Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты




Скачать 81.87 Kb.
НазваниеТақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты
Дата конвертации01.12.2012
Размер81.87 Kb.
ТипДокументы
Өткізілетін уақыты:11.12.08. сағат 11:00

Өткізілетін орны: Тұңғыш Президент мұражайы.

Қатысатын оқушы: 20

Жауаптылар: Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мұғалімдері

Ахметова Ғ.С., Байтажикова Ж.Е.

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің

Мұғалімі Байгоринова А.Т.
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым

Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып

оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу
Түрі: Әдеби-сахналандырылған коипозиция
Көрнекілігі: слайдтар, ұлттық киім, көріністік заттар

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым» атты әдеби-сахналандырылған қойылымымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Алғашқы сөз кезегі құрметпен Тұңғыш Президент Мұражай директоры А.Сағынғали беріледі.

Слайд. «Көшпенділер» («Көшпенділер» фильмінен үзінді)

Оқушы домбырада Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп...»

Тоғауын орындайды.

1-жүргізуші: Ұлы қазақ даласы тек қазақ жұртының ғана емес, адамзат өркениетінің бұралаң жолдарында бабаларымызбен йық тіресе тіршілік кешкен талай халықтардың да әрі қарай өсіп-өркендеуін бүтіндей өзгертіп жіберген қыруар оқиғалар мен асулы кезеңдерді үздік-создық ғасырлар үрдісінде өз бойына сыйғызды. Ұлы дала қойнауында бабамыздың ұраны, тәуелсіздік жолындағы күресі, арманы, тарихтың айтылмай кеткен сырлары бар. Қайран да менің жерім-ай...

2-жүргізші: XVIII ғасырдың соңында Қазақ хандығының оңтүстік территориясы жоңғар шабуылына ілікті. Жорық барысында Түркістан оазистері қаңырап, Сайрам қаласы талқандалды. XVIII ғасырдың басында Жоңғариямен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім, Тәукенің саясатының негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. Жоңғарлардың күшті соққысының бірі тарихта-« Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» атымен қалды. (1723-1727 ж.ж). Ел басынан кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін тудырды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, үдере көшті.

Көрініс: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»

Көш келе жатыр. Арып-шаршаған адамдар

Көш басшысы: Қасиетті менің жерім, атамекенім! Аш-жалаңаш қайда беттеп барамыз? Заианым не болады? Жаратқан ием, қолдай гөр! Найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған жеріміз еді ғой бұл...

Бәйбіше: е-е, тағдырдың салғанына көнеміз де. Одан басқа шара бар ма?

Қыз: Самал жел, сен неге ызғарлысың? Шынарлы биік қара тау, неге үндемейсің? Әлде менен шошынып тұрсың ба? О, жасаған, кешіре гөр, сені тастап кетіп барам...

2-жүгізуші: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» ондаған мың қазақтарды атамекенінен кетуге мәжбүр етті. Қазақ батырлары қазақ елін қорғап қалу үшін кескелескен күрес жүргізді. Қазақ халқы үлкен күш-жігер арқасында аумақтық тұтастығын қорғап қала алды. Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Әулие Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай сынды батыр ұлдарымыздың жанқиярлық ерлігі өз еліне деген адалдығының үдгісі.

1-жүргізуші: Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғарлармен және Орта Азия хандықтарымен күресте одақтас болуды жоспарлады. Ресейліктердің мақсаттарының бірі Орта Азия мен Үндістанмен сауда байланыс жолдарының қауіпсіздігін күшейту; шығыс елдерімен байланысын бекіту болды. Қазақ даласы барлық елдерге апаратын жол ретінде саналды. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоаннована Әбілхайыр ханға және «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресейдің қол астына өз еркімен енгені жөнінде қол қойып, грамота жөнелтті. Ант беруге қазақтарды дайындау үшін 1731 ж. 30 сәуірінде қазақ даласына А.ИТевкелев бастаған арнайы елшілік жіберілді. Осы жылы 10 қазанда Кіші жүздің ханы Әбілхайыр және 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

1740 жылғы 27 тамыз-Әбілмәмбет хан сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Сөйтіп орта жүз Ресей құрамына қабылданды.

19 ғ. 60 жылдары Ұлы жүздің Ресей құрамына бірігуімен Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды.

Слайд. «Ұлт-азаттық көтерлістер» «Қазақстан тарихы» анықтамалық, А,2001ж «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады.

1-оқушы: Патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті.

- Шұрайлы суы мол жерлерден қазақтарды ығыстырды казак-орыстарды сол аймақтарға орналастырды

-Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ жерінің басқару жүйесі өзгертіліп, хандық билік жойылды.

2-оқушы: Отарлау саясатына қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерлістер өрши түсті. Олар: Сырым Датұлы (1783-97),1836-38 жж. Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы (1837-47), Аббас Қошай ұлы мен Лаубай Мантайұлы (1842-44), Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856-57), Есет батыр (1847-58), Досан Тәжіұлы менИса Тіленбайұлы (1870) бастаған көтерлістер.

Ұлт-азаттық көтерлістердің мақсаты отарлық езгінің күшеюіне қарсылық, жер мәселесін шешу, қазақ жерінің дербестігін сақтау болды. Тарихи маңызына келер болсақ:

-ру аралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.

-Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді

-18-19 ғғ. Ірі ұлт-азаттық көтерлістер болды.

Көрініс: «Махамбеттің соңғы сөзі», М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Автор: Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ол ұлттық азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін жеріне жеткізе жырлаған ақын.

Махамбет: Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.

Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,

Бостандыққа шақырып ем,

Сенің заңғар ақылың ем,

Едім әрі өлшемің.

Жан ашырың, жақының ем,

Және қайсар ақының ем мен сенің.

Туған елім-арман мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым

Сенің бассыз қалғандығың болмағай.

Туған елім,

Құдыретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша,

Кескініңді көрмейінші шаршаған.

Екінші көрініс.

Шомбол жігіт ентелеп кіріп келеді.

Жігіт: Әке, әке, маған ылғи жүруші едің өкпелі, кеюші едің мал болмайсың деп мені.Атышулы Беймағанбет сұлтаның маған берген сыйлығына қарашы.

Әкесінің алдына тон ішікті тастайды.

Әкесі;Иә, сөйле, қандай ерлік көрсеттің? Екі ай бойы, қане, қайда жол шектің?

Баласы;Топ бастадық төрт адам. Махамбеттің Ықыласты үгіттеп қосып алдық ортаға.Бұл мына үлыңның ақылы. Махамбетті алдап, соғып басын тарттық сұлтанға.

Әке;Ой залым –ай,

Жүзі қара залым-ай,

Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай. Бұдан өткен зор қасірет болар ма?

Баласы; Әке мен қай сөзіңе сенейін,есіңде ме менің бала үнімде Махамбетті жек көремін дегенің?

Әке; -Рас,ұлым, айтылған сөз оқпен тең. Пенделік қой мені салған тақамға.Махамбет ақын ед. Ал, аұын ақумен тең. Аққуды атқан пендені қай атаңнан өріп-ең?Ертең сені қойып желдің өтіне, ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе. Сол,қорлықан құтқарайын сені,ұлым. Кетік кәне,ішігіңді ал қолыңа.

Екеуі шығып кетеді. Әкесі қайта кіреді.Қолында садағы.

Әке; Балам,үміт, қызығымның өлшемі өзің едің, қайғым болдың еңселі. Кешір мені, таусылды бар амалым. Дала заңы-баба заңы, қарағым. Жараладың тұрмастай қып әкеңді.Махамбеттің жырын тындап жат енді.

Мүмкін, сонда, ұғынарсын қатеңді.

Автор;Егер,қазақ халқының рухани үрдісінтарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Қорқыттан Асанқайғыға дейін, Асанқайғыдан төрт кезеңге бөлуге болар еді. Махамбеттің әрі батыр,әрішешен,әрі жырау, күйші болуындаосындай тарихи-әлеуметтік сұраным болған.

1-жүргізуші; ХХ ғасыр 1917-1920 жылдардағы Азамат соғысы болъшевиктерге шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі туралы идеясымен санасуға болмайтынын көрсетті. 1920 ж. 20 тамызда Қырғыз (Қзақ ) Автаномиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет жарияланды. Астанасы Орынбор қаласы болды (1920-24 ж )

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VIII cъезі. Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі Заңын-КСРО Конституциясының қабылдады. Бұдан кейінгі Ресей Федерациясының құрамында автаномия болып келген Қазақстан енді одақтас республика болып қайта құрылып, бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қаз КСР-і) деп аталатын болды.

1-жүргізуші. 1941 жыл 22 маусым Фашистік Германия біздің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасады.

Слайд. «Барбаросcа жоспары », Дүнйе жүзі тарихы анықтамалық

Оқушы аталған слайд арқыл«Барбароcса жоспары » туралы мәлімет береді.

2-жүргізуші Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар,қары жоқ,

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп,

Жоқ!!!Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп-деп, ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастарымыз-қазақ елінің еркіндігі мен бостандығы жолында күресіп, халқының тәуелсіздігін көре алмай, арманда кеткен желтоқсан батырлары. Олардың қатарында Қайрат Рысқұлов, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұаметжанова, Жансая Сабитовалар бар еді.

Батыр жастарымыздың аруағына тағзым етіп, үнсіздікпен еске алайық.

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы... Осы бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер оралатыны сөзсіз. Өйткені 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына қайсар да ұрпақтың келгенін әйгілеген еді.

Көрініс. «Ақтық сөз»

Тергеуші: Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба?

  • Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт!

  • Савицкийді өлтірдің бе?

  • Жоқ, өлтіргем жоқ.

  • Мойында, мойындасаң жаза жеңілдейді.

  • Жоқ. Мен өлтіргем жоқ! Мен ешкімді де өлтіргем жоқ!

Тергеуші Қайратты ұрып-соғып тастайды. Сот Қайрат Рысқұлбековтың жатқан камерасына келеді.

Қ. Рысқұлбеков «Қылмысты» деп табылып, Қазақ КСРО қылмыстық кодексінің 173-бабының 1-тармағы бойынша, жазаның ең ауыр түрі-өлім жазасына, атуға кесілсін!

Қайраттың ақтық сөзі:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

«Еркек тоқты-құрбандық» (Қайратты алып кетеді)

1-жүргізуші: желтоқсан оқиғасынан кейін 1989 жылы жазда Г. Колбин Мәскеуге қайта шақырылып, республикалық Орталық Комитетің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбайев тағайындалды.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Н.Ә. Назарбайев тарихта тұнғыш рет Пезиденті болды . 1990жылы 25 қазанда Қаз КСР жоғарғы Кеңесі «Егемендік туралы Декларацяны»қабылдады.

2-жүргізуші 1991 жылы 1-ші желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау өтіп, Қазақыстан Республикасының тұнғыш Призиденті болып Н.Ә Назарбаев тағайындалды. Осы жылы президент желтоқсанда Парламент қабылдаған «Қазақ КСР –і атауын Қазақыстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға» қол қойды.

1-жүргізуші 1991 жыл.16 желтоқсан. Бұл күн-қазақ халқының ұлттық тариына алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн-сөнген шырақтың қайта жанған күні. Ал, бүгінгі қазақ елі- ата-бабалар аңсаған, тәуелсіз,егемен ел.

Ұмтылған сәт қаранғыдан жарыққа ,

Таң болсақ та тар қыспаққа, нарыққа.

Төл мерекең құтты болсын, -деп бүгін,

Тілек айтамыз төзімі мол халыққа.

1991 жылы 16 желтоқсан елімізде ұлттық мереке- Қазақыстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1996 жылы Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына арнап «Тәуелсіздік Монументі»ашылды.

Оқушы музей материалдарын пайдалана отырып «Тәуелсіздік Монументін» түсіндіреді.

Слайд«Тәуелсіздік Монументі»,музей қорынан.

Оқушы «Тәуелсіздік Монументі»туралы мәлімет айтады.

2-жүргізуші. Тәуелсіздік күні .Бұл күн қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылған күн. Сөнген шырақтың қайта жанған күні.Бүгінде Қазақыстан саяси тәуелсіз, зайырлы, демакратиялық, біртұтас мемлекет

Соңы. Барлық қатысушылар ортаға шығып, Б.Тілеуханның «Елім менің» әнін орындайды. Қатысушылар толық ортаға шығады.

Слайд. «Қазақ елі », музей қорынан

Жүргізушілер: Назар қойып тындағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

Похожие:

Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconМұстафа Шоқайдың өмірі мен азаматтық келбетіне арналған әдеби- тарихи композиция
Тәуелсіздік киелі ұғым. Оны қорғау бүкіл қазақтың парызы. Сондықтан қазақ халқының санасына осы киелі ұғым мен міндетті сіңіру үшін...
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconТәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік туы берік қолда!
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты icon«Тәуелсіздік қасиетті ұғым» атты шығармалар байқауы
Мм «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығында» 13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік қасиетті ұғым» атты шығармалар байқауы өткізілді
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconТақырыбы: «Барлық істің басшысы-білім мен ұғым» Білім бәйгесінің мақсаты
Білім бәйгесінің мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегіміз» Сабақтың мақсаты
Сен рәміздерді білесің бе? Шарлар таңдалады. Шарда қайсы рәміздің атауы тұрса сол рәмізді сол топ сипаттаймыз
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconТәуелсіз елім – тірегім Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім – тірегім» Мақсаты
Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconАр намысым, мақтанышым, Қасіретім – желтоқсан мақсаты
Мақсаты: Тәуелсіздік Қазақстаннның болашағын құрайтын жастарды, шәкірттерді, дүниені дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан...
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconБіз – Қазақ, ежелден еркіндік аңСАҒАН
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар...
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconТәуелсіздігім Тәңірден келген тәтті сый Кітапханалық әдеби-сазды шара Мақсаты
Мақсаты / Оқушыларға Тәуелсіздік күнінің тарихи маңыздылығын ұғындыру, ой қорытындылау дағдыларын дамыту. Отанымызды сүйе білуге,...
Тақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты iconТақырыбы : «Менің құлыншағым». Мақсаты
Мақсаты : Балаларға құмшекердің қасиеттерін айтуға, одан түйін шығарып, қорытындылауға үйрету
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница