28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы




Скачать 35.97 Kb.
Название28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы
Дата конвертации30.11.2012
Размер35.97 Kb.
ТипДокументы





БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН

НИЕТТІ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН


28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ.

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

«МЭБК» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы
«Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ («МЭБК» АҚ) өздерінің 430 549 қарапайым акциясын жұртшылық арасында ұйымдастырылмаған рыног арқылы шығаруды жоспарлауда. Бұл жайында компаниялар өкілдері Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатынада жариялады.

Аталған акциялардың шығарылымы 30 сәуір 2008 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын бақылау жөніндегі агенттігімен тіркелген. Қаржылық кеңесші ретінде «RESMI» Инвестициялық Қаржы үйі» АҚ болды.

Акцияларды шығарудың басты мақсаты қаржы нарығын жұртшылықты тарту арқылы белсенді ету, нарықтық бағалау деңгейін біліп, компанияға инвестиция тарту.

Акцияларды шығару арқылы тартылған қаражат «МЭБК» компаниясының 2008 – 2010 жылдарға белгілеген жоспарларына сәйкес жұмсалады.

Акцияларды шығару үрдісі екі кезең бойынша жүзеге асырылады:

Бірінші кезеңде акциялардың бір бөлігі Маңғыстау облысының халқына ұсынылады. Акцияларды шығару тәртібі: өтініштерді жинау екі апта бойы жүргізіледі, одан кейін өтініштерді қанағаттандыру параметрлері анықталады. Өтініштерді «RESMI» ИҚҮ» АҚ мен трансферт агент «Қазпошта» АҚ жұмысшылары мен «МЭБК» АҚ кеңсесі жинайды.

Өтініштер жинайтын орындарда «RESMI» ИҚҮ» АҚ мен трансферт агент қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Акцияларды шығару шарттары мен инвестициялық меморандум мәтінімен «МҮ ЭК» АҚ-ның www.ifd.resmi.kz, www.mrek.kz интернет желісінде танысуға болады.

Өтініштерді қабылдау параметрлерін «RESMI» Инвестициялық Қаржы үйі» АҚ қолдауымен «МЭБК» АҚ анықтайды. Сату процессінің әділ өтуіне, барша халықтың құлақдар болып, тең құқылы қатыса алуына ерекше назар аударылады.

Инвесторларды көптеп жинау мақсатында бір қолға берілетін акциялар көлеміне шектеу қойылады.

Өтініштердің орындалуын қамтамасыз ету үшін тағайындалған құнның елу пайызы көлемінде өтініш беруші кепілдік салым салуы міндет.

Екінші кезеңде, бірінші кезеңде шығарылмаған акциялар Қазақстанның қаржы биржасының сауда алаңында орналастырылады. Осы мақсатта «МЭБК» АҚ акцияларын биржаның «А» категориясындағы тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Акцияларды шығару тәртібі биржа тәртібіне сәйкес болады.
Қосымша ақпарат үшін:
«Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ, («МЭБК» АҚ)

Бүгінде «МЭБК» АҚ Ақтау қаласынан басқа Маңғыстау облысына электр қуатын тасымалдайтын жалғыз компания болып табылады. Электр қуатын жеткізу компанияның өз желілері арқылы жүзеге асырылады, электр желілерінің ұзындығы 6 195,48 км., қуат күші шамамен 0,4 кВ-тан 220 кВ-қа дейін.

«МЭБК» АҚ басты қызметі электр қуатын жеткізу, орнату; электр құралдардың тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және т.б.. Тасымалданатын электрқуатының көлемі сағатына 2 миллиард кВт, және баланста 57 ПС бар. Электрқуатының транзиті үшін тариф 2008 жылдың 1-ші сәуірінен бастап қосымша құн салығын есептемегенде 1,80 теңгені құрайды.
2007 жылдың қаржылық қорытындысы бойынша (мың теңге):

Активтері - 11 259 615

Жеке капитал- 6 528 832

Таза кіріс 46 033

Қызметтен түскен кіріс - 2 702 954

Жалпы өнім кірісі 516 053

«МЭБК» АҚ акционерлері:

«Самрук-Энерго» АҚ- 94,26% қарапайым акциялар;

594 адам («МҮ ЭК» АҚ-да жұмыс істейтін және бұрын жұмыс істегендер)- 5,74% басым акция.


«Resmi» инвестициялық қаржы үйі» АҚ

«RG Securities» компаниясы 1997 жылы қаржы нарығында кең ауқымды қызмет көрсету мақсатында құрылған. RG Securities қызметі барысында инвестициялық қаржы үйі деңгейіне дейін өсті. 13 қыркүйек 2006 жылы ре-брендинг жүргізіліп, қазір компания «Resmi» инвестициялық қаржы үйі» АҚ деп аталады да, корпоративті клиенттер үшін, түрлі жеке тұлғалар үшін кең ауқымды қаржылық өнімдер мен инвестиялық шешімдер ұсынады. Олардың ішінде:

  • Инвестициялық банкинг қызметі.

  • Активтерді басқару бойынша қызмет.

  • Трейдинг қызметі.

Инвестициялық банкинг

Бүгінде Қазақстанда қаржы секторы мен құнды қағаздар рыногының дамуына орай инвестициялық банкинг қызметіне күннен күнге сұраныс артып келеді. Инвестициялық банкинг аясында көптеген қаржылық қызмет түрлері қамтылған, олардың ішінде атап айтарлық: андеррайтинг, біріктіру мен енгізу тәуекелдерін жүргізу (M&A), қаржылық кеңес беру және т.б.. Біріктіру мен енгізу тәуекелдері инвестициялық банкингтің басқа түрі – акцияларды алғашқы орналастырумен немесе IPO (Initial Public Offering) тығыз байланысты. IPO – компаниялардың акцияларын кең ауқымды инвесторлар ортасында сату үшін биржаға шығару.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Ерболат Елешев, «Resmi» инвестициялық қаржы үйі АҚ-ның инвестициялық банкинг департаментінің директоры

Похожие:

28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы
Алматы Алматы қаласының футбол бойынша жасөспірімдер құрамасы тарихта тұңғыш рет ағымдағы жылдың сәуір айының 4 мен 8-і жұлдыздары...
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз мәлімдемесі
Салтанатты түрде 141 бозбала алғашқы офицерлік – «лейтенант» шенін және жоғары әскери оқу орнын бітіргені туралы диплом алып шықты....
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз мәлімдемесі
«бота» қоры Қазақстандағы балалар мен жастарға қызмет көрсетуде үздік үлгілер мен тәжірибелерді ілгерілету үшін жыл сайынғы халықаралық...
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз-мәлімдемесі 24 шілде 2012 жыл
Барлық ірі елді мекендердің барлығының қамту іске асырылып, бұл «Теле2 Қазақстан»-ға елдегі «Ұлттық мобильді оператор» мәртебесін...
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде
«Наша Казаша» жобасын құрушылардың жұмысына ешқандай қатысы жоқ жоба. Сонымен қатар, бұл жағдай авторлық құқықты бұзу болып табылады...
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconДипломы: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ұлт аспаптар бөлімі мамыр 1993 жыл

28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconДипломы: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ұлт аспаптар бөлімі мамыр 1993 жыл

28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconҚазақ журналистерінің І халықаралық форумына қатысушының тіркелу анкетасы (Алматы қаласы 17-18 мамыр 2010 жыл)
Көрме ұйымдастырамын десеңіз, қанша шаршы метр керек екенін көрсетіңіз 2: кв м
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы icon6 қыркүйек 2011 г. Баспасөз мәлімдемесі
Сатыбалды Нарымбетов, Ахат Ыбыраев, Әмір Байғазин мен фестивальдің арт-директоры Гүлнар Әбікеева жұмыс істеді
28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы iconБаспасөз хабарламасы «Хоум Кредит Банк» АҚ 2012 жыл басынан бері несие қоржынын 33,7%-ға көбейтті. Алматы, 22 тамыз 2012 ж
Алматы, 22 тамыз 2012 ж. – Бүгін «Хоум Кредит Банк» АҚ, Қазақстандағы тұтынушылық несие беру нарығындағы жетекшілердің бірі, 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница