Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат




Скачать 35.66 Kb.
НазваниеЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации10.07.2014
Размер35.66 Kb.
ТипДокументы
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Қазіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман, 9-православ, 1-католик, 56-протестант, 2-бахаи қауымы мен «Милосердие» қайырымдылық қоры құрайды.

Облыстың Дін істері департаменті мемлекеттік және атқарушы органдармен бірлесе отырып, облыс аумағында конфессияаралық татулықты сақтау, әртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, олардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етуде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңнан туындайтын мәселелерді шешуде бірқатар жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар осы Заңның аясында діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі қарқын алды. Осы жұмыстың аясында облыс аумағындағы діни бірлестіктер құжаттарын даярлап, қайта тіркеуге әзірлену үстінде.

Жалпы, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның тарауларын талқылау жұмыстары әрмен қарай жалғасын тауып, оның мән-маңызын түсіндіретін ақпараттық-насихаттық жұмыстары жолға қойылды.

Облыс тұрғындары арасында насихат жұмыстарын жүргізуде өңірде құрылған 11 ақпараттық-насихаттық топтар белсенділік танытуда. Олардың құрамына мемлекеттік қызметкерлер, теологтар мен имамдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, беделді ауыл ақсақалдары, тарихшылар тартылған.

Бекітілген кесте бойынша, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен 19 семинар, 8 дөңгелек үстел отырыстары, 1 ғылыми-практикалық конференция және 187 кездесу өткізілді.

Медиажоспарға сәйкес облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында «Алдаспан-Замана» телебағдарламасы айына бір рет тікелей эфирде шығарылып тұрады. Сондай-ақ, осы телеарнадағы «Әулие-Ата Ақпарат» бағдарламасында діни тақырыптарды қамтитын 22 телесюжет көрсетіліп, Дін істері департаменті мен облыстық Ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Алдаспан», «Тосқауыл» хабарлары жарыққа шықты.

Ағымдағы медиажоспарға сәйкес жергілікті баспасөз беттерінде «Діңгек», «Иман», «Өзекті мәселе», «Ұлт тірегі: тіл, діл, дін», «Имандылық иірімдері», «Духовность» атты айдарлармен қоғамдағы діннің рөлі мен рухани мәселелерін, экстремизмнің мәнін ашып көрсететін 75 мақала жарияланды.

Осы орайда бір атап өтерлік жайт, облыста діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының насихаттауда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті кеңінен пайдаланылуда.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өткізу» («Жас патриот» қоғамдық бірлестігі), «Дәстүрлі емес діни ағымдардан зиян шеккендерді оңалту Орталығының жұмысын ұйымдастыру» («Исследование агрессивных культов» қоғамдық бірлестігі), «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған сайт жұмысын жүргізу» («Жийде» қоғамдық қоры), «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша әлеуметтік қызмет ұйымдастыру» («Шұғыла» жастар қоғамдық бірлестігі) тақырыптарына 4 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін арнайы оңалту Орталығының жұмысы жалғастырылуда. Орталықта «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефонына» 2011 жылы 27 адам хабарласып, тиісті консультациялық кеңестерін алса, 2012 жылдың 6 айында 15 адам хабарласты.

Орталық теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында интернет жүйесінде www.sektanet.kz сайтының жұмысын үйлестіруде. Аталған сайтта діни экстремизм қаупі, конфессияаралық келісім, облыстағы діни ахуал, Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар туралы мақалалар жарияланып, бейнефильмдер орналастырылған.

Облыстық Дін істері департаментімен ішкі саясат басқармасы ұйымдастыруымен «Облыстағы тұрғындар және жастар арасында діни ахуал» тақырыбына жоспарлы түрде сауалнамалар жүргізіліп тұрады. Мәселен, а.ж. сәуір айында өткізілген сауалнамаға 10 аудан мен Тараз қаласы тұрғындары және студент жастардан мыңға жуық адам қатысты. Сауалнама нәтижесі тұрғындар мен жастар арасында діни сауаттылықтың төмен екенін көрсетті.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң күшіне енгелі бері облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы 3 рет өткізіліп, онда діни экстремизм көріністерінің алдын алу мәселесі, діни ұйымдардың әділет органдарында тіркелу мәселелері және қалалық, аудандық әкімдіктер жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің жұмыстары қаралып, тиісті ұсыныстар берілді.

Жалпылай алғанда, қазіргі таңда облыс аумағында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынаста теңгерім сақтауға, діни экстремизмге және псевдодіни ұйымдар тарапынан орын алған әрекеттерге қарсы тұруға, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс шаралар өткізу үдерісі жалғасын табуда. Жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың тұрмыстық қайшылықтарын еңсеруге қатысты мәселелер де аумақтық құзырлы органдар назарында. Бұл орайда Қазақстанның саяси-құқықтық құры­лы­мы мен ұлттық ерекшеліктері есепке алынып жатыр және де оның барлығы ұлттық қауіпсіздік тұрғысында талданып, атқарылар міндеттер еліміздің стратегиялық бағдарларына сәйкес қолға алынуда.

Похожие:

Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Атырау облысы халқының негізін 91,5% қазақтар құраса, 6,3% орыстар, басқалар 2,2%. Сол себепті өңірде этникааралық қақтығыстардың...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері
Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт...
Жамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница