Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер




Скачать 63.64 Kb.
НазваниеIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
Дата конвертации30.11.2012
Размер63.64 Kb.
ТипДокументы


(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4

Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау

Сілтемелер

  • IAS 8 Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 16 Негізгі өндірістік капитал

  • IAS 17 Жалдау (2003 жылы қайта қаралған)

  • IAS 38 Материалдық емес активтер

  • IFRIC 12 Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер

Алғышарт

  1. Кәсіпорын операциядан немесе бірқатар қатысты операциялардан тұратын жалдаудың заңды түріне ие болмайтын, бірақ төлем немесе бірқатар төлемдердің орнына активті пайдалану құқығын беруі мүмкін(мысалы, негізгі өндірістік капитал бірлігі) келісім жасауы мүмкін. Бір кәсіпорын (жабдықтаушы) екәншә кәсіпорынға (сатып алушыға) активті пайдалануға құқық беретін, көбіне ілеспелі қызметтермен бірге, келісімдердің мысалдарына төмендегілер жатады:

    • Құқықты беру келісімдері (мысалы кәсіпорынның мәліметтерді өңдеу қызметінің құқығын беру).

    • Желінің өткізгіш қабілетінің жабдықтаушысы сатып алушыны өткізгіштік қабілетінің құқығын беруге келісімшарт жасауы мүмкін телекоммуникация саласындағы келісімдер.

    • Сатып алушылар, келісілген өнімдерді немесе қызметтерді жеткізуді қабылдау-қабылдамауына қарамастан, аталған төлемді алуы тиіс сатып алуға, сатып алмаса айып төлеуге келісім және осыған ұқсас келсімдер(мысалы, жабдықтаушыныың жылу генераторының негізінен барлық шығарылымын сатып алуға сатып алу, сатып алмаса айып төлеуге келісім).

  2. Осы Түсіндірмеде осындай келісімдер, 17 (IAS) ХҚЕС-ын сәйкес есепке алынуы тиіс жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына жалдау кіре ме анықтауға нұсқаулар берілген. Мұнда осындай жалдау осы Стандарт бойынша қалай жіктелуі тиіс екендігіне нұсқаулар берілмеген.

  3. Кейбір келісімдерде, жалдаудың нысанасы болатын нақты актив үлкенірек активтің бөлігі болып табылады. Осы Түсіндірмеде 17 (IAS) ХҚЕС қолдану тұрғысынан қандай жағдайларда үлкенірек активтің бөлігі нақты актив болатынын анықтау мәселесі қарастырылмайды. Алайда, нақты актив 16 (IAS) ХҚЕС-ында немесе 38 (IAS) ХҚЕС-ында есеп бірлігі болып табылатын келісімдер осы Түсіндірменің қолданылу саласына жатады.

Қолданылу саласы

  1. Осы түсіндірме төмендегідей келісімдерге қолданылмайды:

  1. 17 (IAS) ХҚЕС-ының шегінен шығарыл тасталған жалдау келісімдері болып табылатын немесе құрамына осындай жалдау кіретін; немесе

  2. 12 IFRIC Түсіндірмесі шегіндегі мемелекеттіктен жекеге өтетін қызметтер жөніндегі концессиялық келісімдер.

Мәселелер

  1. Осы Түсіндірмеде қарастырылған мәселелер:

  1. Келісімнің 17 (IAS) ХҚЕС-ында анықтамасы берілген жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына осындай жалдау кіре ме қалай анықтау керек;

  2. Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына жалдау кіре ме анықтауды немесе қайта анықтау қандай жағдайларда жасау керек; және

  3. Егер келісім жалдау келісім болып табылса немесе құрамына жалдау кірсе, жалдау үшін төленетін төлемдерді келісімдегі басқа элементтер үшін төленетін төлемдерден қалай бөлектеу керек.

Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына осындай жалдау кіре ме анықтау

  1. Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына осындай жалдау кіре ме анықтау келісімнің мәніне негізделуі тиіс және төмендегілерді анықтауды талап етеді:

  1. Келісімнің орындалуы нақты активті немесе активтерді (осы актив) пайдалануға тәуелді ме; және

  2. Келісім активті пайдалануға құқық бере ме.

Келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді болуы

  1. Нақты активті келісімде айқын анықтауға мүмкіндік болса да, егер келісімнің орындалуы аталған активті пайдалануға тәуелді болмаса, бұл жалдаудың нысанасы болмайды. Мысалы, егер жабдықтаушы тауарлар немесе қызметтердің аталған мөлшерін жеткізуге міндетті болса және сол тауарлар немесе қызметтермен келсімде аталмаған басқа активтерді қолданып жабдықтауға құқығы және мүкіндігі болса, келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді емес және келісімнің құрамына жалдау кірмейді. Аталған актив дұрыс жұмыс жасамағанда, сол активтердің немесе ұқсас активтердің орнын басуға рұқсат ететін немесе талап ететін кепілдік беру міндеттемесі жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды. Сонымен бірге, жабдықтаушыға аталған күні немесе одан кейін кез-келген себеппен активтердің орнын басуға рұқсат беретін немесе талап ететін келісімшарттық ереже (шартты немесе басқаша) сол орнын басу күнінің алдында жалдауды өңдеуге кедергі жасамайды.

  2. Егер, мысалы, жабдықтаушы міндеттемені орындауға арналған тек бір активті иеленетін немесе жалдайтын болса және жабдықтаушының өз міндеттемелерін балама активтерді қолдану арқылы орындауы экономикалық жағынан іске асырылуы немесе орныдалуы мүмкін емес болса актив айқын аталмаған болып табылады.

Келісімнің активті пайдалану құқығын беруі

  1. Егер келісім сатып алушыға (жалға алушыға) нақты активті қолдануды басқару құқығын беретін болса, келісім активті пайдалану құқығын беретін келісім болып табылады. Нақты активті қолдануды басқару құқығы, егер төмендегі шарттардың біреуі орныдалатын болса, беріледі:

  1. сатып алушының, кәсіпорынның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде активпен анықталатын түрде, активпен жұмыс жасауға немесе басқалардың активпен жұмыс жасауын басшылыққа алуға мүмкіндігі немесе құқығы болса.

  2. сатып алушының, кәсіпорынның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алу немесе басқару кезінде, нақты активке физикалық қол жеткізуді басқаруға мүмкіндігі немесе құқығы болса.

  3. Деректер мен жағдайлар сатып алушыдан басқа бір немесе бірнеше тараптар келісімнің мерзімі барысында актив көмегімен жасап шығарылатын немесе өндірілетін кәсіпорынның шығарылымының немесе активтің басқа пайдасының елеулі мөлшерін алуы екіталай болатынын көрсететін болса, және шығарылымның жеткізілу уақытында сатып алушының шығарылым үшін төлейтін бағасы шығарылымның бірлігіне келсімшарт арқылы бекітілмеген болса немесе ағымдағы шығарылымның бірлігіне нарықтық бағаға тең болмаса.

Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына жалдау кіре ме анықтау және қайта анықтау

  1. Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына жалдау кіре ме анықтауды келісімнің мерзімінің басында яғни келісімге қол қойған күн мен тараптардың келісімнің негізгі шарттарын қабылдаған күнінің екеуінің уақыт жағанан алдыңғысында барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Келісімнің жалдау келісімдері болып табыла ма немесе құрамына осындай жалдау кіре ме келісім мерзімі басталғаннан кейін қайта анықтау тектөмегдегі шарттардың біреуі орындалғанда ғана жасалуы тиіс:

  1. келісімшарттық шарттары өзгертілсе, егер осы өзгеріс тек келісімді қайта бастайтын немесе мерзімін созатын болмаса.

  2. Келісімді қайта бастау мүмкіндігі қолданылса немесе мерзімін созуға келсімнің тараптары келіссе, қайта бастау немесе созу уақыты, 17 ХҚЕС-ының 4 тармағына сәйкес, бастапқыда жалдау мерзіміне кіргізілмеген болса. Бастапқы келісімнің шарттарының кез- келгенін бастапқы келісімнің мерзімінің соңына дейін өзгертуді қамтымайтын келісімді қайта бастау немесе оның мерзімін созу 6-9 тармақтары бойынша тек қайта бастау немесе созу мерзіміне қатысты ғана бағаланады.

  3. Келісімнің орындалуы нақты активті пайдалануға тәуелді болуын анықтауда өзгерістер енгізілсе.

  4. Активке елеулі өзгерістер енгізілсе, мысалы, негізгі өндірістік капиталға елеулі физикалық өзгерістер енгізілсе.

  1. Келісімді қайта анықтауды қайта анықтау күніндегі, келісімнің қалған мерзімімен қоса, барлық деректер мен жағдайларға сүйене отырып жасау керек. Бағалаудағы өзгерістер (мысалы, сатып алушыға немесе басқа әуелетті сатып алушыға жеткізілетін шығарылымның бағаланған мөлшері ) қайта анықтауды бастауға белгі болуы тиіс. Егер келісім қайта бағаланса, және құрамына жалдау кіретіні (құрамына жалдау кірмейтіні) анықталса, жалдауды есепке алу төмендегілер бойынша қолданылуы (немесе қолданылуы тоқтатылуы )тиіс:

  1. 10 тармақтың (а), (с) немесе (d) кезінде, қайта анықтауға әкелетін жағдайлардың өзгерісі орын алғаннан бастап,

  2. 10 тармақтың (b) кезінде, келісіміді қайта бастау немесе созу мерзімінің басталғаннан бастап.

Күшіне ену күні

    1. Осы түсіндірмені кәсіпорын 2006 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын осы түсіндірмені 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

16А Кәсіпорын 4 (b) тармағына енгізілген түзетулерді 2008 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 12 IFRIC Түсіндірмесін ертерек мерзім ішінде қолданса, түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

Өтпелі кезең

17 8 (IAS) ХҚЕС-ында кәсіпорын Түсіндірмені бастапқы қолдану нәтижесінде болған есеп саясатындағы өзгерісті қалай қолдану керектігі нақты көрсетілген. Кәсіпорыннан осы Түсіндірмені бірінші рет қолданғанда сол талаптарды орындауы талап етілмейді. Егер кәсіпорын босатылуды қолданса, осы Түсіндірменің 6-9 тармақтарын ХҚЕС-тары бойынша сол кезеңнің басында орын алған барлық деректер мен жағдайлар бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған ең ерте кезеңінің басында орын алатын келісімдерге қолдануы тиіс.


Похожие:

Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1
Пайдалануды тоқтату, Қалпына келтіру және осыған ұҚсас міндеттемелердегі өзгерістер
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 7
Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚес сәйкес қаржылық есептілік баптарын қайта есептеу тәсілін қолдану
Ifric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер icon2 (ifric) Қехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Ехстк (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірмесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница