1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница1/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8




А Қ П А Р А Т

Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1 жартыжылдығында

сот әділдігін жүзеге асыру және соттар қызметін ұйымдастыру бағытында атқарған жұмысы жөнінде

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде

1.1 Қылмыстық істер бойынша
Есепті кезеңде Ақтөбе облысының соттарымен барлығы 1497 адамға қатысты 1355 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 510 адамға қатысты 400 іс айыптау үкімін қабылдаумен аяқталған. 970 адамға қатысты 881 іс өндірістен қысқартылған, бұл жалпы қаралған істердің 65 пайызын құрайды. Қосымша тергеуге 14 қылмыстық іс қайтарылған (17 адамға қатысты), 10 қылмыстық іс бойынша сот өндірісі тоқтатылған, 2011 жылдың 3 тоқсанына 218 қылмыстық іс қалдықта қалған.

Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған.

Өткен жылдың есептік кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, соттарға түскен істердің де, негізінен қаралған істердің де саны азайғаны байқалады. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттарымен барлығы 1713 адамға қатысты 1490 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 875 адамға қатысты 678 іс айыптау үкімін қабылдаумен аяқталған болатын. Қысқартылған істердің саны 646 болған. Сонымен қатар, қосымша тергеуге 26 қылмыстық іс қайтарылған, 5 қылмыстық іс бойынша сот өндірісі тоқтатылған, 2010 жылдың 3 тоқсанына 232 қылмыстық іс қалдықта қалған болатын.


Сонымен қатар ағымдағы жылда соттарға түскен жадығаттардың да саны көбейген. Атап айтқанда 2010 жылдың есепті кезеңінде 1469 жадығат қаралса, 2011 жылы – 1692-сі қаралған.

Жергілікті соттардың қылмыстық істерді қарау жүктемесі бұрынғы деңгейде. Облыс соттарымен негізінен қаралған қылмыстық істердің басым бөлігі Ақтөбе қалалық № 2 сотының еншісіне тиеді, сондықтан осы сот судьялардың жұмыс жүктемесі жоғары.


Өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңде сот өндірісімен қысқартылған қылмыстық істердің саны да көбейген, осы жылы 970 адамға қатысты 881 іс қысқартылды, бұл көрсеткіш жалпы қаралған істердің 65 пайызын құрайды, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 805 адамға қатысты 701 іс қысқартылған, бұл жалпы қаралған істердің 48 пайызын құраған болатын.

Қылмыстық істердің басым бөлігі ҚР ҚК-нің 67 бабының негізінде сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылған. Атап айтқанда осы негізбен 838 іс қысқартылған (2010 жылдың есепті кезеңінде осы негізбен 646 іс қысқартылған), демек бірінші сатыдағы соттарда істерді заң талаптарын сақтау арқылы бітімгершілік келісімдермен аяқтау шаралары қолданылуда.

2010 жылы Ақтөбе облысы соттарының қылмыстық істерді қарау жұмыстары мен жаза тағайындау барысы Жоғарғы Сот тарапынан сынға алынып, осыған байланысты алынған шаралардың арқасында облыс соттарымен қылмыстық істерді қарау сапасы және жаза тағайындау тәжірибесі тұрақталды.

Сотталғандарға жаза тағайындағанда судьялар ҚР ҚК-нің 52 бабында көзделген жалпы негіздерді қатаң басшылыққа алған. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша сотталғандарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тек қана қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болғанда ғана, атап айтқанда қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтірілсе, қылмыстардың қайталануы, адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың, алкогольдік еліту жағдайында қылмыс жасалған жағдайларда ғана тағайындалған. Басқа жағдайларда осы санаттардағы қылмыстар бойынша сотталғандарға баламалы түрдегі жазалар, яғни бас бостандығынан айырмау түрінде жаза тағайындалған. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болған жағдайда ғана сотталғандарға ол үшін заңмен көзделген баламалы жаза арасынан неғұрлым қатаң жаза - бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған және үкімде сот тұжырымы жан-жақты негізделген.
Жергілікті соттардың үкіммен аяқталған істерін апелляциялық сатыда қарау мәліметтерінен соттардың ауыр және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жаза тағайындау тәжірибесі көбінесе заңға сәйкес екендігі көрінеді. Сонымен қатар, кейбір жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар тиісті түрде ескерілмеген жағдайда апелляциялық сатының қаулысымен тағайындалған жаза жеңілдетілген. Атап айтқанда, апелляциялық сатымен 3 адамға қатысты үкімдер өзгертіліп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындалған.





санаттар

барлық сотталғандар

Олардың ішінде бас бостандығынан айырылғандар

%

1

Аса ауыр

36

36

100

2

Ауыр

228

115

50,4

3

Орта дәрежелі

188

25

13,3

4

Онша ауыр емес

58

5

8,6

5

Орташа және онша ауыр емес

246

30

12,1




БАРЛЫҒЫ:

510

181

35,4



Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жалпы саны 181, бұл өткен жылдың есепті кезеңінде қоғамнан оқшауланып сотталғандардың санынан едәуір кем. Атап айтқанда былтыр 417 адам сотталса, биылғы жылы 181 адам бас бостандығынан айыруға сотталған.

Оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың саны 2010 жылдың есепті кезеңінде 215 болса, 2011 жылдың есепті кезеңінде 151 адамды құраған.

Жалпы облыс бойынша қылмыстық жаза қолданылғандардың ішінен аса ауыр қылмыстар үшін 7% (36 адам), ауыр қылмыстар үшін 22,5% (115 адам), ауырлығы орташа қылмыстар үшін 4,9% (25 адам), онша ауыр емес қылмыстар үшін 0,9%(5 адам) бас бостандықтарынан айырылған. Сонымен, ағымдағы жылы жаза тағайындау тәжирибесі тұрақталып, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үлес салмағы 2010 жылдың көрсеткішімен (48,8%) салыстырғанда 13,4% -ға азайған (35,4%).

Бұл республика көлеміндегі көрсеткіштерден төмен.

Қылмыстық істер бойынша сотталғандарға тағайындалған жаза түрлері төмендегі кестеде көрсетілген:



Кезең

Сотталғандардың жалпы саны

Оның ішінде

Бас бостандығынан

айырылу (нақты)

%

Шартты жаза

%

Рахымшылық заңына байланысты жазадан босатылғандар

%

Айыппұл

%

Қоғамдық жұмыстарға тартылғандар

%

Бас бостандығын шектеу

%

Жазадан босатылғандар (ҚК-нің 65-69 бап-ы)

%

Түзеу жұмыстары


%

Белгілі бір қызметпен айналысуды құқынан айыру


%

2011 ж-ң 1-ші жарты жыл

510

181

35,4

107

20,

9

-




18

3,5

25

4,9

167

32,7

11

2,3

-

-

1

0,2

2010 ж-ң 1-ші жарты жыл

869

424

48,8

279

32

1

0,1

30

3,5

58

6,7

62

7,1

7

0,8

5

0,6

3

0,3

(кестедегі мәліметтерге істердің апелляциялық, кассациялық тәртіпте қаралу нәтижелері енгізілмеген)

Онша ауыр емес қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған 5 адамның үшеуіне жаза ҚК-нің 13 бабының 1 бөлігінің талаптары бойынша тағайындалған, өйткені ол адамдардың бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтемей тұрып қайталап қылмыс жасауы, ал екеуі адамның өліміне әкеп соққан жол оқиғасына кінәлі деп танылғандар. Сонымен қатар, олардың біреуі жол оқиғасы болған жерден кетіп қалып, жәбірленушіні дәрменсіз жағдайда қалдырғандығы ескерілген.
Қауіптілігі орташа ауырлықтағы және онша ауыр емес қылмыс жасағандардың саны 2011 жылдың есепті кезеңінде 246 адам болып, олардың 30-ы (12,1%) бас бостандығынан айыруға сотталған. Демек, есепті кезеңде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың басым бөлігі аса ауыр және ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Жалпы және Негізгі бөлімдерінің және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша ізгілендіру Заңына байланысты атқарылған жұмыстар.

ҚР ҚК-нің 5 бабының талабына сәйкес бұрын қаралған қылмыстық істер бойынша барлығы 638 сотталған адамдарға қатысты 638 материалдар (ұсыныстар) түскен. Оның ішінде қылмыстық атқару инспекциясы мен түзеу мекемелері тарапынан 113 ұсыныс, сотталғандардан – 466 өтініштер, ал сот орындаушылардан – 3 ұсыныс түсті.

ҚІЖК-нің 453-455-баптарының негізінде соттарға түскен 638 материалдардың (ұсыныстардың) 510-ы негізінен қаралып, 282-і қанағаттандырылды.

Ізгілендіру Заңының аясында түскен ұсыныстар бойынша 638 сотталған адамдардың 626-сы ер азаматтар, 12-сі әйел адам, 11 адам жасы кәмелетке толмағандар болды. Қаралған материалдардың (ұсыныстар) мәніне тоқталсақ, қылмыстылық пен жазалылық жойылуына байланысты қаралған материалдар саны 92-ні, қылмыстық жазаны жеңілдетуге байланысты қаралған материал саны 320-ны, қылмыс жасаған тұлғаның жағдайын жақсартуға байланысты қаралған материал саны 98-ді құрады.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың ішінен жаза өтеу мекемелерінен босатылғандар саны 84 адамды құрады.

Бірінші саты соттарының өндірісіндегі істер бойынша ізгілендіру заңын қолданумен қаралған іс/тұлға саны – 16/16; қаралу нәтижесі және қылмыс санаттары: ҚР ҚК-нің 259 бабының 1 бөлімімен 12/12; ҚК-нің 105 бабымен – 1/1; ҚК-нің 296 бабының 1 бөлімімен – 3/3 қылмыстық істер қысқартылды.

Апелляциялық сот сатысы тарапынан ізгілендіру заңын қолданумен қаралған іс/тұлға саны – 3/3; қаралу нәтижесі – 1 іс бойынша 1 тұлғаға қатысты сот үкімдерінің күші жойылды; 2 іс бойынша 2 тұлғаға үкімдер өзгертілді. Қылмыс санаттары - ҚР ҚК-нің 105 бабы, 259 бабының 1 бөлігі, 259 бабының 1-1 бөлімі.

Жоғарыда айтылған Заңдарды орындау аясында қылмыстық атқару инспекцияларынан, түзеу мекемелерінен және сотталғандардың өздерінен түсіп жатқан ұсыныстар мен өтініштерді мейлінше тез және мұқият, заң шеңберінде қарау жұмыстары қолға алынып отыр.
Соттардың қамауды санкцияландыру жадығаттарын қарау тәжірибесі жөніндегі.
Соттардың қамауды санкцияландыру жадығаттарын қарау жөніндегі тәжірибесі тұрақты, сынды мәселелер мен қателер орын алған жоқ.

Өткен жылдың есепті кезеңінде облыс соттарына қамауға алу бұлтартпау шарасына санкция беру туралы 349 өтініштер, оның ішінде, 2 тұлғаға - әдеттен тыс (экстрадициялық) қамауға алу туралы өтініштер түскен. Соттармен 336 қамауға алу туралы, оның ішінде 2 экстрадициялық қамауға алу туралы өтініштер қанағаттандырылған және 5 тұлғаға қатысты үйде қамауда ұстау туралы шешім қабылданған. Қалған қамауға алу туралы 8 өтініштер қанағаттандырылмаған.

Осы жылдың есепті кезеңінде облыс соттарына бұлтартпау шарасын санкцяландыруға 317 өтініш түскен. Оның ішінде қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы 224, үйде қамауда ұстау туралы 12, қамауда ұстау туралы бұлтартпау шараның мерзімін ұзарту жөнінде 76, қамауға алу туралы бұлтартпау шараның мерзімін ұзарту жөнінде 2, қамауға алу бұлтартпау шарасының күшін жою жөнінде 2, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын өзгерту жөнінде 1 өтініштер түскен. Қалған 9 өтініштер қанағаттандырылмаған. Оның ішінде 1-і қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын өзгерту жөнінде.

Соттармен 220 қамауға алу туралы өтініш қаралып, оның 212-і қанағаттандырылған. Сонымен қатар, үйде қамауда ұстау туралы 11 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш қайтарылған, қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту жөніндегі өтініштердің 75 қаралып, қанағаттандырлған, үйде қамауда ұстау туралы 2 өтініш қанағаттандырылған, қамауға алу бұлтартпау шарасының күшін жою жөнінде 2 өтініш қанағаттандырылып, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі 1 өтініш қанағаттандырудан бас тартылған.

Жалпы қамауға алу бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініштердің азайғаны, сонымен қатар, үйде қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі өтініштердің өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көбейгені көрінеді.

Облыс соттарымен 2011 жылдың 1 жартыжылдығында қылмыстық істер мен жадығаттарды қарау барысында 59 жеке қаулы шығарылып, қылмыстық оқиғаның болуына себеп болған жағдайларға, сонымен қатар, алдын-ала тергеу барысында орын алған заң бұзушылықтар жөнінде, басқа да іс бойынша анықталған фактілерге байланысты шара қолдануды талап етететін жағдайлар анықталғанда, олар жөнінде тиісті органдардың немесе лауазымды адамдардың назары аударылып отырған.

Статистикалық мәліметтер бойынша, өткен жылдың есепті кезеңінде жергілікті соттармен 78 жеке қаулы шығарылған, яғни ағымдағы жылда жеке қаулылар саны азайған, бұл жағдай соттарға түскен қылмыстық істердің 65% өндірістен қысқартылғанына байланысты болуы мүмкін.

Қылмыстық істер бойынша есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен шығарылған 15 жеке қаулылардың 10-ы алдын-ала тергеу және анықтау жұмыстары барысындағы заң бұзушылықтар жөнінде, сонымен қатар, тергеушілер мен прокуратураның, қылмыстық атқару инспекциялары мен түзеу мекемелерінің сотқа жолдануға тиіс жадығаттарды жасақтағанда жіберген кемшіліктері туралы шығарылған. Сонымен қатар, апелляциялық сатыда қабылданған жеке қаулылардың 5-і судьяларға қатысты болған. Жеке қаулылар Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Н.М.Бисениге, Алға аудандық сотының судьясы А.Кабулдиновке, Ойыл аудандық сотының судьясы Ш.Жәмиевке, Мұғалжар аудандық сотының судьясы Г.Т.Құлжановаға, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Әбдәліге қатысты шығарылған.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница