Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы




НазваниеҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
страница6/7
Дата конвертации02.12.2012
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7

19-бап. Iшкi iстер органдарында қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн Республиканың басқа аймақтарында қоғамдық тәртiптi қорғау үшiн немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету және төтенше жағдаяттардың зардаптарын жоюға қатысу үшiн тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жiберiлуi мүмкiн.

5 Тарау

Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң

құқықтық жағдайы

09.12.1998 ж. № 307-1; 10.10.2001 ж. № 247-11; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 20-бап өзгертілді

20-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң мәртебесi

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

Iшкi iстер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет және Қазақстан халқы алдындағы қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi.

2. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаратын немесе кадрлары болып табылатын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгi әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады.

3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне олардың жеке басын және өкiлеттiгiн растайтын белгiленген үлгiдегi куәлiктер мен жетондар берiледi.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы осы Заңға және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеге қайшы келмейтiндей дәрежеде қолданылады.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

 

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды

20-1-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар берiледi:

қатардағы құрам:

полицияның қатардағы қызметкерi;

1) кiшi басшы құрам:

полиция кiшi сержанты;

полиция сержанты;

полиция аға сержанты;

полиция старшинасы;

2) орта басшы құрам:

полиция кiшi лейтенанты;

полиция лейтенанты;

полиция аға лейтенанты;

полиция капитаны;

3) аға басшы құрам:

полиция майоры;

полиция подполковнигi;

полиция полковнигi;

4) жоғары басшы құрам:

полиция генерал-майоры;

полиция генерал-лейтенанты.

2. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Iшкi iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

3. Жоғары басшы құрамды арнаулы атақтарынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қатардағы, кiшi, орта және аға басшы құрамға арнаулы атақтар берудiң және одан айырудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде айқындалады.";

21-бап. Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер

1. Iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.

3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да болсын саяси партияны жақтауға тиiс емес.

4. Iшкi iстер органдарында Iшкi iстер министрi анықтайтын тәртiп пен шарттарда кәсiпкердi (лауазымдарды) қоса атқаруға немесе уақытша орнында болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқаруға рұқсат етiледi.

ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 22-бап өзгертiлдi және толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және iшкiведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар жасаған жағдайда не осындай әрекет тiкелей анықталған ретте құқық бұзушылықты тыю және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегi iшкi iстер органын хабардар ету үшiн өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.

2. Полицияның учаскелiк инспекторы, ішкі істер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерi, соның iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарай отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған, ұйымдар үшiн мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.

3. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтiн iс-әрекеттерi "Заң атымен" деген сөздердi айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсендi iс-әрекеттi тоқтатып, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарына сөзсiз бағынуға және оның қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.

23-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған құқықтық кепiлдiктер

1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.

2. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, қорлау, қарсылық көрсету, күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қастандық жасау, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға бөгет жасайтын басқа iс-әрекеттер, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қастандық жасау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына ғана бағынады.

4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне осыған заңмен тiкелей өкiлеттiк берiлген адамдардан басқа ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ. Осы Заңмен iшкi iстер органдарына жүктелмеген мiндеттердi орындауға iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн көндiруге ешкiмнiң құқығы жоқ. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне құқыққа қарсы араласу заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

5. Заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған жағдайда, iшкi iстер органдарының қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi және оның қорғауында болады.

6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен iс-әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым беруге құқығы бар.

7. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арнайы құралдар мен тәсiлдер, қару қолданылып келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекетi заңға сәйкес жүзеге асырылса, жауап бермейдi.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне

қолданылатын көтермелеулер

1. Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз қызметi, аса маңызды әрi күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы өзге де жетiстiктерi үшiн iшкi істер органдарының қызметкерлерi:

1) бiржолғы ақшалай сыйақымен;

2) алғыс жариялаумен;

3) бағалы сыйлықпен марапаттаумен;

4) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын берумен;

5) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлерiмен көтермеленуi мүмкiн.

2. Айрықша сiңiрген еңбегi үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.

24-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi

1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi заңдарға сәйкес тәртiптiк қылмыстық және өзге жауапкершiлiкке тартылады.

2. Көрнеу заңсыз бұйрықты немесе нұсқауды орындау iшкi iстер органдарының қызметкерiн жауапкершiлiктен босатпайды.

3. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған және қамауда ұстау түрiндегi тыйып тастау шарасы қолданылмаған iшкi iстер органдарының қызметкерi, сот осы қылмыстық iс бойынша шешiм қабылдағанша, қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiппен тергеу жүрiп жатқан мерзiмге қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне

қолданылатын жазалаулар

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалаулар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сай еместігi туралы ескерту;

5) төмен тұрған лауазымға ауыстыра отырып, атқарып жүрген қызметінен босату;

6) арнаулы атағын бiр саты төмендету;

7) iшкi iстер органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.

2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

6 Тарау

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен

зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

25-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

19.06.1997 ж. № 134-I; 07.04.1999 ж. № 374-1; 16.11.1999 ж. № 476-I; 10.10.2001 ж. № 247-11; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертiлдi

26-бап. Iшкi iстер органдардың қызметкерлерiне еңбекке ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.

2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.

3. 10.10.2001 ж. № 247-11 ҚР Заңымен алып тасталды

4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

1) Үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Үкiметi белгiлейтiн тегiн нысандық әрi арнаулы киiм-кешекпен;

2) 10.10.2001 ж. № 247-11 ҚР Заңымен алып тасталды

4-1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киiм-кешектiң орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

5. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:

1) 07.04.1999 ж. № 374-1 ҚР Заңымен алып тасталды

2) iссапар куәлiгiн көрсеткен соң барлық көлiк түрiнде жүрiп-тұру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 27-бап толықтырылды
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 Конституциялық заңы
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды Қазақстан Республикасының 1999. 05. 06. N 375 Заңымен
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы еңбек туралы
Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы n 493 Заңы. Күшi жойылды Қазақстан Республикасының 2007. 05. 15. N 252 Заңымен
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы iconӘскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу
Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница