Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім




Скачать 91.49 Kb.
НазваниеОқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім
Дата конвертации02.12.2012
Размер91.49 Kb.
ТипДокументы
2011 ж. 28 қыркүйек № 202
2011 ж. 18 қазан № 117 «Жетісу» газетінде жарияланған

Қазақстан Республикасының

жоғарғы және орта-арнайы оқу

орындарының күндізгі бөлімінде

оқып жатқан жалпы білім беру

мектептерінің түлектеріне

оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған

отбасынан, жетім, жартылай жетім

және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға әлеуметтік көмек

көрсету туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына және Алматы облысы мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №39-221 шешіміне негізінде Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Аудандар мен қалалар әкімдеріне:

1) Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған үміткерлерді іріктеу жүргізу жөніндегі комиссиялар құрсын.

2) бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауға алсын

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Мұқановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы облыс әкімі А. Мұсаханов

Алматы облысы әкімдігінің

2011 жылғы «28» қыркүйек

№ 202 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер


  1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта– арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді белгілейді.

  2. Әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» 007 Бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі.

3. Комиссия - Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған үміткерлерді іріктеу жүргізу жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия.

4. Бөлім - аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

5. Келісім-шарт - аудан әкімі, студент және жоғарғы немесе орта–арнайы оқу орындарының басшысы қол қойған, студенттің немесе оқу орнының жеке шотына ақша аудару тәртібі мен ретін анықтайтын үшжақты келісім-шарт.
2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
6. Қазақстан Республиканың жоғарғы және орта–арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балаларға әлеуметтік көмек орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен (алдыңғы тоқсанға) аспаған жағдайда тағайындалады.

Жоғарыда көрсетілген санаттағыларға әлеуметтік көмек аудандық (қалалық) комиссияның шешімі негізінде тағайындалады. Әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеру актісі бір рет осы нұсқаудағы 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекке өтініш берген уақытта жоғарғы және орта–арнайы оқу орындарында оқыған және білімі туралы диплом алғанға дейінгі мерзімге жасалынады.

7. Аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептері түлектерінің алған балдары Бірыңғай Ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша өтпелі баллдан кем болса, әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

8. Жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу ағымдағы жылы өткізілген Бірыңғай Ұлттық тестілеуде немесе кешенді тестілеуде алған баллдары санының жоғарылығына қарай жүргізіледі. Алған балдары тең болған жағдайда жалпы білім беру мектептерінің үздік аттестат иегерлерінің құқығы басым болады. Жоғарғы және орта–арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан студенттердің ішінен әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу оқу орындарында оқыған мерзімдегі алған баллдары санының жоғарылығына қарай жүргізіледі.

9. Орта арнайы оқу орындарында оқуын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін негізгі мектеп курсын бітіру куәлігінің орта баллы есептелінеді. Негізгі білім беру мектептерінің үздік аттестат иегерлерінің құқығы басым болады.
3. Әлеуметтік көмектің мөлшері
10. Әлеуметтік көмек жал сайын Қазақстан Республикасының тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнына сәйкес көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
11. Оқу орнының бірінші курсына түсу кезінде немесе жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында оқып жатқан әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға Бөлімге төменгі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш осы нұсқаудағы 2 қосымшаға сәйкес;

2) мекен – жайы туралы анықтама;

3) отбасының табысы туралы анықтама (еңбекке қабілетті (жұмыс істейтін) мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтамасы немесе жұмыссыздардың еңбек кітапшаларының көшірмелері, зейнетақы, жәрдемақы, алименттер);

4) бар болса қосалқы шаруа қожалығы туралы мәлімет;

5) салық комитетінен кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстың жоқ екендігін растайтын анықтама;

6) ата-анасының қайтыс болғандығы туралы анықтама;

7) тууы туралы куәліктің, салық төлеушінің нөмірі, әлеуметтік жеке кодтың көшірмелері (жеке басының куәлігі болмаған жағдайда);

8) үміткердің жеке басының куәлігі;

9) студенттің жоғарғы, орта–арнайы оқу орындарында оқып жатқандығы, курсы және төлемақысының сомасы көрсетілген анықтама.

12. Студентке келесі курсқа әлеуметтік көмек тағайындау жоғарғы және орта–арнайы оқу орындарынан алынған бұйрықтардың көшірмесінің негізінде жүзеге асырылады.

13. Комиссия мүшелері үміткердің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын анықтау актісін өтініш тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік мерзімде әзірлейді.

14. Өтініш тіркелгеннен кейін 15 күнтізбелік мерзімде Комиссия өңірге қажетті мамандықтардың аудан (қала) әкімі бекіткен тізіміне сәйкестігін тексеріп, әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

15. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі негізінде әлеуметтік көмек алатын тұлға бөлімге 5 күнтізбелік мерзімде қосымша төмендегі құжаттарды өткізеді:

    1. жоғарғы оқу орнындарының реквизиттері көрсетілген төлемдерді – аударуға арналған тапсырыстар;

    2. аудан әкімі, студент және жоғарғы немесе орта-арнайы оқу орындарының басшысы қол қойған келісім-шарт.

16. Әлеуметтік көмек алушы 15 күн мерзімде Комиссияны әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.

 Алушы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал алушының әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.

Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

5. Есепке алу және есеп беру
17. Әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін Бөлім:

1) жыл сайын қазан айында келісім – шартта көрсетілген соманы тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған студенттің немесе оқу орнының есеп шотына аударады;

2) екінші деңгейдегі банктермен әлеуметтік көмектің төленгені туралы салыстыру актісі жасалады.

18. Әлеуметтік көмек алушы бөлімге жоғарғы, орта-арнайы оқу орындарының есепшотына әлеуметтік көмек сомасының түскендігін растайтын құжатты өткізеді.

19. Жоғарғы, орта-арнайы оқу орындары жыл сайын әлеуметтік көмек алатын студенттердің келесі курсқа ауысқаны немесе оқудан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесін аудандық әкімдіктерге беріп тұрады.

20. Бөлім жыл сайын қыркүйектің 5 дейін алушылардың нақтыланған тізімін және бюджеттік өтінімді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынады.

21. Жоғарғы оқу орындарынан шығарылған студенттер оқуына аударылған барлық соманы аудандық (қалалық) бюджетке толық қайтарады.
6. Әлеуметтік көмектің уақтылы тағайындалуы және төленуі үшін жауапкершілік
22. Бөлім әлеуметтік көмек тағайындаудың, төлеудің уақытылығы үшін заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жауапты болады.

Алматы облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының бастығы Ұ.Балабиева

«Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі» нұсқаулыққа № 1 қосымша
Отбасының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі
20_ жылғы «___» ___________________________________________
1. Жалпы білім беру мектебінің түлегі немесе жоғары және орта-арнайы оқу орынында оқып жатқан Студенттің А.Ж.Т.:_________________________________________

2. Туған жылы _______________________________________________

3. Жеке куәлігінің нөмірі_______________________________________

4. Мекен жайы, телефоны ______________________________________

____________________________________________________________

5.Отбасының құрамы _________________________________________________________________________________________________________________________

6. Отбасының кірісі ____________________________________________

______________________________________________________________

7. Отбасының жеке қарамағында не бар (қозғалмалы, қозғалмайтын мүлік, қосалқы шаруашылық) ______________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Отбасының кірісі (бір адамға шаққандағы кірісі)____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9.Қандай жеңілдіктерді пайдаланады ______________________________________________________________________________________________________________________________________

10. Қосымша мәліметтер__________________________________________________________

11. Тұрғылықты-тұрмыстық жағдайының ахуалы ___________________________________________________________________

__________________________________________________________________

12. Тексеру актісі бойынша қорытынды ___________________________________________________________________
Өтініш берушінің аты – жөні, қолы

Күні
Комиссия мүшелері

«Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі» нұсқаулыққа № 2 қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау

комиссиясының төрағасына
өтініш иесі ___________________

Мекен-жайы____________________

_______________________________
Өтініш
Сізден _____________________________________

(жоғары, орта-арнайы оқу орнының толық атауы)

мамандығы ________________________бойынша оқуыма жетім, жартылай жетім және аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған әлеуметтік көмек тағайындауыңызды сұраймын.

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоса ұсынамын. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтініш иесінің аты – жөні, қолы

Күні

Похожие:

Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconБүлдіршін- тәуелсіз Қазақстан болашағы Жүргізуші
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен «Алақай» жетім жартылай жетім балаларға арналған балабақшадағы жасұрпақшылардың ұйымдастыруымен...
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconЖоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы
Р Үкіметінің 2012. 30. 03. №390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр ред.қара)
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconЖетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үшін квота бойынша білім беру гранттарына ие болған талапкерлердің тізімі

Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім icon148 орта мектебі бойынша жартылай жетім оқушылар жайлы мәлімет

Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconХабарландыру мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жазғы демалысқа арналған жолдама мақсатында баға ұсынымы тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Тапсырыс беруші
Мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жазғы демалысқа арналған жолдама...
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconАтырау облысы бойынша әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу, жетім балаларды отбасына орналастыруды насихаттау бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстар
Білім беру басқармасында да және қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінде де ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында...
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім icon2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті атындағы өткізілетін Жаңа жылдық шыршаға шақырылатын жетім, ата-анасы қамқорлығынсыз қалған, мүгідек балалар, аз қамтылған

Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconХабарландыру мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға ыстық тағамды ұйымдастыру қызметтер көрсету мақсатында баға ұсынымы тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
Мм «Оқу-тәрбие кешені №9 орта жалпы білім беретін мектеп» мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға ыстық...
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconЖедел ақпарат 2010 жылғы 29 қыркуйек
Жалпы ішкі өнім құрылымында негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа келеді – 63,3%, еңбек ақы төлеу – 30,6%, өндіріске және...
Оқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Тұрғын үй көмегін тағайындау
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница