Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы




НазваниеСыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы
Дата конвертации08.12.2012
Размер61.3 Kb.
ТипДокументы
Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?

Жауап: Еуразия-54 млн км² астам, Африка 30,3 млн км², Солтүстік Америка 24,2 млн км², Оңтүстік Америка 18,3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9,0 млн км²-ге жуық

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Жаңа сабақты түсіндіру:

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы

1.

1819-1821




Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2.

1803-1806




Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3.

1519-1522




Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4.

1499-1503




И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5.

1648




Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін баяндап, таныстырдым.

Үйге тапсырма: : §2. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.

Похожие:

Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconФ кгму 4/3-07/02 пп кгму 4/02
...
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconПәні: физика Сыныбы: 7А,Ә Mерзімі: Сабақ реті 35
Сабақтың тақырыбы: Қысымның қатты денелер,сұйықтар мен газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconАстана қаласы Мектебі: №57 орта мектебі Сыныбы: 10 «а» сыныбы Пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы
Хіх ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай еді? – Ресей патшалығының отарлау саясаты жүргізіліп жатқан кез
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconФотосинтез Сыныбы:іх пән мұғалімі: Наурзбаева м биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: 16п. Фотосинтез
Жаңа тақырып: Яғни бұл формуладағы күн энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен су + жарық оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі...
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Хадыл г 2 мектебі, сыныбы, ПӘНІ
А критериі бойынша Дина, Ықылас, Сүгір, Төлеген сынды күйшілеріміздің өмірі мен шығармашылығына байланысты тест сұрақтары
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconПән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы...
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconӨткізілетін іс-шаралар Сыныбы Уақыты
Б тақырыбы: 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconМатематика Сыныбы: 1 «Ә» Сабақтың тақырыбы: «5 саны мен цифры»
Орман ішіне домалап келіп, коян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы icon6М011600 – География және 6М060900 – География мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары
Морфоқұрылым мен морфомүсін ұғымдары. Материктер мен мұхит түбі макрорельефінің негізгі кескіндері
Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы iconПәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 Пән мұғалімі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница