Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң




НазваниеЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
страница29/29
Дата конвертации07.11.2012
Размер3.4 Mb.
ТипДокументы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

               қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызмет
               атқарудың ережелерiн бұзу

      Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кiретiн адамның қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10 N 177-IV Заңымен.

      380-бап. Билiктi терiс пайдалану

      1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
      төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлiк жағдайда жасалған әрекеттер, -
      жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра
                  пайдалану

      1. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерi шегiнен сөзсiз асып кететiн, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға немесе екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған не:
      а) күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып;
      б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;
      в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған нақ сол әрекет, -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер, -
      жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiлген немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Кодекс 380-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi

      1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
      төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлiк жағдайда жасалған әрекеттер, -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Кодекс 380-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      381-бап. Қызметке селқос қарау

      1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
      Ескерту. 381-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

      1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 382-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе
               тастап кету

      Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 383-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу

      Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 384-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      385-бап. Тонаушылық

      Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
      бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 385-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету
                немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар
                құжаттарды жоғалту

      1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың болуына әкеп соққан әрекеттер -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ескерту. 386-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47 , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру

      1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол iс-әрекеттер -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 387-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру

      Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 388-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

      Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 389-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты,
               сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау
               ережелерiн бұзу

      1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
       Ескерту. 390-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану
               ережелерiн бұзу

      1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 391-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу

      Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу

      Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн
бұзу -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Похожие:

Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1. БӨлiм жалпы ережелер
Жамбыл облысы мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы №2-3 шешімімен 29 тармаққа толықтыру енгізілген
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер
Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconБахаутдинов Әмір Бабаханұлы Заң ғылымдарының кандидаты
Заң ғылымдарының кандидаты. Мамандығы: 12. 00. 08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы. Тақырыбы: «Ответственность...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңдары
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және...
Жалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң icon6М030100 – Құқықтану мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары
Диспозиция ұғымы және оның қылмыстық заң нормаларының түрлері. Қылмыстық заңңың кеңістегі күші
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница