Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы




НазваниеМұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы
страница1/6
Дата конвертации01.12.2012
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Мұрағаттық анықтамалар беру

Мемлекеттік қызмет көрсету органдар

Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы

Р/с


Мұрағаттардың атауы

Мұрағаттардың мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ұлттық мұрағаты

Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12

8(7172) 24-14-78

2

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттiк мұрағаты

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39

8 (727) 267-14-62

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық ғылыми-техникалық құжаттама мемлекеттiк мұрағаты

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39

8 (727) 267-14-67

4

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар Орталық мемлекеттiк мұрағаты

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39

8 (727) 267-14-54

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мұрағаттарының кұжаттық материалдарын қалпына келтiру және шағынфото-көшiрмелеу Орталық зертханасы

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39

8 (727) 267-14-48

6

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39

8 (727) 267-14-72

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Археография және деректану Ұлттық орталығы

Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12

8 (7172) 24-06-61

8

Астана қаласының мемлекеттiк мұрағаты

Астана қаласы, Әуезов көшесi, 3

8(7172) 21-43-19




1

Жамбыл облысының мемлекеттiк мұрағаты

Тараз қаласы, Абай көшесi, 125а

8(726-2) 45-32-50

2

Жамбыл облыстық мемлекеттiк мұрағатының Қаратау филиалы

Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Тоқтаров көшесi, 9а

8(726-44) 6-13-65

3

Байзақ ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесi, 137

8(726-37) 2-17-59

4

Қордай ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Қордай ауылы, Домалақ ана көшесi, 209

8(726-36) 2-23-29

5

Мойынкұм ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Мойынкұм ауылы, Көшенов көшесi, 10

8(726-42) 2-41-75

6

Шу ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Шу қаласы, Абылайхан көшесi, 10

8(726-43) 2-16-63

7

Меркi ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Меркi ауылы, Исмаилов көшесi, 191

8(726-32) 2-13-72

8

Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Құлан ауылы, Жiбек жолы көшесi, 59

8(726-31) 2-23-75

9

Жуалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Б. Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы көшесi, 49

8(726-35) 2-17-74

10

Жамбыл ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Аса ауылы, Абай көшесi, 127

8(726-33) 2-14-70

11

Сарысу ауданының мемлекеттiк мұрағаты

Жамбыл облысы, Саудакент ауылы, Абдаров көшесi, 35

8(726-39) 2-13-44

12

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-18

Қажетті құжаттар тізбесі

Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мыналарды ұсынады:
      Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты);
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның (жеке қабылдау көзiнде) өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштi;
      2) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты);
      3) тұтынушының жеке басын куәландыратын немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi.
      Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде Орталық қызметкерi көшiрмелердi түпнұсқамен сәйкестiгiн тексерiп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады.
      Қажет болған жағдайда тұтынушы өтiнiшке (хатқа) тиiстi құжаттар мен материалдарды, не оның көшiрмелерiн қоса бередi.
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Мұрағаттық анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрi - стандарт) заңдық күшi бар және оның негiзiнде құжаттарды iздеу деректерiн көрсете отырып сұраныстың мәнi туралы құжаттық ақпаратты қамтитын мұрағаттың ресми құжаты - мұрағаттық анықтама беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет көрсету) тәртiбiн анықтайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы 5-тармағының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет тiзбесi осы стандарттың 1 және  2-қосымшаларындакөрсетiлген мемлекеттiк мұрағаттар (бұдан әрi - Мұрағат), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны мұрағаттық анықтаманы, мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн немесе үзiндiлерiн (бұдан әрi - мұрағаттық анықтама) беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      құжаттар Мұрағат кеңсесiнде тiркелген күнiнен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде;
      мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы, не осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде тұтынушыға хабарланады;
      едәуiр уақыт шығыны мен еңбектi қажет ететiн генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтау жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы құжаттар тiркелген күнiнен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде тұтынушыға хабарланады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу көзiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      Мүрағатқа Орталық құжаттарды жiберген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде;
      мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу көзiнде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы мұрағаттық анықтама беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтi тек Мұрағаттар ғана көрсетедi.
      8. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты айқындауды тапсырыс бойынша жүргiзудi және мұрағат құжаттарын кешiрiп алуды қоспағанда мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады.
      Бұл жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған шарт жасалады, онда орындалған жұмыс үшiн ақы төлеу тәртiбi келiсiледi. Қызмет көрсетуге ақы төлеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген баға прейскурантында белгiленген есептеулерге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және одан түскен қаржыны пайдалану ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
      Төлем Қазақстан Республикасының банктерi арқылы жүргiзiледi, оған төлем мөлшерi мен күнiн растайтын түбiртек берiледi.
      9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен оған қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкiмет порталында: www.е.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiқ интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерiнде, тiзбесi осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы ақпараттық тақталар мен стендiлерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      сенбi мен жексенбiнi қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейiн үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 9-00-ден 19-00-ге дейiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету шарттары көзделген, сондай-ақ қажеттi құжаттардың тiзбесi бар стендтермен жарақтандырылған үй-жайлары бар Мұрағат ғимаратында көрсетiледi.
      Мұрағат үй-жайында құқықтық тәртiптi сақтау үшiн тәулiк бойына күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар.
      Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, мұнда дене мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мыналарды ұсынады:
      Мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты);
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның (жеке қабылдау көзiнде) өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштi;
      2) расталуы қажет мәлiметтер көрсетiлген өтiнiштi (хатты);
      3) тұтынушының жеке басын куәландыратын немесе сенiм бiлдiрiлген тұлғаның өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi.
      Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде Орталық қызметкерi көшiрмелердi түпнұсқамен сәйкестiгiн тексерiп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады.
      Қажет болған жағдайда тұтынушы өтiнiшке (хатқа) тиiстi құжаттар мен материалдарды, не оның көшiрмелерiн қоса бередi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердi толтыру талап етiлмейдi, өтiнiштер еркiн нысан бойынша қабылданады.
      Орталықта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi Мұрағат арқылы алу үшiн осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген Мұрағаттарға тапсырылады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары, орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi және лауазымы көрсетiледi.
      Орталық инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiне құжаттардың толықтығын тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және Мұрағатқа жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге Мұрағатқа осы өтiнiштердi қабылдаған күнi арнайы байланыс арқылы кемiнде екi мәрте жеткiзiп отырады.
      Мұрағат құжаттарды алған соң осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексередi, түскен құжаттарды жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын тiркеу кiтабына (журналына) тiркейдi.
      Орындалған (дайын) құжаттар Мұрағаттан Орталыққа тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң аяғына дейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей келiп түседi.
      15. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алғанын Мұрағаттың осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, қызмет алуға ұсынылған құжаттарды тiркеу кiтабына (журналына) тiркеуi растайды.
      Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
      1) сұраудың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Мұрағат қызметкерi мұрағаттық анықтаманы тұтынушыға (сенiмдi тұлғаға) жеке өзi келгенде бередi, не пошта арқылы немесе Орталыққа жiбередi.
      Тұтынушыға дайын құжаттарды беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Мұрағаттарда жүргiзiледi.
      Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушының осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұруға негiз болып табылады.
      Сұрауды орындау үшiн қажеттi мәлiметтердiң болмауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.
      Мұрағаттар құжаттарды ресiмдеу көзiнде жiберiлген қателiктер анықталғанда, не осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған кезде құжаттар пакетiн қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қайтару (бас тарту) себептерiн жазбаша негiздей отырып тұтынушыға немесе Орталыққа қайтарады.
      Орталық құжаттар пакетiн қабылдаған соң тұтынушыға бiр жұмыс күнi iшiнде хабарлайды және Мұрағаттың қайтару (бас тарту) себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Егер тұтынушы құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды Орталық мұрағатына тапсырады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Р мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету – қол қойған адамның қолының түпнұсқалылығын...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) қорғаншылық...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы iconРегламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен және мемлекеттік мұрағаттармен (бұдан әрі жао),...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер
Осы стандарт азаматтардың жұмыссыздар ретінде тіркелгеніне анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі- мемлекеттік...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі – Мұрағат),...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті
Осы «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы iconХалыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық...
Мұрағаттық анықтамалар беру Мемлекеттік қызмет көрсету органдар Мемлекеттiк мұрағаттардың мекенжайы icon«Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мұрағаттық анықтама – заңдық күші бар және оның негізінде құжатты іздеудің деректерін көрсете отырып сұратудың пәні туралы құжаттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница