Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы




Скачать 484.88 Kb.
НазваниеАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница1/2
Дата конвертации01.12.2012
Размер484.88 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 тамыз № 368-372 (26766); "Казахстанская правда" от 13.08.2011 г., № 258-259 (26679-26680); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 36, 430-құжат




       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджетi кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын; ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрлерi 133 және 135-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 136-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      мынадай мазмұндағы 136-1 жолмен толықтырылсын:
      «136-1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып, (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру»;
      2-бағанда:
      реттiк нөмiрi 139-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»;
      реттiк нөмiрi 142-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»;
      реттiк нөмiрi 143-жолдың 6-бағанындағы «Облыстық және» деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi                           К. Мәсiмов


Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 29 сәуiрдегi
N 464 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - ЖАО) бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi - ветдәрiгер) ұсынады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 1-тармағының 16) тармақшасының, 2-тармағының 20) тармақшасының, 10-1-бабының 12) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының
      2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО үй-жайларында iлiнген стендтерде орналасқан.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзiндi беру) мерзiмi, жануарға жеке нөмiр берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн iшiнде;
      2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесi жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтiнiш берген күнiнен бастап - 10 (он) жұмыс күн iшiнде;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiн беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша анықталған бланктiң құнын төлейдi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). ЖАО ғимаратына физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

      11. Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжатты бередi. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болуы қажет.
      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;
      2) жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса бередi.
      12. Өтiнiш осы Стандарттың 11-тармағының ережелерiн ескере отырып, еркiн нысанда толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне жүгiнедi.
      Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне өтiнiш жасайда.
      14. Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезiнде, тұтынушыға қажеттi құжаттар өткiзгенiн растайтын құжат қажет емес.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн жүгiнген кезде, тұтынушының өтiнiшi тiркеу журналына тiркелiп, мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға күнi мен уақыты, мерзiмi және орны көрсетiлген талон берiледi.
      15. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) жануар иесiнiң жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға, жануардың берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн ЖАО бөлiмшесiнiң лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) қарапайымдылықты таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi жұмыс нәтижелерi осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн ЖАО бөлiмшесiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. ЖАО ветдәрiгерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша ЖАО кеңсесiнiң лауазымды адамы жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым ЖАО әкiмiнiң атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-га дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым ЖАО бөлiмшесi бастығының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      23. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен - болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол ЖАО кеңсесiнде қабылданады.
      24. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның каралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша ЖАО кеңсесiнде ала алады.

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша                 

№ р/с

Аудан (облыстық маңыздағы қалалардың) әкiмдiктерiнiң атаулары

Мекен жайы

Байланыс деректерi

1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

1.

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 83.

тел. 8(7162) 25-79-22, 25-70-93 E-mail: economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

2.

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Көкшетау қ., М. Әуезов к., 141.

тел. 8 (7162) 25-28-45, E-mail: akymat_kokshetau@mail.ru

3.

«Степногорск қаласы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Степногорск қ., 4 ш.а., 1 үй.

тел. 8 (716245) 6-14-25, E-mail: stepokol@mail.ru

4.

«Ақкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Нурмағамбетов к., 94.

тел. 8(71638) 2-02-82, Е- mail: akkol_orgotdel@mail.ru

5.

«Аршалы ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы к., Тәшенов к., 47.

тел. 8(71644) 2-11-68, Е-mail: archal_ak@inbox.ru

6.

«Астрахан ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., Әл Фараби к., 50.

тел. 8(71641) 2-21-33, Е-mail: astr_zm@mail.ru

7.

«Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қ, Уәлиханов к., 9.

тел. 8(71643)2-43-43, E-mail: atbasar_oko@mail.ru

8.

«Бұланды ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ., Некрасов к., 19.

тел. 8(71646) 2-12-92, Е-mail: bulakimat@mail.ru

9.

«Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., Абылайхан к., 32.

тел. 8(71636) 4-33-54, Е-mail: lieve@kokshetau.online.kz

10.

«Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл а., Жеңiс к., 6.

тел. 8(71642) 2-14-33, Е-mail: egin_akm@mail.ru

11.

«Еңбекшiлдер ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қ., Бiржан Сал к., 23.

тел. 8(71639) 2-15-41, Е-mail: enbek21@rambler.ru

12.

«Ерейментау ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қ., Құнанбаев к., 121.

тел. 8(71633) 2-13-33, Е- mail: orgotd_erem@mail.ru

13.

«Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Есiл ауданы, Есiл қ., Қонаев к., 6.

тел. 8(71647) 2-14-47, Е-mail: esil_org@mail.kz

14.

«Жақсы ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы а., Достық к., 3.

тел. 8(71635)2-15-61, Е-mail: jaksakimat@mail.ru

15.

«Жаркайың ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қ., Ленин к., 34.

тел. 8 (71648) 9-10-01, Е-mail: akm-jarkain@mail.kz;

16.

«Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Зерендi а., Бейбiтшiлiк к., 67.

тел. 8(71632) 2-12-70, E-mail: akim_zer@kokshetau.online.kz

17.

«Қорғалжын ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а., Болғанбаев к., 9.

тел. 8 (71637) 2 13-66, Е-mail: korgakim@mail.kz

18.

«Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балқашино а., Абылайхан к., 117.

тел. 8(71640) 9-17-42, Е-mail: sand_akimat@mail.kz

19.

«Целиноград ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол а., Гагарин к., 14.

тел. 8(71651) 3-11-02, Е-mail: apparat@mail.kz

20.

«Шортанды ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды а., Абылайхан к., 20.

тел. 8(71631) 2-12-13, Е-mail: shortakim@mail.ru

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

1.

«Алматы облысы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Талдықорған қ., Тәуелсiздiк к., 38.

тел. 8 (7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43; E-mail: obl_dsh@ialmaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

2.

«Ақсу ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгiров к., Желтоқсан к., 5.

тел/ факс: 8 (72832) 2-17-52, 2-15-51

3.

«Алакөл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қонаев к., 74.

тел/факс: 8 (72833) 2-27-71, 2-12-82

4.

«Балқаш ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас а., Қонаев к., 68.

тел/факс: 8 (72773) 9-11-40, 9-53-98

5.

«Еңбекшiқазақ ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматинская область, Еңбекшiқазақ ауданы, Есiк қ., Жамбыл д-лы, 21а.

тел/факс: 8 (72775) 4-15-66, 4-04-36

6.

«Ескелдi ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Ескелдi ауданы, Қарабұлақ к., Оразбеков к., 67.

тел/факс: 8 (72836) 3-01-90, 3-23-74

7.

«Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш а., Абай к., 56.

тел/факс: 8 (72770) 2-25-37, 2-07-92

8.

«Iле ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген Батыр к., Батталханов к., 8.

тел/факс: 8 (72752) 2-18-72, 2-48-49

9.

«Қарасай ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Адматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылайхан к., 213.

тел/факс: 8 (72771) 2-39-99, 2-29-07

10.

«Қаратал ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қ. Д. Қонаев к., 9.

тел/факс: 8 (72834) 2-21-95, 3-13-43

11.

«Кербұлақ ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек к., Б. Момышұлы к., 10.

тел/факс: 8 (72840) 3-14-41, 3-12-24

12.

«Көксу ауданы әкiмiнiң аппараты» MM

Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би к., Мырзабеков к., 40.

тел/факс: 8 (72838) 2-02-57, 2-06-57

13.

«Панфилов ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қ., Н. Головацкий к., 129.

тел/факс: 8 (72831) 5-13-65, 5-38-78

14.

«Райымбек ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген а., Б. Момышұлы к., 9.

тел/факс: 8 (72777) 2-17-23, 2-12-80

15.

«Сарқан ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қ., Тәуелсiздiк к., 111.

тел/факс: 8 (72839) 2-10-80, 2-33-74

16.

«Талғар ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Қонаев, 65.

тел/факс: 8 (72774) 2-01-84, 2-30-20

17.

«Ұйғыр ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы а., Раджибаев к., 73.

тел/факс: 8 (72778) 2-11-52, 2-10-59

18.

«Қапшағай ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Алматы облысы, Қапшағай ауданы, Қапшағай қ., Жамбыл к., 13.

тел/факс: 8 (72772) 4-11-74, 4-18-83

19.

«Талдықорған қаласы әкiмiнiң аппараты» MM

Алматы облысы, Талдықорған к., Абай к., 256.

тел/факс: 8 (7282) 27-02-39, 27-22-84, 27-20-00

3. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

1.

«Атырау облысы әкiмiнiң аппараты» ММ

Атырау облысы, Атырау қ., Әйтеке би к., 77.

тел. 8 (7122) 32-54-58; факс 35-45-91; E-mail: atirauagro@mail.ru

2.

«Жылыой ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қ., Махамбет д-лы., 20.

тел. 8 (71237) 5-11-55, 5-12-42, факс 5-11-55, 5-15-09 E-mail: О_gulnaz@inbox.ru

3.

«Индер ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор к., Қонаев к., 14.

тел. 8(71234) 2-11-92, 2-12-43, факс: 2-10-93,2-12-74 E-mail: akimat.inder@mail.ru

4.

«Исатай ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау а., Егемен Қазақстан к., 12.

тел. 8(71231) 2-03-48, факс: 2-02-94, 2-03-52 E-mail: Isatai_raiakimat@mail. ru
  1   2

Похожие:

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница