Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы




НазваниеН. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы
страница1/24
Дата конвертации09.07.2014
Размер3.71 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова,

Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ

Оқу- әдістемелік құралы

тарих, мәдениеттану, археология және этнология мамандықтарының студенттері үшін

2 Бөлім

Павлодар

УДК 39(574)(075.8)

ББК 63.5(5Каз)я73

Д 21
С. Торайғыров атындағы ПМУ –дің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының отырысының шешімімен баспаға ұсынылды
Рецензенттер:

т. ғ. к., А. М.Сыздықова, т. ғ. к., доцент А. Ж. Ерманов
Жауапты редакторы:

т. ғ.д., проф. Ж. О. Артықбаев
Д 21 Артықбаев Ж. О., Сабданбекова Ә. Ә., Елемесов Ә. Қ.,

Дауенов Е. Н.

Дәстүрлі қазақ этнографиясы: оқу-әдістемелік құралы. –Павлодар: «Кереку», 2008. – Б. 2. –260 б.
«Дәстүрлі қазақ этнографиясы» деп аталатын бұл оқу-әдістемелік құралына қазақ халқының атадан балаға ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен өшпес асыл қазынасы: рухани және материалдық мәдениеті, шаруашылығы, әлеуметтік өмір тіршілігінің сан түрлі салалары және әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері енгізілген.

Кітап сіздерді қазақ халқының этносаяси тарихы, дәстүрлі қазақ қоғамының рухани және материалдық мәдениеті, шаруашылығы, әлеуметтік өмір тіршілігінің сан түрлі салалары, діни наным-сенімдері, ауыз әдебиеті мен дәстүрлі ән-күй өнері туралы, жалпы қазақ этнографиясына қатысты көптеген ғылыми-танымдық деректермен таныстырады.

Бұл кітап этнограф, тарихшы мамандарға, студент қауымына және осы тақырыпқа қызығушылық білдіруші барлық көпшілік оқырман қауымға арналған.
УДК 39 (574) (075.8)

ББК . 63.5 (5 Каз) я 73
© Артықбаев Ж. О., Сабданбекова Ә. Ә.,

Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов, 2008

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе
Адам баласы пайда болғаннан бері әр ұрпақ өздері ойлап тапқан және уақыт өте қалыптасқан материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттегі жетістіктерін мұра ретінде қалдырып отырды. Бұлай болмаған жағдайда, біз бүгінгі қоғамды көз алдымызда мүлдем басқаша елестетер едік. Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған ең басты мұрат- мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды қадірлеу болғандығына ешкімнің де таласы жоқ. Бұл үрдіс тек бір ғана халыққа, ұлтқа тән ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі адам баласының бәріне тән. Біздің қазақ халқы да атадан балаға сан ғасырлардан қалыптасып жеткен асыл қазынасын келешек ұрпақ мақтан тұтып айтып, сақтап жеткізетіндей өшпес мұралар қалдырды. Дәстүр қазақ елінің өмір тіршілігі, мәдениетінің түрлі салаларында көрініс тапқан. Осы баспаға ұсынып отырған біздің «Дәстүрлі қазақ этнографиясы» деп аталатын бұл ғылыми-танымдық оқу-әдістемелік құралы қазіргі қазақ этнографиясына қатысты қордаланып қалған түйткіл мәселелерді шешуде өз үлесін қосады деп үміттенеміз. «Дәстүрлі қазақ этнографиясы» деп аталатын бұл оқу оқу-әдістемелік құралы екі бөлімнен тұрады. Қолдарыныздағы бөлім төмендегідей 4 тараудан құралған.

«Әлеуметтік құрылым» тарауында қазақ социумының ерекше құрылымдық қасиеті, ішкі қарым-қатынасы, қазақтар арасындағы төре, қожа сияқты субэтникалық топтарға басты назар аударылған. Олардың шығу тегі, қазақ қоғамында алатын орны барынша сипатталған.

«Әдет-ғұрып, салт-сана» деп аталатын келесі тарауында қазақтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнегеге қатысты отбасы, исламға, имандылыққа байланысты және қаза болғанда жасалатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, сонымен бірге шаруашылық кәсіпке қатысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер жинақталған. Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлеріне қатысты дәстүрлі шаруашылық мәдениетіндегі кеңістік және уақыт санаты, ай мен маусым аттарының қалыптасу ерекшеліктері, қазақтардың аспан әлемі туралы түсініктері, табиғат құбылыстары және аспан денелеріне байланысты ауа райын болжау түрлері т.б. маусымдық, күнтізбелік әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге жеке-жеке тоқталып, бұл тараудың маңызын арттыра түсті десек те болады.

Келесі тарау «Отбасы және неке, туықандық қатынастар» деп аталып, мұнда қазақ қоғамындағы неке мен отбасының түрлері, туыстық атауын терминмен белгілеу (өз жұрты, қайын жұрты), туысқандық қатынастардың жас шамасына қарай және жынысына қарай дифференцияциясы сияқты т.б. мәселелердің түп-төркіні баяндалады. Тараудың соңыңда адамның өз жұрты, әйелдің қайын жұрты, ер адамның қайын жұрты деп аталатын сызба кесте берілген. «Дәстүрлі қазақ этнографиясының» соңғы тарауы «Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері» деп аталып, оған қомақты орын берілген. Тарау авторы қазіргі Қазақстандағы этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалына тоқталып және соған қатысты терминдерге анықтамалар берілген. Сонымен қатар ұлттық сана да басты назардан қалмаған. Қорытынды ретінде этнографиялық зерттеу әдіс - тәсілдері барынша кең сипаттама беріліп, зерттеушінің басты мақсатты барынша айқындап берген.

«Дәстүрлі қазақ этнографиясы» 2 бөлімінің 1 тарауымен Дауенов Ернұр материалдарды жинақтап, жүйеге келтіріп жұмыс жасаса, 3, 4, 5 тарауларымен жұмыс жасаған Әлібек Елемесов.

«Дәстүрлі қазақ этнографиясы» қазақ тілінде қазақ этнографиясы мен мәдениетінің барлық саласын қамтып отырған тұңғыш құрастырылған оқу оқу-әдістемелік құралы болғандықтан, онда кем-кетіктердің де ұшырасуы ғажап емес.

Сондықтан осы оқу құралы бойынша өздеріңіздің ой-пікір, сын-ескертпелеріңізге алдын-ала рахмет айтамыз.

1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу

Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық отбасылық, шаруашылық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамнын іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды.

Қоғамдық өндіріс процесінде қалыптасқан мүдделер мен мақсаттардың бірлігі қоғамдық байланыстардың ең басты өзегі болды. Аграрлық қоғам жағдайында ол өңдірістік байланыстар негізінде әрекет еткен қауым түрінде жүзеге асты. Түпкі материалдарда былай деп атап көрсетілген: "Қырғыздардың жерге иелігі-қауымдык иелік, әрбір ру мен бөліністердің белгілі өз учаскелері бар, сол кеңістікте руластардың әр қайсысының өз егістіктері, жазғы, қысқы жайылымдары бола алады: әйтсе де әр ру өз жерлерін баска бөліністердің алып қоймауын қызғана бақылап отырады. Мұндай қауымдастық көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіруді талап ететін өндірістік процестің барлық буындарын жұмыс істеттіру үшін малшылар еңбегін кооперациялау (бірлестіру) қажеттігінен туындады.

Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер - тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды.

Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті.

Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелділігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселелерін реттеудегі жалпы қажеттілік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды. Негізгі су көздері әртүрлі терендіктегі құдықтар саналған құрғақшылықты аудандарда қауымньң су көздеріне меншігі "бірінші болып пайдалануға" құқығы түрінде, ал табиғи су көздері көп көгерішті аймақтарда – «алдымен басып алушы» құқығымен жүзеге асты. Қайсыбір табиғи су көзін иелене отырып, кеңейтілген қауым сол су көзінің төңірегіндегі жерлерді де із жүзінде де иеленіп алатын, Демек, ол көшпелі мал шаруашылығы саласындағы өндірісгік процестерді реттеп қана қоймады, ал сонымен бірге жерді пайдаланудың да иесі болды.

Кеңейтілген қауым өз кезегінде әртүрлі қауымдық топтардың жерді пайдалану, жайылымдық жерлер мен су көздерін бөлу, көшіп-қону бағыттарын үйлестіру жөніндегі қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтік топтарға енді. Бұл әлеуметтік топ тарихи әдебиетте "ру", "тайпа", "қамқоршы", "жайылымдық-көшпелі қауым" деген аттарымен белгілі. Ол жазғы уақыттары барлық қауымдар шоғырланатын бүкіл жайылымдық жерлердің тікелей иесі болды. Қауымдар арасындағы жер мен суға байланысты қарым-қатынастарды экономикадан тыс реттеу міндеттері, міне, қауымдардың осы ассоциациясы дәрежесінде шешіліп отырды, және сондықтан да ол іс жүзінде көшіп-қонудың бүкіл жүйесінің тәртібін белгілеп, жүзеге асыратын.

Қазақ қоғамында бұл әлеуметтік құрылыммен бірге генеалогиялық (шығу тегі) туыстығы арқылы адамдардың әртүрлі иерархиялық ұйымдасқан әлеуметтік топтарға бірігуі түріндегі тармақты рулық-тайпалық ұйымдары өмір сүрді.

Қазақтар Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып тарамдалды. Ұлы жүзге: жалайыр, ошақты, қаңлы, шанышқылы, дулат, албан, суан, шапырашты, сары үйсін, сіргелі, ысты тайпалары кірді. Орта жүзді: арғын, найман, қыпшақ, керей, қоңырат тайпалары құрады. Кіші жүз қазақтары: әлімұлы, байұлы және жеті ру деп аталатын үш негізгі бірлестікке бөлінді. Кейбір есептеулер бойынша XVII ғ. мен XVIII ғ.- ортасында барлық үш жүздің құрамына 112 рулық-тайпалық бөліністер кірген. Бұл құрылымның әрбір бөлімі, мысалы, бірлестік немесе тайпа, өз кезегінде, біртұтас генеалогиялық өзек дәстүрімен өзара тығыз байланысты көптеген неғүрлым майда топтарға (рулар мен олардың бөліктеріне, ұрпақтарға, аталас туыстарға т.б.) ұсақтала бөлшектелді. Тұтас алғандағы жүйе тәрізді олардың қай-қайсысының да өздерінің шыққан тегін бір шындыққа немесе даңқты ата-бабаларға апарып тірейтін күрделі генеалогиялық аңыздары болды. Рулық-тайпалық құрылымның қандай да бір бөлінісіне жату кандай да бір топтың, рудың, жеке адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне ықпал ете алды, басқа топтар мен жеке адамдардың олармен қарым-қатынасының сипатын айқындады.

Генеалогиялық туыстық принципі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртүрлі жақтарына да белгілі дәрежеде әсер етті. Мысалы, ол туысқандарының кінәсіне кепілдік беру, қарыздары мен құнын өтеу, тумаластарын қудалаудан қорғау және материалдық көмек көрсету кездерінде айқын сезілді.

Рулық-тайпалық ұйымдасудың төменгі буындарында (ауыл, бөлімше) осы принцип арқылы өлгеннің артында қалған мүлкіне мұрагер болу және оның жас балаларын өсіп-жеткізуді міндетіне алу, әмеңгерлік құқығы, туған күніне, үйлену тойына, жерлеуге т. б. байланысты салт-жораларын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері реттеліп отырды.

Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің. одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуі тәртібі) тұрғысында көрінді.

Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктін бірнеше түрі айқындалған:

1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес-отбасылық түріндегі меншік;

2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік;

3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі;

4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі.

XIX ғ қазақтардың көшпелі қоғамындағы өндірістік қатынастарға тән сипат - әлеуметтік ұйымдардың (отбасы, қауым, қауымдар ассоциациясы) әртүрлі буындары арасында меншік құқының барынша шашыраңқылығы болды. Іс жүзінде оның құрылымдарының бір де біреуінің жер мен суға монополиялық құқығы болмады және оларға деген өз құқығын көшпелілер сол аймақта болған кезде ғана жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ, дағдылы құқықта меншіктік қатынас түрлері өзінің нормативтік табиғатынан көрінетініндей міндетті түрде, құбылыстың тек сыртқы сүлбесін бейнелейтінін және заттын түпкі мәні жөнінде толық әрі объективті түсінік беруге жарамайтындығын ескерген жөн. Мұндай жағдайда қазақ қоғамындағы өндірістік катынастарға меншіктің негізгі және бастапқы түрі - малға жеке меншіктік тұрғысынан караған аса маңызды.

Осы заманғы зерттеушілер шаруашылықтардың малмен жалпы камтамасыз етілуі мен табындардың түпкілікті құрамы арасындағы тікелей тәуелділікті айқындады. Малы көп байлардың табындарында (орта статистикалықпен салыстырғанда) неғұрлым ширақ жүрісті малдардың (жылқылар, түйелер, қойлар) үлес салмағы өте жоғары болды да, мүйізді ірі қара (сиырлар, өгіздер) мейлінше аз өсірілді. Бұған керісінше кедей шаруашылықтар мүйізді ірі қараны едәуір көп өсіргенімен, олардың жылқы, түйе, қойлары мардымсыз болды. Сондықтан, неғұрлым ширақ жүрісті малдары көп бай иеліктер өздерінің кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жылдамырақ көшіп барып, оның ешкім тие қоймаған соны шалғындарын бірінші болып пайдаланды. Ал күш-мүмкіндіктері шамалы малшылардың отбасыларына келсек, олар әлгілердің соңынан ілбіп, солардың малы жайылғандығы себепті оты кеміген жерлерде өз малдарын бағуға мәжбүр болды. Міне, осыған байланысты жағдайды өз көздерімен көргендер жазғы жайлауларға көшу кезінде оған "кім бұрын барса, сол ең жақсы өрістерді иеленді де, басқалар, кешіккендіктен де, енді өз пайдасын таба алмады" - деп атап көрсетті. Демек, көшіп-қону барысында да малы көп байлар ең жақсы жайылым мен су қорларын иеленуі арқылы нақты меншіктік қатынасқа тартылды және олар мұны "бірінші болып басып алу құқығы" түрінде жерге иелік жасау құқығын нақты іс жүзіне асырды. Бұл ретте қайсыбір отбасыларының мүліктік қамтамасыз етілгендігін бірден білдіретін мал табындарының сапалық-түліктік құрамы жанама түрде жер мен суды пайдалануда жеке адамдардың теңсіздігін танытты.

Қазақ қоғамындағы бай мал иеленушілерінің саны тұтас алғанда онша көп бола қойған жоқ, бірақ олардың меншігіндегі малдың үлесі айтарлықтай зор болды. XVIII ғ. ортасының зерттеушісі И. П. Фальк өзінің жазбаларында "бай қырғыздардың иелігінде бес, тіпті он мың жылқы болды. Мұндай байлар өзінің үйірлеріндегі жылқы санын тіпті дәлдеп білмейді де" - деп көрсетті. Кейбір қазақтардағы мал санының бұдан да көп болғандығын олардың С. Б. Броневский, А.И. Левшин, В. В. Радлов және басқа замандастары өз еңбектерінде атап өтті. Олардың келтірген мәліметтерінен XVIII - XIX ғ. ортасындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына малдың салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар қолында шоғырландырылу процесі тән болғандығы көрінеді.

Алайда, көзбен көргендердің мойындауы бойынша қазақтардың көп бөлігі "өздерін асырау үшін жеткілікті малы болмаған кедей адамдардан" тұрды. Көшпелі халықтың бұл әлеуметтік тобы өздерініңс әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай тәуелді өндірісшілер қатарына жатқызылуы мүмкін. Өмірлік қажеттіліктерге қарай кедей малшылар өздерінің жұмыскерлік күшін сатуға мәжбүр болды, және сондықтан бай мал иеленушілермен әр түрлі экономикалық қарым- қатынасқа түсіп отырды.

Қаралып отырған кезеңдегі қазақ қоғамындағы қанаудың негізгі түрі қауым шеңберінде дүние-мүлкіне қарай сараланған жеке адамдардың, бірлескен еңбегінің тап өзі болды. Қауымға кірген әрбір үй қожалығы өзінің, жеке меншігіндегі малының үлесіне қарамастан қауым малын кезектесіп жайып бақты. Осы бірлесіп атқарған істегі теңдей жұмсалған еңбек пен оның өнімдерін иемдену мен тұтынудың жекелік сыйпаты арасындағы айырмашылық "біреулер үшін қосымша өнім мөлшерін және екіншілері үшін қаналу нормасын құрады.

Қанаудың кедей шаруашылықтарға неғұрлым бай шаруашылықтардың уақытша ұстауға мал беретін сауын сияқты түрі де пайдаланылды. Малды жайып бағуға алған кедей көшпелілер өз "қамқоршысының" табынын жақсылап күтуге, ал одан қандай да бір малы өліп қалған жағдайда, бұрын алған сонша малын төлімен бірге қайтаруға міндетті болды. Алайда, өз малын жайып бағуға беретін бай шаруашылықтардың аз болуы себепті сауындық қатынас қауым арасында кең таралым таба алмады.

Көшпелілер қауымынан сырт жерлерде кедейленген қазақтардьң бай мал иелеріне, орыс қоныс аударушыларына және казактарға, тау кеніштеріндегі, тұз кәсіпшіліктеріндегі және аймақтың өнеркәсіп орындарындағы маусымдық жұмыстарға жалданып күн көруі етек алады.

Қауымның қатардағы мүшелері мен бай мал иеленушілер тек өзара бірлесіп белсенді іс-әрекет жасағанда ғана мал шаруашылығының қалыпты дамуы қамтамасыз етілетін. Себебі, бай көшпелілермен бірлесу кедейлерге күнделікті тамағын тауып жейтіндей, отбасын асырай алатындай қажетті күнкөрістік жағдай туғызды, ал бай жекешелер бұл бірлесу арқылы өзінің иелігіндегі мал санын көбейту мақсатындағы талпынысын іс жүзіне асыруға толық мүмкіндік алды. Осылайша қазақ қоғамының екі табы бір-бірлерін өзара толықтырьш, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық комплекстің құрамдас бөліктері ретінде көрінді.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Похожие:

Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы icon«Дәстүрлі білімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы Заң жобасының атауы «Дәстүрлі білімдер туралы»
Заң жобасы жинақтауы мен қолданылуы қазақ халқының ғасырлармен байланысқан дәстүрлі білімін құқықтық қорғауды заңнамалық бекіту,...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы icon«№53 мектеп – лицей» тарих пәнінің мұғалімі: Авдхалым Әсия Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстар»
Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі қазақ қоғамындағы мереке, ұлттық ойындардың, спорт жарыстарының ерекшеліктерімен...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconБахтиярова гүлшат рахметжанқызы қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)

Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы icon1 Қазақ халқының дәстүрлі той-мереке, сауық-сайран, ұлттық ойын тамашалары
Ыдыстарға, тағамларға, киім-кешекке байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconТәуке ханның жүргізген саясаты. «Жеті жарғы» заңдары
Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconҚазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі жылқы феномені
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің Аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатында сөйлеген сөзі
Ең алдымен сіздерді аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз маслихатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Баршаларыңызға жас ұрпаққа білім...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconТүлектердің балы Өткен сенбіде Шарбақтының орталық алаңында дәстүрлі «Жас толқын-2009»
Сынып жетекшілердің атынан Валентина Михайловна Еременко, ата-аналардың атынан Марина Ивановна Рандюк құттықтады. Мерекелік ойын-сауықтар,...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы iconҚазақ халқының аспаптық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар
Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір, және тағы басқалар. Төкпе күйлер...
Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы icon5В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В040400...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница