1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница3/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Азаматтық істер бойынша

Есеп беру мерзімінде Ақтөбе облысының аудандық, қалалық соттарына 321 іс және 11945 талап арыз түскен, оның ішінде 98 немесе 0,8% талап арыз өндіріске қабылдаудан бас тартылған, 10336 немесе 87% талап арыз өндіріске қабылданған және 1472 немесе 12% талап арыз кері қайтарылған.   



Облыс соттарымен есептік кезеңде барлығы 9424 азаматтық іс қаралып аяқталған ( 2010 жылдың алты айында 10 063 іс), оның ішінде 5780 іс немесе 61% шешім шығарумен қаралып аяқталған ( 2010 жылдың алты айында 6336іс немесе 63 пайыз), соның ішінде 2068 немесе 36% іс сырттай шешім шығарумен қаралып аяқталған (2010 жылдың алты айында 2550 іс немесе 40%). Есепті кезеңде жалпы қаралып аяқталған азаматтық істердің ішінде 808 немесе 9% іс қысқартылған. Аяқталған азаматтық істердің 15% немесе 1427 іс қараусыз қалдырылған.

Сот бұйрығы арқылы қаралған істердің саны 1235 немесе 13 %.

Қаралмаған істердің саны 2097 ( 2010 жылдың алты айында 2447 іс).

Азаматтық істердің басым бөлігі (5656 немесе 60%) Ақтөбе қалалық сотымен қаралған.
Бітімгершілік келісімдер арқылы дауларды аяқтау
Есеп беру кезеңінде азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында тараптар араларындағы дауларды бітімгершілік келісімдер жасау арқылы аяқтау дұрыс жолға қойылғаны анықталды.

Бұлай деуге тараптар араларындағы туындаған даулардың бітімгершілік келісімдермен аяқталу санының 282 іске немесе 3% артуы негіз болса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 224 немесе аяқталған істердің 2% құраған болатын. Тараптардың дауды өзара бітімгершілік келісімдермен аяқтау шаралары бүкіл соттарда қолданылған.

Істерді тараптардың өзара бітімгершілік келісімімен аяқтау Ақтөбе қалалық сотында (146), экономикалық сотында (37), Хромтау аудандық сотында (43) белсенді түрде қолданылатыны байқалады.

Алдағы уақытта да облыс соттарында тараптар араларындағы туындайтын даулардың өзара татуласу, келісімге келу арқылы істерді аяқтау қағидасы жоғары деңгейде қолға алынатын болады.
Азаматтық істердің қаралу мерзімі туралы
Статистикалық деректер бойынша есепті кезеңде азаматтық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған.

Дей тұрғанмен кейбір соттардың істерді қарау және істерді апелляциялық сатының құзырына жолдау барысында орынсыз қағазбастылыққа жол беретіні анықталды.

Атап айтқанда, 2011 жылдың 1 ақпанында апелляциялық сот алқасы Ақтөбе қаласы сотының судьясы А.А. Думоваға кондоминиум басқарушысы А.М.Те-нің жауапкерлер А.И.Иванова, Г.А.Айсинадан коммуналдық қарыздар өндіру туралы азаматтық ісін қарау барысында заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарды.

Аталған азаматтық іс қалалық соттың өндірісінде 2 жыл 2 ай болған және іс бойынша 4 сот актілері, яғни сырттай сот шешімі, істі қысқарту туралы ұйғарым, жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы ұйғарым және түпкілікті шешім қабылданған.

Сонымен іс материалдары апелляциялық сот алқасына сот шешімі қабылданғаннан кейін 5 айға жуық мерзімнен кейін жолданған.

Заңда көзделген мерзімнің сақталмау фактісі жергілікті соттардың кеңейтілген мәжілісінде қаралып, нәтижесі бойынша судья алдағы уақытта заңдылықты бұзбау туралы қатаң ескертіліп, даудың мән-жайлары ескеріліп, нәтижесінде талқылаумен шектелген.
Сот шешімдерінің апелляциялық тәртіппен

өзгертілуі және күшін жоюы туралы
Облыстық соттың апелляциялық алқасына апелляциялық, жеке шағымдар және наразылықтармен қаралу үшін 801 іс түскен, оның 663-і қараумен аяқталған (2010 жылдың алты айында 664), яғни бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде.

Апелляциялық тәртіпте іс қарау барысында 64 шағым және наразылықтар кері қайтарылып алынса, 22-і қараусыз кері қайтарылды.     Наразылықпен 3 іс түскен, оның ішінде 2 немесе 67% іс бойынша наразылық қанағаттандырылған. Заң талабы бойынша  апелляциялық немесе жеке шағым беру құқығы бар тұлғалардан барлығы 783 шағымдар түскен. Осы түскен шағымдар бойынша  651 іс қаралып, оның 72 немесе 11% іс бойынша шағым қанағаттандырылған.

Статистикалық деректерден апелляциялық сатыда қаралған азаматтық істер бойынша күші жойылған шешімдер өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге кемігені, өзгертілген шешімдердің саны 1,4 есеге кемігені көрінеді.  

Күші жойылған және өзгертілген шешімдердің жалпы саны 1,4 есеге азайған.

Яғни өзгертілген немесе күші жойылған шешімдердің санының жалпы азайып келе жатқандығы байқалады.

  Апелляциялық сатыда күші жойылған шешімдердің саны 23 немесе 0,4% (2010 жылдың алты айында 34 немесе 0,5 %), өзгертілген шешімдердің саны 37 немесе 0,6% (51 немесе 0,8 %), яғни бұл барлық қаралған істердің 1 % құрайды. 

Есепті кезеңде Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар №2, Темір, Ойыл, Шалқар аудандық соттары шешімдердің күші жойылуына және өзгертілуіне жол бермей, облыс бойынша азаматтық істерді қарау сапасының ең жоғарғы деңгейін көрсетті. Ал Ақтөбе қалалық соты қабылдаған 15 шешім бұзылып, 27 шешім өзгертілген (2010 жылдың 6 айы- 26 және 36) Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қабылдаған 4 шешімі бұзылып, 6 шешімі өзгертілген (2010 жылдың алты айы- 3 және 3)

Мұғалжар аудандық сотының 3 шешімі өзгертілген (2010 жылдың алты айы- 2 және 3)

Мартөк аудандық сотының 1 шешімі бұзылған ( 2010 жылдың алты айы- 2 шешім өзгертілген)   Алға аудандық сотының 1 шешімі бұзылған (2010 жылдың алты айы- 1 және 1)

Осы жайттарды сараптай келе, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы 0,3% артқанын, қайта қаралған шешімдердің саны 26 бірлікке азайғанын көруге болады.



Апелляциялық сот алқасының барлық қызметі азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыруға, сот әділдігін жүзеге асырудың азаматтар мен заңды тұлғаларға қол жетімді болуы, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделердің уақытында қалпына келтіруіне бағытталды.

Осы кезеңде төменгі сатыдағы соттарға тәжірибелік, оқу-дәрістемелік көмек беруге бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылды.

Жүзеге асырылған шаралар жұмыстағы қателіктердің алдын алуға, аудандық және қалалық соттардың сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл әрбір судьяның өз міндетіне жоғары жауапкершілікпен қарағаны, облыстық соттың тарапынан төменгі сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру сапаларын арттыруға бағытталған шаралардың берген нәтижесі деуге болады.

Күші жойылған 23 шешімнің 17-і бойынша жаңа шешім шығарылса, 4 іс қайта қарауға жолданып, 2 іс бойынша сот өңдірісі қысқартылған.

Судьяның сот шешіміне қол қоймау және сот мәжілісінің болатын уақыты, өткізілетін жері тиісті түрде хабарланбай, іске қатысушы тараптардың қатысуынсыз іс қарау салдары 4 сот шешімдерінің күші жойылғанына, істерді қайтадан қарауға жіберілуіне негіз болған.

Шешімдерінің күші жойылған істердің көбі еңбек даулары (2), шартты өзгерту (1), мемлекеттік органдардың шешімдерін даулау (6), соның ішінде сот орындаушыларының іс-әрекеттерін даулау (2), салык даулары (2), кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуға (2) байланысты болды.

Шешімдердің өзгертілуі, күші жойылуы Ақтөбе қалалық соты және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жиі орын алған.

Шешімдердің жиі күші жойылуына және өзгертілуіне мына судьялар жол берген: Думова А.А. (6), Батырханов Б.Е. (5), Сағынбазарова М.З.(4), Биманова Ж.Ж.(4), Алпысбаева Г.Ш. (5), Орынбаев М.А.(3), Жүсіпбекова Б.Б.(3), Сәрсенов Е.М. (3).

Апелляциялық тәжірибені сараптай келе, сот шешімдерінің өзгертілуі мен күші жойылуларының басты себептері ретінде материалдық және процессуалдық заң талаптарын бұзу, іс үшін маңыз бар мән-жайлардың дұрыс анықталмауы, сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайларына және заңға сай болмауы салдарынан туындайтындары анықталды.

Атап айтқанда апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен талапкер «Альянс Банк» АҚ-ның жауапкерлер «Уля» ЖШС, Ж.Х.Сагаловадан несие бойынша қарыздарын кепілдікке қойылған жылжымайтын мүлік арқылы өндіру және мүліктерді сатудың бастапқы бағасын белгілеу туралы Ақтөбе қалалық сотының 9 наурыз 2011 жылғы шешімі күші жойылып, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған

Сот шешімімен Ж.Х.Сағалованың кепілге қойған Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек аудан, 21/1 үй, 49 пәтері Банк алдындағы қарыздары бойынша өндіруге және бастапқы бағасы 11 841 045 тенге болып белгіленіп, сатуға шығарылған.

Сот шешімінің күші жойылуына судьяның материалдық заң нормаларын тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарға дұрыс қолданбауы негіз болды.

Іс материалдары бойынша 26 сәуір 2007 жылы Банк және «Уля» ЖШС арасында №269С/07 келісім шарт бойынша «Уля» ЖШС-не 383000 АҚШ доллары 26.04.2012 жылға дейін қайтару міндеттеліп несие берілген. Аталған несиені қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлға Сағалова Ж.Х. пәтерін Банкке кепілге қойған. Алайда сотта ЖСШ тарапынан Банк алдындағы несиені белгіленген мерзімде уақытылы төлеп тұру туралы міндеттемелері анықталған.

Талапкердің талабын қанағаттандыру барысында бірінші сатыдағы сот ҚР АК-нің 317-бабына сай, борышкер өзі жауап беретін кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені тиісінше орындамаған ретте кепіл берушінің кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепілге салынған мүліктен ақы өндіру құқығын негізге алған.

Алайда апелляциялық сот сатысы соттың бұл тұжырымы негізсіз және заң талабына сай келмейді деп есептеген.

ҚР АК-нің 321-бабында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу негіздері қаралған.

Яғни Банк тарапынан аталған заң талаптары сақталмаған. Атап айтқанда Банк алдымен аталған баптың 2-тармағына сай кепіл ұстаушы ретінде кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етпеген және ол талабы орындалмаған жағдайда сотқа жүгінуге тиіс екенін сот назарға алмаған.

Сонымен қатар сот үшінші тарап Ж.Х.Сағалова тараптар арасындағы несие дауы бойынша мүліктік жауап беруші екенін ескермеген, себебі ҚР АК-нің 228-бабының талаптарына сай, Банк алдымен несие бойынша қарыздарын өтеу туралы талабын негізгі борышкер «Уля» ЖШС-не жолдайды, ал егер ол қарыздар толық төленбеген жағдайда оның өтелмеген бөлігіне мүліктік жауапкер (Сағалова) субсидиарлық борышкер ретінде жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы заң талабы сақталмауы себепті сот шешімі күші жойылып, Банк талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа сот шешімі қабылданды.
Экономикалық даулар бойынша мәлімет
Аталған мерзімде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 1214 азаматтық істер қаралған, өткен жылдың (2010 жылдың 1 жартыжылдығында 1058 іс) аталған кезеңмен салыстырғанда істердің саны 14 % өскені көрінеді. Көрсетілгеннің ішінен шешім шығарумен 941 іс аяқталған, 2010 жылдың 1 жартыжылдығында бұл көрсеткіш 754 іс болған, яғни істердің саны 20% көбейген.

Сырттай іс жүргізу тәртібімен аталған мерзімде 145 іс қаралған, ал өткен жылы 158 іс болған, яғни 11% азайған.

Бітімгершілік келісіммен аяқталған істердің саны 2011 жылдың 1 жартыжылдығында 2010 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 8 іске көбейген (29-дан 37-ге дейін).

Ал, іс жүргізуді қысқартумен аяқталған істердің саны былтырғы жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 23 іске азайған (122-ден 99-ға дейін).

Экономикалық сотымен азаматтық істерді заң бойынша қарау мерзімдері бұзылмаған.

Ағымдағы жылдың есептеу кезеңінің аяғында соттың өндірісінде 193 істер, ал өткен жылы 206 іс қалдық болып қалған.

2011 жылдың 1 жартыжылдығында апелляциялық сот алқасымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдері бойынша 134 қаулы шығарылған немесе апелляциялық сот алқасымен барлық қаралған істер санының 25%, экономикалық сотымен аяқталған істердің санының 11% құрайды. 2010 жылдың аталған мерзімінде осы көрсеткіш 131 сот актісін құраған немесе апелляциялық сот алқасымен барлық қаралған істер санынан 15%, экономикалық сотымен аяқталған істердің санынан 10% құраған.

Сонымен бірге 4 шешім күші жойылған немесе экономикалық сотымен шешім шығарумен аяқталған істердің 0,4% құрайды (өткен мерзімде - 3 шешім немесе сотпен шығарылған шешімдердің 0,4% құраған).

Апелляциялық сот алқасымен 6 шешім өзгертілген немесе сотпен шығарылған шешімдердің 0,6% (өткен мерзімде - 3 шешім немесе шығарылған шешімдердің 0,4% құраған).

Барлық күші жойылған және өзгертілген шешімдер 9, яғни сотпен шығарылған шешімдердің 0,9% құрайды, ал, 2010 жылы аталған мерзімде 6 шешім күші жойылған және өзгертілген болатын нмесе сотпен шығарылған шешімдердің 0,8% құраған болатын.

Жергілікті соттарға тәжірибелік көмек беру және орын алған қателіктердің санын қысқарту мақсатында жасалған жұмыстар жөнінде

Ағымдағы жылда облыстық соттың Оқу Орталығы арқылы «Азаматтық құқық пен процесс» тақырыбы бойынша 12 семинарлық сабақ, 1 «Дөңгелек үстел», «Skype» жүйесі арқылы 4 дистанциялық сабақ өткізілді.

Осы кезеңде аудандық, қалалық соттарға тәжірибелік, оқу-дәрістемелік көмектер беруге бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылды.

Аталған кезеңде апелляциялық сот алқасы сот тәжірибелерінің 8 жинағын және 2 дәрістемелік оқулықтар дайындады.

Апелляциялық сот алқасының барлық қызметі азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыруға, сот төрелігін жүзеге асырудың азаматтар мен заңды тұлғаларға қол жетімді болуы, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделердің уақытында қалпына келтіруіне бағытталды.

Істерді қарау барысындағы орын алған кемшіліктер туралы және келешекте ол қателіктерді қайталамау мақсатында облыс соттарына 12 түсіндірме хат жолданды.

Заңды өрескел бұзу жағдайлары бойынша есеп беру мерзімінде 17 жеке ұйғарым шығарылды, оның 11-і судьяларға қатысты болды.

Судьяларға қойылатын талаптар күшейтіліп, тексеру нәтижелері, жинақтарды дайындау, жеке ұйғарымдар шығару мәселелері арнайы пленарлық отырыстарда талқыланды.

Ағымдағы кезеңде соттың орналасқан жеріне бару арқылы 7 тәжірибелік көмектер көрсетілді, атап айтқанда: Әйтеке би, Алға, Мұғалжар №2, Мәртөк, Хромтау, Ырғыз және Шалқар аудандық соттары.

Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттырумен қатар, жұмыс уақытын үнемді әрі тиімді пайдалану арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі жүзеге асырылды.

Судьялардың істерді уақытында қарауы облыстық сот судьялары мен сот мамандары тарапынан қадағалауға алынып, нәтижесінде соттарда ұзақ уақыт қаралып жатқан істердің саны күрт азайды. Соның нәтижесінде есепті кезеңде соттарда 6 айдан астам уақыт қаралып жатқан істер жоқ.

Соттардың сырттай сот өңдірісін қолдану мәселесі алқаның ерекше қадағалауында. Соттармен сырттай өңдіріспен 1845 іс немесе шешім шығарумен аяқталған істердің 35% қаралып, 72 немесе 4% тараптардың арыздары бойынша сырттай сот шешімдерінің күші жойылды.

Осы кезеңде істерді сырттай қарау тәжірибесі сарапталып, іске қатысушылардың құқықтарын кейбір жағдайларда бұзу аталған құқықтық институтты пайдалану барысында соттардың тарапынан жіберілетіні анықталды.

Аталмыш кемшіліктер облыстық соттың семинарлық сабақтары мен жедел жиналыстарында талқыланды.

Іске қатысушылардың процессуалдық құқықтарының сақталуы, қорғалуы мәселесі алқаның тұрақты қадағалауында.

Уақытында жүргізілген шаралардың нәтижесінде іске қатысушыларды уақытылы хабардар етпеу себебі бойынша күшін жойған сот шешімдерінің саны азайды. Атап айтқанда, есепті кезеңде аталған негіздер бойынша 3 сот актісінің күші жойылды.

Тараптарды уақытылы хабардар етпеу себебінен күші жойылған сот шешімдерді қабылдаған судьяларға қатысты жеке қаулылар шығарылды.

ҚР АІЖК-нің 366-бабы 1-тармағының 2) -тармақшасына сай сот iстi сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, iске қатысушы адамдардың бiреуi болмаған жағдайда қараса бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң күшi жойылуына негіз болып табылады.
Осы жағдайлар талапкер С.К.Тажмағамбетованың жауапкер З.А.Рзиевадан мүлік талап ету туралы 2011 жылғы 12 қаңтардағы сот шешімінің бұзылуына және оны қараған судьяға жеке ұйғарым шығаруына негіз болған.(судья Батырханов Б.Е.)

Жоғарыда көрсетілген жеке ұйғарымдар облыстық сот судьяларының аралық жалпы отырысында талқыланды, нәтижесінде талқылаумен шектелу жөнінде шешім қабылданып, судьяларға алдағы уақытта көрсетілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу қажеттелігі туралы қатаң ескертілді.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница