Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы




Скачать 208.14 Kb.
НазваниеҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Дата конвертации01.12.2012
Размер208.14 Kb.
ТипДокументы


ҚММУ Ф 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


Дәріс 2
Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Жалпы сипаттама және экологиялық жіктелуі


Пән: Медициналық паразитология.

Мамандығы: 051301-Жалпы медицина

Курс: 3
Уақыты: 50 минут

Қарағанды 2012



Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
«31» 08 2012ж.1 хаттама
Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов

Тақырыбы 2: Жалпақ құрттар типі. Жалпы сипаттама және экологиялық жіктелуі
Дәріс мақсаты: жалпақ құрттар типінің сорғыщтар класының жалпы сипаттамаларын, медициналық маңызы бар өкілдерінің диагностикасын, алдын-алу шараларын оқыту.
Дәріс жоспары:


  1. Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама

  2. сорғыштар класына жалпы сипаттама

  3. Асқорыту жүйесінде мекендейтін бір аралық иесі бар сорғыш құрттар

  4. Қан-тамыр жүйесінде мекендейтін бір аралық иесі бар сорғыш құорттар

  5. Екі аралық иесі бар сорғыштар

  6. Тіршілік циклі сумен байланыссыз таспа құрттар

  7. Тіршілік циклі сумен байланысты таспа құрттар

Дәріс тезистері
Адамның паразит құрттарын және олармен шақырылатын ауруларды зерттейтін медициналық паразитологияның бөлімі – гельминтология деп аталады.

Гельминттер немесе құрттар – көпжасушалы, үшқабатты, біріншілік – ауызды, екі жақты симметриялы жануарлар. Олардың денесі ұзынша, ал тері бұлшықет қабы жазық және көлденең жолақты бұлшықеттерден, жабын ұлпасынан тұрады. Құрттар – адам паразиттері, жалпақ және жұмыр типіне жатады. Гельминттермен шақырылатын аурулар – гельминтоздар деп аталады.

Гельминтоздар – адам ауруларының ең көп тараған түріне жатады. Олар адам ағзасының кез-келген мүшесінде мекендей алады. Паразиттік тіршілік етуге байланысты гельминттердің эволюциялық дегенерациясы мен сол паразитизмге толығымен бейімделу белгілері көрінеді.

Гельминттер ағзада таралуы үшін қан арнасында миграцияланады, сөйтіп басқа да мүшелерге және жүйелерге таралады. Бұл кезде атипиялық және эктопикалық орналасу туралы айтуға болады. Онда аурудың өтуі және оның диагностикасы қиындайды, және бір компоненттің – паразит немесе иесінің өлуімен аяқталады.

Жалпақ құрттар типі Plathelminthes. Жалпақ құрттар – билатералды, симметриялы тартылған, суда, топырақта , өсімдіктер мен жануардар организмінде тіршілік ететін жануардар. Бұл типке кіретін түр саны 9000 шамасында.

Ішкі қуысы болмайды, ішкі мүшелері борпылдақ тінмен – паренхимамен жабылған. Тері-бұлшықетті қапшығы сыртқы жабынмен – тегументпен қапталған, ол көпядролы жасушалық емес құрылымымен ижәне бірыңғай салалы, көлденең жолақты және дорсовентралды үш қабатты жалпақ бұлшықеттен тұрады. Қозғалыс әрекеті баяу және нашар дамыған. Жүйке жүйесі дененің алдыңғы бөлігінде орналасқан жүйке түйіндерінен тұрады.Асқорыту жүйесі, егер ол болса, жұтқынщақтан және соқыр тұйықталған ащы ішектен тұрады. Қорытылмаған ас қалдықтары ауыз арқылы шығады. Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі құрылысты. Зәр шығару жүйесі – бөлек шығару клеткалар- протонефридилерден тұратын протонефридиалды жүйе арқылы іске асады.олар диссимиляция өнімдерін ұстап және оларды ұзын өсінділерде өтетін жасуша ішілік каналдарға тасымалдайды. Экспрессия өнімдері жинақтағыш түтікшелерге түсіп, одан тікелей немесе қуық арқылы сыртқы ортаға шығарылады. Жалпақ құрттардың даму ерекшелігі болып иесін ауыстыруы, көбею тәсілдері және ұрпақтың кезектесуі табылады. Бұл гельминттерде аралық иелерінен басқа қосымша резервті иелері болуы мүмкін. Бірақ қрттардың тіршілік тізбігінің аяқталуы үшін олардың қатысуы міндетті емес.

Медициналық маңызы бар екі класы бар: сорғыштар және таспа құрттар.

Сорғыш кластар Trematodes.

Бұл кластың өкілдері бір шама көп, 4000 түрі бап барлық трематодтар паразиттер болып табылады. Олар үшін күрделі тіршілік циклдері көбею тәсілдерінің ауысуы, ұрпақ кезектесуі және аралық иелерінің ауысуы тән. Сорғыштардың дене пішіні жапырақ тәрізді. Паразитизмге бейімделу процесінде күшті сорғыштар – бекіну мүшелері пайда болған. Одан басқа көптеген сорғыштарда барлық денесін жауып тұратын және иесіне бекуін жеңілдететін ұсақ қылқандар болады. Ұсақ түрлерінде ас қорыту жүйесі қап түрінде немесе екі соқыр иілген канал тәрізді болады. Күрделірек түрлерінде ас қорыту жүйнсі қатты тармақталған және ас қорытудан басқа ас өнімдерін мүшеге таратын тсымалдау қызметін атқарады. Қалған жағдайда сорғыштар жалпақ құрттардың құрылысын қайталайды. Жыныстық жетілу кезеңі омыртқалы жануарларда өтеді. Пайда болған жұмыртқа дамуы үшін суға түсуі қажет. Бұдан дернәсіл – мерацидий дамиды. Ол жарық сезгіш көздерімен және қозғалуға мүмкіндік беретін кірпікшелермен жабдықталған. Бұл дернәсіл фото - , гео - , және хемотаксис әдістерін пайдаланып белсенді түрде аралық иелерін табады. Мирацидий қатаң арнайылығы бойынша бауыраяқты моллюск ағзасына түседі. Паразиттік тіршілік етуге байланысты дегенерацияға ұшыраған дернәсіл аналық сопрациста кезеңіне өтеді. Онда партеногенетикалық жолмен көбеюге мүмкіндік беретін аналық жыныс жүйесі дамиды. Оның өзінен көп жасушалы редийлер дамиды, олар да партеногенетикалық әдіспен көбееді. Нәтижесінде бірнеше ұрпақты редийлер қалыптасады.

Бірінші жағдайда церкарийлер иесінің ағзасына өз бетімен кіреді немесе өсімдіктерде инцистерленеді, шөппен қоректенетін жануарлардмен және адамдармен жұтылады. Екінші жағдайда церкарийлер иесінің негізгі қорегі болып табылатын жануарларды іздеп, сонда тыным стадияларын инцистерленген метацеркарийлерді түзеді. Церкарийлердің метацеркарийлерге қарағанда хемотаксистері жоқ, тек гео-фототаксистерді қолданып, шөптегі инцистирлеу нәтижесінде оларға спецификалық иелерін табуға мүмкіншіліктері бар. Сондықтан церкарийлердің негізгі массасы иесін таппағандықтан немесе керекті ағзаларды таба алмағандықтан өледі. Сорғыштардың негізгі иесінің инвазионды стадиясынан өткен соң, ағзасында бүкіл өмір бойы мекен ете алатын мүшені іздейді.

Паразит – сорғыштардың көбісі адамның ас қорыту жүйесінде мекен етеді; кейбіреулері өкпеде, басқалары іштің қан тамырларында және кіші жамбаста кездеседі. Адам сорғыштарымен түрлі түрлеріне байланысты ауруға шалдығуы мүмкін: су арқылы және церкарийдің тері арқылы өтуі, көкөністердің ағзаға түскен кезінде немесе тамаққа түскен жапырақтардағы инцистильді церкарий паразиттерінен ауру жұғуы мүмкін. Адам ағзасына түскеннен кейін сорғыштардың көбісі мүшелерге жеткен кездегі локализациялы қиын миграцияларды жүзеге асырады. Миграция мүшелер арасындағы кеңістіктерде және мүшелер ішіндегі қуыстардағы қантамыр тамырларында жүреді. Сорғыштар адам ағзасында миграцияны бастаған кезде ауыр интоксикациялар және аллергиялық хәл байқалады, бірақ осы уақытта ауруға диагноз қою өте қиын. Сорғыштар қоздыратын ауруларды трематодоз деп атайды.

Трематодтардың диагностикасы үшін фекалиялардағы жұмыртқаларды анықтау, зәр, қақырық құрамын және аллергиялық сынама зерттеу әдістерін жүргізеді. Сорғыштар тек адамның ағзасын құртып қоймай , сонымен қатар бүкіл сүтқоректілерді қоздырады, сондықтан олардан толық емделу мүмкін емес.

Сорғыштардың даму циклі бойынша, адамды паразиттеуші ерекшеліктердің түрлері: 1) бір аралық иесінде дамитын және ас қорыту жүйесінде мекен ететіндер; 2) бір аралық иесінде дамитын және қан тамырларында мекендейтіндер; 3) екі аралық иесінде мекен ететіндер.

Бір аралық иесі бар, ас қорыту жүйесінде мекендейтін сорғыштар. Осы экологиялық топтың сорғыштарына көптеген көлемдегі сорғыштардың түрлері жатады. Олар үлкен көлемді, ауыз және іштің сорғыш түтіктері дененің алдыңғы жағында бір – біріне жақын орналасқан. Паразиттер адамдар мен ірі шөп жегіш сүтқоректілердің бауырларында және жіңішке үлкен ішектерінде өмір сүреді. Шөп жегіш жануарлар трематодтармен, адамдарға қарағнада жиі ауырады. Олар осы аурудың ең негізгі қоздырғыштары болып табылады. Сондықтан трематодтармен көбінесе ауыл тұрғындары ауырады. Лабораториялық диагностика – осы сорғыштар жұмыртқаларының фекалияда зерттелуі. Алдын - алуы – қолдың жөнді жуылуы, аудандардағы баубақшаларды тұрып қалған сумен суарғандағы жерлерде өсетін көкөністердің, шөп шәләмдәрдің термикалық тазалануы және ауру жануарлардың емделуі мен баубақшалардың санитарлық қорғанысы.
Бауыр сорғышы Fasciola hepatica – фасциолез қоздырғышы. Паразиттің денесі жапырақ тәріздес, денесінің алдыңғы жағы түмсық тәрізді үшкір болып келеді. Жатыры үлкен емес және разетка тәріздес сорғыш түтіктері іші жағынан кейін орналасқан. Жатыр артында қатты тармақталған тұқымшалары, жұмыртқашалары, сарыуыздары және ішек бұтақшалары. Сары – қоңыр келген үлкен жұмыртқалары бар. Жылы ылғалды климаты бар қалаларда фасциолез жиі кездеседі. Бауыр сорғышының тіршілік циклы осы топ паразиттеріне сәйкес келеді. Паразиттердің негізгі иелері болып – ірі сүтқоректілер және адам болып табылады. Аралық ие – кіші моллюск.ық мәселе, Австралия территориясындағы осы моллюск түрлері жоқ болғанымен, фасциолез кең тараған. Осы паразит – басқа бір мал шаруашылығымен тасымалданып, басқа аралық иеге үйреніп қалды. Негізгі иесінің ағзасында дернәсілдер өздерінің қапшықтарынан босап, ішек қабырғасын тесіп, құпсақ қуысына түседі. Одан кейін олар бауырға бағытталып, өт жолдарына келеді. Мұнда олар 3-4 айда жыныстық жетіліп, жұмыртқа сала бастайды.

Үлкен Бауыр сорғышы үлкен өлшемімен ерекшеденеді, (75 мм). Тіршілік циклі, диагностикасы мен алдын- алуы ерекшеленбейді. Үлкен көлеміне байланысты ауыр түрде өтеді, және ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Гавай аралында, Өзбекстанда кездеседі.

Қан арнасында тіршілік ететін бір аралық иесі болатын сорғыштар

Бұл топқа қан сорғыштар болатын – шистосома деп аталатын түрлер жатады. Дара жжынысты болып келеді. Аталықтары – жалпақ, аналықтары- ирек пішінді. Сорғыштары үлкен емес, денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқаан. Барлық қан сорғыштар Азияда, Африка мен Америка белдеуінле кездеседі. Жетілген шистосома жасушалар қанда болғандықтан, ішкі мүшелерге және сыртқы ортаға арнайы заттар бөлінуімен ерекшеленеді. Шистосомаларда қылтандары болады, солар арқылы олар ферменттер бөліп, иесінің тіндерін зақымдайды. Ферменттер арқылы жұмфртқалар қан тамыр қабырғасын тесіп, тіндерге, ішек немесе қуыққа түсіді. Бұл паразиттерге қан арқылы жұмыртқалардың мүшелерге түсуі қауіпті, ол жерде локалды қабыну процесстері болады. Дернәсілдік түрі су моллюскілерінде дамиды. Цекарилер ағзаға енгенде терінің зақымдануын тудырады – церкариоз деп аталады. Ол қыарумен, бөртпемен, т.б. аллергиялық реакйиялармен сипатталады. Цнркарийлер көп мөлшерде өкпеге түссе, пневмонияны шақырады. Церкароздар шимтосомалармен ғана емес, басқа да су құстарында кездесетін қан сорғыш паразиттермен шақырылады. Мұндай церкарий түрі адам ағзасында теріде не болмаса өкпеде өледі.

Шистосома дернәсілдері ағзада миграйияланып, құрсақ қуысыың қан тамырларында, кіші жамбас астауында тұнып, жыынысты жетіледі. Патогенді әсері иесіндегі токсико- аллергиялық реакциялармен сипатталады және жергілікті реакйиялар тундайды: зақымдалған мүшенің қансырауы, ойық жаралардың, полиптердің түзілуі, олар қар\терлі түрге айналуға қабілетті. Диагностикасы шистосомалардың зәрде және нәжісте анықталуына негізделген. Сонымен қоса аллергиялық теріасты реакйяларын, иммунобиологиялық реакцияларды жүргізеді.
Алдын-алуы: осы паразиттері бар су көздерінде көп болмау. Церкарийлер шырышты қабат арқылы енуге қабілетті болғандықтан, зарарсызданға суды қолдану керек. Жалпы профилактика ретінде су көздерін қорғау. Аралық иелерімен күрес.

Адам ағзасында шистосомалардың үш түрі кездеседі, олар Азия тропиктерінде, Африка және Америкада кездеседі.

Shistosoma Haematobium – зәр шығару шистосоматозонының қоздырушысы. Аталығы 1,5, аналығы 2 см-ге дейін жетеді. Сыртқы дене жабыны тегіс емес. Жұмыртқалары ірі, 0,16 мм-ге дейін жетеді, төменгі бөлігінде ұзынша келген қылқаны бар болады. Аралық иесі – моллюск, ал ақырғы иесі – адам және маймылдар, оларда паразит тамыр ағысы арқылы зәр шығару мүшелеріне – қуыққа және жыныс мүшелеріне миграцияланады. Паразиттер Африка, Оңтүстік-Батыс Үндістанда кездеседі. Зәр шығару шистосоматозына гематурия (зәрде қан), қасаға үстінде ауырсыну, зәр шығару каналында тастардың пайда болуы тән. Осы ауру тараған аймақтарда зәр шығару жүйелерінің қатерлі ісктері 10 пайызға артады. Диагностикасында зәрде жұмыртқалар анықталады, сонымен қатар қуық және қынаптағы өзгерістер: іріңдеу, ойық жаралар, полипті өсінділер және жергілікті қабыну анықталады.

Shistosoma Mansoni – ішек шистосоматозының қоздырғышы. Алдыңғы түрге қарағанда көлемі кішілеу (1,6 мм), денесі тегіс емес. Жұмыртқасы зәр шығару шистосоматозының жұмыртқасындай, тек қылқаны бүйірінде орналасқан. Аралық иесі – моллюск, негізгі иесі – адам мен маймылдар, иттер және кемірушілер. Таралу ареалы да кең: Солтүстік, Экваториалды және Оңтүстік-Шығыс Африканы, Оңтүстік-Батыс Азияны қамтып, паразит Батыс жартышарға – Бразилия, Венесуэла, Гайана және Антиль аралдарына да таралған. Адамда ол шажырқай және бауырдағы қақпа венасында мекендейді, сондықтан алғашқы зақымдану тоқ ішекте (колит, қан аралас іш өту, тоқ ішектің полипозы) және бауырда (веналық тоқырау және церроз) анықталады. Диагностика кезінде нәжісте жұмыртқалар анықталады.

Shistosoma japonicum - жапон шистосоматозының қоздырушысы. Көлемі алдыңғы түрлердегідей, дене жабыны теп-тегіс. Жұмыртқалары домалақ, қылтаны кішкентай. Аралық иесі – моллюск, негізгісі – адам, жабайы және үй сүтқоректілері (кемірушілер, иттер, тұяқтылар). Ареалы – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияны қамтиды. Паразит ішек веналарында орнығады, сондықтан диагностикасы мен клиникасы ішек шистосоматозындай. Парзит жұмыртқасы қан арнасы арқылы көптеген мүшелерге, соның ішінде бас миына таралады.
Екі аралық иесі бар сорғыштар. Бұл сорғыштар адам ағзасының көптеген мүшелерінде, асқорыту жүйесінде мекендейді. Тіршілік циклінің негізгі ерекшелігі – екінші аралық иесінің бар болуы. Оларға әртүрлі жануарлар жатады. Бұл аралық иелері арқылы паразиттер екінші иелері ағзасына тасымалданады, тіршілік циклді аяқтайды. Ағзаға түскен сорғыштардың йеркарийлері тыныштық стадиясына – метацеркарийге айналып, миграцияланбайды және көбеймейді.

Екі аралық иелері бар сорғыштарды тіршілік циклі сумен байланысты және байланысты емес деп жіктеуге болады.

Тіршілік циклі сумен байланысты сорғыштар. Бұл экологиялық топқа жататын паразиттер көп мөлшерде кең тараған. Олардың таралуы су көздерінің бар болуына және екінші иелерінің – балықтардың және шаянтәрізділердің қозғалғыштығына байланысты болып келеді. Ауруға шалдығушылық адамдардың этникалық тамақтану дәстүрімен де тығыз байланысты: шикі балық пен шаянтәрізділерді қолдану, тамақтарды экзотикалық консервациялау әдістері (строганина, беткей термикалық өңдеу, т.б.) және кәсіби айналысушылыққа (балықшылар және олардың отбасы мүшелері, геологтар, аңшылар, табиғи аймақтарда көп болатын адамдар және т.б.) байланысты.

Адам ағзасында бұл паразиттер ащы ішекте, өт жолдарында, өкпеде мекендейді. Ішекте мекендейтін паразиттер ас қорыту жүйесі арқылы ағзаға еніп, сол жерде қалады. Миграция кезеңі болмайды, сол себепті ауру қатерсіз түрде өтеді, симптомсыз, кейде іш өту мен іш қатпасы кезектесіп келуі мүмкін. Диагностикасы нәжісте жұмыртқа анықтауға негізделген. Екінші аралық иесі әртүрлі балықтар болады, метацеркарий олардың қабықшасында, желбезегінде, кейде бұлшық еттерінде болады. Осы балықтарды балықжегіш құстар – пеликан, баклан, тырналар, және кейбір сүтқоректілер – құндыздар, аюлар, сонымен қоса адамдар да жеп, паразитті жұқтырады. Бұл паразиттер өте кең тараған.
Ішекте екендейтін сорғыштар. Мысалы: Metagonimus yokogawai – метагонимоз қоздырғышы. Кіші келген көлемді - 1,5 мм, денесі толығымен қылтандармен жабылған. Құрсақтық сорғышы асимметриялы орналасқан. Жұмыртқасы 0,028 мм жетеді. Бірінші аралық иесі – моллюск, екіншісі – балықтар.

Баур-өт жолдарында мекендейтін сорғыштар. Ерекшелігі паразиттің алам ағзасында миграйиясы болып табылады. Алғашқыда тек аллергиялық реакция шақырады. Өт жолдарында паразит ұзақ уақыт бойы болса, өттің өтуін қиындатып, бауырдың қанмен қамтамачыз етілуін нашарлатып, 15-20 пайыз цирроз асқынуына алып келеді, тіпті біріншілік қатерлі жасушалардың пайда болуына да себеп болады.

Диагностикасы үшін нәжісті жұмыртқаға анықтайды, дуоденальды зерттеу арқылы ішектен жұмыртқаларды және жетілген паразиттерді анықтауға болады.
Мысық сорғышы – Opisthorchis felineus – описторхоз қоздырғышы. Дене ұзындығы 13 мм жетеді. Жұмыртқа көлемі – 26-30 мкм, қақпағы болады. Описторхоз – эндемиялық ауру, ол Батыс Сібірде, Донн өзені бассейнінде, Днепр, Днестр және солтүстік Донецте кездеседі.

Бірінші аралық иесі – моллюск Bethynia leachi. Екінші аралық иесі – карп балығы. Соңғы негізгі иесі - әртүрлі жабайы, үй балық жегіш жануарлар мен адам.

Opisthorchis viverrini – вивера описторхозының қоздырғышы. Денесі ұсақ- 10 мм, таралу ареалы – Тайланд, Лаос, Малайзия, жұқтыру үлесі -90 пайызға дейін жетеді.

Clonorchis sinensis – клонорхоз қоздырғышы. Бұл сорғыш үлкен көлемімен – 25 мм ерекшеленеді. Аталықтары жайылып дененің артқы бөлігінде орналасқан. Жұмыртқасы 30 мкм – ге жетеді. Оңтүстік- Батыс Азияда, Қиыр Шығыс елдерінде кең кездеседі. Бірінші аралық иесі – моллюск, екіншісі – 70 түрлі карп балығы, соңғы иесі- адам және балық жегіш сүтқоректілер.

Өкпеде мекендейтін сорғыштар. Бұл топқа Paragonimus түріне жататын сорғыш құрттар жатады. Туғызатын ауру – парагонимоз деп аталады. өкпеде мекендеуіне байланысты паразиттер күрделі миграция жасайды, ішектен құрсақ қуысына, одан кейін көкет пен плевраға енеді. Бұл адамда ауыр токсико-аллергиялық реакцияны тудырады. Паразиттердің өкпеде болуы ошақты пневмонияны шақырады. Асқынуы – пневмосклероз, өкпелік абсцесстер. Миграциясының түріне байланысты атипиялық орналасуы тән. әсіресі паразиттің бас миына түсуі ауыр өтеді. Ол минингит, эпилепсия, энцефалит симптомдарымен, көру нервісінің атрофиясымен сипатталады. Паразиттер бронхтар арқылы жұмыртқаларын қақырықпен бірге сыртқы ортаға бөліп отырады. Екінші аралық иесі бұлшық еттерінде метацеркарий болатын шаянтәрізділер болады, сондықтан тек тамақтану дәстүрінде осы шаянтәрізділер болатын адамдар тобы ғана жұқтырады.

Өкпелік сорғыш – paragonimus westermani – парагонимоз қоздырғышының кең тараған түрі. Негізгі түрлері тропикалық аймақтарда кездеседі.

Өкпелік сорғыштардың денесінің пішінімен ерекшеленеді: апельсин дәніне ұқсайды, 12 мм. Жұмыртқасы 0,118 мм. Бірінші аралық иесі – молюск, екіншілері – краб, шаяндар, креветкалар. Соңғы негізгі иесі – адам және балық жегіш жануарлар. Диагностикасына науқас адамның қақырығы, нәжісі алынады. Ас қорыту жүйесінде олар өзгеріске ұшырамайды. Алдын алуы шикі шаянтәрізділерді жемеуге негізделген.
Тіршілік циклі сумен байланысы емес сорғыштар. Бұл топ құрттар сыртқы ортаға бейімделуімен ерекшеленеді. Паразит жұмыртқасы жерге не өсімдікке түсуі керек. Жұмыртқада жетілген мирацидийлер болады, олар моллюс денесіне түспейінше жұмыртқадан шықпайды. Қозғалғыш церкарийлер моллюсктен шырышты бөлінді ретінде шығады. Өсімдікке тарап, екінші иелерімен- жәндіктермен жұтылады.

Таспа құрттар класы Cestoldea.

Сорғыштар сияқты, барлық таспа құрттар омыртқалы жануарлардың паразиттері. Класқа 3500 астам түр жатады. Бұл құрттардың дене пішіні таспа тәрізді. Көптеген түрлерінің денесі немесе стробила бунаққа бөлінген - проглоттидтан тұрады. Денесінің алдыңғы бөлімінде бекіну мүшесі орналасқан сколекс немесе басы ілмегі ботрий табылады. Басынан кейін сегменттелмеген мойын орналасқан. Ортаңғы бөлімінде аталық және аналық жыныс жүйесі дамыған бунақтар орналасқан. Олар гермафродитті деп аталады.

Таспа құрттардың паразитизмге ұзақ эволюция жағдайына байланысты ас қорыту жүйесі жоқ. Қоректенуі пинацитоз есебінен барлық денесімен жүзеге асады. Жүйке жүйесі және зәр шығару мүшесі барлық жалпақ құрттар типіне негізделген, жоспар бойынша құрылған. Жыныс жүйесі сорғыштардікіндей мүшелерден тұрады.

Таспа құрттардың даму циклі сорғыштармен салыстырғанда паразитизмге терең адаптациясы бейнеленген. Көптеген таспа құрттар сыртқы ортаға тек жұмыртқа түрінде түседі, бірақ иесінің организмінде көбейе алады. Кейбр маманданған паразиттер иесінің бойына жұмыртқаның көмегімен антоинвазия туғызуға, сыртқы ортаға шықпаса да қабілетті.

Тіршілік циклі сулы ортамен байланысты ежелгі таспа құрттар және оларға жақын түрлер ежелгі омыртқалылардың эктопаразиттері болып табылады - шеміршекті балықтардың тері жамылғысында және желбезегінде мекендейді, сонымен қатар олар жұтқыншаққа өте отырып, энтопаразитизмге ауысады.

Қазіргі кезде таспа құрттардың даму циклінің екі стадиясы бар: жынысты жетілген және личинкалы. Жынысты жетілген стадиясы негізінен омыртқалылырдың ащы ішегінде паразиттейді. Личинкалық стадия, немесе финна - аралық иесінің организмінде ұлпалық паразит, негізінен омыртқалыларда, кейде буынаяқтыларда да кездеседі.

Паразиттің жұмыртқасы соңғы иесінің нәжісімен сыртқы ортаға түседі. Олар аралық иесінің ас қорыту жүйесіне жұмыртқасы түскенде дамитын - онкосфера личинкасын құрайды. Бұнда онкосфера ілмектің көмегімен ішек жүйесі арқылы қан айналымына немесе лимфа тамырына өтеді және бауырға, өкпеге, бұлшық етке орталық жүйке жүйесіне және т.б организм бойынша миграциялайды. Өсіп, ол финнаға айналады.

Финна - паразиттің аралық формасы. Кейбір таспа құрттардың финнасы сыртқы бүршіктену арқылы жыныссыз көбеюге бейімделген. Бұл негізгі иесінің жарақаттануына мүмкіндік жасайды және паразиттің тіршілігін жалғастырады. Соңғы иесі негізінен жыртқыш жануарлар немесе адам, аралық иесінің ұлпасымен бірге финнаны жұтқанда жарақаттанады. Бұл кезде паразиттің басы иесінің ішегінің қабырғасына бекиді және мойынның өсу, бунақтарының түзілуі және гельминттің дамуы басталады.

Медициналық маңызы бар, биологиялық ерекшелік бойынша таспа құрттарды тіршілік циклі сулы ортамен байланысты және тіршілік циклі сулы ортамен байланысты емес деген топтарға бөлуге болады. Екінші тобы гельминттерге бөлінеді, а) адамды соңғы ие ретінде қолданатын, б) адамда аралық ие ретінде мекендейтін, в) тіршілік циклі адамда өтетін.

Бұған байланысты адамның жұқтыру жолы паразиттің патагенді әрекеті, диагностикасы, емдеуі және профилактикасы ауруға сәйкес әртүрлі. Таспа құрттар шақыратын, ауру цестодоз деп аталады. Таспа құрттардың көбі адамға әсерін тигізеді, сонымен қатар басқалары табиғатта кездеседі, оларда классикалық табиғи ошақта тіршілік ету негізделген.

Тіршілік циклі сулы ортамен байланысты таспа құрттар. Бұған диффиллобоьериоз қоздырғышы болып табылатын, Dіphyllobothrіum т. паразиттің бірнеше түрлері жатады. Бұл экологиялық топтың гельминттерінің даму циклінде архаикалық вариант бар: оларда белсенді жүзгіш личинкалы стадиясы сақталған - корацидий -сулы ортада мекендейтін, екі аралық иесі, - олармен қоректенетін циклоптар туысына жататын ұсақ планктонды шаян тәрізділер, сонымен қатар балықтар. Шаянда процеркоид деп аталатын личинкасы, балықта плероциркоид мекендейді. Иесі инвазирленген балықты жегенде жарақаттанады. Сондықтан негізгі жеке профилактикасы - балық өнімдерін термиялық өңдеу керек.

Жалпақ лентец - Dіphyllobothrіum Latum. Адамда дифиллоботриоз қоздырғышы. Стробиласының ұзындығы 10 м астам. Сколексте ілмектері болмайды, бірақ ішектің қабырғасына бекінуіне арналған 2 терең ботрийлері болады, дене бунақтары қысқа, бірақ кең, 3 жыныс тесігі бар. Жатыры сыртқы ортамен байланысты, сондықтан ересек жұмыртқасы еркін одан шығады. Жұмыртқасы сарғыш түсті, ұзындығы 71-мкм-ге дейін, бір жақ полюсінде қақпақшасы, ал басқа жағында - дөңесі бар. Паразит өлі климат аймағында кең таралған. Ауру ірі өзендердің және теңіздердің жағалауларында кездеседі. Жалпақ ленцеттің тіршілік циклі бұл паразиттің топтарына тән. Жұмыртқасы суға түседі, және олардан кірпікшемен жабылған корацидий шығады. Оны бірінші аралық иесі - циклоп жұтады. Циклопты процеркоид пен бірге балық жейді, бұлшық етінде және уылдырығында плероцеркоид түзіледі. Балықтардың ішінен жиі алабұға, шортан жарақаттанады. Ірі жыртқыштарда әрі қарай плероцеркоидтың түзілуі жүреді. Соңғы иесі ірі балық жегіш сүтқоректілер (аюлар, иттер және т.б) болып табылады. Осындай жағдаймен, дифиллоботриоз - табиғи-ошақты ауру. Адамда бұл ауру жиі балықшыларда, туристерде кездеседі және тамаққа нашар тұздалған балықты жегенде зақымданады. Дифиллоботриоз - өте ауыр ауру. Паразит ішек өткізгіштігін, дисбактериозды шақырады, В тобының витаминдерінің сіңуі бұзылады, ол ауыр анемияның дамуына әкеледі.

Диагностикасы: нәжісте жұмыртқа және пісіп жетілген бунақтарды табу.

Профилактикасы: Су қоймаларын нәжіспен ластанудан сақтау.

Тіршілік циклі сулы ортамен байланысты емес таспа құрттар.

Паразиттің бұл тобы адам да тек ащы ішекте жынысты жетілген түрінде мекендейді. Патогендік әсері «асты алу эффектісінде», интоксикациясында, ішек көбеюін басуда (дисбактериоз), ішекте витаминдердің сорылуы бұзылғанда айқындалады. Ішек қабырғасының механикалық тітіркенуі ішектің антиперситальтикалық қозғалысына, ішек айналуына және басқа да ішек өткізбеушілігіне алып келеді. Науқастарда арықтау, тәбеттің тез нашарлауы және ішек жұмысының бұзылуы байқалады.. Ішек цестоздарың диагнозы нәжістен ересек паразиттерді тапқанда қойылады. Бұл топтың түрлерінің жұмыртқалары өте ұқсас және жұмыртқаны тапқанда нақты диагноз қою мүмкін емес.

Жеке профилактикасы - етті термиялық өңдеу. Жалпы профилактикасы - тұрғындармен тазалық жұмысын және ет өнімдерін санитарлық бақылау жасау.

Өгез цепені Teanіarrhnchus sagіnatus - тениаринхоз қоздырғышы, ұзындығы 4-10 м. Басында 4 сорғышы бар. Гермофрадитті мүшелері квадрат пішінді, жұмыртқасы екі бөліктен тұрады. Ересек мүшелері жақсы созылған.Жұмыртқасы онкосфераны құрайды, тез бұзылатын, жіңішке жұқа қабықта орналасқан. Онкосферада 3 жұп ілмегі бар. Онкосфераның диаметрі 10мкм астам. Тениаринхоз тұрғындар тамаққа шикі немесе жеткілікті өңделмеген сиыр етін қолданғанда таралады. Өгіз цепеніне тән тіршілік циклі. Негізгі иесі тек қана адам,аралық иесі- ірі қара мал. Бұл түрдің ерекшелігі, адамның нәжісімен бунақтардың 5-6 топпен шығуы. Сиыр бұндай бунақтарды жұтқанда, паразиттің аралық иесі болады. Оның бұлшық етінде цистицерка деп аталатын финна түзіледі. Финнада сколекс орналасқан, сұйықтықпен толтырылған, көпіршік бар. Бұлшық етте финна ұзақ жылдар бойы өмір сүруін сақтауы мүмкін. Бұндай сиыр етін жегенде ас қазан сөлінің қышқыл ортасының әсерінен асқазанда басы алынып, ішектің қабырғасына бекиді және жаңа цепень дамиды.

Диагностикасы күрделі емес - нәжістен пісіп жетілген бунақтарды табу жолымен жүргізіледі. Жалпы профилактикасы -

жайлымдарды адам нәжісімен ластанудан қорғау.

Шошқа цепені Taena solіum - тениоз және цистицеркоз қоздырғышы. Алдыңғы паразиттерден бұл кішірек, ұзындығы 3 м. басында сорғыштардан басқа 22-32 ілмегі бар. Жұмыртқасының алдыңғы түрлердікінен айырмашылығы жоқ.

Шошқа цепеніне тән тіршілік циклі. Паразиттің соңғы иесі адам.Негізгі ерекшелігі болып бунақтардың артқы тесіктен біртіндеп өтуі есептелінеді. Кепкен кезде бунақтардың қабығы жарылып жұмыртқалар сыртқы ортаға таралады. Олардың таралуына шыбындар мен құстар қатысады.

Бұл гельминттің аралық иесі болып үй және жабайы шошқалардан басқа мысықтар, иттер және адам болуы мүмкін. Бұл жағдайда оларда да, шошқалардағы сияқты цистицеркоз дамиды. Адам шошқа цепенінің жұмыртқасын байқамай жұтуы мүмкін, бірақ жиі цистицеркоз тениаринхоз асқынуы сияқты әсер етуі мүмкін. Шошқа үшін инвазиялы кезең паразиттің жұмыртқасы болып табылады. Аралық иесінің ағзасына олар сыртқы ортадан түседі. Шошқаның асқазанында жұмыртқалар дамиды, онкосфера құрайды, кейін олар тамырларға өтіп қан мен бұлшық етке жетеді. Екі айдың ішінде фина - цистицерк дамиды. Бұл тез өлімге апаруы мүмкін.

Лабораториялық диагностикасы тениоздың нәжісінен пісіп жетілген бунақтарды, цистицеркозды рентгенологиялық зерттеулер және иммунологиялық реакциялар жолымен табуға негізделген.

Тениоздың жеке профилактикасы - шошқа етін термиялық өңдеу, цистицеркоздың жеке гигиенасын сақтау. Жалпы профилактикасы - шошқаларды жабық сақтау.

Адамды аралық иесі ретінде қолданатын таспа құрттар.

гельминттің бұл тобы адам да және шөп қоректі сүтқоректілерде финна стадиясында, бұлшық етті, бауырды, ми және жұлынды зақымдай мекендейді. Финналар адам ағзасында өте ұзақ тұруға бейімді. Олар үнемі өсіп отырады.және жыныссыз көбеюге бейімді. Финналар олармен инвазирленген ағзалардың тіршілік қабілетін жедел төмендетіп ларвальді (личинкалы) цестоздарды шақырады. Иесінің ағзасына паразиттің патагендік әсері оның орналасуының, өсу жылдамдығының диссимиляцияның токсикалық (улы) өнімдерінің бөлінуінің маңызы бар. Өкілдері: эхинококк, альвеококк.

Эхинококк бауырдың өкпенің және т.б мүшелердің зақымдануымен өтетін ең ауыр паразитарлы аурудың қоздырғышы дене ұзындығы -5мм 3-4 бунақтан тұрады.Жұмыртқасының пішіні мен мөлшері шошқа және өгіз цепенікіндей. Адамның эхинококкозы барлық географиялық және климаттық аймақтарда таралған. Эхинококкоздың өмір сүру циклі аралық иесі болып табылатын жыртқыш жануарлармен(шакалдар, иттер) байланысты. Ересек бунақтары белсенді қозғалуға негізделген, жұмыртқасы иесінің жүні арқылы сыртқы ортаға таралады. Оларды - шөп қоректі жануарлар жұтуы мүмкін - сиыр, қой, немесе адам, содан кейін аралық иесі болады. Эхинококктың финнасының диаметрі 20 см. Соңғы иесі аралық иесінің зақымданған мүшелерін жегенде жарақаттанады.

Жеке профилактикасы - иттерді ұстаған соң қолды жуу. Жалпы профилактикасы иттерді тексеру және дегельминтизация, оларды ауру жануарлар мүшелерімен тамақтандыруға болмайды.

Альвеококк - альвеококкоз қоздырғышы. Альвеококкоз - көп камералы эхиноккоз - ауыр созылмалы ауру, бауырдың біріншілік зақымдануымен және өкпеге метастаз болуымен өтетін ауру. Альвеококкоздың табиғи ошағы Сібірде, Орта Азияда, Урал да, Солтүстік Америкада, Орталық және Оңтүстік Европада таралған. Тіршілік циклі эхинококкозбен бірдей, бірақ соңғы иесі болып бұл паразиттің жабайы жыртқыштар - түлкі, қасқыр, сирек - иттер, аралық иесі - тышқан тәрізді кеміргіштер, кейде адам. Жеке профилактикасы - эхиникоккоз сияқты, жалпы профилактикасы өнеркәсіп жануарлардың терісін өндегенде гигиена ережелерін сақтау, сонымен қатар иттерді кеміргіштер етімен тамақтандыруға жол бермеу.

Барлық тіршілік циклін адамның ағзасында өткізетін, таспа құрт.

Кермек цепені гименолепидоз қоздырғышы. Бұл ұсақ гельминт ұзындығы 5 см.Жұмыртқасының мөлшері 40 мкм -ге дейін. Олар сопақша пішінді және түссіз.Гименолепидоз құрғақ және ыстық климатта кездеседі. Көбіне балалар зақымданады. Жұмыртқалары ұн кенесінің ас қорыту жүйесіне түсуі мүмкін,онда финозды кезең цистицеркоид дамиды. Дұрыс піспеген нанмен инвазиялы қоңызды жұтқан кезде, адам ішегінде цистерцеркоидтан үлкен паразит дамиды. Бірақ бұл құбылыс өте сирек болады. оған қарағанда жиірек жеке гигиена ережелерін сақтамаған жағдайда жұмыртқалар адам ағзасына түсіп, ішекте қабығы еріп онкосфералар шығады. Олар ішектің кірпікшелеріне еніп , бірнеше күннің ішінде цистицеркоидқа айналады. Содан кейін кірпікшелер ыдырап, цистоцеркоидтар ащы ішек қуысына түседі
Көрнекілік кұрал: макро- және микропрепараттар (кестелер, слайдтар)
Әдебиет:

Негізгі:

1. Әміреев С., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ.: Медициналық паразитология : Оқулық.-Алматы : Кітап, 2005.-442 б.

2.Дюсенбекова Баян Нестеровна М Медициналық паразитология Қарапайымдылар типі: оқу құралы ; КГМУ, 2009. – 37 б.

Қосымша:

1. Барышников Е.Н.: Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с. Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с.

2. Виноградов А.Б., Глумов С.Г., Афонина Т.Д.: Медицинская паразитология: Учебное пособие для медвузов .- Ростов н/Д: Феникс, 2006.- 290 с.

3. Пехов А.П. Биология: мед.биология, генетика и паразитология: Учебник/ А.П. Пехов. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2011. – 656 с.

4. Утибаева Р.А: Учение академика Е.Н.Павловского о природной очаговости болезней человека и животных: учеб.- метод. пособие.- Караганда: КГМА, 2007.-120с.

5. Шабалова Н.П. Ложь и правда о паразитах – М. Издательский дом Роса, 2009. 190 с.
Бақылау сұрақтары:
1.Жалпақ құрттар типіне сипаттама.

2.Сорғыштар класына жалпы сипаттама.

3.Бір аралық иесі бар ас қорыту жұйесінде мекендейтін сорғыштар.

4.Бір аралық иесі бар қан жүйесінде мекендейтін сорғыштар.

5.Екі аралық иесі бар сорғыштар.

6.Өкпеде мекендейтін сорғыштар.

7.Адамды соңғы иесі ретінде пайдаланатын таспа құрттар.

8.Адамды аралық иесі ретінде пайдаланатын таспа құрттар.

9.Адам ағзасында барлық тіршілік циклі өтетін таспа құрттар



Похожие:

Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница