Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің?




Скачать 49.62 Kb.
НазваниеІзгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің?
Дата конвертации01.12.2012
Размер49.62 Kb.
ТипДокументы
Қостанай облысы

Лисаков қаласы

«№3 орта мектебі» ММ

Мектеп басшысы Шалдыбаева С.Қ.
Рухани –адамгершілік білім беру – ізгілікке бастар жол

Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің?

Мінез –құлық, ісі қандай өзінің?

Ізгіліктің нышаны

Халық үшін қайтпай құрақ ұшады? деп ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұни жырлағандай, ізгілікке бастар жол іздеп, әр білім ордасы өзінің оқу –тәрбие жұмыс жүйесін құрастырып, жүзеге асыруда. Бірақ сонда да, бүкіл әлемге, әлеуметтік тұрмысқа, әр адамға өзінің өмір сүру мен даму діңгегінен ауытқып кету қасиеті тән. Оның себептерінің астарында адамның қоршаған ортамен, әлеуметпен және өзімен байланысы, ықпалдастығы жатады. «Адам» деген ардақты атты аяқтыға алдырмай, қанаттыға қақтырмай жоғары ұстауға бағыттап, тәлім-тәрбие беріп отырған білім ошақтарында баланың ішкі дүниесі мен болмысын үйлесімді етіп қалыптастыруға бағытталған, өзіндік ерекше мәні, мазмұны бар «Өзін -өзі тану» бағдарламасы бүгінгі күні білі м беру жүйесіндегі оқу –тәрбие жұмысын ізгілендіруі сөзсіз. Сонымен қатар, білім берудегі өркениеттік деңгейді, яғни адамдардың жоғарғы идеалдарға және адамгершілік құндылықтарға сенімділігін қайтаруда, көздеген мақсаттарына қол жеткізу жолдарын айқындау үшін олардың өзіне, өз күшіне сенуіне көмектесу міндеттерін шешуде, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуда, үйлесімді адамды тәрбиелеуде осы бағдарламаның атқарып жатқан маңызы зор.

Біздің мектебімізде «Өзін -өзі тану» эксперименттік бағдарламасы бойынша тәжірибелік алаң 2004 жылы бастауыш сынып мұғалімдері Ердавлетова А.М., Акишева Ш.Б. бастамаларымен енгізілген болатын. Осы тәжірибелік алаңның алғашқы қарлығаштары қазір 7-ші сыныпта оқиды. Ортаңғы буында бұл экспериментті жалғастырып жүрген мектеп жантанушысы Бирмуканова А.М. Тәжірибелік алаңдағы балалардың жалпы саны -139.

«Өзін -өзі тану» эксперименттік бағдарламасының аясын кеңейту, тереңдету, оқу –тәрбие жұмысына толық енгізу мақсатында мектепте директордың ОЖ бойынша орынбасары С.М. Жолдыбаева жетекшілік ететін «Жүректен жүрекке» шығармашылық тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалды.

Жоспар бойынша бүгінгі күнде мұғалімдермен жүргізілген жұмыстар:

  • «Өзін -өзі тану» бағдарламасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен таныстыру, мақсат, міндеттерін айқындау, әдістемелік көмек көрсету;



  • Оқу –тәрбие үрдісіне, басқа пәндерге енгізу;

  • «Өзін -өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы кездескен қиыншылықтарды анықтау және шешу жұмыстарын жоспарлау;

  • Қалалық білім бөлімінің оқу -әдістемелік бөлімімен байланыс;

  • Қостанай облысындағы эксперимент алаңдарымен тәжірибе алмасу;

  • Курстан өткен мұғалімдердің іс –тәжірибесін ортаға салу;

  • «Өзін -өзі тану» сабақтарына, іс шараларға қатысу;

  • Арнайы курстардан өткізуді жоспарлау;

  • Дөңгелек үстел, семинарлар өткізу т.б.

  • «Өзін -өзі тану» апталығын өткізу;

  • Әдістемелік оқу-құралдарын лицензиялау;

  • БАҚ байланыс жасау;

  • Оқушылардың рухани- адамгершілік білімділіктерін анықтау мақсатында мониторингтер жүргізу;

  • Мектеп жантанушысымен байланыс жұмысын ұйымдастыру.

Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар:

  • «Өзін -өзі тану» бағдарламасымен таныстыру, тәрбиелеу үрдісіндегі маңыздылығын айқындау;

  • Сабақтарға, іс шараларға қатыстыру;

  • Бірлескен ойын –сауық кештерін, жиналыстарын ұйымдастыру;

  • Мектептің тәрбие жұмысындағы 8 бағыттың «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен байланысын жүзеге асыру; әр бағытта осы бағдарламаның жұмыс алаңын анықтадық.

Мысалы, кешенді бағдарламалар аясында «Менің денсаулығым –менің болашағым», «Халық дәстүрі –асыл қазына», «Алынбайтын асу жоқ », «Жанашырлық жанға қуат»; «Талаптыға нұр жауар» - дарынды балалар слеті, «Ынтымақ түбі -береке» отбасы онкүндігі, «Елім деп соғар жүрегім» атты әскери –спорттық ойын спартакиадасы және «Жасампаздық жемісі» атты қорытынды концерттік бағдарлама.

Оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

  • «Өзін -өзі тану» пәнімен,оның неге тәрбиелейтіні, басқа пәндерден еркешелілігі туралы айтып түсіндіру;

  • Мектеп жантанушысымен тренингтер, сауалнамалар жүргізу;

  • Оқушылардың сабақты қабылдауы, қиыншылықтар туындаған жағдайды анықтау мақсатында жүргізілетін мониторингтер;

  • Оқушылар мен ата-аналардың сабақта бірігіп жұмыс істеуін ұйымдасыру;

  • Үй тапсырмаларын отбасымен бірге оқып, талқылау;

Осы уақыт аралығында «Өзін -өзі тану» бағдарламасы балаларымызға не берді?

  • өзіне, өз мүмкіндігіне, күшіне сендірді, өзін-өзі жігерлендірді.



  • өз ісіне баға бере алуы, жақсы мен жаманды ажыратып, жағымды қасиеттерді жетілдіруіне, жағымсыздан арылуға, яғни өзін-өзі тәрбиелей алуына мүмкіндік берді;

  • өзін -өзі тұлға ретінде санауы, қоршаған ортаға өз көзқарасын ұстануы, ішкі еркіндікті сезінуі, өзін-өзі анықтай алу қабілеттері дамиды;

  • өз ісін мақсатты жоспарлауға, өз мүмкіндігін дамытуға, жетілдіріуге, өзін-өзі дамытуына жол берді;

  • «Мен» деген тұлғалық қасиетін одан әрі дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәні мен мағынасын ұғынуға, баланың өзін -өзі тануына ықпал жасайды;

  • өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін, қасиеттерін, қабілеттерін, ортадағы орнын саналы түрде дамытуға, өзін-өзі іске асыра алуына мүмкіндік берді.

Дәлірек айтсақ, мектептегі осы эксперимент аясындағы алғашқы қарлығаштарымыз білімдік және тәрбие іс шараларындағы жеткен жетістіктері жетерлік. Бұл оқушылар «Ерасыл» вокалдық тобы, «Алатау» хоры, «Гүлдер-ай» би ансамблі құрамында, халықаралық интеллектуалдық ойындардың, пән олимпиадаларының, Абай, Шоқан, Мұқағали оқуларының жүлдегерлері, сонымен қатар спорттық іс шаралардан да жүлделі орындары бар, яғни жан –жақты даму үстінде.

«Өзін -өзі тану» эксперименттік бағдарламасынан күтілетін нәтижелерге сәйкес мектептің оқу-тәрбие жұмыс жоспарының тақырыбы «Бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу» болып алынып, жеке тұлғаның негізгі қасиеттеріне, «Өзін -өзі тану» пәнінің ҚР жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектептің түлек моделі жасалды, яғни «Өзін өзі тану» бағдарламасы болашақ түлегімізді өзіне, өзгелерге, әлемге және жалпы адамзатқа деген көзқарасын ізгілік жолымен тәрбиелеп шығаруы сөзсіз.

Біздің балаларымыз кім болары бізге белгісіз. Олар өз өмірін өзі таңдайды, бірақ «Өзін -өзі тану» эксперименттік бағдарламасы нәтижесінде мейірімді, төзімді, елжанды болатын түлектеріміз, қоғамға өз үлестерін қосып, адамгершілік қаруымен қаруланған, өзгелердің қайғы- қуанышына ортақтасып, қысылғана қол ұшын беріп, өмірдегі ең асыл игілікті істерді күнделікті тұрмысқа енгізудің үлгісін көрсетушісі бола алатынына сенімдіміз.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Похожие:

Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconКөз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?
Көру жітілігі од – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм с б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconҚандай антибиотик бетта-лактамды антибиотиктерге жатады?
Бұл науқаста эмпирикалық антибактериалдық терапияны жүргізуге арналған едәуір ұтымды дәрілік зат қандай?
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconФилология ғылымдарының кандидаты
Осы жолда ғасырлар бойы күресті, шайқасты, жан алысып, жан беріскен кезеңдерді бастан кешті. Қандай қиындық, қайғы-қасырет көрсе...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ
Көру жітілігі од – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм с б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ
Көру жітілігі од – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм с б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? icon«Объядинить ячейки»; мына батырма қандай операцияны атқарады? Ұяшықтарды бөлшектеу; мына батырма қандай операцияны атқарады? «Баспаға шығарар алдында көру»
«1 қыркүйек білім күні» мәтіндегі күні сөзі белгіленген. Мәтін қандай түрді қабылдайды, егер сіз вырезать содан кейін вставить командаларын...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconМен мамандықтар әлемінде
Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconБастаулар, сағалар, оң жақ және сол жақ салалар 1 суретте қандай сандармен көрсетілген
Ертіс өзені қай жерде басталады, қайда құяды? Ертісте қандай гидроэлектростансалар орналасқан? Өскемен қаласының географиялық координаталарын...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? iconҚазақстан социал-демократиялық «ауыл» партиясы бақылаушының ЖҰмыс дәптері астана 2012 ж
Сайлауға қатысып, дауыс беруші жандар мемлекеттің заң шығарушы органдарына қандай саяси партияның өкілдері немесе жергілікті мәслихатқа...
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез –құлық, ісі қандай өзінің? icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының 2009-2012 жылдарға арналған Іс-әрекеттер стратегиясы кіріспе
Экономикалық және әлеуметтік өмірдің жаңаша ұйымдастырылуы қандай нысанға саяды, онымен байланысты саяси өзгертулер қандай бағытта...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница