Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы




НазваниеАқтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы
страница6/9
Дата конвертации06.11.2012
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы бойынша қалалық маршруттар тарифтарының салыстырмалы кестесі


№ р/с

қалалар

Қалалық тариф

автобус

шағын автобус

1

Астана

60

65

2

Алматы

50

50

3

Атырау

45

50

4

Өскемен

40

50

5

Қостанай

40

45

6

Орал

40

40

7

Ақтөбе

35

45


Темір жол және әуе көлігі

Мұғалжар, Шалқар аудандарының тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында «Ақтөбе-Шалқар» және «Қандыағаш-Никельтау» әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылуда. 2009 жыл ішінде облыстық бюджеттен 218,8 млн. теңге субсидия бөлінді және 203,4 мың жолаушы тасымалданды.

Ырғыз ауданы тұрғындарының проблемаларын шешу үшін «Ақтөбе-Ырғыз» бағыты бойынша 2010 жылы авиамаршрут ашылатын болады.


2010 жылға арналған міндеттер

2010 жылы автожолдардың жергілікті желісін дамытуға 3,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Жол картасы ауқымында 1,2 млрд. теңге және автожолдардың 97,2 км. жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарында 2100 жұмысшы жұмыспен қамтылады және мынадай жобалар іске асырылатын болады:

«Әйке станциясына кіреберіс» автожолын салу;

Жолдарды күрделі жөндеу:

«Қарабұтақ-Комсомол-Солтүстік-Ұшқатты», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық», «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк», «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» автожолының учаскесі, «Самара-Шымкент-Аққұдық»;

«Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолында 2 көпірді күрделі жөндеу;

Ырғыз ауылында жергілікті әуе желілері әуежайын қалпына келтіру.


Табиғатты пайдалану

Облыс бойынша 10076 табиғатты пайдаланушы тіркелген.

202 объектіде жұмыс жасайтын 124 жер қойнауын пайдаланушы бар, оның 31 компаниясы көміртек шикізатын (КТШ), 18 кәсіпорын қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) және 67 кәсіпорын жалпы таралған пайдалы қазбалары (ЖПҚ), жер асты сулары бойынша – 8 су пайдаланушы барлау және өндіруді жүзеге асыруға құқы бар.

Облыстың экологиялық жағдайы 2009 жылы өткен жылғымен салыстырғанда көп өзгерген жоқ.

Өндірістік объектілердің экология бойынша қабылданған шараларына қарамастан облыстағы жағдай алаңдаушылық танытады.

Облыстың экологиялық проблемаларының бірі алауларда ілеспе газын жағуды жалғастыру. 2009 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және басқа мұнай өңдеу компанияларында ілеспе мұнай газының 558,0 млн. м3 алауларында жағылды. Заңнамада талаптардың болмауына байланысты ілеспе газын жағу нақты есепсіз жүзеге асырылады, газды пайдалану бағдарламасын орындау мерзімі артқа ысырылуда.

2009 жылы шығарынды көлемі төмендеген жоқ және 325,3 мың теңгені құрады, оның 218 мың тоннасы стационарлық көздерден жағылды.

Жалпы көлемнің біраз үлесін автокөлік шыққан шығарындылары құрайды, егер 2008 жылы автокөлік шығарындылары 94,2 мың тоннаны құраса, 2009 жылы ол 106,8 мың тоннаға өсті.

Көкейтесті проблемалардың бірі қалдықтардың жиналуы болып табылады.

Түгендеу деректері бойынша облыста қалдықтарды орналастыратын 349 орын есепке алынды, оның тек 4-еу ғана санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес. Барлық полигондар мен қоқыстарда 7,6 млн. м3 ҚТҚ, оның 5,2 млн. м3 Ақтөбе қаласында жиналған. Қалдықтарды пайдалану бойынша іс жүзінде жұмыс жүргізілмейді.

2009 жылы кәсіпорындардың жеке қаражаттары есебінен 1 санаттағы қауіптілігі бар сомасы 12,8 млрд. теңгеге, оның ішінде: ауа қорғайтын 6,6 млрд. теңге, су қорғайтын – 1,0 млрд. теңге, жерді қорғау және қалдықтар саласында – 2,9 млрд. теңгеге 227 іс-шара орындалды.

Табиғатты қорғау іс-шараларына облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде.


Қаржыландыру көлемі, млн. теңге





2009 жылы табиғатты қорғау іс-шаралары 1892,2 млн. теңгеге қаржыландырылды және игерілді (жылдық қаржыландыру жоспарында 800,0 млн. тг.).


Қоршаған ортаны қорғау өңірлік бағдарламасы бойынша барлығы 57 іс-шара көзделген, оның 38 орындалды.

Шалқар ауданы Шалқар қаласында санитарлық және экологиялық талаптарға сай осы заманғы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынды. Ақтөбе қаласының маңындағы жасыл желектердің санитарлық-қорғау аймағын қайта жарақтандыру жобасы әзірленді. Облыс бойынша бүлінген жерлерге түгендеу жүргізілді. Анторпогендік факторлардың әсер ету деңгейіне байланысты облыстың бүлінген жерлерінің көлемі анықталды, бүліну және табиғи аймақтық сипатына қарай жерлерді қайта жаңарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ластайтын объектілерді республикалық немесе коммуналдық меншікке алдағы уақытта беру жұмыстары үшін қоршаған ортаны ластайтын иесіз алқаптарға түгендеу жүргізілді және тізімі жасалынды.

Көкжиде құмы алқабының жер асты бірегей тұщы су кен орнын сақтау мақсатында ғылыми қолданбалы экологиялық зерттеулер жүргізілді. Жер асты суларының сапасын қадағалау үшін гидрогеологиялық үңғымалар желісі құрылды.

Жұмыс қортындысы бойынша жер асты суларын сақтау жөнінде ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар жоспары жасалынды.

Иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу жөнінде жұмыстар басталды. 3 ауданға зерттеулер жүргізілді, Шалқар ауданында өздігінен ағатын - 94 ұңғыма, Байғанин ауданында – 99 ұңғыма, Ырғыз ауданында – 19 ұңғыма анықталды.

Жануарлар әлемін қорғау мақсатында, оның ішінде облыс аумағында киіктердің түрлерін, сонымен қатар, тұрғындардың денсаулығын қорғау және құтырма ауруының алдын алу үшін 2006 жылдан бастап қасқырлар санын азайту бойынша іс-шаралар жүргізіліп, 1 770 бас қасқыр жойылды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және орналастыру жөніндегі Сызбасы (бұдан әрі ЕҚТА) негізінде Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қазіргі уақытта Қарғалы ауданындағы «Эбита» ерекше қорғалатын табиғи аумағына жалпы көлемі – 83 770 га құрайтын жер учаскесі резервке алынды.

Облыстың су айдындарын балықтың құнды түрлерімен балықтандыру іс-шаралары бойынша су айдындары 990 мың балықпен балықтандырылды.

Су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобаларын орнату іс-шаралары бойынша Елек, Ембі, Сағыз, Темір өзендерінің және олардың салаларының 2 826 км ұзындығына жоба әзірленді.

Соңғы үш жылда облысымыздың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік орман қорының жалпы 192 мың гектардан астам аумағында жерде орналастыру жұмыстары жүргізіліп, тұрақты жер пайдалану актілері әзірленді.

Аймақта орман алқаптарының көлемі, орман дақылдарының ассортименті артып келеді. 5 жылдың аралығында «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2316 га. аумаққа ағаш отырғызылды.

Жылжымалы құмдарды тоқтату мақсатында Темір және Шалқар аудандарында жалпы аумағы 200 га ағаш отырғызу жұмыстары атқарылды.


2010 жылға арналған міндеттер

өңірде экологиялық теңдікті қалпына келтіру және табиғат ортасының сапасын тұрақтандыру үшін табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

2010 жылы жергілікті маңызы бар «Эбита» ЕҚТА құрылып, «Орқаш» ЕҚТА техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау;

бірегей тұщы су кен орнын сақтау мақсатында «Көкжиде құмы» алқабының жер асты және жер бетіндегі суына мониторингті жүзеге асыру;

Елек өзені бассейінінің жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды жалғастыру;

Қасқырлардың бас санын оңтайландыруға бағытталған шараларды жүргізу;

Облыс су айдындарын бағалы балық түрлерімен балықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру;

мемлекеттік орман қорына кірмейтін облыстың орман алқаптарын түгендеу, оларды сақтау мен оңтайлы пайдалану жөнінде қазіргі уақыттағы жағдайын бағалау;

көлемі 62 алаңда Ақтөбе қаласы маңындағы жасыл желектің санитарлық-қорғау аймағын реконструкциялау жұмыстарын жалғастыру.


Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

2009 жыл бойы атқарушы биліктің және облыстың мемлекеттік органдарының қызметтері жұмысшыларды жаппай қысқартылуын ескертуге, жұмыссыздарға жұмыспен қамтуға ықпал жасау және тұрғындардың әлсіз санаттардын әлеуметтік қорғауға бағытталды.


Жол картасымен бірге жыл басынан облыста 39 875 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспарға 110,2 %), 4 852 әлеуметтік жұмыс орны ашылды (129,8%), 7 560 жұмыссыз кәсіби даярлауға жіберілді (126,8%), 3 615 адам «Жастар тәжірибесіне» жіберілді (163,9 %), 31 084 адам жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарға 5 033 адам қатысты.




Жұмыспен қамтуға ықпал жасауға қосымша үлгілер пайдаланылды, толық емес кестемен жасайтын мекемелердің апталық мониторингі жүргізілді. Жұмысшылардың құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін өз ара ынтымақтастық жөнінде Меморандумдарға отыру, 2009 жылдың 1 мамырындағы ең жоғарғы 0,6 % қарағанда соңғы 6 айда «жасырынды жұмыссыздықтың деңгейі» экономикалық белсенді халықтың санына 0,2 % - 0,3 % шегінде болуына ықпал етті.

Халықты жұмыспен қамтуға қабылданған шаралар тіркелген жұмыссыздардың санын қысқартуға мүмкіндік берді, ол 2009 жылы 1940 адамды құрады, осы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 407 адамға төмен.

2009 жылы 0,6 % қарағанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,5 % құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 0,6%).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4 % - дан 5,9 % - ға дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 6,3%).

Азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтарына қосымша қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы және орындаушы органдардың шешімдерімен төленетін өтемақылары біраз өсті. 2009 жылы әр түрлі жеңілдіктермен және басқа қосымша әлеуметтік төлемдер 154,7 мың азаматқа 1 688,4 млн.теңге көлемінде берілді, ал 2008 жылы 128,3 мың азаматқа 1 387,7 млн.теңге көлемінде төлемдер берілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 4594 адамы бар 1166 аз қамтылған отбасы өтініш жасады, ол 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1 және 30,3 пайызға төмен.

Облыстың жекелеген аудандарында және Ақтөбе қаласында 841 аз қамтылған отбасыларына ақшалай және заттай түрінде кәсіпорындардың, ұйымдардың, діни бірлестіктердің және қайырымдылық қорлардың қаражаттарының есебінен барлығы 3035,7 мың. теңге көлемінде көмек көрсетілді, 259 аз қамтылған отбасы қайырымдылық көмек көрсету үшін шаруашылық субъектілеріне бекітілген, 125 отбасына бау-бақша егу үшін жер учаскелері бөлінді, 28 отбасына үй шаруашылығың нығайтуға ықпал жасалды.

Аз қамтылған азаматтарды қолдайтын Аймақтық қорынан 138 отбасына 8945,0 мың.теңге көлемінде шағын несие берілді, олардың ішінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алатын 89 отбасына 5970,0 мың.теңге көлемінде берілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құрамында 999 адамы бар 223 аз қамтылған отбасы кірістерін жоғарылатты және құрамында 1582 адамы бар 336 отбасы – кедейшілік жағдайдан шығарылды.



Халықтың әлеуметтік – осалдық санаттарың қолдау үшін қабылданған қосымша шаралар, аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік жағдайларың жақсарту және олардың бірлескен кірістерін жоғарылатқанның нәтижесінде аз қамтылған азаматтардың үлесі 2008 ж. 1,0 % - дан 2009 ж. 0,6 % ға дейін төмендеді, ол әлеуметтік төлемдердің төмендеуіне ықпал етті. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен 2,5 есе төмендеді (1,5% қарағанда 0,6 %).

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4335 аз қамтылған азаматқа 69,7 млн.теңге көлемінде тағайындалды, ал 2008 жылы 97,7 млн.теңге көлемінде.

Тұрғын үй көмегін алатындардың саны 8997 отбасынан 6 812 отбасына дейін төмендеді. Тағайындалған көмектің көлемі 64,1 млн.теңге құрайды.

Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасында тұратын 18 жасқа дейінгі 32459 балаға 367,9 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

2009 жылы жалпы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 224,3 мың адамға 2 558,7 млн. теңге құрайды.

Облыстық мүгедектерді оңалту Бағдарламасың іске асыру бойынша 2009 жылғы шығындар 485,2 млн.теңге құрды, ол бөлінген қаражатқа 100 % құрайды.

Көрсетілген Бағдарлама және жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 3,9 мың мүгедек жүру техникалық жабдықтармен, протезді – ортопедиялық көмектермен, гигиеналық жабдықтармен, жеке көмекшілермен, санаторно – курорттық сауықтыру, орта арнаулы және курстық оқу мекемелерінде оқытуына 127,0 млн.теңге көлемінде қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1802 жалғыз басты және жұмысқа жарамсыз азаматтардың үйіне барып әлеуметтік жәрдем көрсетті, солардың ішінде 209 мүгедектер. Солармен бірге 501 мүгедек – балаларға қызмет көрсетілді.

2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 610 жалғыз басты қарт азаматтар және мүгедектер тұрады. Кезекшілікті жою мақсатында Жол картасы бойынша психикалық жүйке аурулары интернат – үйінде әкімшілік корпусына қайта жаңартуы жүргізілді, ол қосымша 50 төсектік – орын ашуға ықпал етті. Жол картасы бойынша екі интернат – үйлерінде 100 млн.теңге көлеміне күрделі жөндеу жүргізілді. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған 65 орынды әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс жасайды.

Ұлттық инвесторлар кеңесінде Мемлекет Басшысы: «Казіргі уақытта бірлесіп және біздің елдің және оның азаматтарының барлық мәселелерін бірігіп шешу қажет. Экономика және қоғамның алдында тұрған қыр көрсетулерді дұрыс қабылдау керек, барлық күшімізді жұмыс орындарын және азаматтардың кірістерін сақтауымыз қажет. Дағдарыс мәңгілік емес, оның артынан өсімі болады. Көп жылдар бойы зор тырысумен жиналғанды, жоғалтып алуға құқымыз жоқ» деп атап өтті.

Экономикалық дағдарыстан өту үшін әкімдік, бұрынғыдай, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Елбасының қаңтардағы Жолдауында 2020 жылы жұмыссыздық деңгейін 5,0% дейін жеткізу және ең төменгі күн көріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесін 8% асырмау тапсырылды, бұл үшін облыста барлық алғы шарттары бар.

Тұрғындарды жұмыспен қамту, персоналдың жұмыспен қамтылуы жөнінде ірі компаниялармен келіссөздер жүргізу арқылы кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету, өндіріс көлемінің төмендеу қарқының болдырмау үшін иілгіш саясат жүргізіледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconАқтөбе облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қр даму стратегиясын бұдан әрі іске асыру жөніндегі міндеттері туралы
Облыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2020 жылға дейінгі Қр...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconАқтөбе облысының 2011-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
Ақтөбе облысының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconКатонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconАқтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconСелолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconҚаланың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2011 жылға арналған міндеттері туралы
Оның ішінде өнеркәсіп тауар өнімі 11 млрд. 386 млн теңгені (68,8%), ауыл шаруашылық өнімі 828,0 млн теңгені құрады (5 %)

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconОблыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы
Азақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе....

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconОблыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы
Азақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе....

Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница