1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады




Скачать 35.11 Kb.
Название1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады
Дата конвертации01.12.2012
Размер35.11 Kb.
ТипДокументы
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді.

2. ҚР әнұраны орындалады.
3. Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар! Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
4. 1941 жылы маусымда фашистік Германия әскерлері кеңес жеріне баса көктеп кіріп, бір шеті Баренц, екінші шеті Қара теңізге тіреліп жатқан ұлан ғайыр мекенде майдан ашылып, 1418 күн мен түнге созылған арпалыс басталды.
5. Ұшқыр уақыт бізді тағы да қастерлі мерекемен қауыштырды. Фашистік Германияны талқандау құрметіне берілген салют үні дүниені жаңғыртып, жеңіс туы желбірегеніне міне 64 жыл. Бұл осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні.

/бір минут үнсіздік/
6. Ұлы Отан соғысы оқиғалары ескірген ертегі емес. Майдангерлер не үшін соғысты, неге бола қан төкті, әрине қазіргі өміріміз, болашағымыз үшін емес пе? Олай болса, Ұлы Отан соғысы әңгімелері еш уақытта ескірмеуі тиіс!


  1. Салтанатты жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі мектеп-гимназия директоры Жұмагелді Қалимұлы Батыровқа беріледі.

  2. Хабарлаусыз ән: «Қазақ жігіттері» әнімен алдарыңызда болған мектебіміздің жас әншісі 9 «а» сынып оқушысы Тажмұқанов Асланбек.


7. Отан қорғау, ел мен жерді қорғау, ел басына қиындық түскен уақытта ер басына сын болды. Қаруланған дұшпанның қалың қолын тас талқан етіп фашистік обаның бетін тойтаруға біздің қазақстандық ардагерлердің де үлес қосқанын біз аса мақтан тұтамыз.
8. “Ат ауыздықпен су ішіп, ер етікпен су кешкен” сонау Ұлы Отан соғысы жылдарына Жеңіспен нүкте қойған аталарымыз қазір санаулы қалды.

Күні кеше ғана мектебімізде ұйымдастырылған ҚР ның Қарулы күштеріне17 жыл, Ұлы Отан соғысына 64 жыл толу қарсаңында мерекенің құрметті қонақтары болып, бейбіт өмір сыйлаған соғыс және еңбек ардагерлерімен жас ұрпақтың кездесулерінде ардагерлеріміз өздерінің соғыс кезінде бастан кешкен қиындықтарын айта отырып, енді ондай соғыстың болмауын, болашақ ұрпақтың жарқын өмірлеріне бейбітшілік тілеуі - оқушыларды патриоттық сезімге баулу, елін, жерін сүюге, ержүректілікке, елжандылыққа тәрбиелеу еді. «Патриоттық айлық» шеңберінде өздерінің қосқан үлесі ретінде мектебіміздің оқушылары да жақсы қырларынан танылып марапаттауларға ие болып отыр. Келесі қуанышты сәтпен құттықтау үшін сөз кезегі Жұмагелді Қалимұлы, Сізге беріледі.

/Марапаттау/
9. Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін оқ пен оттың арасында жас өмірін қиған аға ұрпақты, елге жеңіс алып берген ардагерлерді қадір тұту - біздің парызымыз. Олардың ерліктері елге - мұра, ұрпаққа - ұран.

  1. Сіздердің назарларыңызға орта буын

жеткіншектерінің дайындаған көрінісін ұсынамыз.

5 «а» сыныбы.
- /Көрініс басталар алдында:/

10. Әлия соғыс басталар алдында не бары 17 жаста болған екен. Ол ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі. Майданға өзі сұранып, Казачиха үшін болған ұрыста жараланғанына қарамастан “Алға!” деп атой салып, оққа ұшады. Ол кезде Әлия әлі 19 ға толмаған кез еді.
11. Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Әкесі дәрігер еді, ол да әкесіне еліктеп дәрігер болғысы келеді. Мәншүк өз еркімен соғысқа аттанғанда 19 ға жаңа толған пысық, жігерлі қыз. Ол тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін батыл жауынгер, пулеметші болған. Өзі қорғаған Невель қаласында батыр қызға ескерткіш қойылған.

- /Көрініс соңына:/

Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып, шешек атып, көгерген жер.
12. Екінші дүние жүзілік соғыста қазақстандық батырлар ерекше ерлік жасады. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы бастаған жүзге жуық қахарманға Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.

Қазақ халқының ержүрек перзенттері – Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров ұмытылмас ерліктер жасап, қаза тапты. Бір өзі жаудың 37 самолетін қиратқан жас батыр Сергей Луганский, жау танкісінің шынжыр табанына тірідей ұмтылған Қарсыбай Сыпатаев сынды батырлардың ерліктері мәңгілік. Иә, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қиындықпен келгенін бүгінгі ұрпақ біліп қана қоймай, терең сезіне білуге тиіспіз
13. Қанды, сұрапыл соғыстың куәсі болған, Отанымыздың әрбір тасын қорғауға арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ер азаматтар біздің көз қуанышымыз болып мәңгілік сақталады.
14. Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
15. Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз брышының өтеуі болып, оның халық алдында қадір қасиетін арттырады. Өйткені ерлік ел мұраты.
16. Хабарлаусыз ән: «Атамекен».
17. Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын аяқтала

келді, енді хабарламаға назар аударайық!
Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.

Дайындаған Р.Т.Тасанова

Похожие:

1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconӘскери Кеңес аяқталған соң аталған тақырыпқа байланысты және бірлесе әрекет ететін органдармен түзеу мекемелерін бақылау мен күзету сенімділігін қамтамасыз ету жөнінде баспасөз мәслихаты өткізіледі
Р іім ішкі әскерлерінің Әскери кеңес отырысы өтеді. Әскери кеңесте құрамалар мен әскери бөлімдердің 2012 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconОблыс білім беру қызметкерлерінің «Мектеп. Ұстаз. Шәкірт» атты салтанатты жиынның ашылу рәсімінің сценарийі
Көрермендер залының артқы 2 есігінен Жас ұрпақ қоғамдық бірлестігі мүшелері сап түзеп шығады
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconСабақтың тақырыбы: Сап және оларды басқару. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұруға және керісінше қайта сап құруға, қозғалыста әскери сәлемдесуге...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconАтыс дайындығы тарауынан әскери жетекшілерге
Республикасының Қарулы Күштері Қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борышпен әскери антқа...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconҚазақстан Республикасының Заңы Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгiне және әскери қызметiне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейдi
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconБатыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
«Қызықты сұрақтар»ойының шарты: оқушылар гүл күлтелерін алып жазылған сұрақтарға жауап береді?
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconЖиналған жұрт асыға күткен мереке де басталды. Жүргізушілердің таныстыруынан соң көрермендер алдынан көк байрақты желбірете ұстаған қыз-жігіттер мінген тұлпарлар шеруі өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды
Сәдібек Түгел құттықтау сөз сөйледі. Белгілі атбегі Аманжол Хасенов және Иван Шатковский бастаған Астанадағы «Тұлпар» және «Пегас»...
1. Оқушылар сап түзеп тұрған соң, әскери жетекші команда береді. ҚР әнұраны орындалады iconСабақтың тақырыбы: Әскери міндеттілік және әскери қызмет. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚК толықтыруды, әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлауды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница