Педагогика институты




НазваниеПедагогика институты
страница12/15
Дата конвертации02.12.2012
Размер2.19 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тұлғаның құқықтық санасы қоғамдық қатынастар мен байланыстар, нормативтік бағыттар, қоғамдық практика жүйелерінің ықпалымен қалыптасып, дамиды. Құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуы – күрделі үрдіс. Оның ойдағыдай жүзеге асуы үшін құқықтық сана қызметі өз мақсатына жетуі керек.


Құқықтық сананың негізгі қызметі – азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымға субъектінің кәсіби қатынастарын ұғындыру және тұлғаны заң нормаларына бағындыру. Құқықтық сананың ерекшелігі мемлекетпен, қоғам құрылымымен және олардың жағдайымен анықталады.

Жеке тұлғаға құқықтық тәрбие беру маңызы мен мазмұнына оның құқықтық ойлау қабілетін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттары мен саясаттарын ұғындыру шаралары арқылы адамның құқықтық санасын жетілдіріп, дамыту тәсілдерін жатқызуға болады.

Тұлғаның құқықтық санасы мен тәртібін құқықтық тәрбие беру арқылы қалыптастыра отырып, тұлға өзінің қоғамдық борышын, заң нормаларын орындау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау міндеттерін ұғынатын саналы азаматты тәрбиелеу құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Бұл салада құқық құқықтық тәрбиенің нысанды негізі болып қаралса, құқықтық сана тұлғаның санасындағы құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде немесе құқықтық тәрбиенің субъективті негізі болып табылады.

Адамның құқықтық дамуы құқықтық тәрбиенің арнайы мақсатын құрайды. Нақтылап айтсақ: құқықтану; тұлғаның құқықты ұғынуы; адамның құқыққа қызығушылығын және заңға оң көзқарасын қалыптастыру және т.б.

Құқықтық тәрбие өзіндік әсер етуші нысанға иелене отырып, тұлғаның жалпы санасы мен әрекетіне ықпал етеді. Құқықтық сана деңгейі адам дамуының жалпы деңгейіне байланысты жіктеледі.

Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі – тұлғаның жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениеті. Мектеп табалдырығынан басталатын құқықтық тәрбие оқушының құқықтық ұғымын қалай отырып, құқықтық санасын қалыптастырып, жетілдіреді.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті ғана емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын анықтай отырып, осы үрдістің сапалы жүзеге асуына негіз болады.

Жасөспірімді құқықтық тәрбиеге баулу арқылы оның өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тануы, заң талаптарын орындауы, заң нормаларын толық ұғынуы, заңға қарсы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға залалын және ол үшін жазалау шегін білуі және т.б. тәрбие шаралары арқылы қалыптасып, дамыған құқықтық санасы мен мәдениетіне байланыстылығын танытуға болады.

Сонымен құқықтық тәрбиенің мақсаты - құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан тұлға дегеніміз заң мен құқық күшін сезінетін, мемлекеттік аппарат жүйесін, қызметтерін, өкілеттіктерін ұғынатын, құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын білетін, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін орындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы.

Бүгінгі кезде құқықтық мемлекеттің жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру, яғни жаңа көзқараста азамат тәрбиелеу өзекті мәселе болып табылады. Себебі, көкейкесті мәселені шешуде жүйелі түрде құқықтық тәрбие беру арқылы ғана белгілі бір қоғамның саналы азаматын қалыптастыруға болады. Осы орайда ұлы ойшыл ғалым әл-Фарабидің: “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”, деген орынды пікіріне сүйене отырып, бүгінгі таңда педагогикалық жоғары оқу орын студенттерінің жаңа заманға сай тәлімдік-тәрбиелік тәжірибесі мол кәсіби маман ретінде қалыптасуы басты мақсат болып табылады. Сондықтан да болашақ жас жеткіншектерді мемлекетіміздің үлгілі азаматы ретінде қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор.

Үлгілі азамат тұлғасының құқықтық санасын құқықтық тәрбиелеу арқылы қалыптастыру – мемлекеттің алдына қойған өзекті мәселесі. Тәрбиелеу – тұлға қалыптасуының негізгі факторларының бірі. Ал құқықтық тәрбие арқылы демократияны дамытып, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құру мақсатына жетуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 1-бапта “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген. Қазақстан Республикасының 1-бабына сәйкес “мемлекеттің ең қымбат қазынасы” деген атаққа тұратын құқықтық білімді және құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан, дамыған азамат тұлғасын қалыптастырып, дамыту мемлекеттің негізгі, әрі өзекті мәселесі.
әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің 2003 жылғы 15 тамызындағы №1165 Жарлығымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.

  2. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. А., 1986.

  3. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. А., 1999.

  4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. А., 2004.


Түйіндеме

Мақалада құқықтану, тұлғаның құқықты ұғынуы, адамның құқыққа қызығушылығын және заңға оң көзқарасын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
Резюме

В статье поднимаются вопросы формирования правосознания, понимание отдельной личностью прав и формирование правильных взглядов на закон и законность.


ӘОК 331.042
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Похожие:

Педагогика институты iconДүйсенова Жамила Қалымбетқызы Аға оқытушы
Фараби атындағы Шымкент педагогтық мәдениет институты. Педагогика және психология кафедрасы шешімімен (№10 хаттама25. 11. 1993ж.)...
Педагогика институты iconҚазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Педагогика институты iconПедагогика институты
Хасанұлы Б. Конституция – мемлекеттік тілді дамытудың кепілі
Педагогика институты iconПедагогика институты
А.Қ. Теледидардың бала психикасына және тәрбиесіне кері әсері
Педагогика институты iconҚазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері
Педагогика институты iconАқтөбе 2008 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Педагогика жэне педагогикалық психология кафедрасы
Педагогика институты icon13. 00. 01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика; 13. 00. 08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандықтары бойынша диссертацияларды қорғауға қабылдау және өткізу құқығы берілген
«Жалпы педагогика, педагогика жєне білім тарихы, этнопедагогика», 13. 00. 08 – «Кєсіптік білім беру теориясы мен єдістемесі» мамандыќтары...
Педагогика институты iconОбразование и педагогика за рубежом в первой половине ХХ в. План
Педагогический традиционализм (социальная, религиозная и философская педагогика)
Педагогика институты iconТехнологияларды пайдалану
М010300- педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
Педагогика институты iconСуханберлиева жансая амангельдиевна
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница