Сілтемелер




Скачать 84.49 Kb.
НазваниеСілтемелер
Дата конвертации30.11.2012
Размер84.49 Kb.
ТипДокументы
(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4

Келісімнің құрамында жалдау қасиеттерінің болуын анықтау

Сілтемелер_____________________________________________________________________


  • IAS 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдықтар (2003 жылғы редакция)

  • IAS 17 Жалдау (2003 жылғы редакция)

  • IAS 38 Материалдық емес активтер (2004 жылғы редакция)

  • IFRIC 12 Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер



Бастапқы ақпарат ______________________________________________________________


  1. Ұйым операциядан немесе бірқатар қатысты операциялардан тұратын жалдаудың заңды түріне ие болмайтын, бірақ төлем немесе бірқатар төлемдердің орнына активті пайдалану құқығын беруі мүмкін (мысалы, негізгі құрал объектісі бірлігі) келісім жасауы мүмкін. Бір ұйым (жабдықтаушы) екінші ұйымға (сатып алушыға) активті пайдалануға құқық беретін, көбіне ілеспелі қызметтермен бірге, келісімдердің мысалдарына төмендегілер жатады:

    • құқықты беру келісімдері (мысалы ұйымның мәліметтерді өңдеу қызметінің құқығын беру).

    • желінің өткізгіш қабілетінің жабдықтаушысы сатып алушыны өткізгіштік қабілетінің құқығын беруге келісімшарт жасауы мүмкін телекоммуникация саласындағы келісімдер.

    • сатып алушылар, келісілген өнімдерді немесе қызметтерді жеткізуді қабылдау-қабылдамауына қарамастан, аталған төлемді алуы тиіс сатып алуға, сатып алмаса айып төлеуге келісім және осыған ұқсас келсімдер (мысалы, жабдықтаушының жылу генераторының негізінен барлық шығарылымын сатып алуға сатып алу, сатып алмаса айып төлеуге келісім).

  2. Осы Түсіндірмеде осындай келісімдер, 17 (IAS) ХҚЕС-ын сәйкес есепке алынуы тиіс жалдау келісімдері болып табылатындығын немесе құрамына жалдау кіретіндігін анықтауға нұсқаулар берілген. Мұнда осындай жалдау осы Стандарт бойынша қалай жіктелуі тиіс екендігіне нұсқаулар берілмеген.

  3. Кейбір келісімдерде, жалдаудың нысанасы болатын нақты актив үлкенірек активтің бөлігі болып табылады. Осы Түсіндірмеде 17 (IAS) ХҚЕС қолдану тұрғысынан қандай жағдайларда үлкенірек активтің бөлігі нақты актив болатынын анықтау мәселесі қарастырылмайды. Дегенмен, нақты актив 16 (IAS) ХҚЕС-ында немесе 38 (IAS) ХҚЕС-ында есеп бірлігі болып табылатын келісімдер осы Түсіндірменің қолданылу саласына жатады.

Қолдану аясы___________________________________________________________________


  1. Осы түсіндірме төмендегідей келісімдерге қолданылмайды:

  1. 17 (IAS) ХҚЕС-ының аясынан шығарылып тасталған жалдау келісімдері болып табылатын немесе құрамына осындай жалдау кіретін; немесе

  2. 12 (IFRIC) Түсіндірмесі аясынан мемелекеттіктен жеке меншікке өтетін қызметтер жөніндегі концессиялық келісімдер.

Мәселелер______________________________________________________________________


  1. Осы Түсіндірмеде қарастырылған мәселелер:

  1. келісімнің 17 (IAS) ХҚЕС-ында анықтамасы берілген жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретіндегін қалай анықтау керек;

  2. келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау кіретіндігін анықтауды немесе қайта анықтау қандай жағдайларда жасау керек; және

  3. егер келісім жалдау келісім болып табылса немесе құрамына жалдау кірсе, жалдау үшін төленетін төлемдерді келісімдегі басқа элементтер үшін төленетін төлемдерден қалай бөлектеу керек.

Консенсус_______________________________________________________________________

Келісімнің жалдау келісімі болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін анықтау

  1. Келісімнің жалдау келісімі болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін анықтау келісімнің мәніне негізделуі тиіс және төмендегілерді анықтауды талап етеді:

  1. келісімнің орындалуы нақты активті немесе активтерді (осы актив) пайдалануға тәуелділігін; және

  2. келісім активті пайдалануға құқық беретінін.

Келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді болуы

  1. Нақты активті келісімде айқын анықтауға мүмкіндік болса да, егер келісімнің орындалуы аталған активті пайдалануға тәуелді болмаса, бұл жалдаудың нысаны болмайды. Мысалы, егер жабдықтаушы тауарлар немесе қызметтердің аталған мөлшерін жеткізуге міндетті болса және сол тауарлар немесе қызметтермен келісімде аталмаған басқа активтерді қолданып жабдықтауға құқығы және мүкіндігі болса, келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді емес және келісімнің құрамына жалдау кірмейді. Аталған актив дұрыс жұмыс жасамағанда, сол активтердің немесе ұқсас активтердің орнын басуға рұқсат ететін немесе талап ететін кепілдік беру міндеттемесі жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды. Сонымен бірге, жабдықтаушыға аталған күні немесе одан кейін кез келген себеппен активтердің орнын басуға рұқсат беретін немесе талап ететін келісімшарттық ереже (шартты немесе басқаша) сол орнын басу күнінің алдында жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды.

  2. Егер, мысалы, жабдықтаушы міндеттемені орындауға арналған тек бір активті иеленетін немесе жалдайтын болса және жабдықтаушының өз міндеттемелерін балама активтерді қолдану арқылы орындауы экономикалық жағынан іске асырылуы немесе орныдалуы мүмкін емес болса, актив айқын аталмаған болып табылады.

Келісімнің активті пайдалану құқығын беруі

  1. Егер келісім сатып алушыға (жалға алушыға) нақты активті қолдануды басқару құқығын беретін болса, келісім активті пайдалану құқығын беретін келісім болып табылады. Нақты активті қолдануды басқару құқығы, егер төмендегі шарттардың біреуі орындалатын болса, беріледі:

  1. сатып алушының, ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде активпен анықталатын түрде, активпен жұмыс жасауға немесе басқалардың активпен жұмыс жасауын басшылыққа алуға мүмкіндігі немесе құқығы болса.

  2. сатып алушының, ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде, нақты активке физикалық қол жеткізуді басқаруға мүмкіндігі немесе құқығы болса.

  3. деректер мен жағдайлар сатып алушыдан басқа бір немесе бірнеше тараптар келісімнің мерзімі барысында актив көмегімен жасап шығарылатын немесе өндірілетін ұйымның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алуы екіталай болатынын көрсететін болса, және шығарылымның жеткізілу уақытында сатып алушының шығарылым үшін төлейтін бағасы шығарылымның бірлігіне келсімшарт арқылы бекітілмеген болса немесе ағымдағы шығарылымның бірлігіне нарықтық бағаға тең болмаса.

Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау кіретінін анықтау және қайта анықтау

  1. Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына жалдау қасиеттері кіретінін анықтауды келісімнің мерзімінің басында яғни келісімге қол қойған күн мен тараптардың келісімнің негізгі шарттарын қабылдаған күнінің екеуінің уақыт жағынан алдыңғысында барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Келісімнің жалдау келісімдері болып табылатынын немесе құрамына осындай жалдау кіретінін келісім мерзімі басталғаннан кейін қайта анықтау тек төмендегі шарттардың біреуі орындалғанда ғана жасалуы тиіс:

  1. келісімшарттық шарттары өзгертілсе, егер осы өзгеріс тек келісімді қайта бастайтын немесе мерзімін созатын болмаса;

  2. келісімді қайта бастау мүмкіндігі қолданылса немесе мерзімін созуға келсімнің тараптары келіссе, қайта бастау немесе созу уақыты, 17 (IAS) ХҚЕС-ының 4 тармағына сәйкес, бастапқыда жалдау мерзіміне кіргізілмеген болса. Бастапқы келісімнің шарттарының кез-келгенін бастапқы келісімнің мерзімінің соңына дейін өзгертуді қамтымайтын келісімді қайта бастау немесе оның мерзімін созу 6-9 тармақтары бойынша тек қайта бастау немесе созу мерзіміне қатысты ғана бағаланады;

  3. келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді болуын анықтауда өзгерістер енгізілсе;

  4. активке елеулі өзгерістер енгізілсе, мысалы, негізгі құрал нысанына елеулі физикалық өзгерістер енгізілсе.

  1. Келісімді қайта анықтауды қайта анықтау күніндегі, келісімнің қалған мерзімімен қоса, барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Бағалаудағы өзгерістер (мысалы, сатып алушыға немесе басқа әуелетті сатып алушыға жеткізілетін шығарылымның бағаланған мөлшері) қайта анықтауды бастауға белгі болуы тиіс. Егер келісім қайта бағаланса, және құрамына жалдау кіретіні (құрамына жалдау кірмейтіні) анықталса, жалдауды есепке алу төмендегілер бойынша қолданылуы (немесе қолданылуы тоқтатылуы) тиіс:

  1. 10 тармақтың (а), (с) немесе (d) кезінде, қайта анықтауға әкелетін жағдайлардың өзгерісі орын алғаннан бастап,

  2. 10 тармақтың (b) жағдайында, келісімді қайта бастау немесе созу мерзімінің басталғаннан бастап.

Басқа төлемдерден алынатын жалдау үшін бөлінетін төлемдер


12. Егер келісім жалдаудан тұрса, онда 17 (IAS) ХҚЕС-тың 2 тармағына сәйкес талаптарды қоспағанда, келісім тараптары келісімнің жалдау элементтеріне 17 (IAS) ХҚЕС талаптарын қолдануы тиіс. Сәйкесінше, егер келісім құрамында жалдау болса, бұл жалдау 17 (IAS) ХҚЕС-тың 7-19 тармақтарына сәйкес қаржылық жал немесе қазіргі кезеңдегі жалдау деп жүйеленуі тиіс. 17 (IAS) ХҚЕС-тың қолданыс саласына жатпайтын келісімнің басқа да элементтері басқа стандарттарға сәйкес есептелуі тиіс.

13 17 (IAS) ХҚЕС-тың талаптарын қолдану мақсатында, келісіммен талап етілген төлемдер мен басқа да сыйақылар келісімнің басында немесе келісімнің қайта қаралуында жалдау үшін және оларға қатысты әділ құн негізіндегі басқа элементтер үшін деп бөлінуі тиіс. 17 (IAS) ХҚЕС-тың 4 тармағында анықталғандай жалдаудың минимум төлемдеріне тек қана жалдау үшін төлемдерді (басқа сөзбен айтқанда активті қолдану құқығы) қамтиды және келісімдегі басқа элементтер үшін төлемдерді шығарып тастайды (мысалы қызметтер мен шығындар құны).

14. Кейбір жағдайларда келісімдегі басқа элементтер үшін төлемдерден жалдау үшін төлемдерді бөлу сатып алушыдан бағалау әдісін қолдануды талап етуі тиіс. Мысалы, сатып алушы жалдау төлемдерін ол басқа элементтерді қамтымайтын, салыстырмалы актив үшін, жалдау келісімінің сілтемелері арқылы немесе салыстырмалы келісімдерге сілтеме жасау арқылы басқа келісілген элементтер үшін төлемді бағалау арқылы және одан кейін осы төлемдерді келісілген толық төлемдерден алып тастау.

15. Егер сатып алушы төлемдерді дұрыс бөлу іске асырылмайды деген қорытындыға келсе:

(a) қаржылық жалға қатысты, негізгі актив әділ құнына тең сомасы, ол жалдау мәселесі ретінде 7 және 8 тармақтарда анықталған актив пен міндеттемені тануы тиіс. Сонан соң міндеттеме жасалған төлемдердей және есептік қаржы шығындары сатып алушының өсетін қарыз пайызын қолдануы танылғандай қысқартылуы тиіс*.

(b) қазіргі кезеңдегі жалдауға қатысты, келісім бойынша барлық төлемдерін 17 (IAS) ХҚЕС ашып көрсету талаптарын қанағаттандыратын мақсаттар үшін жалдау төлемдері сияқты есептеу керек, бірақ

(i) басқа келісімдер минимум жалдаулық емес элементтері үшін төлемдерді қамтитын басқа келісімдер жалдау төлемдерінің минимумынан бөлек төлемдерді ашып көрсету, және

  1. ақпараты ашылған төлемдер сонымен қатар келісімде жалдаулық емес элементтер үшін төлемдерді қамтитынын хабарлау.


Күшіне ену күні_________________________________________________________________


    1. Осы түсіндірмені ұйым 2006 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

_____________

17 (IAS) ХҚЕС-ы 4 тармағында көрсетілгендей жалдаудың өсу қарыз мөлшерлемесінің пайызы.

16А. Ұйым 4 (b) тармағына енгізілген түзетулерді 2008 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер ұйым 12 (IFRIC) ХҚЕСТК Түсіндірмесін ертерек мерзім ішінде қолданса, түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

Есептің жаңа тәртібіне өту________________________________________________________

    1. 8 (IAS) ХҚЕС-ында ұйым Түсіндірмені бастапқы қолдану нәтижесінде болған есеп саясатындағы өзгерісті қалай қолдану керектігі нақты көрсетілген. Ұйымнан осы Түсіндірмені бірінші рет қолданғанда сол талаптарды орындауы талап етілмейді. Егер ұйым босатылуды қолданса, осы Түсіндірменің 6-9 тармақтарын ХҚЕС-тары бойынша сол кезеңнің басында орын алған барлық деректер мен жағдайлар бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған ең ерте кезеңінің басында орын алатын келісімдерге қолдануы тиіс.

____________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.




Похожие:

Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Сілтемелер iconЕрежесі Нормативтік сілтемелер
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгерістер...
Сілтемелер iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернет-ресурстарына сілтемелер дайындау, қажетті оқулықтар мен электрондық материалдар және т б материалдар қорын дайындау
Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер
Ондай шарттар көбінесе амк-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің...
Сілтемелер iconWww қызметі. Www (World Wide Web)
Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі www-сервер немесе Web – сервер деп аталатын...
Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница