Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/20
Дата конвертации30.11.2012
Размер3.81 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,
1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3,
23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат;
№ 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар;
№ 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу жеке кәсiпкер ретiнде есепке алуды білдіреді.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат;
№ 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат;
№ 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат;
№ 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар;
№ 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,
№ 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар;
№ 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар;
№ 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):

1) тақырыбында:

205-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру»;

206-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк
салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

206-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу»;

708-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«708-бап. Жеке адамға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны
мәжбүрлеп орындату»;

мынадай мазмұндағы 710-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі»;

2) 67-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту.

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған тұлға деп осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнің бір бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептелетін он екі айлық кезең ішінде, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген мерзім өтіп кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған тұлға түсініледі.

2. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн залалды өз еркiмен өтеуi деп Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес қосымша және (немесе) камералды бақылау нәтижелері бойынша хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыстау түсініледі.»;

3) 68-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның, әкiмшiлiк айыппұл мөлшері орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының пайызымен көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.

Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату кезінде қол сұғу нысанына, оны жасаудың нақты жағдайына қарау керек.»;

4) 88-бапта:

3-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –аударылмаған (уақытында аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есептеп қосылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған); мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

5) 88-1-бапта:

2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Тұлға, уақтылы және (немесе) толық аударылмаған әлеуметтік аударымдар мен өсімақы сомасы әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;

6) 166-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетеуі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге – жүз жиырма бесі мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елуі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7) 205-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы, жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелуін есепке алу туралы, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелуін есепке алу салық өтінішін берудiң, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -

жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - айлық есептiк көрсеткiштің сегiзі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2-1-тармақ алып тасталсын;

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бесі мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға есепке тұрмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының отыз пайызы мөлшерiнде, отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

8) 205-1-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің сегізі мөлшерінде, жеке кәсiпкерлерге – он бесі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсiпкердiң патент алуға есептеме беру мерзiмiн бұзуы –

ескерту жасауға әкеп соғады»;

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштің он бесі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

9) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру

1. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы - ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Қызметті жүзеге асыруы деп салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастау туралы салықтық өтінішті табыс етпей, салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастауы түсініледі.»;

10) 206-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк
салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -
дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

жеке тұлғаларға он бес, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуiн білдіретін, осы баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

мониторингіленуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4 және 7-тармақтар алып тасталсын;

11) 206-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница