«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі




Скачать 81.87 Kb.
Название«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Дата конвертации30.11.2012
Размер81.87 Kb.
ТипДокументы
«Нұр Отан» ХДП ОА ҚҚБ меңгерушісі Ж.К. Жүкеновтің

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
12 шілде 2012 ж.

Құрметті журналист мырзалар!

Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020» бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күні» атты республикалық акциясы өтті.

Сондықтан, біздің осы кездесуімізді солардың қортындысынан бастағым келеді.

Партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мәліметтері бойынша «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі акцияға 2187 адам қатысты.

Акцияның нәтижесі бойынша 240 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 114 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, 18 адам кәсіби дайындыққа және 73 жас маман жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

Бірқатар аймақтарда бос орын жұмыс жәрменкесін өткізгенін, оған 506 адам қатысқанын ерекше атап өткен жөн.

Мысалы, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері бос орын жұмыс жәрменкесін өткізіп, оған барлығы 244 адам қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өткізген іс-шарасын ерекше атап өткім келеді.

* Ол жұмыс берушілердің съезі. Оған 52 жұмыс берушілер мен 30 ұйымның өкілдерінің қатысуымен 262 адам қабылданды.

Нәтижесінде жұмыс берушілер ұйымдары 570 бос жұмыс орнын ұсынып, 84 адамды жұмысқа шақырып, ол жәрменкеге қатысушылардың 32 пайызын құрайды.

* Сонымен қатар облыстық партия филиалы, мемлекеттік органдар және кәсіпорындардың өкілдері 62 адамды қабылдады. Қабылдаудың нәтижесі бойынша 17 адам қоғамдық жұмысқа, 5 адам білімін жетілдіруге және 9 адам жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

Акция барысында Павлодар облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының» екінші бағыты бойынша, ол ауыл кәсіпкерлеріне арналған шағын несие алу бойынша 50 адам келіп көмек сұрады.

Құжаттарды қарау барысында 39 өтініш қанағаттандырылды, 4 өтініш оң шешімін тауып, оларға 12 миллион теңге бөлінді.

Құрметті әріптестер

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жол картасы бизнесі-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша үнемі мониторинг жүргізетіні өздеріңізге белгілі.

Жақын арада өткен акцияға республика бойынша 2000 жуық адам қатысты.

Партия қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келген азаматтарды негізінен кәсіпкерлік секторына мемлекеттік қолдау көрсету және аталған бағдарламаны іске асыру тетігі мен шарты туралы мәселесі бойынша енгізілген өзгерістер қызықтырды.

1949 өтініштің 512-і (26 %) өзінің оң шешімін тапты.

Азаматтардың оң шешілген мәселелері туралы мысалдар келтірейін:

* Партия Орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдау барысында Ақмола облысының жеке кәсіпкері А. Бойкоға 3 миллион тенге көлемінде нақты көмек көрсету бойынша облыстық әкімшілікке аталған жобаны қарау туралы ұсыныс жіберілді.

* Қостанай облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің қолдауымен бір кәсіпкер химиялық тазалау орнын ашты.

* Акция барысында Маңғыстау облысында «Бехруд», «Рауан Ақтау» және «Рауан және Ко-Ақтау» жобасымен қаржыландыру бойынша 332 миллион теңге көлемінде келісім-шартқа қол қойылды. Осы жоба экономиканың негізгісі болып табылады және осылардың негізінде бетон, пенобетон материалдары шығарылады, сонымен қатар сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілетін болады.

* Қарағанды облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өтінішпен келген 93 адамға «Даму» акционерлік қоғам арқылы пайызы төмендетілген несие алуға қол жеткізді.

Осы жылы аймақтарда акцияны өткізудің жаңа формаларыда пайдаланылды.

Мысалы, Астана қаласында партия Орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Инновация комитетінің және Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдерінің қатысуымен осы акция жоғарғы деңгейде өтті. Партия Орталық аппараты басшысының орынбасары Р.К. Оразғұлов, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары К. Сәркеев, Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» акционерлік қоғам басқармасының төрайымы Л. Ибрагимова және Астана қаласының кәсіпкерлік басқармасының және екінші деңгейлі банктердің басшылары азаматтарды қабылдады.

Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарының партия филиалдары акция барысында презентациялық материалдарды қолдану арқылы бағдарламаны іске асыру туралы есептері тыңдалды.

Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы бизнес құрылымдары мен аумақтық партия филиалдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

Құрметті әріптестер, ең алдымен тұрғындардың мәселелерін шешуге арналған республикалық акцияның нәтижесі осындай.

Осы бағытта «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жүргізіп отырған жүйелі жұмыстары мен ұсыныстары және аталған бағдарламалардың жетілдірілуі қолдау тауып, Мемлекет басшысы, партиямыздың Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты стратегиялық құжатында мазмұндалған тапсырмаларда айқындала түскенін айтқым келеді.

Құрметті әріптестер!

Енді, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы хабардар етуге рұқсат етіңіздер.

Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған слайдтарда барлық қөрсеткіштер орыс тілінде беріліп отыр, сондықтан оны орыс тілінде қайталау қажет емес шығар.

Все слайды подготовлены на русском языке и оно вам доступно, а я продолжу свое выступление на государственном языке.

Бірінші.

Барлық деңгейдегі депутаттар азаматтарды қабылдау бойынша және тұрындардың мәселелерін шешуде өз жұмыстарын ойдағыдай жалғастырып келеді.

Мәселен, есеп беру кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттары 3250 қабылдау жүргізіп, 7267 өтінішті қарады, әр үшінші өтініш оң шешімін тапты.

Партия Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары 40 қабылдау жүргізіп, 409 адамды қабылдады. Олардың көпшілігі Астана, Алматы қаласының және Ақмола, Қарағанды облыстарының тұрғындары болды.

Қабылдау барысында ең көп өтініш баспанамен қамту болып, 111 өтініш түсті немесе жалпы санының 27 пайызын құрады.

Қарауға 285 өтініш қабылданды. Олар мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен әкімшіліктерге жіберілді.

Осы ретте депутаттардың қабылдау барысында 13 өтініш өзінің оң шешімін тапты.

Мысалы, Н.Әбдіров, Н.Сабильянов және Т. Яковлева өздерінің қаражаттарынан баланың оқуын жалғастыру үшін 150 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Мына депутаттардың ықпал ету арқасында бірқатар мәселелер шешілді:

- А.Милютин жас маманды «Жастар тәжірибесі» бағдарлама аясында Астана қаласының салық департаментіне жұмысқа орналастырды.

- Г. Исімбаева Астана қаласындағы «Мереке» бала-бақшасындағы орын алған еңбек дауын шешуге қол жеткізді. Тексеру барысында еңбек заңдылықтарының бұзылғандығы анықталып, бала-бақша меңгерушісі орнынан босатылды.

- С. Айымбетов Астана қаласы жастар мәслихатының депутаты, 1 топтың мүгедегі Арнұр Ысқақовқа «Жас Отан» жастар қанаты ғимаратынан жұмыс атқару үшін кеңсе алып берді.

- С. Бычкова Қырғыз Республикасында жоғарғы оқу орнын бітіру туралы алған дипломын аккредитациялау бойынша көмек көрсетті.

- О. Мұхаметжанов «Казтрансойл» мекемеден шығып қалған қызметкерді қайта сол мекемеге жұмысқа орналастыру мәселесін оң шешті.

Құрметті әріптестер, партия Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс нәтижесін сараптағанда, біздерге күн сайын жүздеген адам келіп, атқарушы немесе сот органдарынан өздерінің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қандайда бір жазбаша жауаптарды ала алмайтынын көрсетеді.

Біздер осындай мәселелерді шешу мақсатында жаңа жұмыс формасын енгіздік. Бұл – ұзақ уақыт бойы өз шешімін таппай келе жатқан мәселелерді шешу бойынша Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттардың азаматтарды қабылдау барысында диалогтік алаңын ұсыну.

Мәселен, депутат З.Я.Бәлиева азаматтарды қабылдау барысында «Болашақ» бағдарламасымен оқыған өтініш иесінің мәселесін қадағалау және мемлекеттік органдар өкілдерімен жан-жақты талқылап, оң шешу туралы нақты тапсырма берді. Қазіргі уақытта бұл мәселе депутаттың және біздің қоғамдық қабылдау бөлмесінің бақылауында.

Екінші.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында барлық аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс белсенділіктері жоғары деңгейде болғаны байқалды. Есеп беру кезінде партия қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 40 163 өтініш келді, оның 14 452-сі жазбаша болды.

Аймақтарда тұрғындардың орналасу саны әр түрлі болғандықтан партия қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардың келу көрсеткіші төмендегідей:

- Орталық аппаратқа - 5257 адам (13 пайыз) келді;

- Астана қалалық филиалына – 4017 адам (10 пайыз);

- Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына – 3345 адам (8 пайыз);

- Алматы қалалық филиалына 3338 адам келді (8 пайыз).

Азаматтардан келіп түскен өтініштер жалпы санының 15,1 пайызы - баспанамен қамтамасыз ету, 14 пайызы - тұрғын үй-коммуналды саласы және 12,7 пайызы – жұмысқа орналастыру мәселе болып табылды.

Үшінші:

Есеп беру кезінде партия қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 26 мыңға жуық адам қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға келді. Оны өткен жылмен салыстырсақ, ол 5793 адамға артық.

Оның ішінде жартысына жуығы яғни, 12829 адамға тегін құқықтық-кеңестер берілді.

Төртінші:

Сонымен қатар есеп беру кезінде партия қоғамдық қабылдау бөлмелері 389 көшпелі қабылдау өткізіп, оған 2629 адам қатысты.

Бесінші:

Өтініштерді тиімді қарауды жандандыру мақсатында атқарушы билік органдарымен өзара бірігіп, жұмыс атқаруға ерекше назар аударылады.

2012 жылдың жартыжылдығында мемлекеттік және құзіретті органдарға 10942 өтініш қарау үшін жіберіліп, оның 8290 өтінішке жауап алынды. Өтініштердің жартысына жуығы өзінің оң шешімін тапты.

Құрметті әріптестер! енді аталған бағыт бойынша Орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына назар аударсаңыздар екен.

Мысалы, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында бізге 2232 адам жазбаша өтініш түсірді.

Астана қаласының тұрғындарынан - 738, Алматы қаласынан - 348, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 159, Қарағанды облысынан - 158, Ақмола облысынан - 126 және Алматы облысынан - 102 өтініш келді.

Осы ретте баспанамен қамтамасыз ету – 360, сот шешімдерімен келіспеу – 297 және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне наразылық туралы – 273 өтінішті құрады.

Құзіретті органдарға қарау үшін 2056 өтініш жіберіліп, оған 1562 жауап алынды.

2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы партия қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметінің қортындысы осындай.

Сөзімді қортындылай келе, алдағы жоспар туралы айтқым келеді.

27 шілде күні партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің азаматтарды қабылдау барысында берілген тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысының тұрғындарына тұрғын үй-коммуналды саласындағы мәселелері бойынша құқықтық кәсіби кеңестер беру туралы көшпелі қабылдау жүргізеді.

Брифингке қатысып отырған баспаөсз ақпарат құралдарының өкілдерін бірігіп жұмыс атқаруға және қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін жариялауға белсенді түрде қатысуға шақырамын.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Похожие:

«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Біздің бүгінгі кездесуімізді 2012 жылға арналған республикалық тізбектік кестесіне сәйкес «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмелерінің стандарты Осы стандарт «Нұр Отан»
Осы стандарт «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің (бұдан былай – Қоғамдық қабылдау бөлмелері)...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2010 жылғы І тоқсандағы жұмысы туралы Есебі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесі 2005 жылдан өз қызметін бастады, оның құрамында 16 аймақтық, және 258 аумақтық құрылымдық...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй–коммуналды шаруашылығы бағдарламасын модернизациялау бойынша тұрғындарға түсіндіру, іске асыру және насихаттау туралы «Нұр Отан»
Хдп орталық аппарты қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі қабылдау өткізгені туралы ақпарат
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconМинистр қабылдау жүргізді өткен аптада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Нұр Отан»
Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Нұр Отан» хдп орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тоғыз...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconКелісілді Бекітемін Орал қалалық «НұрОтан» мәслихатының хатшысы хдп оқФ төрағасы А. Шыныбеков Б. Шәкімов 2012 ж. «Нұр Отан»
Орал қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қалалық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша «Нұр Отан» хдп «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»
«Нұр Отан» хдп «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconV –ші шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Нұр Отан» хдп депутаттық фракция мүшелерінің қала тұрғындарын қабылдау кестесі
Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Нұр Отан» хдп депутаттық фракция мүшелерінің қала тұрғындарын қабылдау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница