Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 121.69 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Дата конвертации02.12.2012
Размер121.69 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті


Бекітемін


МСЭБК төрағасы

__________А.Белоног

«___»_______2009 жыл

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

«Миродез мусс» дезинфекциялау затын (тері антисептигі) қолдану
(Ресей, «Мир дезинфекции» ААҚ,)

АСТАНА – 2009 жыл



«Миродез мусс» дезинфекциялау затын (тері антисептигі) қолдану жөніндегі»

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

(«Мир дезинфекции» ААҚ, Ресей)

Әдістемелік нұсқаулықты О.М.Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» ААҚ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған («Мир дезинфекции» ААҚ).

Әдістемелік нұсқаулық емдеу-профилактикалық ұйымдарының персоналына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.
1. Жалпы мағлұмат

1. «Миродез мусс» заты әлсіз сезілетін ерекше иісі бар, сілку кезінде көбіршіктенетін ашық-сары түсті немесе түссіз мөлдір сұйықтық түріндегі, қолдануға дайын тері антисептигі болып табылады. Көбіршік, сондай-ақ сұйық түрінде жағылады. Әрекетті зат ретінде құрамында полигексаметиленгуанидин гидрохлориді (0,40±0,04%) және дидецилдиметиламмоний хлодиді (0,20±0,02%), сондай-ақ аллантоин мен өзге де теріні ылғалдататын және оны күтуге арналған қоспалар бар.

1.2. Заттың грамтеріс және грамоң бактерияларға (туберкулез микробактериясын қоса алғанда), вирустарға (полиомиелит, парентаральды гепатит, АИВ), Кандида және Трихофитон тәрізді терлеткіш зеңдерге қатысты микробқа қарсы белсенділігі бар.

Заттың микробқа қарсы әсері 5 сағаттан кем емес. Зат мұздатып және ерітілгеннен кейін өз қасиетін сақтайды.

1.3. Жіті уыттылық параметрлері бойынша аталмыш зат МЕСТ 12.1.007-76 сәйкес теріге тиген және асқазанға түскен кезде аз қауіпті заттардың 4 класына жатады. Қолданудың ұсынылған тәртіптерін сақтаған жағдайда жергілікті тітіркендіру, теріні тітіркендіру және сенсибилизиттейтін әсері анықталмаған. Зат көздің сілемейлі қабығын әлсіз тітіркендіреді. Ингаляциялық әсер ету дәрежесі бойынша зат аз қауіпті заттардың 4 класына жатады.

1.4. Жұмыс аумағының ауасында полигексаметиленгуанидин гидрохлориді үшін ПДК - 2мг/м3 (аэрозоль, 3 класты қауіпті), дидецилдиметиламмоний хлориді үшін – 1,0 мг/м3 (аэрозоль, 2 класты қауіпті).

1.5. Қолдану аясы:

- хирург, операциялық медбикелер, акушерлер және операция жасауға және босандыруға қатысатын басқа да адамдардың қолын өңдеу;

- донорлардың шынтақ тұсы иілімдерін өңдеу үшін;

- емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) пациенттерінің операция жасалатын және инъекция енгізілетін бөліктерінің терісін өңдеуге;

- ЕПМ медицина персоналының, оның ішінде жедел жәрдем беру машиналары персоналдарының, стоматологиялық емхана және перзентхана персоналдарының қолдарын, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің, әлеуметтік қамту мекемелерінің (қарттар, мүгедектер үйі және т.б.) медицина қызметкерлерінің қолын гигиеналық өңдеуге;

- парфюмерно-косметикалық және фармацевтикалық кәсіпорындар, коммуналды қызмет объектілері (оның ішінде косметикалық салондар және басқалары) қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге;

- тамақ кәсіпорны, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен азық түлікпен сауда жасайтын кәсіпорындар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге;

- химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге;

- құс өсіру, мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және жануарлар шаруашылығы қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге;

- тұрмыста халық және пациенттердің инъекциялық бөліктерін гигиеналық өңдеуге;

- зең ауруларының алдын алу мақсатында аяқ табанын өңдеуге.

2. «Миродез мусс» затын көбіршік түрінде қолдану

2.1. Қолды гигиеналық өңдеу: заттың 2,2 мл мөлшерін (көбіршік тәрізді дозаторды қысқандағы 3 доза) қол буынына жағып, теріге сіңгенше дейін уқалау қажет, бірақ 30 секунттан кем емес.

2.2. Хирург қолдарын өңдеу: затты қолданар алдында қол буыны мен иыққа дейін алдын ала ағын сумен сабындап 2 минуттай мұқият жуады, екі реттен кем емес, стерильденген дәкелі сүлгімен құрғатады. Содан кейін затты қол буынына екі рет 2,2 мл-ден (көбіршік тәрізді дозаторды қысқанда 3 дозадан) құйып және ылғал күйін ұстана отырып, қол буыны мен иыққа дейін жағады. Өңдеудің жалпы уақыты 4 минутты құрайды, ал заттың жалпы шығыны 4,4 мл. Зат толығымен құрғағаннан кейін стерильденген қолғап киеді.

3. «Миродез мусс» затын сұйық түрінде қолдану

3.1. Қолды гигиеналық өңдеу: құрғақ қолға (алдын ала сумен сабындап жуусыз) 3 мл құрал құйып, теріге сіңгенге дейін жағады, бірақ 30 секунттан кем емес, саусақ арасы терілерінің мұқият өңделуіне аса назар аудару қажет.

3.2. Хирург пен операция жасауға қатысатын адамдардың қолдарын тазалау: құралды қолданар алдында қол буыны мен иыққа дейін алдын ала жылы сумен және иіс сабынмен (қатты немесе сұйық) сабындап 2 минуттай мұқият жуады, содан кейін құрғатып стерильденген дәкелі сүлгімен сүртеді.

Содан соң қол буынына 2,5 мл затты жеке-жеке порциямен жағып, бірдей етіп үлестіреді, сонымен бірге қол буыны мен иыққа дейін 2,5 минуттай мұқият жағады; содан кейін қолға заттың жаңа порциясын құйып, 2,5 минуттай қолды тазалайды және екінші рет жаққаннан кейін пайда болған көбіршікпен өңдеуді қайталайды. Өңдеудің жалпы уақыты 5 минут.

3.3. Операция жасалатын тері бөлігі мен донор шынтағының иілген жерін өңдеу: теріні молымен затқа салынған жеке стерильді дәкелі тампонмен екі мәрте сүртеді. Өңдеу аяқталғаннан кейінгі ұсталымдығы – 2 минут. Операция қарсаңында науқас жуынады (душ, ванна), іш киімін ауыстырады.

3.4. Инъекцая салынатын тері бөлігін тазалау: теріні молымен затқа малынған стерильді мақталы тампонмен сүртеді. Өңдеу аяқталғаннан кейінгі ұсталымдығы – 30 сек.

3.5. Табанды профилактикалық тазалау: бассейн, сауна, душ және т.б. барғаннан кейін табан терісін молымен затқа малынған стерильді мақталы тампонмен сүртеді; әр табанды өңдеу уақыты – 1 минуттан кем емес.
4. Сақтық шаралары

4.1. Тек сыттай қолдану үшін пайдаланылады.

4.2. Жарақатталған тері мен жара үсіне қолданылмайды, заттың көзге және көздің сілемейлі қабығына тиюіне жол бермеу қажет.

4.3. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға тыйым салынады.
5. Кездейсоқ уланғанда алғашқы көмек беру шаралары.
5.1. Зат кездейсоқ асқазанға түскенде адсорбент салынған судан бірнеше стақан ішу қажет (мысалы, бір стақанға активтендірілген көмірдің үгітілген 10-15 таблеткасын салып), асқазанды тазаламаған жөн. Қажет болған жағдайда дәрігерге барған лайым.

5.2. Зат көзге тиіп кеткенде ағын сумен жуып, 20-30% натрий сульфацил ерітіндісінің 1-2 тамшысын тамызу керек.

6. Буып-түю, тасымалдау, сақтау

6.1. «Миродез мусс» заты сыйымдылығы 0,25 дм3 көбіршектіндіргіш дозаторы бар (дозаторды сыққандағы 1 доза құралдың 0,74±0,01 мл көлеміне сәйкес келеді) полиэтиленді ыдыста, сонымен бірге сыйымдылығы 0,1 дм3, 0,25 дм3, 0,5 дм3, 1 дм3 және 5 дм3 ыдыстарда шығарылады.

6.2. Көліктің аталмыш түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес көліктің кез-келген түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

6.3. Зат кездейсоқ төгіліп қалса, онда оны ыдысқа жинап алып, іске жарату қажет.

6.4. Тығыз жабылған зауыт ыдысында, дәрі-дәрмектен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, плюс 20С-ден плюс 300С-қа дейінгі температурада жабық қойма жайларында сақтау қажет.

6.5. Сақтау шарттарын сақтаған жағдайда жарамдылық мерзімі шығарылған күннен бастап 5 жылды құрайды.
7. Сапаны бақылаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері

«Миродез мусс» дезинфекциялау заты сапаның келесі көрсеткіштерімен бақыланады: сыртқы пішіні, түсі, сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші (рН), гидрохлорид полигексаметиленгуанидин мен хлорид дидецилдиметиламмонийінің массалық үлесі.

Олардың әрқайсысы бойынша бақыланатын көрсеткіштер мен нормалар 1 кестеде келтірілген.

1 кесте
«Миродез мусс» затына арналған сапа және норма көрсеткіштері

№рс

Көрсеткіш атауы

Нормасы

Сынақ әдісі

1.

Сыртқы пішіні, түсі, иісі

Шайқау кезінде көбіршіктенетін, әлсіз сезілетін иісі бар, түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық

5.1. т. бойынша

2.

Сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші

5,5 1,0

5.2. т. бойынша

3.

Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесі,%

0,40 0,04

5.3. т. бойынша

4.

хлорид дидецилдиметиламмонийінің массалық үлесі,%

0,20 0,02

5.4. т. бойынша

7.1. Сыртқы пішіні, түсі мен иісін бақылау.

Заттың сыртқы пішіні мен түсі көзбен шолу арқылы бағаланады. Ол үшін шамамен 25 см3 құралға МЕСТ 25336 бойынша В-36-80ХС воронка арқылы МЕСТ 25336 П2Т-31-115ХС құрғақ приборкаға құйып, өтпелі түсті бақылайды.

Иісін органолептикалық тұрғыда бағалайды.

7.2. Сутегі иондары (рН) белсенділігі көрсеткішін анықтау

Сутегі иондары белсенділігі көрсеткіші аспапқа берілген нұсқаулыққа сәйкес рН өлшемін 2-ден 12-ге дейін қамтитын, кез-келген типті ионөлшеуіште МЕСТ Р 50550 бойынша анықтайды.

7.3. Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесін анықтау.

7.3.1. Өлшеу құралдары, реактивтер және ерітінділер:

МЕСТ 24104-88 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

МЕСТ 29251-91 бойынша бюретка 1-12-25-0,1;

тегістелген тығыны бар конус тәрізді колба КН-1-50 МЕСТ 25336-82;

тамшуыр 4 (5)-1-1, 2-1-5 МЕСТ 20292-74 бойынша;

цилиндрлар 1-25, 1-50, 1-100 МЕСТ 1770-74 бойынша;

мөлшерлеу колбалары 2-100-2 МЕСТ 1770-74 бойынша;

натрий лаурилсульфат (додецилсульфат) ТУ 6-09-64-75;

индикатор бромфенолды көк, маркасы чда., ТУ 6-09-5421-90;

хлороформ МЕСТ 20015-88 бойынша;

дистилденген су МЕСТ 6709-72 бойынша;

этил спирті, МЕСТ 18300 бойынша.

7.3.2. Талдауға дайындау:

0,05% көк бромфенол ерітіндісін дайындау.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде белгіге дейін дистилденген сумен 0,05 г көк бромфенолды 20 см3 этил спиртіне ерітеді.

Нартрий лаурилсульфатының 0,555 н. су ерітіндісін дайындау.

7.4.2.1 тармағына сәйкес дайындалған лаурилсульфат ерітіндісі қолданылады.

7.3.2.3. Карбонатты-сульфатты буферлі ерітінді дайындау.

7.4.2.4. және 7.4.2.5. тармақтарына сәйкес дайындалған буферлі ерітінді қолданылады.

7.3.3. Талдау жүргізу:

Сыйымдылығы 50 см3 тығыздалған тығынды конус тәрізді колба не болмаса цилиндрға 5 см3 «Миродез мусс» затын, 10 см3 хлороформ құяды, 0,080 см3 көк бромфенол ерітіндісін салып, 25 см3 буферлік ерітінді құяды. Колбаны жауып, ерітіндіні су қабаты түссіз болғанға дейін шайқайды. Алынған екі фазалы жүйеге 0,005 н. натрий лаурилсульфатын титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні шайқайды. Су қабаты бояуының өзгеруін өзгеру түсін бақылай отырып, қадағалайды. Титрлеу соңында су қабаты көгілдір түске боялады.

7.3.4. Нәтижелерді өңдеу.

Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесін (Х) пайызбен келесі формула бойынша анықтайды:

,

мұндағы 0,00089 – полигексаметиленгуанидин массасы, ол 1 см3 натрий лаурилсульфатының дәл С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясының ерітіндісіне сәйкес, г;

Vчас – натрий лаурилсульфатының дәл С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясы ерітіндісінің көлемі, ЧАС титрінен өткен (1.3. т. қара), см3;

V – натрий лаурилсульфатының С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясы ерітіндісінің көлемі, ЧАС және ПГМГ қосқанда титрден өткен (2.3. т. қара), см3;

К – натрий лаурилсульфатының С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясы ерітіндісінің түзету коэффициенті;

m – талданатын сынама массасы, г;

V1 – 100 см3 –ке тең «Миродез мусс» құралы ерітілген ілме көлемі;

V2 – титрлеу үшін іріктеп алынған, талданып отырған ерітінді аликвотасының көлемі (5 см3).

Талдау нәтижесі ретінде екі параллелді анықтаманың орташа мәні алынады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +6,0%. Талдау нәтижесі үтірден кейінгі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектенеді.

7.4. Хлорид дидецилдиметиламмонийінің массалық үлесін анықтау.

7.4.1. Жабдық, реактивтер және ерітінділер.

МЕСТ 24104-88 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

бюретка 1-1-2-25-0,1 МЕСТ 29251-91 бойынша;

тегістелген тығыны бар колба Кн-1-50 МЕСТ 25336-82 бойынша;

тамшуыр 4(5)-1-1, 2-1-5 МЕСТ 20292-74 бойынша;

цилиндрлер 1-25, 1-50, 1-100 МЕСТ 1770-74 бойынша;

мөлшерлі колбалар 2-100-2 МЕСТ 1770-74 бойынша;

лаурилсульфат натрийі (додецилсульфат) ТУ 6-09-64-75 бойынша;

«Мерк» (Германия) фирмасы шығарған құрамында 99,0% кем емес негізгі заты бар 1-сулы цетилпиридиний хлориді немесе осы тәріздес квалификациялы реактив;

көк түсті Эозин-метиленді индикаторы (Май-Грюнвальд бойынша), ч. маркалы, ТУ МЗ 34-51 бойынша;

хлороформ МЕСТ 20015-88 бойынша;

сұрқышқылды натрий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4166-76;

көмірқышқыл натрийі х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 83-79;

хлорлы калий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4234-77;

дистилденген су МЕСТ 6709-72 бойынша.

7.4.2. Талдауға дайындау.

Натрий лаурилсульфатының 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,150г натрий лаурилсульфатын ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

7.4.2.2. Құрғақ индикаторлық қоспаны әзірлеу.

Көк түсті Эозин-метиленді индикаторды 1:100 қатынаспен калий хлоридімен араластырып, фарфорлы ыдыста мұқиятты түрде езеді. Құрғақ индикаторлық қоспаны тығыз жабылатын қақпағы бар бюксте бір жыл бойы сақтайды.

7.4.2.3. Цетилпиридиний хлоридінің 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,179г цетилпиридиний хлоридін ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

7.4.2.4. Карбонатты-сульфатты буфер ерітіндісін әзірлеу.

Құрамында рН 11 бар карбонатты-сульфатты буферлі ерітінді сыйымдылығы 1дм3 мөлшерлі колбада 100г сұрқышқылды натрий мен 10г көмірқышқыл натрийді дистилденген суда ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

7.4.2.5. Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің түзету коэффициентін анықтау.

Дайындалған ерітіндінің түзету коэффициентін 0,005 н. натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен хлорид цетилпиридиний ерітіндісін екіфазалы титрлеу әдісімен анықтайды.

Сыйымдылығы 50см3 мөлшерлі колбаға хлорид цетилпиридинийінің 10см3 ерітіндісін, хлороформның 10см3 құйып, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосады және 5см3 буферлі ерітіндіні құяды. Колбаны тығынмен жауып, ерітіндіні араластырады. Цетилпиридиний ерітіндісін натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады. Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің К түзету коэффициентінің мәнін келесі формула арқылы есептейді:



мұндағы Vцп – 0,005 н. хлорид цетилпиридиний ерітіндісінің көлемі, см3;

Vдс – 0,005 н. титірлендірілуге жіберілген натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің көлемі, см3.

7.4.3. Талдау жүргізу.

Конус тәрізді колбаға, я болмаса тығыз жабылатын тығыны бар сыйымдылығы 50см3 цилиндрге 5см3 «Миродез мусс» құралын, 10см3 хлороформ, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосып, 10см3 буферлік ерітінді құяды. Колбаны тығынмен жауып, ерітіндіні араластырады. Алынған екіфазалы жүйені натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады.

7.4.4. Нәтижені өңдеу.

Төртеселік аммоний қоспаларының (Х) массалық үлесі пайызбен келесі формула бойынша есептелінеді:



мұндағы 0,000189 – төртеселік аммоний қоспаларының массасы, ол 1 см3 натрий лаурилсульфатының дәл С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясының ерітіндісіне сәйкес, г;

Vчас – натрий лаурилсульфатының С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясы ерітіндісінің көлемі, титрлеуден өткен, см3;

К – натрий лаурилсульфатының С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.) концентрациясы ерітіндісінің түзету коэффициенті;

m – талданатын сынама массасы, г;

V1 – 100 см3 –ке тең «Миродез мусс» құралы ерітілген ілме көлемі;

V2 – титрлеу үшін іріктеп алынған, талданып отырған ерітінді аликвотасының көлемі (5 см3).

Талдау нәтижесі ретінде екі параллелді анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесі алынады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +3,0%. Талдау нәтижесі үтірден кейінгі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелетіледі.

Похожие:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез базик» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconДепартамент директоры
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница