Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор»




Скачать 38.69 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор»
Дата конвертации30.11.2012
Размер38.69 Kb.
ТипДокументы
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жаңа инфрақұрылымын құру және қызметін қамтамасыз ету;

2) кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне корпоративтік басқару тетіктерін енгізу;

3) техникалық және кәсіптік білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге бөлінсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қоғам жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 шілдедегі

№ 777 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

толықтырулар

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-129-жолмен толықтырылсын:

«21-129. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-7-жолмен толықтырылсын:

«222-33-7. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ».

3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

«10. «Кәсіпқор» холдингі».

4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-4-жолмен толықтырылсын:

«19-4. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 100%».

5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

«Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-жолмен толықтырылсын:

«36. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 мамыр №532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 желтоқсан №1504 Астана, Үкімет Үйі
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 қыркүйек №1057 Астана, Үкімет үйі Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҰшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconМемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconМемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 Қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҰлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі №785 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6 тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі №777 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Кәсіпқор» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы №1755 Қаулысы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница