Құрметті талапкерлер!




Скачать 89.97 Kb.
НазваниеҚұрметті талапкерлер!
Дата конвертации29.11.2012
Размер89.97 Kb.
ТипДокументы
Құрметті талапкерлер!

Біздің жоғары оқу орнының іргетасы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтының кұрамында факультет болып қаланып, содан 1978 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты ретінде қалыптасты. Кейінірек, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясымен біріккеннен кейін Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы болып қайта құрылды.

2001 жылдың желтоқсанынан бастап академия құрамына Республикалық көркемсурет колледжі енгізілді, сол кезеңнен бастап өнер саласындағы көп сатылы маман даярлау ісін жүзеге асыруда: мектеп-интернат – 7-9 сыныптар (бастауыш көркемсурет даярлығы), колледж (техникалық және кәсіптік білім) және бакалавриат (жоғары арнаулы білім), магистратура, докторантура Ph.D.

Бүгінгі таңда академияда 4-КСРО халық артистері, 1 КСРО халық суретшісі, 10 Қазақстан Республикасының халық артистері, 40 ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері,18 Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, 20 ғылым докторы, 85 профессор, 53 ғылым кандидаты, 86 доцент және 27 Қазақстан Республикасының «Оқу ісінің үздіктері» дәріс береді.

Бұл аталған сандар арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы өнер адамдарын, жүректерінде өнер мен өмір деген ұғым қатар жүретін нағыз өнер қайраткерлерін танимыз: А.Әшімов, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Бапов, Т.Тельжанов, А.Қайдар, Н.Нүсіпжан, А.Сығай, М.Байсеркеұлы, Е.Обаев, Р.Андриасян, Л.Кесоглу, Н.Есқалиева, Т.Жаманқұлов, Р.Рымбаева, Р.Байсейітова, Г.Түткібаева, Р.Қаныбаева, Е.Сегізбаев, Д.Исабек, Е.Сергебаев, Л.Төлешева, Р.Машурова, Б.Өмірбеков, Д.Тұранқұлова, С.Азимов, А. Қулбаев А.Әмірқұлов, Т.Забирова

Академияның театр, хореография, музыка өнері факультеттерінің түлектері бүгінде еліміздің барлық театрларымен музыкалық ұйымдарында кызмет етуде.

Бейнелеу өнері факультетінің түлектері Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік монументіне, Астана қаласындағы Үкімет ғимараттары мен өзге қалаларды көркейтуге де атсалысты.

Кино және ТД факультетінің көптеген түлектері мен студенттері еліміздің алдыңғы қатарлы телерадиокомпанияларында жемісті еңбек етуде. Түлектеріміздің көпшілігі халықаралық кинофестивальдердің лауреаттары.

Академияда еліміздің және ТМД елдерінің солистерімен тығыз байланыс жасайтын Биг-Бэнд және Диксиленд жұмыс істейді.

Академия өнер саласындағы ғылыми жұмыстармен, педагогикалық еңбекпен айналысам деушілерге магистратура және докторантура Ph.D. жүйесін ұсына алады.

Аакадемия шетелдің Жоғарғы Оқу орындарымен халықаралық келісім шартқа отырған, олар: Ресей, Италия, Германия, Өзбекстан,Корея, Грузия, Қырғызстан, Украина, Монғолия, Иран, Туркия, Эстония, Араб республикасы Египет, Беларус республикасы, Великобритания.

Жоғарғы Оқу орындары: С. Герасимов атындағы ВГИК, Әсемдік өнерлер академиясы (Италия), Флоренция Университеті, Корея Ұлттық өнер Университеті, Стамбул Университеті, Каир Университеті, И. Репин атындағы Мемлекеттік академиялық кескіндеме университеті, Ресей академиялық театр өнері академиясы,Мемлекеттік Эрмитаж және т.б.


Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры,


ҚР еңбек сіңірген қайраткері

философия докторы (PhD) А.Мұхамедиұлы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ


(лицензия АА № 0000006 30.11.2001 ж.)


ДАРЫНДЫ ҚЫЗДАР МЕН ЖІГІТТЕР!


Егер сіздің бойыңызда қайсыбір өнердің

түрінен шығармашылық шабыт болса, егер

сіз ән салып, би билеп, сурет салғанды

ұнатсаңыз, егер де сіз сүйкімді де сымбатты

болсаңыз, ешкімді қайталамайтын

қасиеттеріңізбен ерекшеленсеңіз -

көп кешікпей, бізге

ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНА КЕЛІҢІЗ!

Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА-сы

ҚР Білім және ғылым Министірлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының Аккредиттеу кеңесі шешімінің негізінде 5 жыл мерзімге аккредиттелді,

2010 ж. 30 маусымдағы № 2 хаттамасы.

Институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі берілген.

Мекен-жайымыз: 050000,

Алматы қ-сы, Панфилов к-сі, 127


(Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы)

тел: қабылдау комиссиясы – 8 (727) 261-14-17

факс – 8 (727) 261-15-98

Электронды пошта: kaznai@art.kz

веб-сайт: www.art-oner.kz

Мектеп-интернат, колледж

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Каблуков к., 133

тел.: 8 (727) 395-12-48

АЛМАТЫ -2011

2011 – 2012 ОҚУ ЖЫЛЫНА СТУДЕНТТЕР
ҚАБЫЛДАЙДЫ


МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ (7 сыныптан)

(бастауыш көркемдік білім)

Қабылдау шарттары:

Мектеп-интернат қазақ және орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбын бітірген, бейнелеу өнері саласынан ерекше қабілеті бар және қабылдау емтихандарынан өткен балалар қабылданады. Оқу барысында оқушылар сурет, кескіндеме, үйлестіру, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бойынша негізгі көркемдік білім және жалпы орта білім алады. Оқу тегін және ақылы (мектеп – интернат). Шалғай облыстардан келген оқушылар (7, 8, 9 сынып) интернатпен қамтамасыз етіледі.

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын

құжаттар тізімі:

1. Ата-аналарының өтініші.

2. Сабақ үлгерімі жөніндегі табелінің түпнұсқасы.

3. Туу туралы куәлігі.

4. Отбасы құрамы туралы анықтама – 2 дана

5. 3х4 көлеміндегі - 6 сурет.

6. № 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама.

7. Баланың денсаулық паспорты.

8. Егу кітапшасы ( 063-У түрі).

9. Баланың медициналық картасы ( 026-У түрі).

10. Бастауыш көркемдік білім бағдарламасы бойынша
орындалған 20-ға жуық көркемдік еңбегі болуы шарт.

11. Үй кітапшасы (көшірмесі).

Қабылдау емтихандарының мерзімі:

Құжаттарды қабылдау: 01-18 маусым аралығы

Шығармашылық емтихандар: 20-22 маусым аралығы

Ана-тілі (Бақылау): 23 маусым;

Қорытынды: 26 маусым.

КОЛЛЕДЖ

(техникалық және кәсіптік білім)

Білім беру жүйесі төмендегі мамандықтар

бойынша жүргізіледі:

Актерлік өнер (қаз. топ); Кескіндеу, мұсіндеу және графика (тұрлері бойынша)-мүсін (аралас топ); станокты кескіндеме (аралас топ); станокты графика (аралас топ); анимациялық графика; Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейім бойынша): көркем тоқыма; металды көркемдеп өңдеу; ағашты көркемдеп өңдеу; көркем қыш (аралас топ); Дизайн мамандығы (бейім бойынша): графикалық дизайн (аралас топ); интерьер дизайны (аралас топ); киім дизайны (аралас топ).Қабылдау шарттар:

Колледжге қазақ және орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің және көркемсурет мектебінің 9-сыныбын бітіргендер қабылданады. Оқуға түсу сынақтарын қабылдау Қазахстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің жалпы типтік ережелеріне сәйкес тапсырылады.

Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай.

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын

құжаттар тізімі:

1. Талапкерлердің өтініші.

2. Негізгі мектепті 9-сыныбын бітіруі туралы куәліктің түпнұсқасы.

3. Бастауыш көркем сурет (музыка) мектебін бітіргені туралы күәлік.

4. Жеке куәліктің (туу туралы куәлік) көшірмесі - 2 дана.

5. № 086-У, № 026-У үлгісіндегі медициналық анықтамалар

және флюорография.

6. Денсаулық паспорты.

7. Егу кітапшасы ( 063-У).

8. 3х4 көлеміндегі - 6 сурет.

9. Шығармашылық еңбектері (20-ға жуық көркем сурет мамандықтары бойынша).

10. Үй кітапшасы (көшірмесі).

11. Мектептен мінездеме

Қабылдау емтихандарының мерзімі:

Құжаттарды қабылдау 20.06 – 20.07;

Шығармашылық емтихандар: 21.07 – 23.07;

Ана тілі (тест): 24 шілде; Қорытынды: 26 шілде.

БАКАЛАВРИАТ

5В040600 – Режиссура мамандығы

1. Хореография режиссурасы (аралас топ)

2. Кино (көркемсуретті) режиссурасы (аралас топ)

3. Монтаж режиссурасы (аралас топ)

4. Телевизия режиссурасы (аралас топ)

5. Ғылыми-көпшілік режиссурасы (аралас топ)

6. Кино және ТВ продюсерлік режиссурасы (аралас топ)

7. Анимация режиссурасы (аралас топ)

8. Дыбыс режиссурасы (аралас топ.)

9.Драма театры режиссурасы (каз. топ)

5В040700 – Актерлік өнер мамандығы

1. Музыкалық театр актері (қаз.топ)

2. Драма театры актері (қаз.топ)

3. Сөз сөйлеу жанрының актері (диктор, жүргізуші т.б.) (қаз.топ)
5В040800– Эстрадалық өнер мамандығы

1. Эстрада вокалисі (аралас топ)

2. Эстрадалық оркестр артисі (аралас топ)
5В040500– Дәстүрлі музыка өнері

1. Дәстүрлі орындаушылық өнері (каз.топ)
5В040900 – Хореография мамандығы

1. Хореографияның педагогы (аралас топ)

2.Спорттық бал биінің педагогы (аралас топ)
5В041000 – Сценография мамандығы

1. Киім дизайны (аралас топ)

2. Театр –сәндік өнері (аралас топ)

3. Театр, кино және ТВ киімінің сценографиясы (аралас топ)
5В041200 – Операторлық өнер мамандығы

1. Кино және ТВ операторы (аралас топ)
5В041300 – Кескіндеме мамандығы

1. Станоктік кескіндеме (аралас топ)

2. Монументалды кескіндеме (аралас топ)
5В041400 – Графика мамандығы

1. Станоктік графика (аралас топ)

2. Өндірістік графика (аралас топ)
5В041500 – Мүсін мамандығы

1. Мүсін (аралас топ)

5В041600 – Өнертану мамандығы

1. Театртану (қаз.топ)

2. Кинотану (қаз.топ)

3. Кинотеледраматургия (қаз.топ)

4. Өнертану (қаз топ)
5В041700 – Сәндік өнер мамандығы

1. Металл және тағы басқа материалдардан көркем бұйым
жасау (аралас топ)

2. Көркем тоқыма (аралас топ)

3. Көркем қыш (аралас топ)

4. Ағашты көркем өңдеу (аралас топ)
5В042100 – Дизайн мамандығы

1. Интерьер дизайны (аралас топ)

2. Жиһаз дизайны (аралас топ)

5В042300-Арт-менеджмент (аралас топ)

Қабылдау шарттары:

1. Актерлік өнер мамандығына түсушілердің жас мөлшері:

қыздар (21 жасқа дейін), жігіттер (23 жасқа дейін).

2. Сәндік өнер және дизайн, бейнелеу өнері мамандығына түсушілердің орта көркемдік кәсіптік білімі (студия, мектеп, колледж) болуы шарт. Іріктеу комиссиясына өзінің 20-ға жуық жұмысын тапсыруы тиіс.

3. «Дыбыс режиссурасы» және «Эстрадалық оркестр артисі», «Эстрада вокалисі» мамандандыруына музыкалық орта білімі бар талапкерлер қабылданады.

4. Хореография мамандықтарына қабылдау кезінде хореогра-фиялық училищені, балеттік мектеп-студиясын және мәдениет колледждерін бітіргендерге аса назар аударылады.

5.Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгіленген тәртіпте нострификациялануы керек.

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі:

1. Талапкерлердің өтініші.

2. Орта (арнайы орта) білімі туралы аттестат, диплом (түпнұсқа).

3. Бірыңғай Ұлттық Тест нәтижелері көрініс алған Мемлекеттік сертификат (2011ж. жалпы білім беретін мектепті бітіруші түлектер үшін).

4. Жеке куәліктің (немесе паспорттың) көшірмесі - 2 дана.

5. Әскери билет немесе әскерге шақырылғандығы туралы куәлік (түпнұсқа).

6. 3х4 көлеміндегі - 8 сурет.

7. № 086-У улгісіндегі медициналық анықтама және флюорография.

Қабылдау емтихандарының мерзімі:

Іріктеу консультациялары: 19.06 - 06.07

Құжаттарды қабылдау: 19.06 - 06.07

Шығармашылық емтихандар: 07.07 - 14.07

Кешенді тестілеу: Қазақ (орыс) тілі және Қазақстан тарихы (өткен жылдардағы жалпы білім беретін мектеп және орта кәсіптік оқу орындарын бітіруші түлектер үшін, сонымен қатар шетелдерде оқу орнын бітірген шетелдік азаматтар үшін).

Сырттан келгендерге жатақхана беріледі.

Похожие:

Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті талапкерлер!
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!
Е. Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін
Құрметті талапкерлер! icon«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған өнегелі адамдар тізім І «Жамбыл ауданының құрметті азаматы»
«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданы Әкімінің 1995 жылғы сәуірдің 27-дегі №4-97 қаулысымен бекітілген
Құрметті талапкерлер! iconҚабылдау комиссиясының төрағасы э.ғ. д., профессор Г. Н. Гамарник
Шығармашылық емтихан «Журналистика» мамандығы бойынша біліктілік алуға тілек білдірген талапкерлер үшін ұйымдастырылады
Құрметті талапкерлер! iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница