Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




Скачать 326.94 Kb.
НазваниеТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница1/3
Дата конвертации02.12.2012
Размер326.94 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

__________ ТВ-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу ШАРТЫ
Алматы қ. «__»____________ 2010 ж.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, бұдан әрі – «Тапсырыс беруші» деп аталады, ____________________ сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын _________________ арқылы бір жағынан және _______________, бұдан әрі – «Орындаушы» деп аталады, _______________ негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________ арқылы екінші жағынан, бірге «Тараптар» деп атала отырып 2010 жылғы «___» ______________ баға ұсыныстарын сұрастыру тәсілімен сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу қорытындысы негізінде төмендегілер жайлы осы ТВ-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шартын (бұдан әрі – шарт немесе осы шарт) жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Шартқа сай Орындаушы Тапсырыс беруші сұхбаттарын, репортаждарын және басқа да бейнесюжеттерін (бұдан әрі – жарнамалық материал) ТВ-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен қызметтерді қабылдап, ақысын төлеуді міндеттенеді. Орындаушы қызметтерді осы шарттың №1 қосымшасы болып табылатын Медиа-жоспарға сәйкес көрсетеді.

1.2. Қызметтер құнына жарнамалық материалды орналастыру, ұйымдастыру, рәсімдеу және жеткізуге байланысты барлық ілеспе қызметтер мен қосымша шығыстар кіреді.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Орындаушы:

1) айдар шығаруға қажет барлық материалдарды (тақырыптар, сценарийлер, мәтіндер, сондай-ақ құрастырылған айдарлар) 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындауға және Тапсырыс берушімен келісуді;

2) осы шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде шарттың №1 қосымшасы болып табылатын жарнамалық материалды дайындау мен орналастыру бойынша медиа-жоспарды дайындауды және Тапсырыс берушімен келісуді;

3) Қызметтерді осы шарт талаптарына, Медиа-жоспарға және Тапсырыс берушінің бекітілен материалдарына қатаң сәйкес түрде көрсетуді;

4) Тапсырыс беруші берген жарнамалық материалдағы ақпаратты бұрмаламауды;

5) Орындаушы кінәсінен туындаған жарнамалық материалды орналастырмау немесе орналастыру талаптарын сақтамау, сонымен қатар ауданының (көлемінің) кемуі немесе ақпарат бұрмалануы немесе кез келген басқа қайшылық жағдайында (мұндайда Тараптар орын алған қайшылықтар көрсетілетін акті жасайды), оның жарнамалық материалды орналастыру талаптары толық сақтала отырып шартта көзделген ТВ-да келесі шығуына қайтадан әрі тегін орналастырылуын қамтамасыз етуді;

6) жарнамалық материалды орналастыру мерзімдері Орындаушыға тәуелсіз өзгерген жағдайда, Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын орналастыру үшін тең уақыт ұсына отырып, алдағы өзгерістерге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіні бұл туралы хабарландыруды міндеттенеді. Осы тармақша профилактикалық жұмыстар (телеарналарда) жүргізу жағдайларына да қолданылады;

7) есепті айдан кейінгі айдың 15 жұлдызынан кешіктірмей көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісіне қол қоюды және Тапсырыс берушіге беруді;

8) әрбір күнтізбелік ай аяқталған соң 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге шарт бойынша жарнамалық материал орналастырылатын бүкіл телеарнадан эфирлік анықтамалар беруді;

9) жарнамалық материалды орналастыру осы шарт талаптарына және бекітілген Медиа-жоспарға сәйкес болмаған жағдайда, осы шарт бойынша Тапсырыс беруші мәлімдеген наразылықты (талаптарды, ескертулерді) қарастыруға қабылдауды;

10) осы шартты орындау барысында қолданылатын жарнамалық материалдарға Тапсырыс берушінің ерекше авторлық мүліктік құқығын бұзбауды міндеттенеді. Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын осы шарт талаптарында көрсетілгеннен басқа қандай да бір тәсілдермен тұтас та, бөліп те қолданбауды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуді;

11) Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге осы шарттың №2 қосымшасына сай нысанда қазақстандық қамту үлесі бойынша есептілік беруді міндеттенеді.

    1. Орындаушы:

1) Тапсырыс беруші осы шарт бойынша төлемді уақытылы және толық жасамаған жағдайда, Тапсырыс берушіні нақты бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, мұндайда Орындаушы Тапсырыс беруші жасаған төлем көлеміне пропорционал қызметтер көрсетуді міндеттенеді.

    1. Тапсырыс беруші:

1) жарнамалық материалды орналастыру көлемі мен мерзімдері өзгерген жағдайда, Тапсырыс берушінің жарнамалық материалын орналастырудың тең немесе Орындаушымен келісілген басқа талаптарын ұсына отырып, шығу күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын Орындаушыны бұл туралы хабарландыруды;

2) осы шартқа сәйкес орналастыруға берілген жарнамалық материалдың мазмұны жағынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екенін және оларды орналастыру үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын бұзбайтынын кепілдендіруді;

3) Орындаушы берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарнамалық материалды (тақырыптар, сценарийлер, мәтіндер) келісуді;

4) Орындаушы берген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жарнамалық материалды дайындау мен орналастыру бойынша медиа-жоспарды келісуді және бекітуді;

5) жарияланатын жарнамалық материалдың дұрыстығын қамтамасыз етуді;

6) Орындаушы аралық (ай сайынғы) қабылдау-өткізу актілерін берген кезде, оларға алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қол қоюды не осы мерзімде Орындаушыға негізді ескертулер және/немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісінің жаңа мәтінін жіберуді міндеттенеді. Көрсетілген акті бойынша ескертулерді Тарап өзіне қол қоюға берілген актінің мәтінінде көрсете алады;

7) шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтердің ақысын уақытылы төлеуді міндеттенеді.

    1. Тапсырыс беруші:

1) Орындаушының осы шарт талаптарында көзделген міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

2) жарнамалық материалды орналастыру осы шарт және бекітілген Медиа-жоспар талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, наразылық (талаптар, ескертулер) білдіруге;

3) Орындаушының кінәсінен орналастырылған жарнамалық материал шындыққа сәйкес болмаған жағдайда, Орындаушыдан шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдарға тиісті өзгертулер енгізу мен өзгертілген жарнамалық материалдарды Орындаушы есебінен орналастыруды, сондай-ақ бұрын басылымдарға орналастырылған шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдың теріске шығарылуын жүзеге асыруды талап етуге;

4) Орындаушыны бұл туралы нақты бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, мұндайда Тапсырыс беруші нақты көрсетілген қызметтер құнын толық төлеуді міндеттенеді.

2.5. Тараптар бірін бірі осы шарт бойынша заңды мекенжай, банктік деректемелерге қатысты мәліметтердің, сондай-ақ осы шартта көзделген міндеттемелерді орындауларына ықпал ететін басқа талаптардың барлық өзгерістері туралы жазбаша хабардар етуді міндеттенеді.

2.6. Кез келген Тараптың көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісіне негізсіз қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді. Көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісіне қол қоюды 10 (он) күнтізбелік күннен артық мерзімге негізсіз кешіктіру, Тараптың осы актіде көрсетілген талаптар мен ережелерге келісімін білдіреді;

Егер Тарап осы көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актісінде баяндалған талаптармен және ережелермен келіспесе, ол бұл актіге негізді ескертулермен қол қояды.

3. ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

3.1. Осы шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құны ҚҚС сомасы ескерілген _________ (______________________) мөлшеріндегі соманы (бұдан әрі - Шарттың жалпы сомасы) құрайды.

Шарттың жалпы сомасы нақты және өсу жағына қарай өзгермейді. Тауарды жеткізу бойынша барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ шартты орындауға байланысты басқа да мүмкін шығыстарды Орындаушы дербес өз есебінен төлеуі тиіс.

Егер қызметтер көрсету кезеңінде ҚҚС мөлшерлемесі ҚР салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес азаю жағына қарай өзгерсе, шарттың жалпы сомасы ҚР салық заңнамасындағы мұндай өзгерістерге байланысты көрсетілетін қызметтерді іске асырудан алынатын айналымның жаңа мөлшерлемесі бойынша ҚҚС сомасына тиісінше төмендетілуі тиіс.

3.2. Тапсырыс беруші шарттың жалпы сомасын төлеуді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

- шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде шарттың жалпы сомасының 30 % (отыз пайызы) мөлшеріндегі алдын ала төлем;

- көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің аралық (ай сайынғы) актілеріне қол қойылған және шот-фактура берілген соң 10 (он) операциялық күн ішінде алдын ала төлем құнынан қызметтердің жалпы құнының 90% (тоқсан пайызы) сомасына дейін артық көрсетілген қызметтер сомасына аралық төлем;

- қызметтер толық көлемде көрсетілген және шарт бойынша жалпы толық көлемде көрсетілген қызметтерді қабылдау-өткізудің қорытынды актісіне және шот-фактураға қол қойылған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде ақырғы төлем.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес жауап береді.

4.2. Орындаушының кінәсінен орналастырылған жарнамалық материалдар шындыққа сәйкес болмаған жағдайда, Орындаушы шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдарға Тапсырыс берушінің наразылығына (талабына, ескертуіне) сәйкес тиісті өзгертулер енгізеді және шартта көзделген өзгертілген жарнамалық материалдарды өз есебінен орналастырады, сондай-ақ бұрын орналастырылған шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалық материалдың теріске шығарылуын жүзеге асырады.

  1. Орындаушы жарнамалық материалды орналастырудың Медиа-жоспарының ережелерін бұзған кезде, Орындаушы Тапсырыс берушімен жарнамалық материалды орналастыру күні мен уақытын келісе отырып, өтемақы ретінде өз есебінен екі есе көлемде қызмет көрсетеді.

Орындаушы шарттың осы тармағының талаптарын бұзған кезде, Тапсырыс беруші Орындаушыдан шықпаған (уақытылы шықпаған) жарнамалық материалдардың орналастыру құны мөлшерінде айыппұл өндіруге құқылы.

Осы тармақтың бірінші азатжолы Орындаушы Медиа-жоспарда көзделген уақытта шықпаудың әрбірін Тапсырыс берушімен келісілген басқа уақытта бір рет шығару арқылы өтейтін, құжатпен расталған телеарналардағы техникалық олқылықтар, телеарнаның көрсету торының өзгеруі жағдайларында қолданылмайды.

  1. Орындаушы бастамасымен шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (Тапсырыс берушінің осы шарт талаптарын бұзуына байланысты бұзу қосылмайды), Орындаушы Тапсырыс берушіге шарттың жалпы сомасының 20% (жиырма пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді, сондай-ақ Тапсырыс берушіге шарт бойынша төленген бүкіл ақша сомасын қайтарады.

4.5. Тапсырыс беруші бастамасымен шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (Орындаушының осы шарт талаптарын бұзуына және/немесе Орындаушының орналастыру талаптарын сақтамауына байланысты бұзу қосылмайды), Тапсырыс беруші Орындаушыға нақты көрсетілген қызметтер үшін ақы төлейді.

4.6. Орындаушы қазақстандық қамту үлесі бойынша есептілікті беру мерзімдерін бұзған жағдайда, Тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбы ретінде әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызына) балама соманы төлейді.

4.7. Тапсырыс берушінің шарт бойынша төлемді жүзеге асыру кезінде тұрақсыздық айыбының сомасын ұстап қалуға құқығы бар.

4.8. Төлемнің әрбір мерзімі өткен операциялық күні үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға төленуі тиіс соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлейді.

4.9. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5. ДҮЛЕЙ КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ

5.1. Тараптар жауап бермейтін дүлей күш жағдайлары, атап айтқанда: табиғат апаты, заңнама өзгерістері, соғыс, ылаңкестік актілер, Тараптарға тәуелсіз, еркінен тыс орын алған төтенше және тежеу мүмкін емес жағдайлардың орын алуы себебінен осы шарттың орындалуы мүмкін болмаған және бұл жағдайлар осы шарт бойынша міндеттерді орындауға тікелей ықпалын тигізген жағдайда, оларды орындау дүлей күш жағдайларының болу мерзіміне жылжытылады.

Дүлей күш жағдайларына шартты орындау үшін қажет тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің нарықта болмауы, басқа валюталарға қатысты ұлттық валюта бағамының өзгеруі және кәсіпкерлік тәуекелге жататын басқа да ұқсас жағдайлар жатпайды.

5.2. Дүлей күш жағдайларының әрекеті нәтижесінде міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айырылған Тарап дүлей күш жағдайлары орын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі Тарапты бұл туралы жазбаша хабарландыруы тиіс. Дүлей күш жағдайларының туындағаны туралы хабарландырмау, тиісті Тарапты шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде көрсетілген жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

5.3. Жалпыға танымал сипаттағы дүлей күш жағдайлары қосымша дәлелдерді немесе хабарламаларды қажет етпейді. Дүлей күштің басқа барлық жағдайларын дәлелдеу мүдделі Тарапқа жүктеледі.

5.4. Дүлей күш жағдайлары туындаған күннен бастап қатарынан 60 (алпыс) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені шартты болжалды бұзу күнінен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын келесі Тарапқа бұл туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы шартты бұзуға құқылы. Мұндайда, Тараптар осы шарттың бұзылу күніне дейін барлық өзара есептесулерді жүзеге асырады.
  1   2   3

Похожие:

Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Л) тв-ға орналастыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) шарт мерзімдері мен басқа да талаптарына сәйкес көрсетуді, ал Тапсырыс беруші...
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ
ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті...
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЖарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Жарнамалық құрылыстарды жалға алу және оған орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
Тв-ға сұхбат, репортаждар және басқа да бейнесюжеттер орналастыру қызметтерін сатып алу шарты алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТалон жүйесі бойынша аи 92 мұнай өнімдерін сатып алу-сату туралы № Шарты Алматы қаласы 2011 ж
«Сатып алушы» деп аталатын, негізінде әрекет ететін, келесі тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница