Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Скачать 326.09 Kb.
НазваниеПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
страница1/3
Дата конвертации30.11.2012
Размер326.09 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/22



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

өндірістік практиканы өту жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/23



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БекітеМІн

ОІ жөніндегі проректоры

___________Н.Э. Пфейфер

(қолы)

200__ж «___»___________
Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

өндірістік практиканы өту жөніндегі

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.008-2008 және «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.005–2009 негізінде әзірленді.
Құрастырушы: _____________аға оқытушы Кулембаева А.С.
Қаржы кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды, 200___ж. «__» __________ №_____Хаттама

Кафедра меңгерушiсi________Н.С.Кафтункина 200__ж. «___» ____________

Қаржы – экономика факультетінің ОӘК мақұлданды

201__ж. «___» ____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы_________________А.Б. Темиргалиева «___»_________20__ж.

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _____________Т.Я. Эрназаров «____»_____________20__ж.

МАҚҰЛДАНДЫ:

КПжЖОБ бастығы _________________Н.Ж. Акимбекова «___» ________20__ж.
ОҮЖжӘҚБ бастығы ________________ Варакута А.А. «___» ________20__ж.
Университеттің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201_ж. «____» _________, №_____Хаттама

  1. Практиканың мақсаттары мен міндеттері


Өндірістік практика мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.

Өндірістік практикадан студенттер банктерде, түрлі меншік нысаны бар экономикалық сала ұйымдары мен кәсіпорындарда, қаржы департаментінің салық комитетінде, сақтандыру компанияларында және басқа да қаржы-несие мекемелерінде өтеді.

Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

  • кәсіпорынның сыртқы ортасымен және соңғы 2-3 жылдардағы қызметінің ұйымдастырылуымен танысу;

  • кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ережесімен, қаржы құжаттарымен танысу.

Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес тәжірибелік жұмыстың бағытын таңдау;

  • дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті ақпаратты тәжірибені өту орны бойынша кәсіпорындағы(ұйымдағы, мекемедегі) қаржылық қатынастарды реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық, әдебиеттік және басқада көздерден жинау;

  • дипломдық жұмыстың теориялық жағын жазу үшін қажетті материалдарды жинау;

  • кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;

  • сыртқы ортамен және соңғы 2-3 жылдағы кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін ұйымдастырумен танысу;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес соңғы үш жылдағы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін экспресс-талдауын жүзеге асыру;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің көрсеткіштерінің жағдайын және динамикасын сандық сипаттайтын, дипломдық жұмыста зерттелетін сұрақтың мәнін ашатын аналитикалық ақпаратты іріктеу;

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес белгілі бір мерзімдегі шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін тереңдетілген талдауын жүргізу;

  • кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;

  • зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шараларды жасап шығару;



  1. Пререквизиттер


Өндірістік және диплом алды практикалар туралы есеп беруді орындау үшін 5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің практика материалдарын жинауға және дайындауға қажетті білім, шеберлік, дағды тізімдемесі бар пәндер тізімі:

«Қаржы менеджменті», «Салықтар және салық салу», «Мемлекеттік бюджет», «Банктік істер», «Сақтандыру», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық талдау», «Қаржылық-банктік статистика».


  1. Постреквизиттер


5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған практика мамндарды қаржы, экономика және есеп саласында даярлау жүйесіндегі база болып табылады. Алған білім, шеберлік, дағды, құзыретті, өндірістік практикада жинаған материалдарды оқушылар кейін келесі мекемелерде жұмыс істегенде қолдана алады:

  • қаржы менеджменті саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда;

  • жүйелік қаржы талдауында болжауға, жоспарлауға

мамандандырылатын фирмалар мен әкімшілік орган бөліністерінде;

- кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компанияларының аналитикалық қызметтерінде;

- қаржы департаментінің салық комитетінде;

- қазынашылық органдарында;

- сондай-ақ басқа да қаржы-несиелік кәсіпорындарында (ұйымдарда, мекемелерде).
4 Тәжірибені өту кестесі
Өндірістік практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

–5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 1 кестеде келтірілген.

Өндірістік (диплом алдындағы) практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

- 5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген, тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 2 кестеде келтірілген.
1 Кесте - Тәжірибені өту кестесі


Тапсырма атауы

Сағат саны

Жұмыс күнінің саны

Практика бойынша жеке тапсырма беру

5

3

Кәсіпорынмен (ұйым, мекеме) және оның ұймдастырушылық құрылымымен танысу

30

10

Практика материалдарын жинау, атап айтқанда кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржы қызметі туралы ережесімен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларымен, құжат айналымымен есеп айырысу құжаттарымен, салыстыру кестелері және талдауларымен танысу

100

10

Практика бойынша есеп беру мен күнделікті толтыру

20

2

Барлығы

150

25


2 Кесте - Тәжірибені өту кестесі


Тапсырма атауы

Сағат саны

Жұмыс күнінің саны

Дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес жеке жоспарды беру

5

2

Кәсіпорынмен және ұйымдастырулық құрылыммен танысу

45

3

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттерді қарау. Дипломдық жұмыстың жоспарының жоба жетекшісімен және «Қаржы» кафедрасының меңгерушісімен бекітілуі.

10

5

Тәжірибелік материалды, соның ішінде қаржылық қызмет туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын жинау, құжат айналымымен, есептік құжаттармен, жинақ кестелер және талдаулармен танысу.

10

5


Дипломдық жұмыстың 1,2 және 3 тарауымен жұмыс жасау.

70

5

Дипломдық жұмысқа түсініктемелік жазбаны ресімдеу.

10

5

Барлығы

150

25



  1. Практика мазмұны




  1. Өндірістік практика

Практика мазмұнының практика базасының қызмет бағытына байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.

Қаржы департаментінің салық комитетінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші:

  • салық комитетінің құрылымымен танысуы;

  • өзіндік тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға;

  • салық және салық салу бойынша экономикалық жұмыс әдісін игеруі;

  • қаржының бюджетке түсу есебімен танысуы;

  • салық төлешілердің жеке шоттарының ашылып, уақытылы және толық жүргізілу тәртібімен танысуы;

  • салық есептерін құру тәртібімен танысуы тиіс.

Есеп беруде жоғарыда көрсетілген есептер, зерделенген материал деректері көрсетіліп, талдау жасалады және тиісті құжаттар қоса беріледі.

Есеп-несие қызметкерлері мен несие мекемелері мамандарының жұмыс орнында практикадан өту кезінде практикант :

- Банк Жарғысымен (Ережесімен) және оның жүзеге асыратын негізгі операциялармен танысуға;

  • банктің және оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ банкті басқару құрылымын зерделеуге;

  • банктің филиалдары, бөлімшелері және еншілес банктердің құқықтық қызмет ету негіздерін, банк бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ банктің қрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;

  • банктік іс бойынша барлық нұсқамалық және нормативтік материалдарды жете зерделеуге;

  • өзіндік тәжірбиелік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға міндетті.

Операциялық бөлімде студент есеп айырысу-несие операцияларының мазмұнымен және ерекшеліктерімен танысуы тиіс. есеп айырысу операцияларын зерделеуде төмендегі тәртіппен танысуы тиіс:

  • банктік шоттарды ашу және бұған қажетті құжаттамалармен, сондай-ақ банктік шоттардың нөмірленуімен;

  • құжаттарды қабылдау мен тексеру және олардың ағымдағы немесе басқа шоттардан төлеуді ресімдеумен, сондай-ақ наразылықтарды қанағаттандыру кезегін сақтау тәртібін ұйымдастырумен;

  • төлем құжаттарының инкассоға қабылдау, оларды өңдеу және есепке алу;

  • клиенттерге чек кітапшаларын беру және чектермен операция жүргізу;

  • банк Ұлттық банк мекемелерінде ашатын корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы есептерді жүзеге асыру;

  • қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін ескере отырып, қарыз шоттарын ашу;

  • экономиканың түрлі салаларына және жеке қарыз алушыларға несие беруде қарыз беру, төлеу операцияларын есепке алу және ресімдеу;

  • қарыз бойынша шұғыл міндеттемелер карточкасын жүргізу, қарызды мерзімінде төлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерге пайыз есептеу мен өндіріп алуға байланысты операцияларды жүргізу;

Операциялық бөлімде практикадан өту кезінде студент қолданыстағы қолма-қол ақшасыз есеп нысаны, оларды жүзеге асыру тәртібі және қолдану саласы туралы түсінік алуы керек.

Бухгалтерияда практикадан өту кезінде студент банк төлейтін негізгі салық түрлерімен, оларды аудару,есеп жүргізу және есеп айырысу тәртібі зерделенеді.

Жоспарлау-экономикалық бөлімде студент:

  • банк қызметінің құқықтық нормалары мен принциптерін;

  • банктің міндетті түрде орындайтын экономикалық нормативтерін есептеу тәртібі және олардың қызметін бақылауды;

  • жеке меншік қаражатының қалыптасу және кірісті бөлу тәртібін;

  • банктің маркетингтік зерттеулер жүргізу әдісі, банк менеджменті негізін;

  • банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігін реттеу әдістері, тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін жіктеуді;

  • түрлі банк мекемелерінде ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін, несие әлеуетін қалыптастыру көздері;

  • пассивті банк операцияларының түрлері және оларды ұйымдастыру принциптерін;

  • банктің несие ресурстары аукционында қатысу тәжірибесін зерделеуі қажет.

Бағалы қағаздар және салым бөлімінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші банктің құнды қағаздармен жұмыс істеу сипатын зерделеуі тиіс, атап айтқанда:

  • қаражатты құнды қағаздарға инвестициялау әдісін;

  • құнды қағаздарды шығару: құжаттама және шығару жағдайын, қағаздарды алдын ала бағалауды; алғашқы тарату таңдау тәртібін, шығару туралы есеп берушілікті құруды;

  • бухгалтерлік есеп жүргізу және бағалы қағаздармен операция бойынша есеп берушілікті құру тәртібін;

  • бағалы қағаздар нарығын талдау әдісі, инвестициялық кеңес беру;

  • бағалы қағаздарды сақтау, күзету, тасымалдау және жіберу ерекшелік- терін;

  • есептерді бағалы қағаздар бойынша жүзеге асыру тәртібін;

  • несиені бағалы қағаздармен ұсыну және алу тәртібін;

  • вексельдерді есептеу және қайта есептеуді;

  • бағалы қағаздарды кепілге қою, құжаттамалық ресімдеу, кепілді тіркеу, міндеттемелер орындалмаған жағдайда оны іске асыру тәртібін;

  • бағалы қағаздарды сақтандыруды және олардың операциясын, сақтандыру келісімдері бойынша есеп жүргізу тәртібін;

  • бағалы қағаздар құнын құнын өтеу мерзімі болғанда, өндіріп алу және төлеу тәртібін, пайыздар мен дивиденттерді төлеуді;

  • халық салымдарының негізгі түрлерін, олардың шарттары және осы салымдарды қабылдау операцияларын;

  • салымдар бойынша пайыздар және басқа да кірістерді аудару тәртібін;

  • салымдар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;

  • банктің депозиттік операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін; депозиттік келісімшарттардың нысандары мен түрлерін, келісімшарт жасау тәртібі мен шарттарын, депозиттік пайыздарды есептеу тәртібін.
  1   2   3

Похожие:

Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
В050600 «Экономика» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік практиканы өту жөніндегі
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту жөніндегі бағдарлама және әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған...
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconПрактиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары
Практиканы өту бойынша жұмыс бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. № хаттама
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. № хаттама
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
В070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттеріне Мамандыққа кіріспе пәнінен
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Зертханалық жұмыстың мәні опая курсында (2 семестр) құрастырылған, бағдарлама-калькуляторын модификациялау
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Жұмыс мақсаты – пи-регуляторы мен дифференциаторындағы келтіру параметрлерінің әдістемелік анықтамасын оқу
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
Практиканы өту жөніндегі бағдарлама мен әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Бағдарлама оқу жұмыс бағдарламасының негізінде құралып, 2011 ж бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница