1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница2/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

Апелляциялық тәртіпте қылмыстық істердің қаралуы
2011 жылдың 1 жартыжылдығында апелляциялық тәртіпте қарауға 175 іс, есептегі кезеңнің басында қалдықта болған істердің саны 17, барлығы 192 іс түскен. Бұл өткен жылдың 1 жартыжылдығының көрсеткіштерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, өйткені 2010 жылы аталған көрсеткіштер төмендегідей болған: қалдықта 23 іс болған, 303 іс келіп түскен, барлығы 326 іс түскен, демек, есептегі кезеңде апелляциялық сатыға түскен істердің саны 326-дан 192-ге дейін азайған.

Апелляциялық тәртіпте өткен жылдың 1 жартыжылдығында 365 сотталған адамға қатысты 257 іс қаралса, есептік кезеңде 189 сотталғандарға қатысты 154 іс қаралған, яғни, 48 % төмен

Келтірілген статистикалық деректер соттардың бірінші сатыда қабылдаған үкімдері мен қаулыларының заңдылығы сирек дауланып, олардың басым бөлігіне шағымдар мен наразылықтар келтірілмегенін айқындайды.

Сонымен қатар, бұл жағдай істердің бірінші сатыдағы соттарда өз бітімін табуына, қаралған істердің 881-нің қысқартылуына да байланысты.
2011 жылы қаралып қосымша тергеуге жолдаумен аяқталған істерден 11 адамға қатысты 9 қылмыстық іс апелляциялық сатыдан өткен. Оның ішінде 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотқа қаулылардың күші жойылуына байланысты қайтарылған. 6 іс бойынша 8 адамға қатысты қаулы өзгеріссіз қалдырылған.

Бұл өткен 2010 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда (21 адамға қатысты 16 іс) қосымша тергеуге қайтарылған істер санының азайғанын көрсетеді. Сонымен қатар, өткен жылы соттардың 4 адамға қатысты 4 істі қосымша тергеуге жолдау туралы қаулыларының күші жойылған болатын, демек соттардың тәжірибесінде істерді қосымша тергеуге жолдауды реттейтін заңды сақтамаушылық әлі де орын алуда.
Осы жылы апелляциялық алқаға түскен жадығаттардың саны өсті. Өткен жылдың есепті кезеңінде ҚІЖК-нің 110 бабымен 42 жадығат, КІЖК-нің 109 бабымен 13 жадығат, ҚІЖК-нің 453 бабымен қаралуға тиісті және басқа да сот қаулыларымен 31 жадығат, барлығы 86 жадығат қаралған болса, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 147 жадығат қаралып, оның 63-і ҚІЖК-нің 110 бабымен, 23-і - ҚІЖК-нің 109 бабының тәртібімен, және басқа да сот қаулыларымен 61 жадығат қаралған.
ҚІЖК-тің 110 бабының тәртібінде қаралған 63 жадығат бойынша 58 адамға қатысты қаулылар өзгеріссіз қалдырылды, 3 адамға қатысты қаулының күші жойылып, оларға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасынан бас тартылса, 2 адамға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Алқаға түскен істер бойынша шығарылған үкімдердің заңдылығы дер кезінде қаралып, бірінші сатыдағы соттардың қателіктері өзгерістер енгізу арқылы жойылды. Сонымер қатар, заңда белгіленген жағдайларда сот үкімдерінің күші жойылып, жаңа үкімдер шығарылды. Сот үкімдерінің күші жойылуына байланысты қылмыстық істердің жергілікті соттарға қайтарылуы орын алған жоқ, өйткені 3 адамға қатысты үкімдердің күші жойылған екі қылмыстық іс бойынша апелляциялық сатымен нақты шешім қабылданды, яғни айыптау үкімдер шығарылды, ал қылмыстық заңның өзгеруіне байланысты үкімнің күші жойылған қылмыстық істер өндірістен қысқартылды.

Есепті кезеңде апелляциялық сатыда қарау нәтижесінде 163 адамға қатысты үкімдер заңды күшінде қалдырылса, 22 (1,4%) адамға өзгертіліп, 4 (0,2%) адамға қатысты үкімнің күші жойылды. (2010 жылы үкімнің күші жойылған адамдардың саны 28 немесе 1,6%, үкімі өзгертілгендердің саны 41 немесе 2,3% құраған). Жалпы ағымдағы жылда қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы едәуір жақсарды, яғни өзгертілген және күші жойылған сот актілерінің үлесі 4% -дан 1,7% -ға азайды.

Сонымен қатар 22 адамға өзгертілген үкімдердің үшеуі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты, 6 адамға қатысты үкім сотталғандардың әрекеттерін дәрежелегенде материалдық заңның талаптарының дұрыс қолданбауына байланысты өзгертілген. 9 адамға қатысты үкімдердің өзгертілуі соттардың жаза тағайындау жөніндегі заңның талаптарын сақтамау себептері болса, 4 адамға қатысты сот үкімдеріне айғақты заттарды тәркілеу, жою туралы және қылмыстық іспен бірге қаралған азаматтық талап арызды қанағаттандырумен қатар мемлекеттік бажды өндіру туралы заң талаптарының өрескел бұзылуына байланысты өзгерістер енгізілген.

Бірінші сатыдағы сот үкімдерінің күшін жоюға төмендегі себептер негіз болған.

Жоғарыда аталған Алға аудандық сотының үкімімен Алиев, Смирновтарға ҚР ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің «а,в,г» тармақатарымен әрқайсысын 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тым жеңіл жаза тағайындап, сотталғандардың жауапкершілігін ауырлататын мән-жайларды ескермеген. Өзінің жазасыздығын сезген сотталғандардың біреуі сот залынан қамаудан босатылғаннан кейін бірнеше күннен кейін қайталап қарақшылық жасаған. Бұл іс прокурордың наразылығымен апелляциялық тәртіпте қаралып, сотпен ҚК-нің 63 бабын қолдануға негіз болатындай мән-жағдайлардың жеткіліксіз екендігі анықталды, сондықтан аудандық сот үкімінің күші жойылып, апелляциялық саты жаңадан үкім шығарып, сотталғандарды бас бостандықтарынан айыратын жаза тағайындады.

Мәртөк аудандық сотының ҚР ҚК-нің 105 бабымен мемлекет пайдасына 75600 тенге айыппұл төлеуге сотталған Р.Нуркановаға қатысты үкімнің күші қылмыстық құрамның қылмыстық кодекстен шығарылып тасталуына байланысты жойылып, іс өндірістен қысқартылды.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдың 22 сәуіріндегі үкімімен Ш.Б.Байсановтың қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігінен 99 бабына ауыстырылып қайта дәрежеленіп, осы бап бойынша Ш.Б.Байсанов екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, сот залынан босатылған. Жәбірленушінің апелляциялық шағымы және прокурордың апелляциялық наразалығымен қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралып, Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот сатысының 21 маусым 2011 жылғы қаусымен аталған үкімнің күші жаңа айыптау үкімін шығару мақсатында жойылды. Үкіммен кәмелетке толмаған Ш.Б.Байсановтың анықталған қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен дәрежеленіп, оған осы бап бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілер тарапынан бірінші сатыда келтірілген азаматтық талап арыз негізінен қаралып, азаматтық талапкер А.С.Әуезбекованың пайдасына азаматтық жауапкер Н.Р.Байсановадан Ш.Б.Байсановтың қылмыстық әрекеттерімен келтірілген моральдық залалдың өтемі ретінде 2 000 000 тенге өндірілді.

ҚР ҚІЖК-нің 411-414 баптарының негізінде бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға төмендегі себептер негіз болды.

Үкімнің дәлелдеу бөлігінде басты сот талқылауында зерттелген дәлелдердің мазмұны ғана келтіріліп, соттың Ш.Б.Байсановты қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтірген деген тұжырымына қайшы келетін қылмыстық істің құжаттары мен дәлелдемелері жан-жақты зерттелмеген, талданбаған және оларға үкімде баға берілмеген.Ш.Байсановтың кінәлілігі туралы соттың тұжырымы сотталушының жауаптарына ғана негізделіп, іске маңызы бар дәлелдемелердің осы тұжырымға қарама-қайшылығы жойылмаған. Сот тергеуі біржақты жүргізілген, соттың үкімде келтірген тұжырымдары істің нақты мән-жайларына сәйкес емес, үкім жасақтағанда ҚР ҚК-нің 379 бабының 1 бөлігінің талаптары сақталмаған, азаматтық талап арызды қанағаттандырғанда материалдық заңға сілтеме жасалмаған.

Кейбір істер бойынша материалдық және процессуалдық заңдарды сақтамаушылық орын алған. Осыған байланысты соттардың үкімдеріне өзгерістер енгізіліп, ол істер бойынша жіберілген қателіктер апелляциялық сатыда қарау барысында түзетілген.

Сот актілерін өзгертуге негіз болған бірінші сатыдағы соттардың қателіктерін талдау жұмысы төмендегіні анықтады. Соттардың басым бөлігі ҚР ҚК-нің 52 бабында белгіленген жаза тағайындау талаптарын сақтаған. Сонымен қатар, тым қатаң жаза тағайындау фактілері де орын алған.

Жергілікті соттарда сотталушының жасаған әрекеті қауіптілігі онша ауыр емес қылмыстарға жататыны, санкциясында жазаның жеңілірек түрлері қарастырылғаны, зиянның өтелгені, сотталушының айыбын мойындауы, жәбірленушінің қатаң жазаламауды сұраған өтініші ескерілмей, бас бостандығынан айыратын жазалар тағайындалған.

Мысалы, Мәртөк аудандық сотының 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы үкімімен бұрын бірнеше рет сотталған В.Колесова үй-жайға кіріп, бағасы 4500 теңгені құрайтын бір қапшық қантты жасырын түрде ұрлағаны үшін ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 60 бабының негізінде 21 желтоқсан 2005 жылғы сот үкімімен өтелмеген жазаны ішінара қосу тәсілімен нақты 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, әрекеттерінде ҚК-нің 13 бабының 3 бөлігіндегі «а» тармағына сәйкес қылмыстардың аса қауіпті қайталануы танылып, тағайындалған жазаны түзеу колонияның қатаң режимі белгіленген /судья М.Сәрсенов/. Апелляциялық сатыда қаралу барысында істен В.Колесованың 2001 жылғы соттылығының жойылғандығы, 2005 жылы 8 тамыз, 16 қыркүйек және 21 желтоқсандағы соттылықтары ҚК-нің 56 бабының 6 бөлігінің негізінде бір соттылықты құрап, оның әрекеттерінде ҚК-тің 13 бабының 2 бөлігіндегі «а» тармағына сәйкес қылмыстардың қауіпті қайталануы анықталған. Сонымен қатар, бірінші сатымен жаза мөлшері белгіленгенде В.Колесованың кінәсін мойындап қынжылғаны, зиянның ішінара өтелгені, жәбірленушінің қатаң жазаламауды сұрағаны ескерілмей қалған. Осы мән-жағдайларды ерекше мән-жайлар деп танып, апелляциялық сот сатысы ҚР ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы ҚК-нің 59 бабы 2 бөлігі және 60 бабы 4 бөлігінде қарастырылған талаптарды ескермей, ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен тағайындалған жазаны 9 айға дейін азайтып, ҚК-нің 60 бабының негізінде өтелмеген жазадан ішінара 3 ай қосып, нақты жазаны 1 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілеп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындаған және сотталған В.Колесованың әрекеттерінде ҚК-нің 13 бабының 2 бөлігіндегі «а» тармағына сай қылмыстардың қауіпті қайталануын таныған.
Жергілікті соттарға тәжірибелік көмек беру және соттардың жіберген қателіктерінің санын қысқарту мақсатында жасалған шаралар.
Бірінші сатыдағы соттар жұмысының сапасын арттыру бағытында апелляциялық алқамен сот актілерінің заңдылығы мен істерді қарау мерзімін сақтап, жергілікті соттардың қателіктерінің алдын-алу шаралары алынды.

Апелляциялық сот алқасының қылмыстық істер қарайтын судьялары ҚР ҚІЖК-нің 47 тарауында белгіленген апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қарау тәртібінің талаптарын зерделеумен қатар, алқа жергілікті соттардың судьяларына тәжірибелік көмек көрсетіп, процессуалдық және материалдық заңдарды қолдануда қателіктер жібермеудің алдын алып, тиісті шаралар жоспарлады.

Атап айтқанда, облыстық сот төрағасының өкімімен белгіленген алқа судьялары, өздеріне жүктелген аймақтық-пәндік қағидаты бойынша, жергілікті соттарға іс-сапармен барғанда, олардың істерді қарау сапасын тексерумен қатар, істердің қаралу сапасының деңгейін арттыру мақсатында бірқатар тәжірибелік көмек көрсетілді.

Судьялардың кәсіби деңгейін көтеру үшін үкімдердің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге жол берген судьяларды оқытудың рефераттық жүйесі қолданылады. Судьялардың кәсіби деңгейін жетілдіру арқылы сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында облыстық соттың оқу орталығы арақашықтықта оқыту тәсілін қолға алуда.

Жоғарыда аталған шаралардың орындалуы облыстық сот төрағасының жеке қадағалауында, жоспарлардың орындалу нәтижесі жалпы отырыстарда, семинарлық сабақтар мен судьялардың аймақтық іс-сапарларында талқыланады.

Тәжірибелік көмектің сапасын арттыру мақсатында аймақтық-пәндік қағидатын үнемді пайдалануды көздеп және осы қағиданың деңгейін көтеру үшін, аталмыш өкім бірнеше рет өзгертілді. Соттарға тәжірибелік көмек көрсету барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды: - облыстық соттың оқу орталығы арқылы «Қылмыстық құқық пен процесс» бағыты бойынша 16 тақырыпты талқыға сала отырып 15 семинарлық сабақ өткізілді. Семинарлық сабақтар өткізу кестесін жасақтағанда облыстық және бірінші сатыдағы сот судьяларының пікірлері мен істерді қарау тәжірибесінен және кейбір заңнаманы қолдануда туындаған күрделі мәселелер мен сұрақтар ескерілді.

Апелляциялық және қадағалау тәртіпте істердің қаралу барысында анықталған кемшіліктерді талдау жұмысы өткізілді.

Апелляциялық алқамен ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар, көліктегі қылмыстар, меншікке қарсы, пайдакүнемдік, зорлық-зомбылық бағытпен байланысты, жалған кәсіпкерлік жөніндегі қылмыстар бойынша жинақтаулар жасалды. Сонымен қатар, соттармен қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану тәртібін, үкімдерді орындауға жолдау барысын, қаржылық полиция тергеуіне жататын кейбір қылмыстық істердің санаты бойынша, қылмыспен келтірілген зиянды өндіру тәртібі туралы, қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша жинақтау жасалып, семинар сабақтарында талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша
Ақтөбе облысының соттарымен 2011 жылдың 1-ші жарты жылдығында сыбайлас жемқорлық жөнінде 30 адамға қатысты 26 қылмыстық іс қаралған (2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында 31 адамға қатысты 26 іс).

Осы негізінен қаралып аяқталған істердің ішінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмысты жасағаны үшін 28 адамға қатысты 25 іс бойынша айыптау үкімдері шыққан, 2 адамға қатысты 1 іс қосымша тергеуге жолданған.

Қаралған қылмыстық істерден келесі санаттағы қылмыстардың орын алғаны анықталады: ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен 13 адамға қатысты 13 іс қаралған, ҚК-нің 311 бабының 2-4 бөлімдерімен 8 адамға қатысты 7 іс, ҚК-нің 307 бабының 1-2 бөлімдерімен 5 адамға қатысты 3 іс, ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен 3 адамға қатысты 3 іс, 313 бабымен 1 адамға қатысты 1 іс қаралған.

Есепті кезеңде қаралған қылмыстық істерден ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағы бойынша сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау жөнінде қылмыстық істердің көбейгендігі көрінеді, яғни қаралған істер 46,4 % құрайды. Мысалы, Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен 17 адамға қатысты 14 іс, Айтеке би аудандық сотымен 5 адамға қатысты 5 іс, Темір аудандық сотымен 3 адамға қатысты 3 іс, Мұғалжар аудандық №2-ші сотымен 2 адамға қатысты 1 іс, Байғанин, Қобда және Алға аудандық соттарымен 1 адамға қатысты 1 істен қаралған.

Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасағаны үшін жауапты мемлекеттік лауазым иелерін соттау фактілері болмаған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған 27 адамның 13 лауазымды адамдар, соның ішінде Ембі қаласының әкімі, «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» Байғанин филиалының меңгерушісі, Алматы облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бас тексерушісі, «Батыс» өніраралық көлік бақылау инспекциясының жетекші маманы, Заречный ПБ-нің тергеушісі, Сазды ПБ-нің учаскелік инспекторы, «Ембі қалалық әкім аппараты» ММ-нің бас маманы, 2 тұлға Ақтөбе аумақтық және Ақтөбе қалалық аумақтық мемлекеттік мал дәрігерлік инспекциясының мамандары, 4 тұлға Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының мамандары болған.

Сонымен қатар 14 тұлға мемлекеттік қызметтер атқаруға теңестірілген адамдар және 1 жеке тұлға. Сотталғандардың ішінде 11 әйел адам (43,3%) жауапкершілікке тартылған.

Аталған істер бойынша сотталғандарға келесідей жазалар тағайындалған: 8 адам бас бостандықтарынан айырылған, 16 адамға шартты жаза тағайындалған, 2 адам бас бостандықтарынан шектелген, 2 адамға айып пұл салынған. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған 28 адамның 8-і нақты бас бостандықтарынан айырылған, яғни бұл 28,5 % құрайды. Соның ішінде 5 адам пара алғандары үшін бас бостандықтарынан айырылған немесе 17,8 %.

19 адамға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі, ал 8 адамға мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазалары тағайындалған.

Соттар, ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты жаза тағайындағанда сотталушылардың бұрын сотталмағандарын, жұмыс орындарынан және тұрғылықты жерлерінен жақсы мінезделетіндерін, семьялық жағдайларын, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке бастарын, тағы басқа жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерген.

2011 жылдың 1-ші жарты жылдығында апелляциялық сатыда 13 адамға қатысты 12 іс қаралып, соның ішінде 3 адамға қатысты үкім өзгертіліп, қалғандары өзгеріссіз қалдырылған. Істі қосымша тергеуге қайтару жөніндегі 2 адамға қатысты 1 іс қаралып, сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Демек соттармен сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер негізінен заң талаптары бойынша қаралып, олар бойынша заңды және негізді шешімдер қабылданған.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница