Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары




Скачать 200.42 Kb.
НазваниеТігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары
Дата конвертации08.12.2012
Размер200.42 Kb.
ТипДокументы
Технология 6- сынып қыз балаларға арналған.

Киім пішу тігу технологиясы.
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау.

Белдемшені конструкциялау және модельдеу.
Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары:

Оқушыларды білім түрлерімен қаруландыру: белге киілетін бұйымдар түр лерімен таныстыру, және оларға қойылатын талаптар: пайдалану жағынан, гигиеналық, эстетикалық, осы талаптарды білуге үйрету, белдемшенің силуэті, пішімі өлшемі, фасоны бойынша алуан түрлі болатынын үйрету, белдемшенің үлгісін алу үшін керекті құралдарды қолдануға үйрету, бұйымның арналуына қарай , силуэтіне қарай, фасонына қарай мата таңдай білуге үйрету, әртүрлі фасонда конструкциялау және модельдеуге үйрету.

Эстетикалық талғамын қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Бөлімді оқытуда келесі мәселе шешіледі:

• Оқушыларды белдемшенің шығу тарихымен таныстыру:

• Жеңіл белге киілетін киімдер туралы білімдерін кеңейту, икімділіктерін қалыптастыру:

• Белдемшені құрастыру формуласын есептеуге үйрету:

• Матаны өңдеу жұмыстарын орындауда және бел бұйымдарын дұрыс тігуге тәрбиелеу.

• Бел киімдерін тігуде және өңдеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға , тұрмыста қолдануға оқушыларды дайындау.
Оқыту формасы:

• әңгімелеу,

• түсіндіру,

• әңгімелеу,

• диспут,

• іскерлік ойындар,

• өздік жұмыстары.
Жабдықталуы: технологиялық карта.

Белдемше түрлері, және оның негізгі конструкциясы.
Бірінші сағат.
Сабақ барысы
I . Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ- теориялық, тақырыбы «Белдемше түрлері және негізгі конструкциясы.
II.Кіріспе нұсқау
Киім- адам мәдениетінің құрама бөлігі. Киімнің шығуы аяздан, ыстықтан және басқа да климат жағдайынан қорғану керектігінен пайда болды.

Негізгі белдік бұйымға белдемше жатады. Оны жеке киім ретінде және костюм мен көйлектің қүрама бөлігі ретінде қарастыруға болады.Белдемшенің сыртқы көрінісіне сән үлкен әсер етеді, оның ұзындығы мен формасын өзгертуде , бүкпелерін орналастыруда , жалпы силуэтін өзгерткенде. Ең алғашқы киімнің түрі тері болып табылады, белді орап , баумен байлаған, киім бастамасы алжапқыш, белдемше, шалбар.Параграфта шығу тарихы әр ғасырда фасон турлерінің өзгертулері берілген.Ғасырларға байланысты белдемше түрлерінің өзгеру жүйесін құрастыруды ұсыныңыздар.

Ғасыр

Стильдің атауы

форма

Күрделенген элементтері



XX ғасырдың 70 жылдарында сәнде түбегейлі өзгерістер болды. Киімнің сәнін анықтауда тек, қана оның фасоны мен ұзындығы ғана емес, сонымен бірге стиль туралы айтыла бастады. Әр стилдің ерекшелігіне пішімі, формасы , сәндеу түрлері, матасы, киімге керекті жиынтықтары, сонымен қатар әртүрлі толықтырулар, зергерлік бұйымдар мен косметика жатады.

Бүгінгі күнде қазіргі заманғы белдемше модельдерінде тарихи кезеңдердегі әртүлі қолдануды және қазіргі заманғы жаңалықтарды бірге қосып қолданады.


Белдемше түрлері және оның негізгі конструкциясы.

Негізгі стилдері:

- класикалық:

- жастарға арналған:

- спорттық:

- джинсі стильі:

- фольклорлық:

- ретро.

«Негізгі стильдер», «Белдемшенің негізгі категориясы» деген ұғымды оқушы қыздар қалай түсінетіндігін білу үшін және техникалық модельдеуді қолданып модельді өзгерту жөнінде әңгіме өткізіңдер.

Моделдеуді қабылдауда жүйелі түрде кесте құруға тапсырма беру (қосымша).

Модельді қабылдау

Үлгіні өзгерту және декоративті сәндеу.



Оқушы қыздармен сәнді модель жасауда жұмыстың жүйелі орындалуын талқылау.

III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.
1. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

2. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

3. Әр оқушының жұмысын бағалау.

4.Қыз баланың фигурасы бейнеленген сурет, толық бой биіктігі 10 -15см, немесе картоннан кесіп әкелу.


Сарамандық жұмыс №4

Екінші сағат
Сабақ барысы.

I .Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – сарамандық, тақырыбы «Белдемше моделін эскиздік әзірлеу. Өлшем алу. Есептеу».
II.Кіріспе нұсқау.

Өткен сабақты сұрақтар бойынша қайталау: белдемше стильін қайталау, ростово эскизінің спецификасы туралы әңгімелеу.Өткен сабақты оқушылар қарапайым белдемшенің эскизін салуға талаптанды. Мұны бірінші рет өз дәрежесінде жасауы мүмкін, бірақ кейбіреуі ғана. Сурет сабағында өтілген « Қозғалыстағы адам денесінің пропорционалды суреті» тақырыбына оралу.Егер оқушы адам денесінің фигурасын сала алмаса, иллюстративті журналдағы суретті қолдануға болады. Белдемшенің эскизін жасау принципі қарапайым қағазға фигураның контуры сызылады, және жоғары жағына белдемшенің суреті салынады. Белгілі стильге әртүрлі модель жасауды ұсыныңыз. Жас дизайнерлердің жасаған бірнеше модельдің эскизі үлгі ретінде келтірілген.Суретке (карындаш, фломастер) және акварельді красканы қолдануға болады. Суретке қарап сурет салу техникасын, шеберлік дәрежесін көруге болады. Суретіне қарай барлық жұмыс керемет боямаса, фасонды ойластыру идеясы жеткілікті.Бала кезінде қыздар картоннан жасалған қуыршақтарын киіндіріп ойнады. Енді сол кезді еске түсіруге тура келеді. Фигураның нобайын салғаннан кейін, белдемшені бейнелеуге болады. Фасонды конструктивті ерекшеліктері сәндеу бөліктері суретте көрнекті етіп көрсетілуге тиісті.

4. Технологиялық бірізділіктің кезеңдерін оқушы қыздармен талқылаңдар. Арқаның белге дейінгі ұзындығы (А.б.ұ) өлшемін алғанда ерекшелігіне қыздардың көңілін аударту. Бұл өлшем не үшін қолданылатынын түсіндіру керек. Оқулықта келтірілген кестені конспекте аудару керек, бұл берілген өлшемдер белдемшенің сызбасын құруға қажет болады.

Сыныптағы қыздарды екі-екіден бөлу керек. Өлшем алу кезінде кіріспе нұсқау өткізіңіздер. Оқушы қыздар кезектесіп бір-бірінен өлшем алады және дәптерге жазып кестені толтырады.Формуланы пайдаланып, әр оқушыға жеке есептеу жасалады. (оқулық беті)
III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

4. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

5. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

6. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Тік, кеңетекті және қиық белдемшенің сызу элементтерін

қолданып альтернативті модульдік сызбасын құру.
Үшінші сағат
Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Сабақтын тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – сарамандық, тақырыбы «Тік белдемшенің сызбасын құру»
II. Кіріспе нұсқау.

Өткен сабақты сұрақ бойынша қайталау: Белдемше үлгісін жасау үшін негізгі өлшемдер.

Парагрофта белдемшенің үш түрінің сызбасы келтірілген: тік, кең етекті және қиық белдемшелер міндетті түрде тік белдемшенің сызбасын құрастыру керек.

Құрастыру тәсілдері, жазудың белгілері оқулықта ұсынылған, конспекті жазуға, сызуға кететін уақытты қысқартады, клетка бойынша модульдік. Оқулықта бейнеленген модульдік клетка бойынша құру, есептеу жасамай ақ пропорционалдық сызбаны тез құруға болады.

4. Сызба құруды бастамас бұрын кестеден белгілерді конспектіге бейнелеу, кестеден таңдау, сызба құрастыруда қолдану. Кестедегі белгілер қосымша белгілер. Белгілер кестесінің құрамына қосымша белгілер де кіреді, ол қосымша сызба құрастыруда мұғалім қолдануы мүмкін.

Модульдік сызба аяқталғаннан кейін, жеке оқушыға қызға арнап есептеу жасауға болады. Ол үшін сызба алгоритімін жеке сызбаларға қолдануға болады. Пункт бойынша кестеден белгілер жазып алынады. Формулаға жеке оқушыға алынған өлшемді қойып, сандық белгілерді қойып, барлықтарына бірдей қылып есептеу жүргізіледі.


III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

4. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

5. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

6. Әр оқушының жұмысын бағалау.
Сарамандық жұмыс № 5

Кеңетекті және қиық белдемшенің сызбасын құру.
Төртінші сағат.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – сарамандық, тақырыбы «Кеңетекті және қиық белдемшенің сызбасын құру».

II. Кіріспе нұсқау.

4. Өткен сабақтың материалын сұрақтар бойынша қайталау: белдемшенің сызбасын құруға керекті өлшемдер. Шартты белгілері жазуға қолданылады.

5. Мұғалім бір модельді таңдап алуға ерікті немесе сабақта барлық жұмысқа қолдану. Бұл оқушы қыздардың қабілеттеріне байланысты. Бұйымның тігілуі таңдалған модельге байланысты. Талқылағаннан кейін оқушы қыздарға өзбеттерімен келтірілген кестені қолдана отырып модульдік сызба құруды ұсыныңыздар. Сызба сызу кезінде сызба барысын айтып түсіндіру. Конспект бойынша жұмыс жасаумен қатар сынып тақтасында жұмыс орындалады.
III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

10. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

11. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

12. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Белдемше модельдері. Үлгіні пішуге дайындау.

Бесінші сағат.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3.Осы сабақ – түсіндіру, тақырыбы «Киімді модельдеу. Мата таңдау, әрлеу. Мата шығынын анықтау»

II. Кіріспе нұсқау.

4. «Тік белдемшенің сызбасы» тақырыбында өткен сабақты сұрақтар бойынша қайталау.

5. Модельдеу – киім бөліктеріне өзгерістер енгізу, оны көркемдеп безендіру.

Модельдеу үдерісінде әртүрлі мамандар жұмыс жасайды. Іскерлік ойыны «Конструктивті бюро сән отельесінде» жүргізіледі. Әр түрлі міндетті орындауға бір оқушыны тағайындайды және белдемшенің моделін жасауды,
йымдастыруды оларға ұсынады. Ол үшін ойынға қатысушылар өзінің жұмыстарын, анық білуге тиісті. Директор- жұмыстың орындалуына жетекшілік етеді. Ойын 20 мин уақыт алады, сондықтан ойынның барлық кезеңдері тез, үйлесімді орындалуы керек. Модель синтетикалық матадан дайындалуы мүмкін, күрделі өңдеуді, флезилинді талап етпейді. Тігіп көрсету кезінде тігісті қайып тігу міндетті емес, тігінші түйреуіштерімен бекітіп қою жеткілікті (қауіпсіздік ережелерін сақтау керек).

Модель манекенге немесе үлкен қуыршаққа арналып көрсетіледі.

6. Сабақтың келесі кезеңінде, бұйымның арналуына, фасонына байланысты мата таңдауды түсіндіріңіз. Мата таңдауда оның түсіне, түстер шешіміне үлкен мән беріледі. Түстер шеңберін қалай қолдануды қыздарға үйретіңіз. Түстер гаммасына киім стиліне көңіл бөліңіз. Қаншалықты мата кететінін есептеуге нұсқау өткізіңіз. Декатирлеу дегеніміз не? Және оның маңызын түсіндіріңіз. Ең маңызды кезең – ол матаның сапасын, арқау жібінің бағытын анықтау болады. Матада кейбір кемшіліктер болса, табылған ақауды белгілеп қою керек. Пішкен кезде ақауды пішу бөліктерін келтірмейтіндей етіп орналастыру керек. Оқыту моделін пішіп көрсету керек.


III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.
13. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
14. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.
15. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Сарамандық жұмыс №6
Алтыншы сағат.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – сарамандық , тақырыбы «Тік белдемшені модельдеу. Өз өлшеміне үлгі дайындау»
II. Кіріспе нұсқау.

4. Тік белдемшенің модульдік сызбасын жасағанда модельдің артқы бөлігі қолданылады. Ол тығыз картоннан дайындалынады. Модельдеу үрдісінде ыңғайлы болу үшін оң жағында модельдеу сызықтары жүргізіледі. Оқулықта модельдеу үрдістері жақсы баяндалған. Үлгінің формасын өзгерту үшін жеке бөліктерді бұрып қозғалту арқылы алынады. Модельдеуді түсті қағаздардан жасауға болады. Модельдеу сызықтары бойынша қиып алып конспект дәптерге желімдеп жапсырады. Оқушылар өз конспектілеріне түсті қағазбен жапсырмалап белдемшенің фасондарын жасауды қайталайды.

5. Модельдеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін, өз өлшемдері бойынша үлгі жасалады. Белдемшенің фасонын таңдағанда негізгі үлгіні алу үшін, модель сызықтары бойынша қиып, қосымша қағаз желімдейді. Енді үлгі дайын, матаға салып пішуге болады.

III. Қорытынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

16. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

17. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

18. Әр оқушының жұмысын бағалау.


Тік, кеңетекті және қиық белдемшенің тігу технологиясы.
Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары

Белдемше тігуде технологиялық операциялардың орындалу ережелері білімімен қаруландыру

Матаны пішуге дайындау жұмыстары мен бұйымдарды дұрыс тігуге тәрбиелеу. Оқушыларды белге киілетін киім тігу кезінде сақталатын техника қауіпсіздігі туралы мәліметті тұрмыста қолдануға дайындау.

Бөлімді оқытуда шешілетін мәселелер

  • Оқушыларға тік, кең етекті, қиық белдемшені пішу технологиясын таныстыру.

  • Әртүрлі мата түрлерінің қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

  • Электрлі құрылғылармен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелердің мәнін ашу.

  • Белге киілетін бұйымдарды тігуге үйрету.

  • Сапалы бұйым жасауда материалды үнемдеуді қалыптастыру.

  • Оқушыларды еңбек сүйгіштікке , адамгершілікке, тәртіптілікке, ұқыпты болуға тәрбиелеу.


Оқыту формасы:

  • әңгімелеу.

  • түсіндіру.

  • әңгімелесу.

  • диспут.

  • іскерлік ойындар.

  • өздік жұмысы.



Жабдықтар: Электрлі тігін машинасы, Жөрмеу тігін машинасы, Электр үтігі, үтіктеу үстелі.

Техника қауіпсіздік ережелері . Бұйымды пішу.
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың сабақтарды дайындығын тексеру.

2.Сабақтың тақырыбын , мақсатын оқушыларға хабарлау.

3.Осы сабақ – теориялық , тақырыбы « Матамен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі. Белдемше тігу кезінде орындалатын технолгиялық операциялар ережелері. Пішу технологиясы.»

II.Кіріспе нұсқау.

4.Матамен жұмыс кезінде , Электрлі тігін машинасымен жұмыс кезінде, электрлі үтікпен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін өткізу.

5. Матаны пішуге дайындаудың бірнеше тәсілдері:

а ) Декатирлеу

б ) Матаның оң , теріс жағын , мата түгінің бағытын , матаның ақауын анықтау.

в ) Матаның тұрақты бояуын анықтау.

г ) Әрлеп үтіктеу.

«Декатирлеу» дегеніміз не екенін және оның мағынасын түсіндіріңіз.

Оқулық бойынша матаны пішуге дайындау туралы қысқаша конспект құрастыруды оқушыларға ұсыныңыз.

Матаны пішуге дайындау үшін – бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Үлгі бөліктерінде міндетті түрде арқау жібінің бағыты көрсетіледі.

  • Матаның бетіне барлық үлгі бөліктерін орналастырғаннан кейін , тігінші түйреуіштерімен бекітіп , тігінші борымен контур сызығын хүргізіп, тігіске қосымша қалдырып үзік сызық жүргізгеннен кейін пішу жұмысы орындалады.

  • Бөлшектің контур сызығы – тұтас сызық , тігіске қосымша сызығы – үзік сызықтармен сызылады.

  • Матаға белгіні түсіру үшін , тек қана тігінші борын қолдану керек ( сабын қалдығымен сызса майлы дақ қалады).

  • Матаны қолданғанда міндетті түрде суретіне ( тор , жолақ) назар аудару керек, матаның екі жағын бүктегенде тік және көлденең сызықтары сәйкес келуі керек.


III. Қорытынды нұсқау:

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

1. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

2. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды мақтау.

3. Әр оқушының жұмысын бағалау.


Сарамандық жұмыс №7.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушыларға хабарлау.

3. Осы сабақ - сарамандық тақырыбы «Матаның бетіне үлгіні орналастыру. Бұйымды пішу»

ІІ. Кіріспе нұсқау.

Матаны пішуге әзірлеу тақырыбын қайталау . Оқулықта тік , кеңетекті , қиық белдемшелердің матаның бетіне үлгіні орналастыру схемасы берілген. Таңдаған фосонға байланысты оқушы өзі схеманы таңдап, сол бойынша үлгіні орналастырып бормен сызып шығады.

Бөлшектерді пішпес бұрын, үлгіні орналастыруды тексеріп бақылау жүргізіңіз.

Кең етекті белдемшені пішу үшін үлгінің орта сызығын жүргізеді.

Матаның бұрышы 45 градусқа келетіндей етіп екіге бүктелген жеріне үлгіні орналастырады.Бөлшектерді пішкеннен кейін , контур сызығын қалыңдатып бормен сызады.

ІІІ. Қортынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

4. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

5. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.

6. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Бұйымды өлшеуге дайындау.

(Түйреуішпен бекіту және пішу бөліктерін көктеу) және бұйымды тігу.

Үшінші сағат.
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Оқушылардың сабақтағы дайындығын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – теориялық , тақырыбы «Бұйымды алғашқы өлшеуге дайындау, (түйреуішпен бекіту , пішу бөліктерін көктеу) және бұйымды тігу»

ІІ. Кіріспе нұсқау.

4. Бұйымды пішкеннен кейін контур сызықтарын, бүкпелерін екінші бөлікке аудару керек. Екі тәсіл қолдануға болады:

Бірінші тәсіл:

• көрсетілген сызықтар бойымен тепшу жүргізу

• бөлшектің екі жағында қалатындай етіп оны ұқыпты түрде қию.

• матаның теріс жағынан тепшу сызықтарын борлау.

• бөлшектерді көктегеннен кейін тепшу жібін алып тастау.

Екінші тәсіл оған қарағанда жеңілдеу.Борлаған сызықты қалыңдатып борлау: Бөлікті теріс жағынан бір-біріне қаратып горизонталь бетінен борлаған сызықтың бойымен алақанмен ұрғылау: екінші бөлікке алынған контур сызығын қалыңдатып борлау.

Оқулықтағы жоспарды қолданып оқушылар бүкпелерді және бүйір тігістерін көктейді.

Бұйымды алғашқы өлшеуге дайындау:

- бақылау тігістерін жүргізу

- бүкпелерді көктеу

- белдемшенің артқы бөлігінің орта тігісін көктеу

- бүйір тігістерін тігу

- бұйымның төменгі бөлігін қайып көктеу
ІІІ.Қортынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

7. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

8. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.

9. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Тік, кең етекті, қиық белдемше тігудің технологиялық бірізділігі.
Өлшемнен кейінгі тігін машинасында бұйымды өндеу

- бүкпелерді қайып тігу;

- бүкпелерді ылғалды – жылулық өңдеу;

- төменгі қиықты және бүйір қиықтарын зигзагты тігіспен немесе жөрмеумен өңдеу;

- бүйір тігістенрін қайып тігу;

- ылғалды – жылулық өңдеу;

- белдікке желімді жапсырманы үтектеу арқылы жапсыру;

- белдіктің бұрышын рәсімдеу;

- белдікті орналастырып тігу;

- ылғалды – жылулық өңдеу;

- белдемшенің төменгі қиығын өңдеу;

- ылғалды – жылулық өңдеу;
Сарамандық жұмыс № 8

Алғашқы өлшеу. Ақауларды түзету
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2. Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау;

3. Осы сабақ – сарамандық, тақырыбы « Алғашқы өлшеу, киімді киіп көру, шақтау, қателіктерді түзету»
ІІ. Кіріспе нұсқау

4.түйреуіштерді алып тастап, бұйымға тексеріс өткізу. Алғашқы өлшеу, бұйымды фигураға дәл келтіруге және пішудің дәл еместігін шығару. Фигураның жеке ерекшелігіне байланысты оқулықта келтірілген өлшеу жоспар бойынша өткізіледі.

Алғашқы өлшеу өткізгеннен кейін жаңа сызықтарды борлап жүргізеді, сөгіп, жаңа контур сызығы бойынша көктеледі.Жасаған жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу үшін екінші өлшеу өткізеді, бұйымның ұзындығы анықталады.
ІІІ.Қортынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.
10. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
11. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.
12. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Сарамандық жұмыс № 9

Бұйымды тігу. Бүкпелерді бүйір тігістерді өңдеу.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2. Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау;

3. Осы сабақ – сарамандық, тақырыбы « Бұйымды тігу. Бүкпелерді бүйір тігістерін өңдеу»
ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқулықта бүкпелерді және бүйір қиықтардың өңдеу технологиясы толық баяндалған. Осы түсініктемені жетекшілікке ала отырып, оқушылар өздері бүкпелерді тігеді, бүйір тігістерді өңдейді. Бүйір қиықтарын жөрмеуден бұрын тігіс кеңдігін тексеру керек. Өлшеуден кейін қателіктерді тауып кеңдігін бірдей қылып түзетеді.

Бүкпелерді және бүйір қиықтарды тіккеннен кейін ылғалды – жылулық өңдеу жүргізіледі. Түгі бар маталардан тігілген бұйымға ылғалды жылулық өңдеу жүргізілмейді. Оларды үтіктнеуге болмайды, өйткені түгі жапырылып қалады.

ІІІ.Қортынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

13 Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

14. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.

15. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Сарамандық жұмыс № 10
Алтыншы сағат
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2. Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау;

3. Осы сабақ – теориялық, тақырыбы «Тік белдемшеге сыдырмақты түймелікті орналастыру»


Тақырыбы: Тік белдемшеге сыдырмақты түймелікті орналастыру
Сабақ өткізу үшін:
• әр оқушыға матаға алдын ала тігілген сыдырманы тарату.

• теориялық материалды сурет бойынша мазмұндау және суретті әр оқушыға тарату.

• әр оқушыда тігілетін пішілген белдемшенің бөлігі, тігілетін сыдырмақты жіптер ине және қайшы.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)
Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақтбарысын таныстыру. Инені, қайшыны, кесу құралдарын қолданғанда техника қауіпсіздігін қайталау.
ІІ. Сабақта теориялық материалды мазмұндау (15мин)
Сыдырма тігудің кезеңдерін көрсете отырып, көрнекті суретті қолданып материалды мазмұндау.
Сыдырмақты түймелікті тігу онша қиынға соқпайды. Бұйым тігіліп болғанда, өте жақсы көрінеді. «Потайная сөзі бұйымның оң жағында дегенді білдіреді. Бірақ сыдырманы таңдаған кезде матаның түсіне сәйкес болуын қадағалау керек. Біріншіден оң жағында сыдырмақты түймеліктің жүгірмеуігі көрініп тұрады, ол сырғыма баудың түсіне сәйкес болады және екіншіден бұйымның теріс жағы да мінсіз болуы керек!
1 кезең. Сыдырмақты түймелік орналастырғандағы тігістің шеті жөрмелген (жөрмеу тігін машинасында немесе зигзагпен) және айыра үтіктелген болуы керек.Үтіктеуден бұрын ұсақ инешамшыммен көктеу , (бұйымның ұзартылған тігісі)сыдырманы тігуге тура тігіс алынады.Үтіктелгеннен кейін көктеу жіптері алынады.Сыдырмақты түймеліктің ұзындығы қиықтан 1,5см-2см ұзынт болуы керек.
2 кезең.Сыдырманы тігу бұйымның ішкі жағынан басталады да оң жағынан аударылады. Сыдырманы ашып, бір жағына бүктеп-көктеледі, көктеген жерден тігіледі.Сыдырманың тістері қиылған қиыққа турасәйкес келуі керек.

3 кезең.Сыдырма жабылады, екінші жағына матаны жақындатып , бірдей қылып көктеп тігеді.Сырғыма баудың ортасынан көктеу керек, солай ыңғайлы.Тігістің бас жағы мен аяқталған жағынын тігісі жақсы бекітілгеніне көңіл аудару керек. Тігін машинасында жылжып кетпейтіндей етіп тігу керек. Екі жағында тігіп аламыз. Матаны тартпай тігу керек! Әйтпесе дайын тігілген сыдырма томпиып, әдемі көрінбейді. Сонан кейін тігіс түзеу түскенін тексереміз, сыдырманы жабамыз.Бұйымды оң жағына аударып, алынған нәтижені бағалаңдар.Егерде қандай да қисықтық байқалса, сырғыма бауды тегістеу керек.Бұл жерде ешқандай томпақ болмауы керек.

Бой тігісін жүргізгенде сол жағында сыдырманың ұзындығындай жерді тікпей қалдырады. Бұл жердегі тігіске қалдырылған жерді қайырып тігеді.Бой тігісінде жанағы қалдырылған жерге артқы бойдың үтіктеп бүктелген жері сыдырманың тістеріне тиіп тұратындай етіп көктеледі. Содан кейін алдыңғы бойды артқы бойдың үстіне 0,1-0,2см еніп тұратындай етіп қаусырып , көктеген соң артқы бойдың бүктелген жерінен алысырақ машинамен тігеді.
4 кезең. Қиықтың дәл ортасы бойынша , ашық ысырманы қиыққа буындардың басы белдемшенің жоғарғы қиығынан 1-1,5см төмен , буындардың шеті тіліктін үтіктелген жағымен дәл келетіндей етіп салу керек: белдемшенің артқы енінің өңіне көктеп, түйреп қою: ысырманы мата түстес жіптермен бастырып тігу. Баудың шеттерін бүйір тігісінің әдібіне қосып тігу.

Артқы енінің тігісінің әдібінен өңіне қарай тексеру сызығынан 0,2см жіберу, көктеу: алдыңғы енінің әдібін дәл сызықтары бойынша көктеу, қиықтарын үтікпен жүргізу.

Ысырманың бауын артқы енінің бүрмесі буындарға дейін 0,1см жетпейтіндей етіп салып және көктеп алу: бүрмеден 0,1-0,15см бастырып тігу.

Белдемшенің алдыңғы ені бүрмесімен ысырманы жауып , артқы еніне 0,2см кіруі тиіс. Оны жоғарыдан төменге: қиықтап 0,8-1,2см-ге бастыра тігіп, шетін көлденен тігіспен екі рет бекіту қажет.Бауды әдіпке тігу

.Көктеу жіптерін алу, жіптердің ұштарын түйіп, бекіту.
5 кезең. Екінші жағына бұрышталып ауысады.Бұл жерде тігісті алдын ала болжап, суреттеу, егер көз өлшемі жақсы дамыған болса,онда көз мөлшері бойынша тігіледі, бұл кімге қалай ынғайлы
6.кезең. Тік бұрыштап тігуді аяқтаймыз.Жіпті теріс жағына келтіріп, түйіншек қылып келтіріп байлаймыз, өйткені тігін машинасымен бекіту жақсы көрінбеуі мүмкін.
7 кезең. Тігінші жастығында екі жағында үтіктейміз. Сыдырма дайын.Түймелікті ысырма жабылады.Бұйымның өң жағына аударып , нәтижені көреміз.Егер бәрі дұрыс, ұқыпты орындалса,теріс жағынан ұқыпты түрде үтіктеледі.Дайын!

ІІІ. Сарамандық жұмыс (25мин)
Окушылар көрнекілік суреттерді қолданып,сыдырманы белдемшеге тігеді, 1:4 масштабпен пішілген.Содан соң, сыдырманы белдемшеге қайталап тігеді.
ІV. Сабақтың қорытындысы (2 мин)

ІІ. Кіріспе нұсқау.

Түймелікті сыдырманың орындалу технологиясы оқулықта келтірілген.

ІІІ. Қорытынды нұсқау

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.
1. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.
2. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.
3. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Жетінші сағат
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Сабақтын тақырыбын, және мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ- сарамандық, тақырыбы «Белдікті және бұйымның етегін өңдеу».

ІІ. Кіріспе нұсқау

4. Оқулыкта көрсетілгендей оқушылар белдікті және белдемшенің жоғарғы қиығын өңдейді.Белдемшенің оң жағынан белдік бөлшегін инемен бекітеді. Егер белдіктің ішкі жағы матаның тарқатылмайтын жағы болса,ашық қиық ішкі жағына қалатындай етіп белдікті бүктейді. Жоғарғы тігіс белдіктің бүктелген сызығына жақындатып тігіледі.

Егер белдіктіңекі жағы да жөрмелмесе, онда белдікті белдемшенің іш жағына келтіріп , жабық жөрмеп тігу. Тігісті шетіне көктеп, сонан кейін машина тігісімен тігу.

5. Белдемшенің төменгі бөлігін өңдеудің тәсілін таңдап, оқушы белдемше тігуді аяқтайды.

6. Ең соңында міндетті түрде ылғалды – жылулық өңдеу өткізіледі.
ІІІ. Қорытынды нұсқау

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

7. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

8. Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.

9. Әр оқушының жұмысын бағалау.

Похожие:

Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconАға оқытушы Жолдасова Бибикул Балқыбекқызы
Белдікті бұйымдарды конструкциялау және модельдеу, Оқу-әдістемелік құрал, Шымкент. 2010. 96б
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (61-шығарылым)
«Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Мүсіндеу өндірісі», «Боялған кенеп...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconТозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Талаптар қатты отынмен жұмыс істейтін, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтарының, электр станцияларының шаңды әзірлеу және қазандық...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconТозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Талаптар қатты отынмен жұмыс істейтін, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтарының, электр станцияларының шаңды әзірлеу және қазандық...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconӘож 378. 14. 016. 02 Ќолжазба ќ±ќыѓында
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары icon66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бтба) 66-шығарылым, «Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары icon«бекітемін» Оқу ісі жөніндегі проректор Б. Рскелдиев
Оқытудың мақсаты: Экономикалық есептердегі математикалық модель ұғымымен, олардың құрылуы және алынған нәтижесінің талдауымен, модельдеу...
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары iconҚаңтар айына арналған жұмыс жоспар ы рет № Өткізілетін немесе істелетін іс-шаралар мезімі жауаптылар Педагогикалық кеңесінің жоспары
Теориялық және өндірістік оқытудың і-жартыжылдық сараптамасы және іі-жартыжылдықтағы оқытудың сапасын көтеру жолдары
Тігін бұйымдарын жобалау және тігіп дайындау. Белдемшені конструкциялау және модельдеу. Бөлімді оқытудың келесі мақсаттары icon37 шығарылым Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері
Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу, Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница