Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы




Скачать 231.17 Kb.
НазваниеОблыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации01.12.2012
Размер231.17 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 наурыздағы N 242 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2011 жылғы 10 наурыздағы
N 242 қаулысымен    
бекiтiлген      

Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы (бұдан әрi – Қағида) мал шаруашылығындағы асылдандыру iсi бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрi – республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай-ақ тауар өндiрушiлердегi ауыл шаруашылығы малының өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2011 жылға арналған республикалық бюджетте
083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Бюджеттiк субсидиялар:
      1) тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан, өз төлiнен өсiрiлетiн шаруашылықтардан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң, сондай-ақ, iрi қара малдың импортталған асыл тұқымды төлiнiң (индекстiк жүйе бойынша бағаланған және таза тұқымды көбейтуге немесе туыстық топтарды шағылыстыруға арналған қашарлар мен құнажындар, өсiмiн молайту мақсатында пайдалануға арналған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар), оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алынған асыл тұқымды төлдiң (бұдан әрi – импорттық асыл тұқымды төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
      2) тауар өндiрушiлер дистрибютерлiк және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
      3) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар (бұдан әрi – балапандар) мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
      4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;
      5) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу, ұрығын алу, сақтау, олардың ұрығын ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрi – бағалау) үшiн пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың шығындарын толық өтеуге;
      6) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құсты сатып алу және күтiп-бағу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
      7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтiп-бағу және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.
      3. Тауар өндiрушiлер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшiн осы Қағидаға 1-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес келуi тиiс.
      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнiмi;
      2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан (ата-тектiк және ата-енелiк желiдегi балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа;
      3) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған импорттық асыл тұқымды мал;
      4) импорттық асыл тұқымды малдың бiрiншi ұрпағынан алынған және өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған асыл тұқымды қашарлар.
      5. Сатып алынатын асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбiр түрiне бюджеттiк субсидиялар нормативi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      6. Еттi бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндiрушiлерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалар ұрығын сату бағасы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бекiтiледi.
      7. Асыл тұқымды өнiм (материал) түрлерi бойынша облыстар бөлiнiсiнде бюджеттiк субсидиялардың көлемi, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа еттi бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудiң жылдық сметасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) келiсiмi бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай құжаттар бекiтiледi:
      1) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының үлгiлiк нысаны (лизинг шартын қоспағанда);
      2) сатып алынған асыл тұқымды өнiмге (материалға) субсидия алуға өтiнiм нысаны;
      3) сиыр мен қашарларды ұрықтандыру актiсiнiң нысаны;
      4) асыл тұқымды өнiм сатып алу мен асыл тұқымды материалды қолдану және облыс бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт нысаны;
      5) облыс бойынша бюджеттiк қаражатты игеру жөнiндегi есеп нысаны (ақпарат);
      6) облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу көлемi жөнiндегi тоқсандық есеп нысаны (ақпарат);
      9. Министрлiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударады.

2. Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi

      10. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 1 қарашадан кеш емес мерзiмде аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан ата-тектiк және ата-енелiк нысаннан құралған балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алудың      жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте отандық тауарлы құс фабрикалары өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiседi.
      11. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi және олар сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттiк субсидиялар алушылардың жиынтық тiзiмiн жасайды және оны аудан әкiмiне бекiтуге жiбередi, ал өтiнiмдер белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтiнiмдердi қабылдамаудың негiздi себептерiн көрсете отырып, оларды тауар өндiрушiлерге керi қайтарады.
      Бөлiм жиынтық тiзiмдi бекiткеннен кейiн, оны тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша орынбасары төрағалық ететiн облыстық комиссияның (бұдан әрi – Комиссия) қарауына жiбередi. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрлiктiң АӨК-дегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
      11. Комиссия:
      1) үш жұмыс күнi iшiнде Бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарайды;
      2) өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бюджеттiк субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнiм (материал) сатып алуға жылдық квоталар алуға, тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар нормативтерi негiзiнде бюджеттiк субсидиялар көлемiн облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.
      13. Тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерi облысқа жеткiзiлген бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, Комиссия тауар өндiрушiлердiң iрi қара малдың асыл тұқымды төлiн алуға өтiнiмдерiн басым тәртiппен қанағаттандырады.
      14. Облыс әкiмi Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тiзiмiн бекiтедi. Басқарма облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) субсидияланатын көлемiне арналған квоталарды көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тiзiмiн бiр-бiр данадан Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге жолдайды.
      15. Тауар өндiрушiлер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ
2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) асыл тұқымды төлдi, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезiнде:
      сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
      төлем құжаттарының көшiрмелерi – кiрiс-кассалық ордерi, банктiң төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрi – төлем құжаттары);
      төлдi, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны кiрiске алу актiсi;
      сатып алынған малдар мен балапандардың (асыл тұқымды жұмыртқадан басқа) асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелгенiн растайын құжатты.
      2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезiнде:
      сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
      төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
      ұрыққа арналған асыл тұқымдық куәлiк көшiрмесi;
      ұрықты пайдалану актiсiн;
      3) импорттық асыл тұқымды төл сатып алу кезiнде:
      сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
      төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
      Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды куәлiктiң (сертификаттың) көшiрмесi және түпнұсқасы. (Бұл ретте, асыл тұқымды куәлiктiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексергеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);
      ветеринариялық куәлiктiң (сертификаттың) көшiрмесiн;
      импорттық асыл тұқымды төлдi кiрiске алу актiсiн;
      сатып алынған асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты.
      Импорттық асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қосымша:
      лизинг шартының көшiрмесi;
      лизинг бойынша негiзгi қарызын өтеу кестесiнiң көшiрмесi;
      лизингтiң негiзгi қарыздары бойынша өтеу кестесiне сәйкес қаражат төлегенiн растайтын, төлем құжаттарының көшiрмелерi ұсынылады.
      Тауар өндiрушiлерге лизинг шарты негiзiнде сатып алынған импорттық асыл тұқымды төл үшiн субсидия төлеу, тек лизинг бойынша негiзгi қарызының нақты өтелген көлемiне, белгiленген субсидиялау нормативi шегiнде жүргiзiледi.
      16. Асыл тұқымды өнiм (материал) құнының кемiнде 50 %-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте тауар өндiрушiлер Бөлiмге:
      сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
      iшiнара төленгенiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
      асыл тұқымды өнiмдi (материалды) кiрiске алу актiлерiн;
      сатып алынған малдардың (асыл тұқымды жұмыртқадан басқа) асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады.
      Қалған сомаға төлем құжаттарының көшiрмелерiн, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру немесе пайдалану актiлерiн тауар өндiрушiлер құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидиялар алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей Бөлiмге ұсынады.
      17. Бөлiм ай сайын, құжаттардың түсуiне қарай үш жұмыс күнiнiң iшiнде, бiрақ 2011 жылғы 24 желтоқсаннан кешiктiрмей ұсынылған құжаттарды тексередi. Олар белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды төлдiң, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекiтедi, және төлем құжаттарының көшiрмелерiн қоса берiп, Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлiм екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қайтару себептерiн көрсетiп, оларды тауар өндiрушiлерге қайтарады.
      18. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнiнiң iшiнде, бiрақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей қарайды және олар белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдiң, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекiтедi. Оларда көрсетiлген бюджеттiк субсидиялардың көлемi мен нормативтерi негiзiнде белгiленген квоталар шегiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндiрушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне 2 дана ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      Ұсынылған құжаттар белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей оларды керi қайтару себептерiн көрсете отырып, Бөлiмге пысықтауға қайтарады.
      19. Асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн республикалық малды асылдандырушы орталық мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2011 жылғы
26 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша асыл тұқымды бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шарттарды бiр-бiр данада Басқармаға ұсынады.
      Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың банктiк шотына аударады. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Басқармаға төлем құжаттары мен кiрiске алу актiсiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
      20. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалған шығындарды толық өтеу үшiн шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бiрақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
      21. Балапандарды сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей Басқармаға Балапандарды сатып алуға арналған шарттарды бiр-бiр данада ұсынады.
      Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктiк шотына аударады.
      Еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық балапандарды сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Басқармаға төлем құжаттары мен кiрiске алу актiсiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
      22. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн еттi құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бiрақ 2011 жылғы
26 желтоқсаннан кешiктiрмей Басқармаға шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктiк шотына аударады.
      23. Асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бiрақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей, Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының банктiк шотына аударады.
      24. Басқарма осы Қағиданың 19, 20, 21, 22, 23-тармақтарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне екi данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тiзiлiмiн ұсынады.
      25. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
      26. Басқарма ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке орындалған жұмыстардың көлемi, құны және тиiмдiлiгi, төленген бюджеттiк субсидиялардың көлемi туралы есеп бередi.

Облыстық бюджеттердiң асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берiлетiн ағымдағы нысаналы   
трансферттердi пайдалану қағидасына
1-қосымша              
  1   2   3

Похожие:

Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы icon5 шешімі 2011 жылдың 15 маусымы 2011 жылға арналған асыл
Республикасы Үкіметінің «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды субсидиялау жөніндегі құжаттар нысандарын бекіту туралы
«Облыстық бюджеттердге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №63 Қаулысы
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын
Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 27 наурыздағы №121-122 (27195); 2012 жылғы 29 наурыздағы №124 (27197)"Казахстанская правда" от 27. 03....
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница