Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң




НазваниеЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
страница14/29
Дата конвертации07.11.2012
Размер3.4 Mb.
ТипДокументы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

                пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу

      Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржы қызметi туралы көпе-көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты iрi зиян келтiрген бухгалтерлiк құжаттамаларды олардың сақталу мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Ескерту. 218-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
                мәлiметтер беру

      Банк қызметкерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржы жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлдемелер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса -
      жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. 219-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану

      1. Банк қызметкерлерiнiң банктiң өз қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көпе-көрiнеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа адамдарға негiзсiз банк кепiлiн немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Банк қызметкерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көпе-көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрiнеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
      бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
       Ескерту. 220-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72 IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн
                басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Азаматтың декларация табыс етуi мiндеттi болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кiрiстер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиiстi мүлкi туралы көрiнеу бұрмаланған деректердi енгiзу арқылы салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет iрi мөлшердегi салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлемеуге әкеп соқса, -
      екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
      бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Егер төленбеген салық немесе мiндеттi төлемдер сомасы екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттiк бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдердi төлемеуi iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
      Ескерту. 221-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2001.03.16 N 163, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)
                бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
                төлеуден жалтару

      1. Декларация табыс ету мiндеттi болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кiрiстер және (немесе) шығыстар туралы көрiнеу бұрмаланған деректердi енгiзу жолымен, салық салынатын басқа да объектiлердi және (немесе) басқа да мiндеттi төлемдердi жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да мiндеттi төлемдердi iрi мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi және (немесе) екiншi бөлiктерiнде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып не мүлкi тәркiленiп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлемеуi, егер төленбеген салық және (немесе) басқа да мiндеттi төлемдер сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп және егер төленбеген салық және (немесе) басқа да мiндеттi төлемдер сомасы елу мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, аса iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
      Ескерту. 222-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       222-1-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi шотына билiк
                   ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз
                   iс-әрекеттерi

      Билiк етуге салық органдары шектеу қойған мүлiктi ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкiне билiк ету шектелген адамның осындай мүлiктi беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшiсiнiң салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
       Ескерту. Кодекс 222-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      223-бап. Тұтынушыларды алдау

      Ескерту. 223-бап алып тасталды - ҚР ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      224-бап. Заңсыз сыйақы алу

      1. Мемлекеттiк органның немесе мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберiндегi жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
      Ескерту. 224-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       225-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi
                тiркеу

      Ескерту. 225-бап алып тасталды - ҚР ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға
                мәжбүр ету

      1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) бiрнеше рет;
      б) күш қолданып;
      в) ұйымдасқан топпен жасалса -
      бiр мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 226-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      226-1 бап. Рейдерлiк

      1. Заңды тұлғаға қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденiп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзiндiлерге дауыс берушiлердiң саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу дәйексiз мәлiметтердi енгiзу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дәйексiз жүргiзу, акционердiң, басқару органына қатысушының, оның мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетiн уақыты мен орны туралы дәйексiз мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхат бойынша акционердiң, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтiру жолымен жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсiлдермен қасақана кедергiлер жасау, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не мүлкi тәркiленiп, екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген:
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
      б) бiрнеше рет;
      в) қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттер, –
      бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Нақ сол әрекеттердi:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
      мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Кодекс 226-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Похожие:

Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. БӨлiм жалпы ережелер
Жамбыл облысы мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы №2-3 шешімімен 29 тармаққа толықтыру енгізілген
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер
Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconБахаутдинов Әмір Бабаханұлы Заң ғылымдарының кандидаты
Заң ғылымдарының кандидаты. Мамандығы: 12. 00. 08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы. Тақырыбы: «Ответственность...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңдары
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon6М030100 – Құқықтану мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары
Диспозиция ұғымы және оның қылмыстық заң нормаларының түрлері. Қылмыстық заңңың кеңістегі күші
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница