Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы




НазваниеҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
страница5/7
Дата конвертации02.12.2012
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

11-1-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын­дағы мемлекеттік бақылау

1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мем­лекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды

11-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3 Тарау

Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы

құралдар мен күш қолдануы

 

12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану мақсаты

Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.

 

13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:

1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;

3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;

4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткiзу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.

2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.

 

14-бап. Атыс қаруын қолдану

1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:

1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн:

2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;

4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;

5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;

6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;

7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.

2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.

3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.

4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.

 

4 Тарау

Iшкi iстер органдарында қызмет өткеру

 

2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-бап. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау

1. Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

2. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

3. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау қызметке тағайындау жолымен, соның iшiнде контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.

4. 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда осы жас шегi Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен өзгертiледi.

6. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе iшкi iстер органдарының кадрларына алынған әскери мiндеттiлер, соның iшiнде курсанттар мен iшкi iстер органдары жүйесi білім беру ұйымдарының тыңдаушылары белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнайы есебiнде тұрады.

7. Ішкі істер органдарына қызметке алғаш тұрушы адамдар міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияда куәландырудан, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы арнаулы оқудан және тағылымдамадан өтеді, олар үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бастапқы арнаулы оқуға қабылдау тәртібін Ішкі істер министрі айқындайды.

8. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.

9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау тәртiбi, қызметкерлердiң қызмет өткеруi, олардың өкiлеттiгi осы Заңмен, Республика Үкiметi бекiткен Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен, басқа да құқықтық нормативтiк актiлермен белгiленедi.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;

3) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарындағы қызметке жарамсыз деп танылған;

4) олардың мәртебесі мен соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында заңда белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

5) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

6) ішкі істер органдарына қызметке тұрар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

7) ішкі істер органдарына қызметке тұрғанға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

9) бұрын сотталған және ақтауға болмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;

10) бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған адамдар ішкі істер органдарына қызметке қабылданбайды.

Аталған мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды

15-1-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау

1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

2. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Бұл ретте ішкі істер органдарының қаражаты есебінен оқу ақысы төленіп, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына және басқа да білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен келісім шарттар жасалады, оларда оқудың және білім беру ұйымын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткерудің талаптары, мерзімдері көзделеді.

3. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиісті түрдегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес Ішкі істер министрі айқындайды.

 

 

16-бап. Iшкi iстер органдарындағы қызметтiң шектi жасы

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әскери қызмет үшiн заңдарда белгiленген жас шегiне дейiн қызметте бола алады. Қажеттi жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен қызмет өткеру мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.

2. Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту iшкi iстер органдарының қызметкерiн осы Заңда және Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы ережеде көзделген негiздерде жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

 

19.06.1997 ж. № 134-I; 09.12.1998 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 63-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi

17-бап. Iшкi iстер органдарынан қызметтен босату

Iшкi iстер органдарының қызметкерi мына негiздерде:

1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;

2) жасына қарай, яғни әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;

3) денсаулық жағдайына қарай - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы жөнiнде әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;

4) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа қызметте пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;

4-1) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;

5) контрактыны бұзуға не оның мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

6) өз қалауымен;

7) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;

8) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;

9) әскери-қызметтiк тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн;

10) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуiне орай;

11) iшкi iстер органдарының қызметкерi деген атаққа кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;

11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;

12) соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi болуына байланысты;

13) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты қызметтен босатылады.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды

17-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты шығындарды өтеу

1. Iшкi iстер министрлiгi білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.

Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгiнiң білім беру ұйымын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға бара-бар есептеледi.

2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлiгi білім беру ұйымдары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар білім беру ұйымына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегi әскери басқарманың органдарына жiберiледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома білім беру ұйымында болудың әрбiр толық айына бара-бар есептеледі.

18-бап. Iшкi iстер органдарындағы жұмыс уақыты

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.

2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қажеттi жағдайларда белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға шақырылуы мүмкiн.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 19-бап толықтырылды
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 Конституциялық заңы
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды Қазақстан Республикасының 1999. 05. 06. N 375 Заңымен
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы еңбек туралы
Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconӘскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу
Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница