Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту




Скачать 208.42 Kb.
НазваниеАтырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту
Дата конвертации02.12.2012
Размер208.42 Kb.
ТипДокументы





Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту

2011 жылғы 17 қараша Атырау қаласы

Республика соттарының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындыларын шығару жөніндегі кеңейтілген кеңестің хаттамалық шешімінде көрсетілген тапсырмаларды орындауға бағытталған Атырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың 10 айында қаралған қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Талдауды жүргізу барысында облыстың аудандық, қалалық және оған теңестірілген соттарынан түскен материалдар, ұйымдастырушылық-аналитикалық бөліммен ұсынылған мәліметтер, қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары жөніндегі материалдар бойынша Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қабылдаған қаулылары, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының есептік мағлұматтары зерделеніп, қолданылды.
Қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған тұлғалардың жалпы мінездемесі.

Талдауға алынған мерзім ішінде облыстың аудандық, қалалық және оған теңестірілген соттарымен бұлтартпау шараларын қолдану бойынша 432 өтініш қаралған.

Соның ішінде:

қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша 339 тұлғаға қатысты өтініш;

үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша 1 тұлғаға қатысты;

экстрадициялық қамау түріндегі шара бойынша 6 тұлғаға қатысты өтініш;

қамаудың мерзімін ұзарту бойынша 71 тұлғаға қатысты өтініш;

үйде қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту бойынша 1 тұлғаға қатысты өтініш;

экстрадициялық қамаудың мерзімін ұзарту бойынша 7 тұлғаға қатысты;

қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою туралы 2 тұлғаға қатысты;

қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы 5 тұлғаға қатысты өтініш қаралған.

Облыстың соттарына түскен бұлтартпау шаралары бойынша барлық өтініштердің 1-і кері қайтарылып алынған.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша 339 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, соның ішінде:

  • 314 тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қанағаттандырылған;

  • 25 тұлғаға қатысты қамауға алу шарасын қолданудан бас тартылған.

Үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша 1 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, қанағаттандырылған.

Экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша бойынша 6 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, барлығы қанағаттандырылған.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту бойынша 71 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, барлығы қанағаттандырылған.

Үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы 1 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, қанағаттандырылған.

Экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы 7 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, барлығы қанағаттандырылған.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою туралы 2 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, соның ішінде:

  • 1 тұлғаға қатысты өтініш қанағаттандырылған;

  • 1 тұлғаға қатысты өтініш кері қайтарылып алынған.


Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы 5 тұлғаға қатысты өтініш қаралып, соның ішінде:

  • 4 тұлғаға қатысты өтініш қанағаттандырылған;

  • 1 тұлғаға қатысты өтініш қанағаттандырудан бас тартылған.


ҚР ҚІЖК-нің 110-бабына сәйкес 2010 жылдың 10 айында апелляциялық тәртіпте 57 ұсыныс (материал), ал 2011 жылдың 10 айында 49 ұсыныс қаралған.

2011 жылдың 10 айында ҚР ҚІЖК-нің 110-бабының тәртібінде 49 ұсыныс қаралып, олар бойынша төмендегідей шешімдер қабылданған:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша қабылданған сот қаулыларын өзгеріссіз қалдыру – 45 тұлғаға қатысты;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының күшін жойып, үйде қамауда ұстау түріндегі шараны қолдану – 1 тұлғаға қатысты;

  • экстрадициялық қамауға алу түріндегі шараны қолдану жөніндегі сот қаулысының күшін жойып, қамауға алудан бас тарту – 1 тұлғаға қатысты;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы сот қаулысын өзгеріссіз қалдыру – 1 тұлғаға қатысты қаралған;

  • 1 тұлғаға қатысты ұсыныс бірінші сатыдағы сотқа кері қайтарылған.


Қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану туралы ұсыныстарды облыстың соттарына шаққанда:

  • Атырау №2 қалалық сотында – 366 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 286 өтініш (соның ішінде бас тартылғаны - 24);

  • үйде қамауда ұстау шарасы бойынша – 1 өтініш;

  • экстрациялық қамауға алу шарасы бойынша – 6 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 60 өтініш;

  • үйде қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы – 1 өтініш;

  • экстрадициялық қамаудың мерзімін ұзарту туралы – 7 өтініш;

  • қамауға алудың күшін жою туралы – 1 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы – 4 өтініш (соның ішінде бас тартылғаны - 1).




  • Жылыой аудандық сотында – 24 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 21 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 3 өтініш.




  • Индер аудандық сотында – 2 ұсыныс, соның ішінде, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 2 өтініш.




  • Исатай аудандық сотында – 11 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 8 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 3 өтініш.




  • Құрманғазы аудандық сотында – 9 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 6 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 2 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы – 1 өтініш.

  • Қызылқоға аудандық сотында – 4 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 4 өтініш (соның ішінде бас тартылғаны - 1).




  • Мақат аудандық сотында – 9 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 7 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 2 өтініш.




  • Махамбет аудандық сотында – 7 ұсыныс, соның ішінде:

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша – 5 өтініш;

  • қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы – 1 өтініш;

  • қамауға алудың күшін жою туралы – 1 өтініш.


Бұлтартпау шараларын қолдану бойынша әйел адамдарға қатысты 10 өтініш немесе барлық қаралған өтініштердің 2,3 пайызын құрайды. Соның ішінде, 7 әйел адамға қатысты немесе 1,6 пайызына қамауға алу түріндегі шара қолданылып, 3 әйел адамға қатысты немесе 0,6 пайызына қамауға алудың мерзімі ұзартылған.

Кәмелет жасқа толмаған адамдарға қатысты 1 ғана өтініш қаралып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы – 314:

  • аса ауыр қылмыстар бойынша - 52 тұлғаға немесе 16,5%;

  • ауыр қылмыстар бойынша - 229 тұлға немесе 72,9%;

  • ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 30 тұлға немесе 9,5%;

  • онша ауыр емес қылмыстар бойынша - 3 тұлға немесе 0,9%.

Үйде қамауда ұстау – 1, ауыр қылмыс бойынша 100%.

Экстрадициялық қамауда ұстау – 6:

  • ауыр қылмыстар бойынша - 4 тұлға немесе 66,6%;

  • ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 2 тұлға немесе 33,3%.

Қамауға алудан бас тарту – 25:

  • ауыр қылмыстар бойынша - 17 тұлға немесе 68%;

  • ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 8 тұлға немесе 32%.

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту – 71:

  • аса ауыр қылмыстар бойынша - 9 тұлғаға немесе 12,6%;

  • ауыр қылмыстар бойынша - 54 тұлға немесе 76%;

  • ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 7 тұлға немесе 9,8%;

  • онша ауыр емес қылмыстар бойынша - 1 тұлға немесе 1,4%.

Үйде қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту – 1, ауырлығы орташа қылмыс бойынша 100%.

Экстрадициялық қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту – 7:

  • аса ауыр қылмыстар бойынша - 2 тұлғаға немесе 28,5%;

  • ауыр қылмыстар бойынша - 3 тұлға немесе 42,8%;

  • ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - 2 тұлға немесе 28,5%.

Қамауға алудың күшін жою – 1, ауыр қылмыс бойынша 100%.

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту – 4:

  • ауыр қылмыстар бойынша - 4 тұлға немесе 100%.

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тарту – 1, ауыр қылмыс бойынша 100%.
Облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарымен қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудан бас тартудың негіздері.

Талдау барысында тергеуші немесе анықтау органымен қамауға алу, үйде қамауда ұстау немесе экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану туралы соттың алдында қоятын өтініштері бойынша қаулылары заңды шығарылатыны анықталды. Өйткені, көптеген өтініштер бойынша сотпен тергеушінің, одан кейін прокурордың қаулылары негізді деп танылып, бұлтартпау шарасы қанағаттандырылады.

Барлық талдауға алынған материалдарда бұлтартпау шарасы қойылып отырған тұлғаға қатысты қылмыстық істі қозғау туралы қаулы, ұстау хаттамасы, жеке тінту туралы хаттама, сезіктіден жауап алу хаттамасы, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы, айыпталушыдан жауап алу хаттамасы, жәбірленушіден жауап алу хаттамасы, тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жәбірленушінің арызы, заттай дәлелдемелерді алу туралы хаттамасы, сарапшы қорытындысы, оқиға болған жерді қарау хаттамасы, соттылық туралы талап, сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты мінездеме, денсаулық жағдайы, мүгедектік, кәмелет жасқа толмаған балдарының бар-жоқтығы, тұрақты жұмыс орны немесе тұратын жері туралы анықтамалар және тағы басқа іс жүргізушілік құжаттар бар.

Дегенмен, соттармен бұлтартпау шараларын қолдану туралы өтініштерді қарау барысында тергеу немесе анықтау органдарымен жол берілетін төмендегідей кемшіліктер және мән-жайлар ескеріліп, қамауға алу, үйде қамауда немесе экстрадициялық қамауға алу шараларын таңдаудан бас тартылады.

Мысалы, Атырау №2 қалалық соты 2011 жылдың 27 мамырында ҚК-нің 308-бабының 4-бөлігінің «а,б» тармақтарымен, 125-бабының 2-бөлігінің «а,в,г,ж» тармақтарымен айыпталған Р.К. Мурзабаевқа қатысты қамауға алу санкция беру туралы өтінішті қараған.

Тергеу органы қамауға алу қажеттілігін - қылмыстық істі тергеу кезінде Р. Мурзабаев тергеушінің оны тергеу әрекеттеріне қатысуына заңды түрде шақырғанына қарамай, «ауруханаға барып емделіп жүрмін», - деген себеппен бірнеше рет шақыру қағазында көрсетілген уақыттарда келмей, тергеу әрекеттерінің дер кезінде және толық жүргізілуіне кедергі келтіргенімен негіздеген.

Аталған өтінішті ҚІЖК-нің 150-бабына сәйкес Атырау облысы прокуроры аға әділет кеңесшісі С.Н. Кемалов қолдаған.

Судья, прокурордың өтінішті қолдаған, ал айыпталушының және оның қорғаушысының өтінішке қарсы пікірлерін тыңдап, қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелерді шешу кезінде сот аталған бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты істің құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келеді.

ҚІЖК-нің 150-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты, егер оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса, оның жеке басы анықталмаса, ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса, ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, ол ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не оған  күдік келтірілсе және оның бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы болса, қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, аталмыш Кодекстің 141 бабына сәйкес бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудың қажеттiгi туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 140-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу туралы мәселенi шешу кезiнде осы Кодекстiң 139-бабында аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiлуге тиiс.

Сотқа зерттелуге берілген құжаттардан айыпталушы Р.К.Мурзабаевтың Атырау қаласында тұрақты тұратын мекен-жайы, асырауында кәмелетке толмаған үш балалары және жұмыс орны бар екенін, жұмыс орны бойынша жақсы жағынан мінезделетінін, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағаны анықталған.

Сол сияқты, өтінішті негіздейтін құжаттардан айыпталушы Р.К.Мурзабаевтың тергеу әрекеттерінің дер кезінде және толық жүргізілуіне кедергі келтіргенін, яғни тергеу әрекеттеріне қатысуға шақырылғанын растайтын дәлелдемелер және белгісіз бір адамдардың жәбірленуші А.Коныровқа, оның әкесіне, куәлерге жақындап, қысымшылық көрсеткені туралы уәждер тек біржақтамай жәбірленуші тараптардың айтуымен ғана өтінішке негіздеме ретінде алынып, ал айыпталушы Р.К.Мурзабаевтың осындай заңсыз іс әрекеттерді жасауға тікелей қатыстылығын растайтын дәлелдер тіркелмеген.

Сонымен қатар, сот өтініште көрсетілгендей айыпталушы Р.К. Мурзабаевтың ауыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты жасағандығы, бостандықта жүріп жәбірленушілер мен куәлерге қысым көрсетіп, қылмыстық істі объективті тергелуіне кедергі келтіргеніне жеткілікті дәлелдер ұсынылмағанын ескеріп, айыпталушы Р.К.Мурзабаевтың осы қылмыстың жасалуына кінәлілігі туралы мәселені алдын ала шешпей, қылмыстық ізге түсу органымен жинақталған дәлелдемелерге баға берместен, бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға санкция беруге көзделген негіздер жоқ деп есептеп, айыпталушы Мурзабаев Руслан Кайргалиевичті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Тағы бір мысал, алдын ала тергеу органымен Д.Бекешевке ҚК-тің 178 бабының 2 бөлігі «А,В» тармағымен, яғни алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы бөтен мүлікті ашық түрде ұрлау- қылмыстық іс қозғалған.

20 қаңтар 2011 жылы сағат 00.35-те Д.Бекешев Қылмыстық іс Жүргізу Кодексінің 132-бабына сәйкес ұсталынып, оған 21 қаңтар 2011 жылы Қылмыстық кодексінің 178-бабының 2-бөлігінің «а,в»- тармақтарында, 178-бабының 2-ші -бөлігінің «б, в»-тармақтарында көзделген қылмысты жасағандығы үшін айып тағылған.

Тергеушінің айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы 22 қаңтарындағы өтінішін Қылмыстық іс Жургізу Кодексінің 150-бабына сәйкес Атырау қаласының прокуроры қолдап, сол күні сотқа жіберген.

Сот отырысында прокурор тергеушінің өтінішін қолдап, айыпталушы тарапынан ауыр санаттағы қылмыстың жасалғандығын, оның бостандықтан жүріп, тергеу және сот органдарынан қашып кетуі, қылмысын жалғастыруы және куәларға тергеуге қарсы түсініктемелер беруді ұйымдастыруы мүмкін екендігін көрсетіп, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.

Айыпталушы Д.Бекешев сот отырысында өз кінәсін толықтай мойындап, болған іске өкініп, қамауға алуға қарсы екенін білдірді.

Судья, процесске қатысушылардың пікірлерін тыңдап, қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелерді шешу кезінде сот аталған бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты істің құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 150-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қасақана қылмыстар жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады.

Айыпталушы тергеу органдарымен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген ауыр санаттағы қасақана қылмысты жасағандығы үшін айыпталады.

Алайда сот ҚІЖК-тің 141-бабын қолданып Д.Бекешевтың жеке басын, яғни оның бұрын сотталмағанын, іс-әрекетіне өкінетіндігін, жанұялы екендігін, жастығын, тұрақты тұрғылықты жерінің барын ескере отырып, қылмыстың жасалуына кінәлілігі туралы мәселені алдын ала шешпей, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбауды дұрыс деп санаған.

Сот Атырау қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі Ш.Галимовтың айыпталушы Бекешев Дамир Даулетовичті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан.

Алдын ала тергеу органдарымен айыпталушы А.Н.Искалиев, 2011 жылдың маусымның 11-ы күні сағат 04.00 шамасында, жасы кәмелетке толмаған А.Н.Жумабаеваны Атырау қаласы, Привокзальный 5 м/а, 35-үй, 22-пәтерге апарып, соңғысының жасы кәмелетке толмағанын біле тұра, жыныстық қатынаста болған деп айып тағылған.

Осы факті бойынша 11 маусым 2011 жылы ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

ҚР ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес А.Н.Искалиев 12 маусым 2011 жылы сағат 00.40-де ұсталған және оған 13 маусым 2011 жылы ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Тергеуші айыпталушыны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі өтінішінде, айыпталушы орта дәрежедегі қылмыс жасағанын, бостандықта жүріп тергеу және сот орындарынан қашып кетуі, өзінің жасаған қылмысын одан әрі қарай жалғастыруы мүмкін деп көрсеткен.

Тергеушінің айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін ҚР ҚІЖК-нің 150-бабына сәйкес Атырау қала прокуроры қолдаған.

Судья, сотқа қатысушылардың пікірлерін тыңдап, қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелерді шешу кезінде сот аталған бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келген.

ҚР ҚІЖК-нің 150-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қасақана қылмыстар жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады.

Сотқа зерттелуге берілген құжаттардан айыпталушы А.Н.Искалиевтың Атырау қаласында тұрақты мекен-жайы, және жұмыс орны бар екенін, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескереді.

21 қараша 1988 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі орта, бойдақ, бұрын сотталмаған, «КМС» ЖШС-де жұмыс жасайтын, тұрағы: Атырау қаласы, Суворова көшесі, 5-үй, 57-пәтерде тұратын, айыпталушы Искалиев Асылжан Нурлигалиевичті, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартылған.
Онша ауыр емес және орта дәрежедегі қылмыстар санатына жататын әрекет жасаған адамдарға санкция беру негіздерін зерделегенде, соттар аталған санаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса; жеке басы анықталмаса; бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қамуға алуға санкция беретіні анықталды.

Әлбетте, жоғарыда көрсетілген айыпталушыларға қатысты істер сотта қаралған кезде, олар жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянның орнын толтырып, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 67-бабының негізінде қысқартылатын немесе аталған істердің қоғамға қауіптілігі жоғары болмағандықтан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері тағайындалатын жағдайлар кездеседі.

Мысалы, ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен, 104 бабының 2 бөлігінің «д» тармағымен айыпталған Давлетов Т. және Ш.Нагимовке қатысты санкция берген кезде, сот олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы жоқ екенін ескерген (екеуі де Қарақалпақстан Республикасының азаматы), іс сотта қаралу барысында Т.Давлетов пен Ш.Нагимов келтірген зиянның орнын толтырылып, жәбірленушімен татуласуына байланысты сот қылмыстық істі өндірістен қысқартқан.

ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігімен айыпталған Н.Гусейнов, А.Джафаровқа қатысты санкция берген кезде сот олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы жоқ екенін ескерген (екеуі де Өзбекстан Республикасының азаматы), іс сотта қаралу барысында сотталғандардың бұрын сотталмағандарын, жанұялық жағдайын, қылмыстары онша ауыр емес санатқа жататынын ескеріп, ҚР ҚК-нің 55-бабы негізінде айыппұл жазасын тағайындаған.

Дәлелдемелердің дұрыстығы, жол берушілігі, қатыстылығы, тергеудің жан-жақтылығы немесе біржақтылығы сот талқылауында іс негізінен қаралған кезде, дәлелдемелер тікелей зерделенуі барысында ғана анықталуы мүмкін, сондықтан қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті қараған сот айыпталушының айыбының дәлелденуіне, әрекетінің дәрежеленуінің дұрыстығына баға беруге толық мүмкіндігі болмайды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған айыпталушылардың әрекеттері алдын ала тергеу органдарымен қате дәрежеленгендіктен, соттар айыпталушыларға қамауға алуға санкция беріп, кейін, іс басты сот талқылауында қаралғанда, тергеу органдарының айыпталушының ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деген тұжырымдары негізсіз болып, сотталушылардың әрекеттері жеңілірек жауапкершілікті көздейтін жағдайлар болады.

Мысалы, ҚК-нің 120-бабының 2 бөлігінің «г» тармағымен айыпталған С.Аңшыбековке қатысты Жылыой аудандық сотымен санкция берілген. Ал осы істі басты сот талқылауында қараған кезде сот сотталғанның әрекетінде «бірнеше рет» деген саралаушы белгісі жоқ екенін анықтап, С.Аңшыбековтың әрекетін осы баптың 1 бөлігіне аударып дәрежелеп, сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты, қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 67-бабының негізінде қысқартқан.

Алдын ала тергеу органдарымен айыпталушының әрекеттері дұрыс дәрежеленбегендіктен сот санкция беру туралы өтінішті қараған кезде, дәлелдемелерге толық баға бере алмайтын болғандықтан, сотпен қамауға алуға санкция берілген Ж.Утешовтың әрекетін №2 Атырау қалалық соты істі негізінен қараған кезде ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігінен 177 бабының 2 бөлігінің «в» тармағына аударып дәрежелеп, оған ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, жазаны шартты деп есептеп, сынақ мерзімін тағайындаған.Бастапқыда берілген қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жойып, сот залынан қамаудан босатқан.

Тергеу органдарымен айыпталушының әрекеттері аса ауыр қылмыс жасады деп дұрыс дәрежеленбегендіктен Жылыой аудандық соты санкция беру туралы өтінішті қараған кезде, Р.Жумагалиевті қамауға алуға санкция берген. Алайда істі негізінен қараған Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушының әрекетін ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 бөлігі, 120 бабының 3 бөлігінің «в» тармағынан 105-бабына аударып дәрежелеп, оған айыппұл жазасын тағайындаған. Р.Жумагалиевтің бас шарасы қамаудың күшін жойып, сот залынан қамаудан босатқан.

Талдау көрсеткендей, аудандық, қалалық соттар қамауға алуға санкция беруге, қамауда ұстау мерзімін ұзартуға байланысты мәселелерді қараған кезінде негізінен ҚІЖК-ның талаптарына сай шешім қабылдаған.

Талдауға түскен материалдардан 18 қаңтар 2011 жылғы қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу заңдарына өзгеріс енгізілгеннен кейін де тергеу органдары өзгертілген заң талаптарын ескермей, бұрынғы, күшін жойған заңның шеңберінде өтініштер бергені көрінеді.

Мысалы, №2 Атырау қалалық сотының 2011 жылдың 20 ақпанындағы қаулысымен Абдуллаев Бекет Хожахметұлын қамауға алуға санкция беру туралы тергеу органының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қылмыстық ізге түсу органы өтінішінде айыпталушы Б.Абдуллаевтің орташа санаттағы қылмысты тікелей қасақаналықпен жасағандығын, өзге облыстың тұрғыны екендігін, бостандықта жүріп істің толық және жан-жақты тергелуіне кедергі жасауы мүмкіндігін және тергеуден, соттан қашып кету мүмкіндігін көрсетіп, Б.Абдуллаевті қамауға алуға санкция беруді сұраған.

Алайда, ҚР ҚІЖК-нің 150 бабының 1 бөліміне сай, қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты, егер:

  1. оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;

  2. оның жеке басы анықталмаса;

  3. ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;    

  4. ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса;

5) ол ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не оған күдік келтірілсе;

6) оның бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы болса, қолданылуы мүмкін.

Аталған заң талаптарынан орта дәрежедегі қылмыстар санатына жататын әрекеттер жасады деп айып тағылған кезде, ҚІЖК-нің 150 бабының 1 бөлімінде көзделген ерекше мән-жайлар анықталмаған жағдайда санкция берілмейтіні көрінеді.

Сот мәжілісінде зерттелген құжаттардан, айыпталушы орташа дәрежедегі қылмыс жасады деп айыпталатыны, оның тұрғылықты мекен-жәйі бар екені, бұрын сотталмағаны көрінеді. ҚІЖК-нің 150 бабының 1 бөлімінде көзделген ерекше мән-жайлар Б.Абдуллаевқа санкция беру барысында анықталмаған.

Бірінші сатыдағы сот аталған мән-жәйларды ескеріп, айыпталушыны қамауға алуға санкция беруге негіз жоқ деген заңды, дұрыс тұжырымға келген.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-ның 139 бабына сай айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ... бұлтартпау шараларының бірін қолданады.

Прокурордың - айыпталушы істі объективті тергеуге бөгет жасайды, тергеуден, соттан жалтаруы мүмкін деген уәждері ешқандай нақты дәлелдермен қуатталмаған. Ал, наразылықтың - Абдуллаев Маңғыстау облысына бағытталған поездынан қашып бара жатқан кезде ұсталған деген уәждері іс құжаттарына қайшы келеді.

Іске тіркелген қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамға толтырылған хаттамасында /і.б./, Б. Абдуллаевтің ұстау негізі ретінде хаттаманың 2 тарауының 1 тармағы көрсетілген, яғни қылмыстық ізге түсуші орган Абдуллаевтың ұсталуын - қылмыс жасалу үстінде немесе қылмыс жасалғаннан кейін ұсталған деп сипаттаған. Бұл жағдайда, тергеу органының ұстаудың себептерін «алдын ала тергеуден қашып кетуі мүмкін» деп көрсетуі осы хаттамада көрсетілген ұстау негіздеріне, іс құжаттарына сәйкес келмейді.

Осы істі прокурордың наразылығымен қараған апелляциялық алқа Атырау қаласының прокуратурасы санкция беру туралы тергеушінің өтінішін қолдау барысында қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын бұзған және апелляциялық наразылық дайындағанда ұқыпсыздық танытқан фактілері бойынша жеке қаулы шығарды.
Қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауда ұстау бойынша өтініштердің апелляциялық тәртіппен қаралуы.

2011 жылдың 10 айында сот қаулыларына Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына 38 апелляциялық шағым және 11 наразылық, барлығы 49 ұсыныс түскен. Оның ішінде, 48 шағым мен наразылық қаралып, 1 шағым кейін қайтарылған. Қаралған 48 шағым мен наразылықтардың 46-ы бойынша қаулы өзгеріссіз, 1 қаулының күші жойылып, санкция беруден бас тартылса, 1 қаулының күші жойылып, қамауға алуға санкция беруден бас тартылып, орнына үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қылмыстық ізге түсуші органдарымен Г.Махмудовқа ҚК-нің 183 бабының 3 бөлігімен, 193 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айып тағылып, №2 Атырау қалалық сотынан айыпталушыны қамауға алу жөнінде өтініш берілген.

Сот тергеу органының өтінішін қанағаттандырып, Г.Махмудовты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берген.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың Г.Махмудовты қамауға алу қажет деген шешімі іс құжаттарына және процессуалдық заң талаптарына сай келмейді деген тұжырымға келді.

Тергеу орны айыпталушыны қамауға алу қажет деген өтінішін, ол тергеуден және соттан қашып кетуі мүмкін деп негіздей тұрып, іс-құжаттарына бұл мән-жайды дәлелдейтін бірде-бір дәлелдеме тіркемеген.

Атап айтқанда, Г.Махмудовтың тұрғылықты мекен-жайында болмағаны жөнінде актілер, немесе оның көршілерінің түсініктемелері, тергеу органының айыпталушыға берген шақыру қағаздары іске тіркелмеген.

Іс құжаттарынан Г.Махмудов орташа санаттағы қылмыстар жасады деп айыпталатыны, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екені, Атырау қаласында тұратыны көрінеді.

Аталған мән-жайларды ескеріп, апелляциялық алқа Г.Махмудовты қамауға алуға санкция беру туралы №2 Атырау қалалық сотының 18 қаңтар 2011 жылғы қаулысының күшін жойып, үйде қамауда ұстауға санкция берген.

Қорытынды
Санкция беру тиімділігін зерделеу барысында, қамауға алуға санкция берген соттар айыпталушыға қатысты дәлелдемелердің дұрыстығын, жол берушілігін, қатыстылығын, тергеудің жан-жақтылығы немесе біржақтылығын тексеруге мүмкіндігі болмайтындығы, осыған байланысты айыпталушының әрекеттеріне тиісті баға бере алмайтындығы; кейбір жағдайда тергеу органдары айыпталушыға негізсіз ауырлау айып тағуына байланысты соттар қамауға алуға санкция беруге мәжбүр болатыны, сонымен қатар, онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы істер бойынша қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаған; жеке басы анықталмаған; бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзылған; қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған немесе жасырынуға тырысқан айыпталушыларға қамауға алуға санкция берілетіні, алайда осы адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа түскен кезде, олар келтірген зиянын өтеп, жәбірленушімен татуласатын жағдайлар жиі кездесетіні анықталды.

Мұндай жағдайларда қылмыстық істің нәтижелері белгілі болған кезде санкция берудің тиімділігі жөнінде мәселе туындайды, алайда санкция беру мәселесін қараған соттар қылмыстық істің тағдырын алдын ала білуі мүмкін емес екені ескерілуі қажет.

Қамауға алуға санкция беру, қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініштерді қарау барысындағы тәжірибемен таныстыру мақсатында төмендегідей шаралар қолдану қажет деп есептеймін:

1. Талдау қортындысын оқу орталығының семинарында талқылауды;

2. Аудандық, қалалық соттарының төрағаларын және судьяларын аталған мәселелерді қараған алдын ала тергеу, прокуратура органдары тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарды болашақта болдырмау мақсатында заң бұзушылықты жіберген органының атына жеке қаулы шығаруды міндеттеуді.

Атырау облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы

Похожие:

Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту icon17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconБалқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2012 жылдың 1 жартыжылдықтың 2011 жылмен салыстырғандағы қаралған әкімшілік істердің қорытынды анықтамасы
Тен қысқартылып, 552 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылданды, төлеу туралы – 289, әкімшілік қамауға алу туралы...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconЭтил спирті немесе алкогольді өнім айналымы
БтК-нің 163 б./ және таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу жөніндегі /ӘҚБтК-нің 214 б./ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудағы...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2012 жылға арналған Жұмыс жоспары
Р бп қСжае алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына электронды карточкаларды ұсыну
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconАқтөбе облысының қылмыстық істер қарайтын соттарымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма
Р-ның 28 желтоқсан 2011 жылғы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
Атырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту iconҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 9 айында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница