Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы




Скачать 107.86 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Дата конвертации02.12.2012
Размер107.86 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МАТЕМАТИКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5-6 сыныптар

Аcтана 2010



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


МАТЕМАТИКА
жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Шәкілікова С.Е., Әлдібаева Т.Ә., Рүстемова Н.И.

Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Математика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 11 б.




I. ТҮСІНІК ХАТ
Математика – өзiнiң мазмұнында сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер, геометриялық фигуралар мен шамалар, комбинаторика, статистика және ықтималдық теориясы элементтері өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейiндегi базалық пән ретiндегi математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, сызу, жаратылыстану және т.с.с. оқу пәндерiн) оқытудың алғышарттарын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Мақсаты: оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің жоғары дамытушы әсерін қамтамасыз ету шарты ретінде тұрақты есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:

  • сан ұғымын жүйелі дамыту;

  • сандармен жазбаша және ауызша арифметикалық амалдарды орындау біліктіліктерін қалыптастыру;

  • тәжірибелік есептерді математика тіліне аудару біліктіліктерін қалыптастыру;

  • оқушыларды алгебра және гоеметрия пәндерін жүйелі оқуға дайындау.

Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке жетістіктері мен шығармашылығы ұстанымдары басшылыққа алынды.

Ғылымилық ұстанымы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі жалпы, жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнде математика курсында барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты сақтауды көздейдi.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен әрекеттер тәсілдерін саналы әрі берік игертудiң негізiн қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді анықтауға, өзіндiк бағалау мен өзiндiк бақылауды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Ыңғайлылық ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру белгiлi бiр жетістікке жетуге, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өзiнiң алға жылжу бағытын анықтауына көмектеседі.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5-7 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сынып – аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат;

6 сынып – аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Негiзгi орта бiлiм беру деңгейiндегi математиканың вариативті мектеп компоненті бағдарлама мазмұнының стандарт деңгейін меңгертуді көздейді, сондай-ақ кейбiр тақырыптарды тереңдете оқытуға бағытталуы және мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес, қызықты есептер және қиындығы жоғары есептер шығару; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігінiң белгiлерi және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті базалық мазмұн негіздерін оқытуға бағытталған.

II. «МАТЕМАТИКА» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
5-сынып

(аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)
Қайталау (5 сағат)

Натурал сандардың бөлiнгiштiгi (14 сағат)

Санның бөлгiшi мен еселiгi. Ортақ бөлгiш және ортақ еселiк. Натурал сандардың 2, 3, 5, 10-ға бөлiнгiштiк белгiлерi. Жай және құрама сандар. Натурал сандарды жай көбейткiштерге жiктеу. Мүмкiн варианттарды iрiктеу (толық iрiктеу) арқылы комбинаторикалық есептердi шығару.
Жай бөлшектер (24 сағат)

Шеңбер және дөңгелек. Жай бөлшек. Бөлшектерге берiлген негiзгi есептер. Бөлшектердi салыстыру. Бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу және азайту.
Жай бөлшектерге амалдар қолдану (56 сағат)

Бөлшектiң негiзгi қасиетi. Бөлшектердi қысқарту. Бөлшектердi ортақ бөлiмге келтiру. Бiрнеше бөлшектiң ең кiшi ортақ бөлiмi жөнiнде түсiнiк. Бөлiмдерi әр түрлi бөлшектердi қосу және азайту. Мәтiндi есептер шығару. Жай бөлшектердi көбейту және бөлу. Бөлшекке берiлген негiзгi есептер.
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (36 сағат)

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектi оқу және жазу. Ондық бөлшектi салыстыру, дөңгелектеу. Ондық бөлшектердi қосу және азайту. Ондық бөлшектердi көбейту және бөлу. Мәтiндi есептер шығару.

Бiрнеше санның арифметикалық ортасы, мода, ауқым.
Проценттер (13 сағат)

Проценттер. Процентке берiлген негiзгi есептер.

Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. Берiлген шамадағы бұрышты салу. Дөңгелек диаграммалар.

Статистикалық мәлiметтердi беру тәсiлдерi, кестелер мен диаграммаларға байланысты мысалдар.
Өрнектер. Формулалар (11 сағат)

Санды және әрiптi өрнектер. өрнектiң сан мәнi. Формула бойынша есептеу. Тiктөртбұрыш. Тiктөртбұрыштың ауданы. Аудан бiрлiктерi. Тiк параллелепипедтiң көлемi.

Теңдеу шешу.
Қайталау. Есептер шығару (11 сағат)

6-сынып


(аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)
Қайталау (10 сағат)

Қатынастар және пропорциялар (17 сағат)

Пропорция. Пропорцияның негiзгi қасиетi. Шамалардың тура және керi пропорционалдығы. Пропорция көмегiмен есептер шығару. Масштаб.

Шеңбердi ұзындығының және дөңгелектiң ауданының формулалары. Шар.

Оң және терiс сандар. Санның модулi (13 сағат)

Оң және терiс сандар. Қарама-қарсы сандар. Санның модулi және оның геометриялық мағынасы. Сандарды салыстыру. Бүтiн сандар.
Жазықтықтағы координаталар (12 сағат)

Координаталық түзу және оның бойына сандарды бейнелеу. Нүктенiң координатасы. Перпендикуляр және параллель түзулер. Жазықтықтағы тiкбұрышты координаталар жүйесi, нүктенiң абсциссасы мен ординатасы. Графиктер мен диаграммаларға байланысты мысалдар. Өстiк және центрлiк симметриялар.

Рационал сандар (23 сағат)

Оң және терiс сандарды қосу және азайту. Оң және терiс сандарды көбейту және бөлу. Рационал сандар жөнiнде түсiнiк.

Жай бөлшектiң ондық жуықтауы. Есептеудi ыңғайлыландыру үшiн арифметикалық амалдардың заңдарын қолдану.

Санның жуық мәнi. Статистикалық сипаттама. Медиана. Статистикалық мәлiметтердi талдау.

Өрнектер және түрлендiрулер (10 сағат)

Санды және алгебралық өрнектер. Өрнектiң мәнiн табу. Қосу және көбейту заңдары. Үлестiрiмдiлiк заңы. Өрнектердi қарапайым түрлендiру: жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды бiрiктiру.

Сызықты теңдеулер мен теңсiздiктер (27 сағат)

Бiр белгiсiзi бар сызықтық теңдеу. Теңдеудiң түбiрi. Сызықтық теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептердi шығару.

Санды теңсiздiктер және олардың қасиеттерi. Санды теңсiздiктердi мүшелеп қосу және көбейту. Сызықты теңсiздiк.

Функция (15 сағат)

Функция жөнiнде түсiнiк. Функцияның анықталу облысы. Функцияның берiлу тәсiлдерi. Функцияның графигi. Сызықты функция және оның графигi. Сызықты функцияның қасиеттерi.

Сызықты теңдеулер мен теңсiздiктер жүйесi (26 сағат)

Екi айнымалылы сызықты теңдеулер жүйесi. Екi айнымалылы сызықты теңсiздiктер жүйесiн шешу. Теңдеулер жүйесiн шешудiң графиктiк тәсiлi. Теңдеулер жүйесiн құру әдiсiмен мәтiндi есептер шығару.

Бiр айнымалылы сызықты теңсiздiктер жүйесi.

Қайталау. Есептер шығару (5 сағат)
ІІІ. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5-сынып оқушысы:
- натурал санды өрнектiң мәнiн есептеу;

- белгiлерiн пайдаланып сандардың 2, 3, 5 және 10-ға бөлiнгiштiгiн анықтау;

- алымы мен бөлiмiн көрсете отырып жай бөлшектердi оқу және жазу;

- бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi салыстыру;

- алымы мен бөлiмдерiнiң ортақ бөлгiшiне қысқарту арқылы жай бөлшектердi ықшамдау;

- қарапайым жағдайда жай бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiру;

- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

- разрядтарын ажырата отырып ондық бөлшектердi дұрыс оқу және оларды жазу;

- жай бөлшектер мен ондық бөлшектердiң өзара байланысын анықтау, сандардың жазылуының бiр фомасынан қарапайым түрде екiншi формасына өту;

- жиi кездесетiн сияқты қатынастарды пайдалану;

- кез келген ондық бөлшектердi салыстыру;

- берiлген разрядқа дейiн ондық бөлшектердi дөңгелектеу;

- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

- жай және ондық бөлшектерi бар санды өрнектердiң мәнiн есептеу;

- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;

- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;

- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

- күрделi емес комбинаторикалық есептердi шығару барысында қажеттi варианттарды таңдай алу, өз ойын жеткiзе алу;

- арифметикалық ортаны, моданы, медиананы, ауқымды табу;

- сәйкес формуланың көмегiмен шамалардың мәнiн есептеу;

- геометриялық фигураларды ажырата алу және салу;

- сызғыштың, бұрыштың, траспортирдiң, циркульдiң көмегiмен күрделi емес өлшеулер мен салуларды орындау;

  • амалдардың компоненттерi арасындағы тәуелдiлiктер негiзiнде теңдеулер шешу;

- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;

- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;

- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

  • ”процент” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.

6- сынып оқушысы:

- қатынастардың теңдiгiн пропорция түрiнде жазу;

- негiзгi қасиеттi пайдаланып пропорцияның белгiсiз мүшесiн табу;

- мәтiндi есептердiң шарты бойынша пропорция құру;

- берiлген санға қарама-қарсы санды табу және жазу;

- берiлген санның модулiн табу, оның геометриялық мағынасын ажырату;

- берiлген координаталары бойынша нүктенi белгiлеу, координаталық түзу бойынан, координаталық жазықтықтан нүктенiң координатасын анықтау;

- оң және терiс сандарды бiр-бiрiмен және нөлмен салыстыру;

- сәйкес ережелер негiзiнде оң және терiс сандарды қосу және азайтуды орындау;

- таңбаларға қатысты ережелердi пайдалана отырып оң және терiс сандарды көбейту және бөлудi орындау;

- оң және терiс сандары бар санды өрнектiң мәнiн есептеу;

- центрлiк және өстiк симметрияның күнделiктi өмiрдегi, өнердегi қолданымына мысалдар келтiре алу;

- кестелер мен диаграммалар арқылы берiлген статистикалық ақпараттарды мазмұнды бағалау;

- сан мәнiн қою арқылы әрiптi өрнектiң мәнiн табу;

- санды және әрiптi өрнектердегi жақшаларды ашу;

- әрiптi өрнектiң ұқсас қосылғыштарын бiрiктiру;

- санның берiлген теңдеудiң түбiрi болатынын орнына қою арқылы тексеру әдiсiн қолдану;

- бiр белгiсiзi бар сызықты теңдеулердi шешу;

- теңдеу құру әдiсi арқылы мәтiндi есептердi шығару бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.

IV ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5-6 сыныптарда математика курсын оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететен пәннің оқу материалы мазмұнынының теориялық және практикалық құрамды бөліктерінің тиімді арақатынасы ұсынылады.

Курсты оқытылатын оқу материалдары математиканы ары қарай оқытудың және сыбайлас пәндердi (физика, химия, география, сызу және т.б.) оқытудың iргетасы болып табылады. Бұл курс өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

Сонымен бiрге 5-6 сыныптарда оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игерту бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Сондықтан орнықты есептеу дағдыларын жеткiлiктi деңгейде қалыптастыру мұғалiмнiң негiзгi назарында болуы қажет.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, процент, пропорция және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi.

Мәтiндi есептердi шығару оқушыларды функцияны оқып-үйренуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мұнда баға, тауарлардың саны мен құны, жылдамдық, уақыт және жүрiлген жол және т.б. шамалардың арасындағы маңызды тәуелдiлiктер меңгертiледi. Мұндай есептердi шығаруда оқушылардың ойлау қабiлеттерi дамытылады, пәнге деген қызығушылықтары артады, төзiмдiлiкке, iзденiмпаздылыққа тәрбиеленедi. Есептер арқылы оқушылар қоршаған ортадағы математикалық тұрғыда сипатталатын фактiлер мен заңдылықтарды байқайды, нақты өмiрлiк жағдаяттарды символдық математикалық формаға ауыстыруға үйренедi. Бұл оқушылардың математикалық моделдi құру бiлiктерiн қалыптастырудың бастапқы кезеңдерiн құрайтын қолданбалы арифметиканың мәнi жөнiндегi түсiнiктерiнiң қалыптасуына көмектеседi, белгiлi алгоритмдердi қолдануға, нәтижелердi түсiндiруге мүмкiндiк жасайды. Соған байланысты мәтiндi есептердi шығарудың арифметикалық тәсiлiне басымдылық берiледi.

Геометрия элементтерiн оқытып-үйретудiң негiзгi мiндетi – геометрияның жүйелi курсын оқып-үйренуге, басқа оқу пәндерiн оқып-үйренуде, күнделiктi өмiрде қарапайым геометриялық дағдыларды белсендi қолдануға оқушыларды дайындау.



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница