I. кіріспе «бота» қорының миссиясы




Скачать 161.06 Kb.
НазваниеI. кіріспе «бота» қорының миссиясы
Дата конвертации01.12.2012
Размер161.06 Kb.
ТипДокументы
3
«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

АЛМАТЫ, АҚМОЛА ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ

КЕҰ-дар ҮШІН АШЫҚ ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Грант атауы «ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯСЫ»

I. КІРІСПЕ

«БОТА» қорының миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Қазіргі уақытта Қор үш бағдарлама бойынша жұмыс істейді:

Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жастарға Қазақстанның ЖОО-ры мен орта арнаулы оқу мекемелерінде жоғары және кәсіби техникалық білім алуларына көмектеседі.

Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасы (КАЖ) балалардың біліміне, денсаулығына, әл-ауқатына инвестицияны арттыру үшін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетеді. КАЖ бағдарламасы төрт облыста – Қызылорда, Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарында жүзеге асырылуда. 2011 жылдың желтоқсанына айтылған үш облыста аталмыш бағдарламамен бенефициар ретінде ерекше қажеттіліктері бар 3177 бала қамтылған.

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ) қызметі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастар мен балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған коммерциялық емес ұйымдарға (КЕҰ) грант бөледі.

Қор туралы толық ақпаратты қор сайтынан ала аласыздар: www.bota.kz
II. ГРАНТ БАЙҚАУЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Кіріспе:

Гранттың аталмыш түрі КАЖБ және ӘҚҚБ бірлескен қызметтері аясында ұсынылады және Әлеуметтік интеграция (ӘИ) бойынша Бағдарлама деп аталады. Бұл бағдарлама ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың жергілікті қоғамдастықтың өміріне әлеуметтік интеграциялануына ықпал жасауға және оларға әлеуметтік қызметтер көрсетілмейтін аудандарда көмек көрсетуге бағытталған. КАЖ бағдарламасының қосымша көмекке зәру мыңдаған бенефициарлары, ал ӘҚҚБ-ның болса ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға қолдау көрсететін КЕҰ-ды қолдау мен қаржыландырудың тиімді жүйесі бар болғандықтан, бұл грант түрін Қызылорда мен Ақмола облыстарында берілу керек деп шешілді.

КАЖ бағдарламасы жұмыс істейтін облыстарда тұратын 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар КАЖ бағдарламасы талаптарын орындап, ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында күтім көрсету (ҮжКК) бойынша тренингтерге келетін ата-аналарға немесе қамқоршыларға жәрдемақы беретін КАЖ бағдарламасының қатысушылары бола алады. КАЖ бағдарламасының еріктілері қолдау көрсету және тренинг өткізу үшін бенефициарлар мен ерекше балаларға қарайтын тұлғалардың үйіне барады. Себебі бұл тұлғаларға балаларын қысқа уақытқа болса да тастап кету қиын. 1-кестеде КАЖ бағдарламасы қамтыған барлық аудандар мен ондағы бенефициарлардың саны туралы ағымдағы статистикалық мәліметтер көрсетілген.

КАЖ бағдарламасы ҮжКК санатындағы 16 жасқа дейінгі бенефициарларға қолдау көрсететін болса, ӘИ бағдарламасы өз гранттары арқылы КАЖ бағдарламасы болып табылатын және болып табылмайтын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы мүмкіндігі шектеулі 24 жасқа дейінгі балалар мен жастарға қолдау көрсетеді.

Осы облыстарда КАЖ бағдарламасы бенефициарларына қызметтерді кеңейту, КАЖ бағдарламаларының әлеуетті бенефициарлардың қамтылуын көтеру және 24 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарды қамту үшін ӘҚҚБ және КАЖБ бірлесе отырып қоғамға ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың әлеуметтік интеграциясы бойынша осы грант түрін жергілікті КЕҰ-дың жобаларын қаржыландыру үшін ұсынады.

ӘИ жобасының мақсаты. Жобаның мақсаты – КАЖ бағдарламасының бенефициарларына және КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып табылмайтын 24 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балаларға тікелей әлеуметтік қызметтерді көрсету және ата-аналар мен қамқоршыларға ерекше қажеттілігі бар балаларының қоғамға әлеуметтік интеграциясын жақсартуға көмек көрсету.

Осындай жобалардың мақсаттары ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қоғамдастыққа әлеуметтік интеграциялануы бойынша шараларды өткізуге ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға, олардың ата-аналары мен қамқоршыларына әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталулары мүмкін. ӘИ бойынша екі грант түрі бар: ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау және ӘИ бойынша әлеуметтік қызметтер. «БОТА» қорының қолдауымен ӘИ бойынша гранттарды жүзеге асырған КЕҰ-дар ӘИ бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша грантқа сұраным бере алады. Өзге КЕҰ-дар сұранымды алдымен ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау грант түріне беріп, нәтижесінде дайындаған әрекет жоспарына байланысты сұранымды ӘИ бойынша әлеуметтік қызметтер грант түріне бере алады. Толығырақ төменде оқып, біле аласыздар:

Әлеуметтік итеграция бойынша әрекет жоспарын дайындау

а. Грант сомасы: 290 000 теңгеге дейін ($2,000)

b. Әрекет ету мерзімі: 2-3 ай

c. Бенефициарлардың мақсатты тобы:

i. КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып табылатын 16 жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар;

ii. қазіргі уақытта КАЖ бенефициарлары болып табылмайтын (бірақ КАЖ бағдарламасы талаптарына жауап беретін болса бола алатын) 24 жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастар.
d. грант қызметін сипаттау: осы грантқа ие болған КЕҰ КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып табылатын және табылмайтын (24 жасқа дейінгі) ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қажеттіліктерін анықтау керек, әлеуетті қажеттіліктерін анықтау, қоғамдастықты тарту және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдастықты жұмылдыруды қарастыратын бірлескен әрекет жоспарын дайындау. КЕҰ гранты мақұлданған жағдайда КЕҰ жоба жүзеге асатын ауданда тұратын КАЖ бенефициарларының тізімін алатын болады (16 жасқа дейінгі).

е. Сұраным бойынша ақпарат:

i. осы грант түрі бойынша өтетін байқауға ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға әлеуметтік қызметтер көрсету саласында кем дегенде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар ғана қатыса алады.

ii. «БОТА» қорының Ішкі іріктеу комитеті сұраным берушілердің сұранымын қарастырып, ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындауға грантты қаржыландыру мүмкіндіктері туралы шешім қабылдайды.

iii. егер ұйым ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау бойынша грант алатын болса, онда болашақта әрекет жоспары негізінде жобаны жүзеге асыру үшін одан да ірі қаржыландыруға сұраным жібере алады. Осы грант түрі бойынша ақырғы есеп дайындалған жобаны жүзеге асыру үшін бюджет көлемі 3 335 000 ($23,000) теңгеге дейін соманы құрайтын және жүзеге асыру уақыты 10 айдан 12 айға дейінгі кезеңді қамтитын Әрекет жоспары мен бюджеттен тұруы тиіс. Сыртқы іріктеу комитет қаржыландыру бойынша шешімді қабылдау үшін негізделген әрекет жоспары көрсетілген сұранымдарды қарастырады. Іріктеу комитеті жобаны мақұлдаған жағдайда, гранттық келісім ұзартылып, әрекет жоспары негізінде жаңа бюджет пен жұмыс жоспарымен толықтырылатын болады.

iv. жоба іріктеу комитетімен мақұлданбаған жағдайда, әрекет жоспары бойынша жүзеге асырылған грант жабылатын болады.

Жобалардың географиялық орналасуы: жобалар КАЖ бағдарламасының Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстары бойынша әрекет ету аудандарында КАЖ бенефициарларымен ынтымақтастықта жүзеге асуы тиіс.

Төменде ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік интеграциясын жақсарту бойынша грант бөлінетін КЕҰ-дар үшін КАЖ бағдарламасының әлеуетті аудандары мен ағымдағы бенефициарларының тізімі көрсетілген.

1-кесте




ОБЛЫС

АУДАН

КАЖ бенефициарларының саны

1

Ақмола

Ақкөл ауданы

37

2

Ақмола

Аршалы ауданы

16

3

Ақмола

Астрахан ауданы

21

4

Ақмола

Атбасар ауданы

116

5

Ақмола

Бұланды ауданы

100

6

Ақмола

Бурабай ауданы

148

7

Ақмола

Егіндікөл ауданы

17

8

Ақмола

Еңбекшілдер ауданы

54

9

Ақмола

Ерейментау ауданы

24

10

Ақмола

Есіл ауданы

24

11

Ақмола

Жақсын ауданы

65

12

Ақмола

Жарқайын ауданы

37

13

Ақмола

Зеренді ауданы

152

14

Ақмола

Көкшетау қаласы

35

15

Ақмола

Қорғалжын ауданы

14

16

Ақмола

Сандықтау ауданы

50

17

Ақмола

Целиноград ауданы

32

18

Ақмола

Шортанды ауданы

39







БАРЛЫҒЫ

981

19

Алматы

Ақсу ауданы

64

20

Алматы

Алакөл ауданы

102

21

Алматы

Балхаш ауданы

66

22

Алматы

Еңбекшіқазақ ауданы

176

23

Алматы

Ескелді ауданы

92

24

Алматы

Жамбыл ауданы

27

25

Алматы

Іле ауданы

32

26

Алматы

Қарасай ауданы

52

27

Алматы

Қаратал ауданы

54

28

Алматы

Кербұлақ ауданы

80

29

Алматы

Көксу ауданы

74

30

Алматы

Панфилов ауданы

88

31

Алматы

Райымбек ауданы

43

32

Алматы

Сарқанд ауданы

22

33

Алматы

Талғар ауданы

57

34

Алматы

Ұйғыр ауданы

47







БАРЛЫҒЫ

1076

35

Қызылорда

Арал ауданы

125

36

Қызылорда

Жалағаш ауданы

104

37

Қызылорда

Жаңакорған ауданы

174

38

Қызылорда

Қазалы ауданы

186

39

Қызылорда

Қармақшы ауданы

145

40

Қызылорда

Кызылорда Г.А.

83

41

Қызылорда

Сырдария ауданы

128

42

Қызылорда

Шиелі ауданы

175







БАРЛЫҒЫ

1120







БАРЛЫҒЫ

3177


Кестеде 2011 жылдың желтоқсан айының соңына бағдарламаға тартылған КАЖ бенефициарларының (0-16 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалар) саны көрсетілген. Бағдарламаға тарту процесі үнемі жүріп жатқандықтан, кестедегі бенефициарларлың саны КАЖ бағдарламасымен қамтылған қауымдастықтар мен кенттерге қатысты көбейеді.

Егер Сіздің КЕҰ-ңыз Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстарында әрекет етсе, және ұйымыңыз жобаны жүзеге асыра алатын аталмыш тізімге қандай аудандар қосылатындығы туралы білгіңіз келсе, онда келесі электрондық мекенжайға жазыңыз ssp@bota.kz немесе +7 (727) 264-12-69/70 телефоны арқылы «БОТА» қорына қоңырау шалыңыз.

Байқаудан сәтті өткен ұйымдарға ӘҚҚБ қаржылық және бағдарламалық есептеме бойынша семинар мен жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру және әрекет жоспарын дайындау бойынша тренинг өткізетініне назар аударыңыз.
III. КЕҰ-ды ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Байқауға қатысатын КЕҰ:


  1. Қазақстан Республикасында ресми тіркелген Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында орналасқан коммерциялық емес ұйым болуы керек;

  2. Грант алуға ниет білдірген ұйымның ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша кем дегенде 1 жыл жұмыс істеу тәжірибесінің болуы керек;

  3. Ұйым кеңсесі және/немесе жобалық топ Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстарында, әсіресе, жоба жүзеге асатын ауданда орналасқаны лазым.


БОТА қорына толтырылған сауалнамамен қоса берілуі тиіс құжаттардың тізімі:

  1. Толтырылған сұраным үлгісі – APD CSI.doc

  2. Толтырылған бюджет үлгісі – APD Budget.xls

  3. Коммерциялвқ емес ұйымды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды растаусыз)

  4. Жобалық топтың түйіндемелері

  5. Гранттарды басқару бойынша толтырылған сауалнама


Сұраным мақұлданған жағдайда келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. Салық комитетінен қарызы жоқ екенін растайтын анықтама

  2. Банктен нөлдік шоты бар банктік шотының бар екендігі туралы анықтама. Егер сізде БТА банкте шотыңыз бар болса, онда кез келген банкте есеп айырысу шотын ашу керек

  3. Жарғы көшірмесі (нотариалды растаусыз)

IV. СҰРАНЫМДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Бағалау салалары

Үлес салмағы, %

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастармен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы

20%

Жергілікті деңгейде қауымдастықпен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы

20%

Жобаның бенефициарлары мен қызығушылық білдірген тараптарды нақты сипаттау

20%

ӘИ бойынша әрекет жоспарын дайындау бойынша нақты анықталған жұмыс жоспары

20%

Жобаның негізделген және расталған бюджеті

20%


V. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ

«БОТА» қорының барлық қаражаты қабылданған жобалық сұранымда көрсетілген мақсатта пайдалануы және қабылданған бюджетке сәйкес болуы керек. Транштардың кестесін қоса, грантты берудің барлық шарттары «БОТА» қорымен қол қойылатын Грант Шартында келісілетін болады.
«БОТА» қоры келесі шаралар мен жоба бойынша шығыстарды қаржыландыратын болады (бюджетті дайындау бойынша нұсқаулықты қараңыз):

  • Қызметкерлер құрамының жалақысы

  • Кеңсе мен кеңсе жабдықтарын жалға алу

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажет жабдықтарды (жобаның жалпы бюджетінен 20% көп болмауы керек) жүзеге асыру үшін қажет материалдарды сатып алу

  • Жол шығыстары

  • Қолдау топтарын өткізу шығыстары

  • Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сатып алу


«БОТА» қоры келесі жалпы шығыстарға шек қояды:

• Әкімшілік шығыстар (жалға алу, комуналды шығыстар және т.б.) жоба бюджетінің жалпы сомасынан 15% аспауы керек.

Назар аударыңыз: «БОТА» қорының қаражаты жеке және саяси мақсаттар үшін пайдаланбауы тиіс.

«БОТА» қоры негізінен мекемелер мен инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселесіне, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарды қажет жабдықтар мен саймандарымен қамтамасыз етуге мүдделі тараптар мен қоғамдастықты тартатын жобаларды қаржыландыруға мүдделі.

VI. БАЙҚАУ КЕСТЕСІ

Грантқа сұранымдарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Сыртқы іріктеу комитетінің отырысы сұранымдардың келіп түсуіне сәйкес жүргізіледі. Байқауға сұраным берген ұйымдар Іріктеу комитетінің шешімі туралы Іріктеу комитетінің отырысы өткеннен кейін бір апта ішінде хабарланатын болады.

Жобалық сұранымдар «БОТА» қорына басып шығарылған немесе электронды түрде жіберілуі керек. Сұранымның электрондық нұсқасын CD дискке көшіріп, басып шығарылған үлгісімен бірге жіберу керек. Электрондық нұсқасын келесі электрондық мекенжайға жіберсе болады: ssp@bota.kz

Басып шығарылған көшірмені келесі мекенжайға жіберу керек:

"БОТА" Қоғамдық қоры

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ)

Достық даңғ. 160, 3-қаб, 309а-каб.,

050051, Алматы, Қазақстан
Барлық сұрақтар бойынша ӘҚҚБ-ның бағдарламалық маманы Жанар Жақсылықоваға +7 (727) 264 12 69/70 (і/н 403) телефоны, +7 (727) 264 36 14 факсі, zzhaksylykova@bota.kz электрондық поштаға немесе +7 701 955 8225 ұялы телефонына хабарласа аласыздар.

Похожие:

I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconӘлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының
«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconКолледжге түсу үшін «бота» қоғамдық қорының миссиясы
Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы нашар отбасылар мен жастарға көмек пен қолдау берудегі анықтық пен тиімділік деп білеміз
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconҮлкен Нарын ауылы «Аудандық жер қатынастары бөлімінің» миссиясы мен пайымдауы Миссиясы
Пайымдауы-Ауданның кәзіргі жер ресурстарына байланысты, жер қорының жағдайын көрсететін жердің сапалық және сандық жағдайын көтеру...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconКодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары
Басшылықтың үндеуі
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы icon«бота» ҚОҒамдық Қорының 2012-2013 ОҚу жылына арналған білім гранттары бағдарламасы
Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы төмен отбасылар мен жастарға мақсатты көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етудегі анықтық пен...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconКодекстің миссиясы 3 Біздің болжамымыз 3 Кіріспе 3
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc»
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы icon«бота» ҚҚ қаржы есебін дайындауға қойылатын талаптар Қаржы есептері «бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар»
«бота» ҚҚ-на «Төлемдер тізімі мен есеп бойынша талаптар» грант шартының №1 Қосымшасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қаржы есебін дайындау...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы icon1. Миссиясы және көрінісі Миссиясы
...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы iconНовопокров ауылдық округі әкімінің аппаратты
Миссиясы-“Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы- жергілікті деңгейінде өмір сапасын көтеруге...
I. кіріспе «бота» қорының миссиясы icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница