Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу




Скачать 50.13 Kb.
НазваниеБанктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу
Дата конвертации30.11.2012
Размер50.13 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 17:21:55
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Министр Б. Жәмішев

2012 жылғы 9 сәуір

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

96 қаулысымен

бекітілді

 

 

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру

қағидалары

 

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

1. Бас банк бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымға кредиттер (қарыздар), сондай-ақ күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге активтерді, сондай-ақ басқа да активтерді береді.

2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) деп бас банк берген және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне (бұдан әрі - Активтерді жіктеу қағидалары) сәйкес күмәнділерге және үмітсіздерге жатқызылған кредиттер (қарыздар), танылады.

Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің немесе бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер танылады.

3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.

Активтерді жіктеу қағидаларына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымға берілген активтер осы актив бойынша негізгі борышқа пайыздық көрсетудегі провизиялар сомасына сәйкес келетін жіктеу санатына жатқызылады. Бұл ретте провизиялар сомасының 0-ден 5-ке дейінгі пайызын қоса алғанда күмәнді 1-санатына сәйкес келеді, 5,01-ден 10-ға дейінгі пайызын қоса алғанда күмәнді 2-санатына сәйкес келеді, 10,01-ден 20-ға дейінгі пайызын қоса алғанда күмәнді 3-санатына сәйкес келеді, 20,01-ден 25-ке дейінгі пайызын қоса алғанда күмәнді 4-санатына сәйкес келеді, 25,01-ден 50-ге дейінгі пайызын қоса алғанда күмәнді 5-санатына сәйкес келеді, 50,01-ден 100-ге дейінгі пайызын қоса алғанда үмітсіз санатына сәйкес келеді.

4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы қызметінің мерзімі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының 5-тармағында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді 4 сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады және ол бір жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Похожие:

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconБанкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconБас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №86 Қаулысы
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconБас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №100 Қаулысы
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу icon«Қазақстанның депозиттердге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген
Жіктелген активтер және шартты міндеттемелер –Жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша есеп = күмәнді + сенімсіз активтер...
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconМемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік...
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconҚРӘМ №4657 03. 05. 2007ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын
Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке...
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconРегламенті Жалпы ережелер «Оқушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдарға және кері үйлеріне дейін тегін тасымалдауды қамтамасыз ету»
«Оқушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдарға және кері үйлеріне дейін тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» бойынша...
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай–ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелері 1 4–нысандар
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconЭнергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу iconМатериалдық емес активтер мақсаты
Сонымен қатар, Стандарт материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнын бағалау әдісін белгілейді және материалдық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница