Казахский государственный




НазваниеКазахский государственный
страница11/16
Дата конвертации02.12.2012
Размер2.19 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ӘОК 391.7

Қазақтың ұлттық киімдерін Corel DRAW бағдарламасында

көркемдеп жобалау әдісі


Рысқұлова Б.Р. - т.ғ.д., профессор (Алматы қ., АТУ),

Тастанбек Д.М. - магистрант (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қазақтың ұлттық киімдерін компьютер технологиясымен жобалау үшін алдымен оның тарихын, өзгеріске ұшырау кезеңдерін білуіміз қажет. Ұлттық киімдердің формасының дамуы негізінен қоршаған ортаға, ашық даладағы желді ауа-райына, жаздың ыстығы мен қыстың аязына, көшіп-қону жағдайына байланысты дамыған, мысалы ат үстінде ұзақ отырғанда ыңғайлы болуына байланысты дайындалған. Атақты қазақтың ұлттық киімдерінің зерттеушісі Р.Ходжаеваның пікірі бойынша ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сыртқы киімдер туника тәрізді болған деп есептейді /1/.

Қазақ әйелдері ерлердікінен ұзын және кең жейде, көйлек киген. Бастапқыда пішілуі жағынан ерлердікінен айырмашылығы болмаған. Осы көйлек әрі іш көйлек, әрі көйлектің рөлін атқаратын болған. Оларды жеңіл ақ матадан немесе майда гүлді матадан жеңсіз иығы тар және мойын ойындысын терең етіп қиып жағасыз, баумен байланатын етіп тіккен. Пішілуі – бір бөлек тұтас матаны ортасынан бүктеген, ұзындығы тізеге дейін болған, күнделікті көйлекке мақта маталардың жеңіл түрлерін пайдаланған.

ХVІІІ-ХІХ ғасырлар басында көйлектер қызыл және көк түстерден тігілген, қызыл түсті көбінесе жас қыздар киген, көк түсті көйлектер Орталық Азиядан әкелінген арзан маталардан тігілген, оларды қарақалпақтар мен башқұрттар көп киетін болған. Ал қызыл көйлектер Орталық Азияның барлық жас қыздарының және әйелдерінің кеңінен таралған киімі болып саналған, отыз жастан асқан әйелдерге қызыл көйлек кию ерсі болып саналған. ХІХ ғасырдың ортасына қарай көйлектерге қытайдың гүлді шыт маталарын және фабрикалық ақ түсті мақта матасын пайдаланған. Пішілуі туника тәріздес, жеңі ұзын, кең, жағасы жабық, алдынан терең ойылған, мойынның астынан баумен байланатын болған, кейінірек бауды түймемен алмастырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысында жағаларын тік жағаға ауыстырған. Қыздар көйлегі тіптен жағасыз алдында қиығы жоқ болған, көкірегін жасыру үшін арнайы алқа, өңіршемен жабылған, кейде ішінен көйлектің матасынан немесе басқа матадан тіл тәріздес мата бөлігі тігілген. Тұрмыс құрған әйелдер көкірегін кимешектің төменгі бөлігімен жауып қоятын болған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың басында тұрмыс құрған әйелдердің қималарына мүмкіндігінше жолақтар жүргізген, бір жалпақ немесе бірнеше жіңішке жібек таспалар тігілген, кейде жолақтарды бөлек дайындап, көйлек тозған соң сөгіп алып, басқа көйлекке қондырған. Осындай жолақтардың көп тараған түрі – бір бөлек кестеленген матаны көйлектегі әйел көкірегіне тіккен.

ХІХ ғасырдың аяғына қарай көйлектің жаңа формасы пайда болып, ол ХХ ғасырдың басында ескі көйлекті пайдаланудан мүлдем ығыстырып жіберген. Көйлектің кеудесі ескіше туника тәріздес бір матаның бетіне туралап тігіліп, осыған тігінен өте кең бүрмелі белдемше қосылған, кеудесі тік жағалы болған. Бұл көйлек пішіні Қазақстанның солтүстігінен ауып келген, көйлектің ескіше түрлері Маңғышлақта, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда көбірек сақталған. Осы кездерде желбезектермен сәнделген қыздар көйлектері пайда бола бастаған, оның белдемшесі тарлау және етектері, жеңдердің ұштары кейде жағалары желбезек, бүрмелермен сәнделген.

ХХ ғасырдың басында көйлектің пішілуіне жаңалықтар енгізіліп, қатпар, қиғаш пішілген иық, қолтық ойындысы, жең ұшы, бүкпе, қатпарлар көйлекті түрлендіре түсірген. Көйлектің жаңа түрлерін – жас әйелдер, ескі түрлерін – күнделікті тұрмыста және жасы келген әйелдер киетін болған.

Қазіргі киімдерді жобалауда дәстүрлі мәдениетті кеңінен қолданып жаңа үлгілерді жасау киім ассортиментін кеңейтіп, олардың сапасын арттырады және жастарды гуманизмге, ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді.

Білім берудің практикалық құндылығы көптеген әдіс-тәсілдің өзара байланысты болуының бір түрі – жобалау. Жоба латын тілінен аударғанда «алға шыққан» деген мағына білдіреді, болашақты аңсағандар үшін іске асырылатын ой. Бос арманшылар мен қиялшылардың іске аспайтын фантазияларымен салыстырғанда жобалау ойының ерекшелігі, онда практикалық іске асатын нақты тәсіл және рациональды негіз бар, білім алатын жастар үшін ой еңбегін және дене еңбегін қолдану арқылы өзінің жобасын қалай іске асыруға болатынына дұрыс бағыт береді.

Жобалау – ойға алған істің белгілі бір қалыпта таңбалық-сандық мәтінде, сызбалық бейнеде, көлемді макетте, қозғалыстағы модельде, мата және металл бұйымдарында көрініс табуы. Жобалауды компьютер технологиясында орындау студенттің жұмысын жеңілдетіп, шығармашылық ойлауына көп мүмкіндік береді, ал ұлттық киім моделдерін көркемдеп жобалауда Corel DRAW бағдарламасын қолдану өте тиімді болып келеді /2/.

Corel DRAW– бұл векторлы бейнелерді жасаудағы үлкен мүмкіндіктері бар қазіргі заманғы ең танымды жаңа бағдарламаның бірі болып табылады. Corel DRAW бағдарламасында контурларды әртүрлі және қолайлы басқару шаралары бар, сонымен бірге мәтінмен жұмыс істеу құралдары жоғары дамыған. Бағдарламаны меңгере отырып керек нәтижеге жету жеңіл, контурларды құрастыру мен басқарудың ойлап табылған құрал-сайман жүйесі, олардың трансформациясының қарапайымдылығы, топ ішінде обьектімен жұмыс жасауға болатындығы, біріктірілген контурларды жасаудың жеңілдігі, «тірі» геометриялық пішіндердің болуы, сонымен қатар графиктер мен сызбалар тұрғызу үшін арнайы саймандарды пайдалану мүмкіндігі, міне осылардың барлығы керекті обьектіні жасауға көп көмегін тигізеді. Тапсырманы іске асыру үшін түрлі жолдарды іздей отырып, бағдарламаның шектеулерімен күресудің қажеті жоқ, оның орнына шығармашылық жұмыстарды орындауға болады. Бояу және мөлдірлік Corel DRAW- та әртүрлі, ал оларды басқару жұмыстары түсінікті болып келеді. Бірыңғай және градиентті бояулардан бөлек аралас, фронтальды бояулар бағдарламада көптеп кездеседі. Үлкен жобаларды жасау кезінде бояулар мен түстердің кітапханасын, шаблондарды қолдануға болады. Жартылай мөлдір, жұмсақ нәзік көлеңке, болжаммен алынған құралдар, обьектінің сыртқы нобай сызығының орналасуы, дайын обьектіні арнайы құрал-саймандармен бояу салынған суреттің нәтижесіне ерекше әсер береді. Corel DRAW бағдарламасы векторлы графиктерді тұрғызуға арналған бағдарлама болғандықтан, кез-келген сурет салуды талап етілген жағдайда қолданған жөн.

Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып киімнің композициялық шешімін табу, киімді көркемдеп сәндеу, бұйымның эскизін тұрғызу және адам тұлғасын салу мәселелерін шешуге болады. Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған қазақтың ұлттық киімінің моделі 1-суретте көрсетілген.

Бағдарламада сурет салу үшін терезенің сол жақ шетінде орналасқан саймандар тақтасымен танысу керек, баспа нүктесінің бірін басу нақты құралдың таңдалуын білдіреді, жұмыстың қандай түрімен айналысатыныңызды бағдарламаға көрсетеді, мысалы: көрсеткіш-бағдарламадағы обьектіні таңдау; пішіндерді редактілеу-контур пішінін коррекциялау; қисық-контурларды құру; эллипс-эллипстерді салу; интерактивті саймандар-әсерлер құру, интерактивті редактілеу, масштаб-терезедегі көлемдік-үйлесімділік бейнесін басқару, тікбұрыш-тікбұрыштарды салу, көпбұрыш-көпбұрыштарды салу, қарапайым фигуралар-қарапайым фигураларды редактілеу, мәтін-мәтінді енгізу, редактілеу және тағы басқа саймандар.

Экранда құрал-саймандардың азғана бөлігі көрсетілген, пиктограммалардың бұрышындағы қара үшбұрышты басу арқылы ішкі саймандарды алуға болады:

  • құрал-сайман пиктограммасына тышқанның курсорын әкелу (мысалы, эллипс құралына);

  • тышқанның сол жақ баспа нүктесін басып, бірнеше секунд ұстап тұру;

  • пайда болған қалқыған тақтадан оның пиктограммасына тышқанды баса отырып басқа сайманды таңдау.

Құрал-саймандарды пайдалану арқылы ұлттық әйел көйлегінің моделін көркемдеп жобалау реттілігі төмендегідей:

  • бағдарлама терезесін ашу;

  • эллипс сайманын қолданып адам тұлғасының басын бейнелеу;

  • қисық сайманда орналасқан безье ішкі сайманын қолданып адам тұлғасын салу;

  • пішінді редактілеу сайманының ішінде орналасқан ішкі сайман түйінді редактілеу құралын қолданып, түйіндерді жылжыта отырып адам тұлғасының контур сызығын сызу;

  • бейнеленген адам тұлғасының пропорциялық қатынаста болуын қадағалау;

  • ұлттық әйел көйлегін адам тұлғасына сәйкестендіріп бейнелеу;

  • көйлек суретін түйінді редактілеу құралымен дұрыстау;

  • түстер палитрасын қолданып көйлектің түстік үйлесімділігін табу.





1сурет - Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған ұлттық киім моделінің көрінісі.

Corel DRAW бағдарламасын қолдану арқылы практикалық сабақ барысында студенттердің бұйым үлгілерін конструкциялау мен моделдеу, көркемдеп сәндеу барысын компьютердің көмегімен ондағы қажетті программалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бұйым эскизін құру, графикалық жұмыстар жүргізу, суреттер салуға қол жеткізу үшін осы компьютерлік технологиясымен жұмыс жасау жөніндегі білім негізінде іске асыруға болады.

Бұл бағдарламаны жетік меңгеру өте күрделі процесс. Сондықтан Corel DRAW, Corel PHOTP-PAINT, Adobe Photo Shop бағдарламаларын тереңірек меңгерген болса білікті дизайнер бола алады. Күнделікті практикада адамдарды киіндіру өнерінде атақты үлгішілерден, қатардағы тігіншілерге дейінгілердің барлығы суреткер болу керектігіне көз жеткізген, ал Corel DRAW бағдарламасын меңгеру арқылы қазақтың ұлттық киімдерін жобалауда композициялық шешімін табу жұмыстарын орындау оңай болады.

Болашақ технология мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауда «Киімді көркемдеп сәндеу», «Киімді конструкциялау мен модельдеу», «Модельдеу, макеттеу, жобалау және оқушылардың техникалық шығармашылық элементтері» және тағы сол сияқты пәндерді оқыту барысында компьютерлік технологияны қолдану өте тиімді.


Әдебиеттер

1. Захаров И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда. -А.,1964.

2. Ковтанюк Ю.С. Corel DRAW 12. - Киев: «МК-Пресс», 2006.


Түйіндеме

Мақалада қазақтың ұлттық киімдерінің пішімінің өзгеру кезеңдері және оны Corel DRAW бағдарламасында моделін жобалау әдісі қарастырылған.


Резюме

В статье расмотренны исторические этапы изменения раскроя казахской национальной одежды и методика проектирования модели по программе Corel DRAW.


Мектептегі технология пәнінде жаңа әдістерді қолдану


Сманова А.С. – оқытушы, Нүрсейітова Р. – студент (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдына қоятын мақсаттар мен міндеттерге өте жауапкершілікпен қарауды талап етуде. Оқушыға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екенін сезінуі қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімнің өзі білімді, білікті, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет. Сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа технологияларды қолданып, түрлендіре өткізу пәннің маңыздылығын арттырады.

Қазіргі заманғы, ғылыми-технологиялық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр. Ол өз жұмысын орнында және бүкілтехникалық тізбекте технологиялық үздіксіз өзгерістерге бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, мұғалімдердің Республикалық II-құрылтайында елбасының Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп жас бағбандардың алдына зор міндет қойды. Білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиясын ұсынылуда. Олар: ойынды оқыту технологиясы, сынып ішінде саралап оқыту технологиясы т.б.

Мектептегі білім стандартын басшылыққа ала отырып, технология пәнінің сапасын арттыру мақсатында жаңашыл технологиялардың көптеген элементтерін кеңінен қолдану керек. Біз өз зерттеуіміздегі технология пәнін маңыздылығын арттыру үшін сабақ өткізудегі қазіргі жаңа технологиялардың бірнеше түрлерін қарап, ұсынып отырмыз. Қазіргі «Технология» кешегі «Еңбек» пәні екенін ескеріп, оқушылардың осы пәнге деген көзқарастарының бұрынғыданда жауапкершілік пен қызығушылықтарын арттыру мен жетілдіру мақсатымен қарастырылып отыр. Технология пәнінде оқушылар ой еңбегімен қатар қол еңбегімен айналысады. Осыған орай үйренуші оқушының шыдамдылығы мен іскерлігін, жауапкершілігі мен қызығушылық іс-әрекеттерін қатар қалыптастыру үшін сабақты өз деңгейінде қызықты өткізудің маңызы зор болмақ. Технология пәні тәжрибелік сабақ түрінде өткізілетін болғандықтан, мұндағы теориялық білім мен тәжрибелік білімді қатар дамытудың мәселесі қозғалады. Әр оқушы өзінше бір тұлға екенін ескеріп, жан-жақты әдістерді қолданамыз. Оқушыға еңбек етуге сынып ішінде жақсы атмосфераны қалыптастыру, оқушыға өз қиялы мен ойына ерік беріп, шығармашылық қабілетін жетілдіруге мүмкіндіктер жасау, өз жұмысының сапасына жауапкершілігін қалыптастыру және т.б. педагогикалық тәрбиелерді қолдану мәселелерін дұрыс қалыптастырып, ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушыларға жүйелі білім беру болып табылады. Осыған орай жаңа технологиялардың бірнеше түрін жіктеп көрелік.

Модульдік технология:

Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдана отырып, орта сыныптарға арналған оқу модельдеріне ұсынылған (технология пәнінде).


Модульдік құрылым





Кіріспе бөлім Қорытынды бөлім

Сұхбат бөлім

Кіріспе бөлімінде технологиялық карта, сызба, үлгі-шаблон, суреттер, дайын бұйым үлгілерін қолдана отырып белдемше туралы толық түсінік береміз, белдемше тігудің технологиялық жүйесіне тоқталып өтеміз. Шығармашылық жобаның тақырыбын, мақсатын, орындалу ретін түсіндіреміз.

Сұхбат бөлімінде оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды. Мұнда оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауды үйрету арқылы еңбекке тәрбиелейміз. Дүниеге келген сәбидің адам болып, жеке тұлға ретінде дамуына себепкер – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі адам өмірі үшін ең қажет маңызды тәрбие. Сондықтан оқушы өміріне қажет тәрбиені осы технология пәнінде өз бетімен жұмыс жасату арқылы жетілдіру. Мұнда тек еңбек тәрбиесі ғана емес басқа да дене тәрбиесі, адамгершілік, жауапкершілік, үнемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастырамыз.

Қорытынды бөлімінде оқушылардың теориялық білімін тексеру мақсатында тест аламыз және әрбір оқушы өз жобасын баяндап қорғап шығады. Соңында оқушылар жасаған жұмыстарына көрмені жалпы ұйымдастырамыз. Оқушыларға өз жұмыстарына көзқарастары мен өз жұмыстарына талдау жасатып үйрету болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы:

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін бірнеше пәнде қолданып жүр. Осы әдісті технология пәнінде пайдалану тиімді нәтижелер беретіні анық. Ол әдіс – 4 деңгейден тұрады:

I деңгей- 4 сұрақ х 2 ұпай = 8 ұпай;

II-деңгей-3 сұрақ х 3 ұпай = 9;

III-деңгей-2 сұрақ х 5 ұпай =10 ұпай;

IV-деңгей- 1 сұрақ х 10 ұпай = 10 ұпай.

Мониторинг қолдануға болады. Ол жастардың оқу үлгерімін жоғарылатады.

Ж.А. Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын – технология пәнін шығармашылық деңгеймен ерекше орын алатынын ескерсек, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы осы пән үшін өте тиімді деп айтар едік. Тиімділігі:

  • жұмыс қорытындысы тез және уақытында шығады;

  • уақытты тиімді пайдалану жинақылыққа үйретеді;

  • баланың сеніміне не болуы оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі бағалауды үйретеді.


әдебиеттер

1. Технология журналы. №3, 2005.

2. Технология журналы. №7, 8, 12, 2004.


Түйіндеме

Мақалада технология пәнінде жаңа әдістерді қолдануға ұсыныстар мен талдаулар жасалып, сабақ берудің әдістерін қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.


Резюме

В статье говорится о необходимости использования новых методик на уроках технологии.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

Казахский государственный iconГосударственный академический казахский театр драмы имени М. Ауэзова
Государственный академический казахский театр для детей и юношества имени Г. Мусрепова

Казахский государственный iconКазахский государственный академический театр оперы и балета

Казахский государственный iconРгкп государственный академический казахский театр для детей и юношества им. Г. Мусрепова

Казахский государственный iconРеспублики Казахстан Казахский государственный академический театр оперы и балета имени Абая

Казахский государственный iconРеспублики Казахстан Казахский государственный академический театр оперы и балета имени Абая

Казахский государственный iconКазахский государственный женский педагогический
Балабекова Қ. Жай сөйлемнің ТҮрлерін ірілендіріп оқыту

Казахский государственный icon4. Ученая степень, ученое звание
Казахский Государственный университет им. С. М. Кирова г. Алматы, (химический факультет) 1966 г

Казахский государственный iconКазахский алфавит (латиница)
Имхо, любое казахское слово, любой казахский текст на данном варианте латиницы будет предельно понятным и удобочитаемым

Казахский государственный iconКазахский государственный женский педагогический
Тұрлығұл Т. Т. 11-сыныпқа арналған қазақстан тарихы бағдарлы курсының Ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері

Казахский государственный iconАмирхожаева Дабыргуль Акимжановна
Казахский государственный университет, г. Алма-Ата, 1978 г. Специальность: химия. Квалификация: химик, преподаватель

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница