялау жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар су шығындылығын 7% қысқартуға және Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тұрғындарына су беру көлемін 15000 куб/тәулігіне ұлғайтуға, жылу шығындарын 23,7 мың Гкал немесе 16% азайтуға мүмкіндік берді.

  1. Жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу

Жол-жөндеу саласының 23 объектісін іске асыру бойынша 2888,7 млн. теңге игерілді (99,6%). 6200 жұмыс орындары құрылды, 5496 адам жұмысқа орналасты.

71,39 км. жолдар жөнделді және салынды:

- ұзындығы 25 км. «Алға-Павловка» автожолына орташа жөндеу;

- ұзындығы 10,5 км. «Самара-Шымкент-Аққұдық» автожолын күрделі жөндеу;

- ұзындығы 35,89 км. Ақтөбе қ. көшелері.

Нәтижесінде автожолдардың көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға, көшелерде көліктердің көп болып, тығыздалу санын қысқартуға қол жеткізілді.


  1. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылылау

Аталған бағыт бойынша 3426,8 млн. теңге (99,5%) игерілді, 172 жоба іске асырылды. 6990 жұмыс орны құрылды, 6711 адам еңбекке орналастырылды.

Білім берудің 145 объектісіне (оның ішінде 93 мектеп, 29 балалардың мектепке дейінгі мекемелері, 3 мектептен тыс мекемелері, 8 интернат және 12 кәсіптік лицей), денсаулық сақтаудың 9 объектісі, мәдениеттің 8 объектісі, дене шынықтыру және спорттың 8 объектісі және тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың 2 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

4. Әлеуметтік-мәдение объектілердің жөндеу жұмыстары

Сомасы 409,8 млн. теңгеге 29 әлеуметтік-мәдени объектілері жөнделді. 895 жұмыс орны құрылды, 774 адам жұмысқа орналастырылды.

Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілуде.

Инфляциялық процестер


Тұтыну бағалар индексі, %





Инфляциялық процестерді тежеу бойынша жұмыстың негізгі бағыты ішкі рынокты азық-түліктің негізгі түрлерімен молықтыруды қамтамасыз ету, өнім өндірісі бойынша жеке қуаттарын дамыту болды.



Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2009 жылғы тұтыну бағалар индексі 105,8% құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,4% төмен (республика бойынша – 106,2%), оның ішінде азық-түлік тауарлары – 103,8% (103,0%), азық-түлік емес тауарлары – 108,5 % (108,6%), ақылы қызметтер – 106,0% (108,4%).

Аймақ шегінен жеміс - көкөніс өнімін ішкі рынокқа әкелу жалғастырылуда. 2009 жылдың басынан бері Қазақстанның басқа облыстарынан және шетелден 40,0 мың тонна жеміс-көкөніс жеткізілді. Қысқы кезеңде бағаны реттеу мақсатында көкөніс қоймаларына 6,5 мың тонна картоп пен көкөніс салынды.

Нарықтық инфрақұрылымды құруға, қала рыноктарына ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

Өткен жылы 5 ірі көтерме - бөлшек азық-түлік базарлары және супермаркеттер, оның ішінде «Табыс» коммуналдық азық-түлік базары және 10 шағын базар іске қосылды. Оған жергілікті бюджеттен 528,9 млн. теңге инвестицияланды.

Коммуналдық базарлардың жүйесін ұйымдастыру басымды тәртіпте, жеңілдікті жағдайда, өз өнімін өткізу үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне орындарды беруді қамтамасыз етуге, азық-түлік рыногында адал бәсекелестік үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.

245 облыстық және аудандық ауылшаруашылық жәрменкесі өткізілді, онда 324,9 млн. теңге ауылшаруашылық өнімі іске асырылды.

Жүргізілген жұмыс қала тұрғындарын қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға және негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік берді.

Азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру және төмендету мақсатында әкімдіктер бизнес-құрылымдармен өзара әрекет етуде: азық-түлік тауарларын өндірушілерін, азық-түлікті көтерме жеткізіп берушілермен бірқатар Меморандумдар жасалды (қант, күріш, өсімдік майы, жеміс-көкөніс өнімі және басқалары бойынша).

«Қаз АгроМаркетинг» АҚ деректері бойынша мониторинг жасалатын, азық-түліктің 50 түрінің көпшілігіне (90%) бағалар республикалық орташа көрсеткіштен төмен.

ЖЖМ тапшылықтың және бағаның негізсіз өсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдануда. 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап АИ-92/93 маркілі бензиннің бөлшек бағасы 82 тг/л дейін төмендеді.

Облыс әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметтерін жеткізіп берушілермен бірлесіп жүргізген жұмысы бірқатар жыл бойы суға, жылуға, газға тарифтарды тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Тұрғындар үшін «Ақбұлақ» АҚ қолданыстағы тарифтары 2006 жылдың 1 мамырынан өзгертілмеді және суға 22,08 теңге/м3, кәріз жүйесі қызметіне 20,93 теңге/м3 құрады.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметіне тарифтардың көтерілуі 2010 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап күтілуде.

«Трансэнерго» АҚ тарифтары 2004 жылдың қазанынан бері қайта қаралмады.

Қолданыстағы төлем орталық жылу үшін айына (ҚҚС қоспағанда) жалпы көлемге 1 шаршы метр үшін 46,39 теңге, орталық ыссы сумен қамтамасыз етілген пәтерлерге ыссы су төлемі 87,92 теңге (қосымша құн салығынсыз) құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Трансэнерго» АҚ тарифтары көтерілді.

Тарифті көтерудің негізгі себептері: жылу желілерінің тозғандығы, арнайы техниканың тозуы, төмен жалақы, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеуі болып табылады.

Департаментпен орташа мерзімге бекіткен тарифтер 3 жыл бойы өзгертілмейді.

Бұдан басқа, 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің электр қуатын (орташа босатылым тарифі) 1 кВтс үшін 10,57 теңгеге дейін өсті. Электр қуатына тарифтің өсуінің негізгі себебі, 2010 жылдың 1 қаңтарынан электр станцияларының өндіретін электр қуатына бағаның өсуі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 «Шекті тарифтарды бекіту туралы» Қаулысы).

Босату тарифтердің өзгеруіне байланысты тәулік зоналары бойынша және жеке тұлғалардың электр қуатын тұтыну көлеміне байланысты электр қуатына сараланған тарифтер келісілген.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерге енгізілген тарифтар республикалық орташа көрсеткіштен төмен: су бойынша 39,5%, кәріз 12,7%, жылу 4,2%, ыссы сумен жабдықтау 28,6%, электр 3,2%.

Ал, көгілдір отын – газға келсек, оның бағасы республика бойынша Ақтөбе облысында ең төменгі баға болып есептеледі. 2008 жылдан бері Ақтөбе облысы тұтынушылары тек жергілікті ілеспе мұнай газымен қамтамасыз етіледі, тұрғындар үшін газдың құны 2009 жылдың 1 тамызынан 3,60 теңге/м3 –ден 3,0 теңге/м3-ке дейін төмендетілді.

Инфляциялық процестерді тежеу, азық – түлік тауарларымен тұрғындарды үзіліссіз қамтамасыз ету және сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелері апта сайын, тұрақты негізде тұтыну рыногында бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабта қаралады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconОблыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қр даму стратегиясын бұдан әрі іске асыру жөніндегі міндеттері туралы» есебінің тезистері

2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconОблыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері
Азақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе....
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! icon«2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы»
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! icon«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»
Республикасы Ұлттық қорға бағытталған 2007 жылға арналған бюджетке түсімдердің көлемі айқындалсын
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconАбай ауданы бюджетінің 2010 жылға орындалуы туралы ақпарат
Абай ауданы бойынша 2010 жылға арналған меншікті кіріс көздері 131083,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 134379,1 мың теңгеге немесе 102,5...
2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер! iconСартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы
Кірлердің 2010 жылға берілген аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сартерек ауылдық округінде ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница