«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына




Название«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына
страница1/10
Дата конвертации08.12.2012
Размер1.03 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 27-1272қ

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

Әкім И. Тасмағамбетов

Әкімнің орынбасары Е.Т. Қожағапанов

Әкімнің орынбасары А.Ғ. Балаева

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің меңгерушісі Ж.Б. Ертаев

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Б.Ұ. Сағын

«Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Ж.Ғ. Нұрпейісов

«Астана қаласының Мәдениет

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Б.Б. Мажағұлов

МАЗМҰНЫ

1. Астана қаласы Мәдениет басқармасының міндеті мен болашаққа көзқарасы......................................................................................................................

2. Қазіргі жағдайды сараптау және мәдениет саласын дамытудың бір жақтылығы ...................................................................................................................

  1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар мен көрсеткіш нәтижелері ..............................................




    1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар мен көрсеткіш нәтижелері ..............................................

  1. Стратегиялық бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және насихаттау......................................................................................................................

  2. Стратегиялық бағыт. Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету...................................................................................................................................

  3. Стратегиялық бағыт. Астана тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту................................................................................................................




    1. Мәдениет басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі........................................................................................................................




  1. Мәдениет басқармасының функционалдық мүмкіндіктерін дамыту............................................................................................................................




  1. Ведомствоаралық әрекеттестік......................................................................




  1. Ықтимал қауіп – қатерлермен басқару.........................................................




  1. Бюджеттік бағдарламалар..............................................................................

7.1.Бюджеттік бағдарламалар.............................................................................

7.2.Бюджеттік шығындардың жинағы ..............................................................

1. Астана қаласы Мәдениет басқармасының міндеті мен көрінісі

Міндеті Астананың мәдени келбетін көтеру, елорда тұрғындарының рухани және интеллектуалдық өмірін байыту және оны дамытудың жоғары мәдени деңгейін қамтамасыз ету.

Көрінісі Астанада өнер мәдениетін сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы мәдени орта.
2. Қазіргі жағдайды сараптау мен мәдениет саласын дамытудың

бір жақтылығы
Астананың мәдениет саласын құрайтын мәдениет мекемелерінің және олардың қызмет ету аясының әр түрлілігі, азаматтардың мәдени сұранысын сапалы қанағаттандыратын міндеттер Басқарманың мемлекеттік органдар жүйесінде мәртебесін анықтайды.

Осыған орай, Басқарма қызметі жақын жылдардағы үрдіске байланысты болады.

Біріншіден, мәдени мұраны қолдану, сақтау мен зерделеу мәселелері назарда тұрады.

Екіншіден, салынған және берілген мәдени-демалыс жүйесі объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет, қала үшін сала кәсіпорындарының жұмыстарының тиімділігін арттыру.

Үшіншіден, бұл Астана ролінің өзгеруі елорданың барлық тіршілік саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге алып келеді. Астананың халықаралық аренадағы табыстары мен жетістіктерін арттыру астананың ел ішіндегі және шетелдегі позитивті имиджін мұқият жетілдіруді қажет етеді.

Мәдениеттің бәсекелестікке қабілеттілігіне жету көбінесе мәдениет саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыруды жылдамдатуға байланысты. Осы үрдіс шеңберінде мәдениет қызметін қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен және бағдарламалық өнімдермен жабдықтау іс-шараларын өткізу қажет. Қаланың мұражайлар топтамасы туралы, астананың мәдени-тарихи жылжымайтын мүлік ескерткіштері туралы ақпараттары бар электрондық мәліметтер базасын жасау қажет.

Сонымен бірге саланың табысты дамуы негізінде адам факторы жатыр. Мәдениет саласында, басты роль шығармашылыққа келгенде бұл фактор ерекше маңызға ие болады. Бұл үрдіс Астанаға талантты мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту; конкурстарды, фестивальдарды және басқа мәдени іс-шараларды өткізу сияқты осы саладағы перспективті шығармашылық жобаларды қолдауды ұйғарады.


  1. Стратегиялық бағыт. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау


1.1) Дамудың негізгі параметрлері

2010 жылғы 1 қаңтарға Астана қаласы бойынша 47 жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштері бар, олардың 12 археологиялық ескерткіштер, 35 – қала құрылысы және архитектуралық. Мәдени мұра объектілерінің бірыңғай мемлекеттік тізімін жасау шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ және «Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары шекараларының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 11 қарашадағы № 27-1068қ қаулылары қабылданды. Жылжымайтын материалдық тарихи-мәдени құндылықтардың жағдайларына мерзімдік тексерулер жүргізіледі. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар мен иеленушілерді қорғау міндеттемелері ресімделді. Ұлы Отан соғысы тақырыбына байланысты, тарих және мәдениет ескерткіштеріне 8 қорғау тақталары орнатылды. 2009 жылы ағаш өнері сәулеті ескерткішіне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (С.Сейфуллин мұражайының ғимараты); 2010 жылы ХХ ғасырдың басындағы тарих және мәдениет ескерткіші бойынша қалпына келтіру жөндеу жұмыстары аяқталады (Көпес Кубриннің үйі). Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша қала комиссиясының отырысы өтуде. Өнер туындыларына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде: 2009 – 2010 жылдары Қазіргі заманғы өнер мұражайы қорындағы 44 сұңғат өнері мен графикалық жұмыстары қалпына келтірілді. Кітапхана тәжірибесінде РАБИС бағдарламасын қолдану «Мәдени мұра» бағдарлама құжаттарын жинауды қамтамасыз етеді. 2009 – 2010 жылдары кітапханалар 3048 дана мемлекеттік тапсырыс бойынша әдеби кітаптар алды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан мультимедиялық электрондық дискілердің тұсаукесері өтті.

2009 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру аясында табылған маңызды қазыналарды жинап халықаралық деңгейде мұражайдың ғылыми тұжырымдамасын әзірленіп жатыр.
1.2) Негізгі мәселелерді сараптау

Астана қаласы ескерткіштері жинағының болмауы.

Тарихи-мәдени сараптамамен есептеу құжаттамасын жаңалау қажет.

Қалақұрылысы мен архитектуралық ескерткіштерінің жағдайы (С. Сейфуллин мұражайының әкімшілік ғимараты (Әуезов к. 20); (ХІХ ғасырдың соңындағы тұрғын үй мен мұсылман мектебі (Отырар, 29,31); жасыл мешітті қоршау;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіндегі, оның мәдени мұрасы мұражайлар жинағы болып табылады. Мұражайлар қызметінің басты мақсаты ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мұражай нысандарының ерекшеліктерінен көрінеді. Бюджеттің тапшылығынан 2004 жылдан бері жинақ шығару жүзеге асырылмай келе жатыр. Қазіргі заманғы өнер мұражайында «ТМД» өнері» қысқа ғылыми тізімі мен мұражайдың барлық толық ғылыми тізімін құрастыру үстінде жұмыс жүріп жатыр.

Мұражай жинағын толықтыру мүмкіндігінің жоқтығы.
1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Тарихи-мәдени объектілерге табиғи-климаттық жағдайдың кері әсері.

Мұражайға сатып алуды жоспарлаған және мұрагерлер немесе коллекционерлердегі өнер туындылары жеке коллекционерлер мен басқа мұражайларға кетіп қалуы мүмкін. Әрі қарай оларды сатып алу мүмкіндігі жоқ, немесе бағасы көтеріліп кетеді.
2 Стратегиялық бағыт. Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету


    1. Дамудың негізгі параметрлері

Сала әлеуеті. 2010 жылдың 1 желтоқсан айына жергілікті мәндегі мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі: жергілікті маңызы бар 62 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары, оның ішінде 4 мұражай, 6 театр, 23 кітапхана, 1концерттік ұйым, 1 цирк, 6 жекеменшік кинотеатр, 1 киноны жалға беру ұйымы, 4 жекеменшік көркемдік галерея, 7 мәдениет және демалыс паркі, 7 мәдени-демалу кәсіпорындары («Жастар» сарайы, Конгресс-Холл, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан» Орталық концерт залы, Мәдени ойын-сауық орталығы, 1 жекеменшік клубы) және басқалары (Астаналық балет компаниясы, Дыбыс жазу студиясы). 2008 жылмен салыстырғанда жергілікті маңызы бар мәдени ұйымдар желісі 4 бірлікке көбейді.

Астана қаласының Мәдениет басқармасы мемлекеттік басқару органы болып табылатын мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі 2010 жылдың 1 желтоқсан айына келесі бейнеде: 23 кітапхананы біріктіретін 1 «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ; 18 – МКҚК; 3 – ЖШС.

Салада жұмыс істейтіндер санының өсуі 2010 жыл 1 қаңтар айына 2651 адамды құрайды, оның шығармашылық саны 1000 адам. Олардың (972-сі немесе 97,2 % ) жоғары және орта кәсіптік білімді.

Қаланың шығармашылық ұжымдарының шеберлік деңгейінің жоғарылығынан шетел өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен іс-шаралар: 2009 жылы 14 дарынды дирижердің, музыкалық-орындаушылар, атақты әртістердің қатысуымен 8 концерт өтті.

Музыканттардың, театр актерларының, суретшілердің шығармашылық қызметтерін кәсіптік жетілдіруге 2009 жылы ұйымдастырылған 13 мастер-класс ықпал етті.

    1. Негізгі мәселелерді сараптау

Біріншіден, кемшілікті көрсететін қаланың мәдени сала инфрақұрылымының қанағаттандырылмаған даму деңгейі (Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры) және жұмыс істеп тұрған мәдениет мекемелерінің (Жас көрермендер театры, Қуыршақтар театры, Астана қаласының көңілді тапқырлар театры) алаңдарының болмауы; арнайы мамандардың жетіспеушілігі. Перспективті мәселе – Мемлекеттік филармония, Қазіргі заманғы өнер мұражайының арнайы ғимараты, қала кітапханаларының типтік ғимараттарының болмауы.

Астана тұрғындарының мәдениет мекемелерінің – кітапханалардың қызметіне бірыңғай қол жеткізбеуі, қаланың жеке мөлтек аудандарындағы кітапханалар жүйесінің дамуының шарттылығына сәйкессіздігі.


    1. Сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Шығармашылық дебют және жаңа жобалардың жетіспеуі.

Шығармашылық одақтармен ынтымақтастық пен өзара іс қимылдың осалдығы.

Жеке мәдениет ұйымдары мен шығармашылық ұжымдардың тікелей әріптестіктің дамуының жетіспеушілігі.


  1. Стратегиялық бағыт. Елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту




    1. Дамудың негізгі параметрлері

2009 жылы елорда театрлары 1442 спектакль көрсетті, 15 театрлық премьералық қойылым жүзеге асырылды, 23 хореографиялық және миниатюралық қойылымдар өтті, 1935 мұражай экскурсиясы; 236 лекция; 111 жаңа көрме; 460 концерттік іс-шаралар өткізілді; кітапханада 1145 кітапханалық жұмыс іс-шаралары ұйымдастырылды. 4 Халықаралық және 2 республикалық фестиваль мен конкурс өтті.

Қоғам өмірін ақпараттандыру процестерін жылжытуда қаланың Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Ең соңғы кітапханаларды жаңарту жобаларының бірі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жергілікті желіні құру мен РАБИС енгізу болды. РАБИС-ті орнату мен күнделікті қолдану кітапхана русурсы жайлы бүкіл ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік берді; сатып алынған құжаттарды бірнеше рет және көп профилді қолданғанда бір рет өңдеуді қамтамасыз етеді; түрлі параметрлер бойынша іздеу жылдамдығын және мәліметтер базасының толықтығын қамтамасыз етеді; Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 112 компьютер жұмыс істейді; Интернет жүйесіне 6 кітапхана қосылған. кітапхананың электрондық қызметін қолданушылар саны – 3451 адам. ОКЖ-де автоматтандыру секторы жұмыс істейді – қолданушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды есепке алу формасы енгізілді. ОКЖ-не біріккен кітапханалардың кітап қоры 638954 дананы құрайды, 954 данасы – электрондық тасымалдаушыларда, олар 0,15 пайызды құрайды. Электрондық жинаққа жалпы кітап қорынан 37288 дана енгізілді, жалпы кітап қорының 6,1пайызын құрайды.

Қала мұражайларында есептік құжаттарды электрондық рәсімдеуді және бұйымдардың мұражай ішіндегі орын ауыстыруын белгілеуді жайлап ендіру басталды. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарындағы жалпы компьютер саны – 377 бірлік, оның 56-сі 2009 жылы алынған. Интернет жүйесіне 23 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары қосылған.

    1. Негізгі мәселелерді сараптау

Мәдениет кәсіпорындарының тиімсіздігі, төлем қызметтерінен түскен кірістер бойынша жоспар орындалмайды.

Ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, ғаламдық компьютерлер желісі арқылы ақпарат алмасы жүйесінің болмауы.

Мұражайлар қызметі саласында қолданылатын ақпараттық технологиялар тәртіпке келтірілмеген.


    1. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Салынып жатқан және іске қосылған мәдени-демалыс объектілерін тиімді басқаруды ұйымдастыру мен қолдану бойынша бірыңғай оператордың болмауы (баға саясатына әсері; тапсырыс қызметін ұсыну, брондау (электрондық кассалар) және концерттік және театрлық билеттерді жеткізу; кәсіпорындар мен іс-шаралар туралы жарнамалар ұйымдастыру.

Қаланың корпоративтік қауымдастығындағы кітапхана жүйесінің өкілдігінің жоқтығы.

7

3. Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері
1 Стратегиялық бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және насихаттау

    1. Мақсат. «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жоспарын одан әрі жүзеге асыру
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconКачир ауданы ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconКачир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республи- касы Президентінің...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011- 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconКодексінің 62 бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»
Солтустік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына icon2010-2014 жылдарға арналған “Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет басқармасының пайымдауы – облыс мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница