39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау




Название39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау
страница1/12
Дата конвертации30.11.2012
Размер1.78 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

39 (IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қаржы құралдары: тану және бағалау

Мақсаты_____________________________________________________________________


1. Осы Стандарттың мақсаты қаржы активтерін, қаржы міндеттемелерін және қаржылық емес баптарды сатып алу немесе сату туралы кейбір келісімшарттарды тану және бағалау қағидаттарын белгілеуден тұрады. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ұсынуға арналған талаптар 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну (IAS) ХҚЕС-ында жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуге арналған талаптар 7 Қаржы құралдары: ашып көрсету (IFRS) ХҚЕС-ында жазылған.
Қолдану аясы_______________________________________________________________

2. Осы Стандартты барлық ұйым, төмендегі жағдайларды қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс:

(а) еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы және бірлескен қызметтегі 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС немесе 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар (IAS) ХҚЕС немесе 31 Бірлескен қызметке қатысу (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін. Сонымен қатар, ұйымдар осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке 27 (IAS) ХҚЕС, 28 (IAS) ХҚЕС немесе 31 (IAS) ХҚЕС-ына сай осы Стандартқа сәйкес есепке алынатын қатысу үлестерін қолдануға міндетті. Ұйымдар сондай-ақ осы Стандартты еншілес ұйымдарға, қауымдасқан ұйымдарға немесе бірлескен қызметке қатысу үлесінен туынды құралдарына, осы туынды құрал 32 (IAS) ХҚЕС ұйымның үлестік құралының анықтамасына сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қолдануға міндетті;

(b) 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС қолданылатын жалдау келісімшарттары бойынша құқықтар мен міндеттемелерді. Дегенмен:

(і) жалдау бойынша жалға беруші таныған дебиторлық берешек осы Стандарттың тану туралы және құнсыздану туралы ережелерін қолданудың ықпалында болса (15-37, 58, 59, 63-65-тармақтарды және А қосымшасының AG36-AG52 және AG84-AG93-тармақтарын қараңыз);

(іі) жалдау бойынша жалға алушы таныған кредиторлық берешек осы Стандартты тануды тоқтатуға қатысты бөлігінде қолданудың ықпалында болса (39-42-тармақтарды және А қосымшасының AG57-AG63-тармақтарын қараңыз);

(ііі) жалдау келісімшарттарына енгізілген туынды құралдар осы Стандарттың енгізілген туынды құралдары туралы ережелерін қолдануға сай келсе (10-13-тармақтарды және А қосымшасының AG27-AG33-тармақтарын қараңыз);

(с) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС қолданылатын қызметкерлерге сыйақы бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін;

(d) ұйым шығарған 32 (IFRS) ХҚЕС-тағы үлестік құралдар анықтамасына сай (купондар мен опциондарды қосқанда) немесе 32 (IFRS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелуі талап етілетін қаржылық құралдар. Алайда, осындай үлестік құралдардың иесі осы Стандартты сол құралдарға егер олар жоғарыдағы (а) тармақшасындағы ерекшелікке сай болмаса қолдануы тиіс.

(е) (і) эмитенттің 9-тармақтағы қаржы кепілдіктері шартының анықтамасына сай келетін сақтандыру шарты бойынша немесе (іі) дискрециялық қатысу құқығы болғандықтан 4 Сақтандыру келісімшарттары (IFRS) ХҚЕС қолдану аясындағы шарт бойынша туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін. Сонымен бірге, осы Стандартты 4 (IFRS) ХҚЕС қолдану аясындағы шартқа енгізілген туынды құралға қолдануға болады, егер осындай туынды құралдың өзі 4 (IFRS) ХҚЕС қолдану сай келетін шарт болып табылмаса (10-13-тармақтарды және А қосымшасының AG27-AG33-тармақтарын қараңыз). Сонымен қатар, егер қаржы кепілдіктері келісімшарттарының эмитенті бұрын екіұшты емес түрде осындай келісімшарттарды сақтандыру шарттары деп есептейтінін және сақтандыру келісімшарттары қолданылатын есепке алу рәсімдерін пайдаланғанын мәлімдесе, ол осы Стандартты немесе 4 (IFRS) ХҚЕС -ты осындай келісімшарттарды сақтандыру келісімшарттарына қолдануды таңдауға құқылы (AG4 және AG4А-тармақтарын қараңыз). Эмитент осындай таңдауды әрбір жеке алынған шартқа қатысты жасай алады, бірақ бірде оны жасай отырып, ол одан бас тартуға құқылы емес;

(f) [жойылған]

(g) ұйымдар біріктірілген кезде сатып алушы ұйым және сатушы арасында сатып алынатын ұйымды сатып алу немесе сату туралы белгілі бір болашақ күнге жасалған келісімшарттарды;

(h) 4-тармақта жазылғандарды қоспағанда, несие туралы келісімдерді. Несие туралы келісімнің эмитенті 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IАS) ХҚЕС-ты осы Стандартты қолдану аясында болмайтын несие туралы келісімдерге де қолдануы тиіс. Дегенмен несие туралы барлық келісім осы Стандарттың тануды тоқтатуға қатысты ережелерін қолданудың ықпалында болады (15-42-тармақтарды және А қосымшасының AG36-AG63-тармақтарын қараңыз);

(i) осы Стандарттың осы Стандарт қолданылатын 5-7-тармақтарын қолдану аясындағы келісімшарттарды қоспағанда, 2 Активтер негізіндегі төлемдер (IFRS) ХҚЕС қолданылатын үлестік құралдар негізіндегі төлемдермен мәмілелер бойынша қаржы құралдарын, келісімшарттарды және міндеттемелерді;

(j) ұйым 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IАS) ХҚЕС сәйкес бағалау міндеттемелері ретінде таныған не ол үшін неғұрлым ерте кезеңдердің бірінде ол 37 (IАS) ХҚЕС сәйкес бағалау міндеттемесін таныған міндеттемені өтеу үшін ұйым жүргізуге міндетті болатын шығындарды өтеу үшін төлемдерге құқықтарын.

3. [жойылған]

4. Осы Стандарттың қолдану аясына төмендегідей қарыздар бойынша міндеттемелер кіреді:

(а) ұйым қаржы міндеттемесі ретінде жіктейтін, пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қарыз туралы келісімдер. Өткен несие туралы келісімдерінен туындайтын активтерді сату тәжірибесі бар ұйым осы Стандартты бірдей санатқа жатқызылатын қарыз туралы келісімдеріне қолдануға міндетті;

(b) ақша қаражатын беру немесе басқа қаржы құралын шығару нысанында қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы реттелуі мүмкін қарыз туралы келісімдер. Осы қарыз туралы келісімдер туынды құралдарды білдіреді. Несие туралы келісімді қарызға алынған қаражатты бөліп-бөліп төленгендіктен ғана қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы өтелген деп санауға болмайды (мысалы, құрылыстың аяқталу сатысына тепе-тең бөліп-бөліп өтелетін, құрылысқа арналған ипотекалық несие);

(с) нарықтық пайыздан төмен пайыз мөлшерлемесі бойынша несие беру туралы келісімдер. 47(d)-тармақта осындай қарыздар туралы келісімдерден туындайтын міндеттемелерді кейіннен бағалау туралы айтылады.

5. Осы Стандарт ұйымның қаржы активтерін сатып алу, сату немесе пайдалану үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін осындай активті алу немесе жеткізу мақсатында жасалған және қолданылып жүрген шарттарын қоспағанда, есеп айырысу қарама-қарсы талаптарды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізілуі мүмкін қаржы активтерін сатып алу немесе сату шарттарына қолданылуы тиіс.

6. Қаржы активтерін қарама-қарсы талаптарды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы сатып алу немесе сату туралы шарттар бойынша есеп айырысудың әртүрлі нұсқалары бар. Оларға мыналар жатады:

(а) шарттың талаптары тараптардың әрқайсысына есеп айырысуды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізуге мүмкіндік жасаған кезде;

(b) шартта ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы есеп айырысу мүмкіндігіне тікелей нұсқау болмаған кезде, бірақ ұйымның осындай шарттар бойынша ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы (не қарсы әріптеспен өзара есепке алу туралы шарттар жасау не ол орындалғанға немесе аяқталғанға дейін сату шарты арқылы) есеп айырысу тәжірибесі болған кезде;

(с) осындай шарттарға қолдануға болған кезде, ұйымның базистік активті қысқа мерзімді баға тұрақсыздығы немесе дилер пайдасынан пайда алу мақсатында сатып алғаннан кейін-ақ сату тәжірибесі болады; және

(d) шарттың мәні болып табылатын қаржылық емес актив ақша қаражатына бірден айырбасталуы мүмкін болған кезде.

(b) немесе (с) тармақтарына сай келетін шарттың ұйымның қаржы активтерін сатып алу, сату немесе пайдалану үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін осындай активті алу немесе жеткізу мақсаты жоқ және тиісінше осы Стандартты қолдану аясында тұр. 5-тармақ қолданылатын басқа шарттар олардың жасалғанын не жасалмағанын және оларды ұйымның қаржы активтерін сатып алу, сату немесе пайдалану үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін осындай активті алу немесе жеткізу мақсатында қолданылатынын не қолданылмайтын және тиісінше осы Стандартты қолдану аясында тұрғанын не тұрмағанын анықтау үшін бағаланады.

7. 6(а) немесе (d) тармақтарына сәйкес қаржы активін сатып алу немесе сату үшін жазылған, есеп айырысу қарама-қарсы талаптарды ақша қаражатымен, өзге қаржы құралдарымен есепке алу арқылы не қаржы құралдарын айырбастау арқылы жүргізілуі мүмкін опцион осы Стандартты қолдану аясында тұр. Осындай шарт ұйымның қаржылық емес активті сатып алу, сату немесе тұтынуы үшін күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру үшін осындай активті алу немесе жеткізу мақсатында жасалмайды.

Анықтамалар_______________________________________________________________

8. 32 (IAS) ХҚЕС-ында айқындалған терминдер осы стандартта 32 (IAS) ХҚЕС-ының 11-тармағында көрсетілген мәндермен пайдаланылады. 32 (IAS) ХҚЕС-та мынадай терминдер айқындалған:

- қаржы құралы

- қаржы активі

- қаржы міндеттемесі

- үлестік құрал

және осы анықтамаларды қолдану жөніндегі ұсыныстар берілген.

9. Мынадай терминдер осы Стандартта мынадай мағынада пайдаланылады:

Туынды құралдың анықтамасы

Туынды құрал - бұл осы Стандартты қолдану аясына кіретін (2-7-тармақтарды қараңыз) және төменде келтірілген үш сипаттамасы бар қаржы құралы немесе өзге келісімшарт:

(а) оның құны нақты пайыздық мөлшерлеменің, қаржылық құрал бағасының, тауардың, валюта бағасының, бағалар немесе мөлшерлемелер индексінің, несиелік рейтингтің немесе несиелік индекстің, келісім жасаушы бір жаққа қатысты емес айнымалы болып табылатын қаржылық емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа айнымалының (кейде «базистік» деп аталады) өзгеруі нәтижесінде өзгереді;

(b) оны сатып алу үшін бастапқы инвестициялар талап етілмейді немесе осындай түрде нарықтық факторлардың өзгерістеріне қатысты болуы күтілетін басқа үлгі шарттармен салыстырғанда аз талап етілуі мүмкін бастапқы таза инвестициялар қажет; және

(с) ол бойынша есеп айырысу болашақта жүзеге асырылады.

Қаржы құралдарының төрт санатының анықтамасы

Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі дегеніміз төменде көрсетілген талаптардың кез келгеніне сай келетін қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі:

(а) Олар саудаға арналған ретінде жіктеледі. Қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі, егер ол:

(і) негізінен жақын арадағы мерзімде сату немесе қайта сатып алу мақсатында сатып алынса немесе қабылданса;

(іі) бастапқы тану бойынша бірге басқарылатын және қысқа мерзімді негізде нақты пайда алудың жаңа іс жүзіндегі құрылымын растайтын дәлелдері бар белгіленген қаржы құралдары портфелінің бір бөлігі болып табылса; немесе

(ііі) туынды құрал болып табылса (қаржылық кепілдік келісімшарты болатын немесе көрсетілген және нәтижелі хеджирлеу құралы болатын туынды құралды қоспағанда) саудаға арналған ретінде жіктеледі;

(b) Бастапқы тану кезінде ұйым оны пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктейді. Ұйым осындай жіктеуді, егер бұған 11а-тармақпен рұқсат етілген не, егер бұл мына себептер бойынша ұсынылған ақпараттың маңыздылығын арттырған жағдайларда ғана қолдануға құқылы:

(і) керісінше жағдайда активтерді немесе міндеттемелерді бағалау кезінде не пайдалар мен шығындарды олар бойынша әртүрлі негізде тану кезінде туындауы мүмкін бағалаудың немесе танудың сәйкес келмеуін (кейде «есептік сәйкес келмеу» деп аталады) болдырмағандықтан немесе елеулі түрде азайтатындықтан; немесе

(іі) қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері тобының не қайсысының да болмасын тиімділігін басқару және бағалау бір мезгілде бекітілген тәуекелдерді басқару стратегиясына немесе инвестициялық стратегияға сәйкес әділ құн бойынша жүзеге асырылатындықтан және топ туралы ақпарат осы негізде ұйым ішінде негізгі басқару қызметкерлеріне (24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету (IAS) (2003 жылғы редакциясында айқындалғандай), мысалы, директорлар кеңесіне және бас директорға ұсынылатындықтан.

  1. (IFRS) ХҚЕС-тың 9-11 және B4-тармақтарына сәйкес ұйым ол пайда немесе

  2. шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктеген қаржы активтері және қаржы құралдары туралы ақпаратты, оның ішінде осы талаптар қалай орындалғаны туралы ақпаратты ашып көрсетуге тиіс. Жоғарыда келтірілген (іі) тармағының талаптарына сай келетін құралдарға қатысты осындай ашып көрсетуге пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктеу және бекітілген тәуекелдерді басқару стратегиясы немесе инвестициялық стратегиясы арасындағы сәйкес келудің толық сипаты кіруі тиіс.

Белсенді нарықта бағалары белгіленбейтін және әділ құны шынайы бағаланбайтын үлестік құралдарға инвестициялар (А қосымшасының 46(с)-тармағын және AG80 және AG81-тармақтарын қараңыз) пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктелмейді.

А қосымшасының қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін әділ құны бойынша шынайы бағалауға қойылатын талаптар белгіленетін 48, 48А, 49-тармақтарының және AG69-AG82-тармақтарының жіктеуге сәйкес немесе басқа негіздерде әділ құны белгіленетін не әділ құны ашып көрсетілуге тиісті барлық бірлікке бірдей қолданылатынын атап өткен дұрыс.

Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар мыналарды:

(а) бастапқы танылғаннан кейін ұйым пайда немесе шығын арқылы әділ құны

бойынша есепте көрсетуге жататын ретінде айқындалатындарды;

(b) ұйым сату үшін қолда бар ретінде айқындайтындарды; және

(с) несиелердің және дебиторлық берешектердің анықтамасына сай келетіндерді

қоспағанда,

белгіленген немесе айқындалатын төлемдері және белгіленген өтеу мерзімі бар, ұйым өтеуге дейін ұстауға нақты ниетті және қабілетті болатын туынды емес қаржы активтерін білдіреді (А қосымшасының AG16-AG25-тармақтарын қараңыз).

Егер ағымдағы қаржы жылының немесе алдыңғы екі қаржы жылы ішінде ұйым өтеу мерзімі басталғанға дейін сатқан немесе қайта жіктеген инвестицияларды өтеуге дейін ұсталатын көлемі шамалы сомадан көп (өтеуге дейін ұсталатын инвестициялардың барлық портфеліне қатысты шамалыдан көп) көрсетілсе:

(і) қаржы активтерін өтеу мерзіміне немесе қайтарып алу күніне пайыздың нарықтық мөлшерлемелерінің өзгеруі қаржы активінің әділ құнына елеулі әсер етпейтіндей жақын (мысалы, өтеуге дейін кемінде үш ай бұрын) жүргізілген;

(іі) ұйым жүйелі төлемдер немесе алдын ала ақы төлеулер арқылы қаржы активінің бүкіл бастапқы негізгі сомасын жинап алғаннан кейін болған;

(ііі) ұйымға қатысты емес себептер бойынша болған, төтенше сипаты болған және ұйым дәлелді түрде болжанбаған ерекше жағдайдың нәтижесінде орын алған сатуларды және қайта жіктеулерді қоспағанда, ұйым қандай да болмасын қаржы активтерін жіктеуге құқылы емес.

Кредиторлық және дебиторлық берешек:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon1 ifrs халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану Бұл нұсқа 2004 жылы шығарылған төмендегі түзетулерден туындайтын түзетулерді қамтиды: ifric 1 және 4; ifrs 6
Актуралы пайда және залал, топтық сақтандыру және ақпаратты ашу» ias 19 түзетулері; «Қаржы құралдары: тану және өлшеу – қаржы активтері...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon39 (ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы қҰралдары: тану және бағалау
ХҚес-ында жазылған. Қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуге арналған талаптар 7 Қаржы құралдары: ашып көрсету (ifrs) ХҚес-ында...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon39 (ias) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты Қаржы қҰралдары: тану және бағалау
Осы Стандартты барлық ұйым, төмендегі жағдайларды қоспағанда, қаржы құралдарының барлық түріне қолдануы тиіс
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon32 ias халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа ifrs-нан туындайтын түзетулерді қамтиды
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon7 іfrs халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары – ашып көрсету 7 іfrs халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты
Осы Стандарттың мақсаты – ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon29 (ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Осы Стандарт, шоғырландырылған қаржы есептілігін қосқанда, функционалды валютасы гиперинфляциялық экономика валютасы болып табылатын...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon27 (ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon37 ias халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа ifrs-нан туындайтын түзетулерді қамтиды
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon7 іfrs халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары – ашып көрсету
Осы Стандарттың мақсаты – ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып...
39 (ias) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: тану және бағалау icon7 (іfrs) халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету
Осы Стандарттың мақсаты – ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница