1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница4/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Әкімшілік істер бойынша
2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында Ақтөбе облысының соттарымен 5718 әкімшілік іс қаралған, 2010 жылы осы аралықта 5877 әкімшілік іс қаралған болатын, яғни ағымдағы жартыжылдықта 159 әкімшілік іс кем қаралған немесе 2,7 %.

Қалдықта 117 әкімшілік іс қалған, былтыр осы аралықта 114 әкімшілік іс қалған болатын.

Негізінен әкімшілік істердің басым бөлігі 3428 іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен қаралған, бұл облыс соттарымен қаралған істердің жартысынан көбін құрайды.

Осы есеп беру кезеңінде 28652400 тенге айыппұл салынған, соның ішінде мемлекеттің бюджетіне 16719612 тенгесі немесе 58,3 % өз еріктерімен төленген.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру және қылмыстық процестегi заңдылықтың кепiлдiктерiн күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қантардағы Заңымен әкімшілік істердің санатының көлемі көбейгеніне қарамастан 2011 жылдың 1-ші жарты жылдығында әкімшілік істер азайған.

Соттармен әкімшілік істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.

Осы есеп беру кезеңінде апелляциялық тәртіпте қаралуға 102 әкімшілік іс түскен, 2010 жылы осы аралықта 135 іс түскен, яғни шағымданған сот актілерінің саны 33 данаға кеміген.

Былтырғы есеп беру кезеңімен салыстырғанда биылғы жартыжылдықта апелляциялық тәртіппен қаралып аяқталған істер саны азайған, былтыр 122 іс болса, биыл 93 іс.

2011 жылдың есеп беру кезеңінде апелляциялық сатыда 79 сот қаулылары немесе 84,9 % заңды және негізді деп табылған (былтыр 108 қаулы немесе 88,5 %).

Сөйтіп, статистикалық мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде облыс соттарымен әкімшілік істердің қарау сапасы елеусіз нашарлағанын көрсетеді.

Апелляциялық тәртіппен облыстың қалалық/аудандық сотарының 6 қаулысының күші жойылған, бұл апелляциялық тәртіппен қаралған істердің 6,7 % құрайды, былтыр аталған уақытта 5 қаулы немесе 4,1%; өзгертілген қаулылар 8 немесе апелляциялық тәртіппен қаралған істердің 8,6 % құрайды, былтыр аталған уақытта 9 қаулы немесе 7,3 %.

Жалпы апелляциялық сатымен 14 қаулының күші жойылған және өзгертілген, бұл апелляциялық тәртіппен қаралған істердің 15 % құрайды, былтыр 14 қаулы немесе 11,5 %.

Сөйтіп, сандармен есептегенде күші жойылған сот қаулылары 1 қаулыға көбейген, өзгертілгендері 1 қаулыға азайған.

Ағымдағы жарты жылдықта Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2 сот актісінің күші жойылған, Шалқар, Байғанин, Мұғалжар және Мұғалжар №2-ші аудандық соттарының 1-бірден сот актілерінің күші жойылған. Мұғалжар аудандық сотының – 3 сот актісі өзгертілген, Алға аудандық сотының – 2, Хромтау, Айтекеби аудандық соттарының және Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 1-бірден сот актілері өзертілген. Соның ішінде Мұғалжар аудандық сотының бір судьясы ең көп өзгеріске жол берген.

Зерделеу, сот актілерінің күші жойылуы мен өзгерулері ӘҚБтК-нің 468 бабының 1 бөлігі, 467-3 бабы - көліктегі құқық бұзушылық істері бойынша, ӘҚБтК-нің 344 бабының 1 бөлігі – баспа және ақпарат саласы бойынша, ӘҚБтК-нің 79 бабы - жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша болғандығын көрсетеді.

Сот актілерінің күші жойылуы мен өзгерулері әкімшілік заңдарды дұрыс қолданбаудың, жаза құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы немесе заңды тұлғанын мүліктік жағдайы ескерілмей салынуының, сондай-ақ қаулыда келтірілген судьяның қорытындысы нақты болған жағдайға қайшы келуінің салдарынан болған.

Мысалы, Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 8 ақпан 2011 жылғы қаулысымен М.Беркалиев әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыруға бағытталған мәліметтері бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, яғни «Знамение Ар-Рахман в Авганистане» атты «Абдуллах Азан» авторының 18 парақты үндеухатты және файлдар көрсетілген «Нокия-6500» телефонын үйінде сақтағаны үшін ӘҚБтК-нің 344 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылққа тартылған.

ӘҚБтК-нің 344 бабының 1 бөлігінің объективті жағының белгілері, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдеріндегі мәліметтерді ұлттық, діни, тағы басқа араздықты қоздыруға бағыттау болып табылады.

Іс материалдарына қарағанда, сот өндірісіне дейін іс бойынша психолого-филологиялық сараптама тағайындалып, сараптама қорытындысына сәйкес аталған тексте діни араздық белгілері бары көрсетіліп, бірақ нақты араздықты қоздыру белгілерінің жоқтығы көрсетілген.

Сонымен қатар, істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде, уәкілетті органмен дәлелдемелік заттар ретінде танылған, құқық бұзушылық болып тағылған өнім, яғни 18 үндеухат «Бұқаралық ақпарат туралы» ҚР Заңының 1 бабының 6 тармағының түсіндірмесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдеріне жатпайтындығы анықталған. Бұл компьютерлік тәсілмен дайындалған, жәй стандартты қағаздағы текстісі бар көшірме. Ұялы телефонның мазмұны сарапшылармен зерттелмеген және тыйым салынған мәліметтері бар файлдарды сақтау, хаттама бойынша жауаптылыққа тартылған адамның айыбына тағылмаған.

Осы жоғарыда көрсетілген ӘҚБтК-нің 344 бабының 1 бөлігінің дәрежелеу белгілері болмағандықтан, Беркалиевтың әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Бірақ бұған қарамастан әкімшілік сот, Беркалиев әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп дұрыс емес қорытындыға келген.

Бұдан басқа, сот өндірісіне дейін тілге байланысты іс жүргізудің елеулі заң бұзушылығына жол берілгені анықталған.

Сондықтан апелляциялық сатысының 15 наурыз 2011 жылғы ұйғаруымен әкімшілік соттың қаулысының күші жойылып, Беркалиевке қатысты әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылған.

Сондай-ақ, тап сондай негіздер бойынша апелляциялық сатымен сол соттың 10 ақпан 2011 жылғы Е.Кушимовке қатысты қаулысының күші жойылған.

Облыстық соттың 18 қантар 2011 жылғы ұйғаруымен Байғанин аудандық сотының 15 желтоқсан 2010 жылғы ӘҚБтК-нің 163-4 бабының 1 бөлігімен жауаптылыққа тартылған Л.С.Токишеваға қатысты қаулысының күші жойылған.

Аталған іс бойынша ӘҚБтК-нің 163-4 бабының 1 бөлігімен, яғни 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу бойынша құқық бұзушыны заңсыз әкімшілік жауатылықтан босату орын алған.

Сотта анықталғандай, 12 желтоқсан 2010 жылы Токишева кәмелет жасқа толмаған М.Бимагамбетовке құны 150 теңге тұратын 1 бөтелке арақты сатқан.

Сот өз шешімінің негізіне, сатылған арақтың құнын залал ретінде алып, ол көрсетілген баптың санкциясында көзделген айыппұл көлемінен аспайтындығын көрсетіп, келтірілген залал елеусіз деп Токишевты ӘҚБтК-нің 68 бабы негізінде әкімшілік жауаптылықтан босатқан.

Алайда, сатылған бөтелке арақтың құнын залал ретінде тану, бұл жағдайда дұрыс емес. Аталған заңның нормасы бойынша, ол кәмелетке толмағанның денсаулығына және оның дұрыс дамуына қол сұғушылық болып табылады.

Сондықтан аталған құқық бұзушылыққа ӘҚБтК-нің 68 бабын қолдану дұрыс емес.

Осындай елеулі заңбұзушылыққа жол берілгендіктен, соттың қаулысының күші жойылып, жаңа қаулы қабылданып, құқықбұзушыға айыппұл салынып әкімшілік жауаптылыққа тартылған.


2.Кассациялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде

2.1 Қылмыстық істер бойынша

Талдаудың алдына қойған мақсаты, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстыра отырып, қаралған істердің көбейіп не азайғанын, яғни әр соттағы істердің қаралуының саны мен сапасын анықтап, облыс судьяларының жыл бойында атқарған жұмысының жетістік тұстары мен кемшіліктерін анықтау болатын.

Талдау қорытындысы, өткен жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстық істердің саны өскенмен, азаматтық істердің қаралу сапасының жақсарғанын, ал қылмыстық істердің қаралу сапасының республикалық көрсеткішке жақынғаны, яғни жақсарғаны көрінеді.

Кассациялық сот алқасының қарауына барлығы 16 адамға қатысты 11 қылмыстық іс түскен, оның ішінен 3 адамға қатысты 2 іс кейін қайтарылған. Сөйтіп, кассациялық сатыда барлығы 13 адамға қатысты 9 қылмыстық іс негізінен қаралған. Өткен жылдың осы кезеңінде облыстық соттың қадағалау алқасында қаралған қылмыстық істердің санымен салыстырмалы түрде алғанда биыл кассациялық сот алқасында қаралған қылмыстық істердің саны көбейген, өйткені былтыр осы кезеңде алқамен 6 адамға қатысты 6 іс қаралған болатын. Облыстың мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен қараған 11 адамға қатысты 7 қылмыстық іс кассациялық сатыда негізінен қаралып, 10 адамга қатысты 6 үкім және 1 адамға қатысты бірінші сатыдағы 1 қаулы өзгеріссіз қалдырылған, сөйтіп кассациялық шағымдар қанағаттандырылмаған. Кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша 1 адамға қатысты 1 іс бойынша үкім және 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот сатысының қаулысы өзгертілген. Кассациялық тәртіппен негізінен қаралған шағымдарды қараудың нәтижелері келесі мәліметтермен сипатталады. Санаттар бойынша алып қарағанда кассациялық тәртіпте қаралған істер: адам өлтіру (ҚК-нің 96 бабы) – 5 адамға қатысты, яғни 38%, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103 бап) – 1 адамға (8%), есірткі заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259 бап) – 4 адамға (31%), тонау (179 бап) – 1 адамға (8%), бұзақылық (257 бап) – 1 адамға (8%), тұрғын үйге сұғылмаушылықты бұзу (145 бап) – 1 адамға (8%) қатысты.

Істердің қаралу сапасы
2011 жылдың 1 жарты жылдығында кассациялық алқасымен 1 адамға қатысты 1 үкім өзгертілді. 2010 жылдың 1 жарты жылдығында 1 адамға қатысты 1 үкім күші жойылған болатын, сондықтан бірінші сатыдағы қылмыстық істерді қарау сапасының сәл жақсаруы байқалады.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 06 қаңтар 2011 жылғы үкімімен Нұрмағанбетов Нұрсултан Бекболатұлы ҚР ҚҚ-нің 103 бабының 1 бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сот үкімі бойынша, 25 қараша 2010 жылы сағат 22.30 шамасында, Ақтөбе қаласы «Ет комбинат» саяжай ұжымының аумағында А.Ж.Қартбаев, Қ.Тқмамбетов, А.Б.Уразбаев үшеуі қарсы бағытта жалғыз өзі келе жатқан Н.Б.Нұрмағанбетовты кездестірген. Темекі сұраған Қартбаевқа Нұрмағанбетов темекінің жоғын айтып үйіне қарай шамамен 60-70 метрдей ұзап кеткен кезде, аталған үш жігіттің артынан келе жатқандарын көрген. Осы аралықта Қартбаев Нұрмағанбетовтың артынан келіп, оны иық тұсынан жұлқып, содан кейін қолымен оң жақ шықшытына бір рет және денесінен екі рет ұрған. Сол кезде Нұрмағанбетов қолындағы сөмкесінен алған асхана пышағымен адамның өміріне қауіпті, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында Қартбаевтың оң жақ жауырыны, сол жақ жағы астына және сол жақ бүйрек тұсынан бір реттен қатты ұрып жәбірленушінің сол жақ бел аймағына бойлай еніп-тесіліп сол жақ бүйректі зақымдаған, сол жақ жағының астына және оң жақ жауырынына кесіліп-тесілген гемморрагиялық және травматикалық ауыр дәрежелі шокпен асқынған жарақаттарын салып, өміріне қауіпті, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Кассациялық шағымында қорғаушы А.Байшукуров, алдын ала тергеуде және сот отырысында сотталған Н.Нұрмағанбетовке жәбірленуші А.Қартбаевтың өзі әдейі барып тиіскені, қасында екі жолдасының болғаны, ал олардан Нұрмағанбетовтың қашып кетуіне ешқандай мүмкіндігі болмай, қорғанудан басқа амалы қалмай, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды деп, оның әрекетін ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігінен ҚР ҚК-нің 109 бабына қайта ауыстырып дәрежелеп оған ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде шартты түрде жаза тағайындауды сұраған. Алайда, 09 ақпан 2011 жылғы Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен жоғарыдағы қөрсетілген үкім өзгертіліп, Н.Б.Нұрмағанбетовтың қылмыстық әрекеті ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігінен ҚР ҚК-нің 109 бабына төмендегі негіздермен ауыстырып қайта дәрежеленіп, осы баппен ол 1 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот үкімінде, Н.Нұрмағанбетов өзіне жәбірленуші Н.Қартбаевтың себепсіз тиісіп ұрғандығына байланысты қолындағы пышақпен жәбірленушінің денесіне ұрып, оның өміріне қауіпті, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген деп танып, оның әрекетін ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен дәрежелеген. Алайда, іс материалындағы дәлелдемелер соттың бұл тұжырымына сәйкес келмейді. Нұрмағанбетов, сот мәжілісінде берген жауабында ол оқиға болған түні өзіне арақ ішкен мас күйінде Қ.Т.Ақмамбетов, А.Б.Уразбаев және Н.Ж.Қартбаев үшеуі кездесіп, соңғысы одан темекі сұрағанын. Темекі жоғын айтқанда оған Қартбаев «ұрып жіберейін бе?»,- деп тиіскен соң кетіп қалғанын. Бірақ, олардан 60-70 метрдей жерге ұзаған кезде, Қартбаев артынан қуып келіп оны ұрып-соғып жатқанда, қасындағы екі жолдасы да жүгіріп келе жатқанын көріп, үшеуі бірігіп жабылады деп ойлап, олардан қорыққанынан, қорғану мақсатымен сөмкесінен алған пышағын Қартбаевқа жасқап сілтегенін, пышақ оның нақты қай жеріне тигенін білмейтінін көрсеткен. Алдын ала тергеу барысында ең алғашқы түсініктемелерінен бастап Нұрмағанбетов тұрақты, дәл осындай жауаптар берген. Жәбірленуші Қартбаевпен, куәлар Ақмамбетов және Уразбаевпен болған беттестіру кезінде де Нұрмағанбетов жоғарыдағы жауаптарын толық қуаттаған. Нұрмағанбетовтың жауаптарында келтірген уәждері теріске шығарылмаған, керісінше оның келтірген уәждері объективті түрде басқа да іс материалдарымен толық қуатталады. Атап айтқанда, оқиғаның қалай басталып аяқталғанын көрген негізгі куә Ақмамбетов, алдын ала тергеу барысындағы жауаптарында қастарынан өтіп бара жатқан Нұрмағанбетовке Қартбаевтың темекі сұрап тиіскенін. Нұрмағанбетов темекісі жоғын айтып өз бағытымен олардан 60-70 метрдей ұзап кеткеннен кейін Қартбаев Уразбаев екеуіне Нұрмағанбетовты қуып жетуге ұсыныс етіп өзі жүгіре жөнелген соң, Уразбаев екеуі де оның соңынан жүгіргендерін. Қартбаев Нұрмағанбетовті қуып жетіп сөйлесіп тұрғанын көргенін, ал өзі Уразбаевпен сөйлесіп тұрып бір қараған кезінде Нұрмағанбетовтың оң қолындағы пышақты Қартбаевқа қарай сілтеп жатқанын, яғни сол кезде оған Нұрмағанбетов пышақпен Қартбаевты қорқытып, жасқап жатқандай көрінгенін. Қартбаев оларға арқа жағымен тұрғандықтан оған пышақтың нақты қалай салынғанын көрмегенін. Осыдан кейін Нұрмағанбетов саяжайға қарай қашып кеткенін бірнеше рет нақты көрсеткен. Алдын ала тергеуде негізгі куә Уразбаев та Ақмамбетовтың жауабына ұқсас жауап берген. Куалар Ақмамбетов пен Уразбаевтың әрқайсысы алдын ала тергеуде Нұрмағанбетовпен өткізілген беттестіру кезінде де жоғарыдағы жауаптарын қуаттаған. Сонымен, сотталған Нұрмағанбетовке жәбірленуші Қартбаевтың темекі сұрап тиіскені, содан соң өз бағытымен 60-70 метрдей қашықтыққа ұзап кеткен оны артынан қасындағы жолдастары Ақмамбетовпен Уразбаевты ертіп Қартбаевтың қуып жетіп себепсіз ұрып соққаны, аталған дәлелдемелер және іс материалдарымен толық қаутталады. 27 қыркүйек 2010 жылғы сот-дәрігерлік сараптамасы бойынша, сотталған Нұрмағанбетовтың оң жақ шықшыты аймағына қанталау түрінде дене жарақаты салынғаны, яғни оның денсаулығына жеңіл зиян келгені анықталған. Аталған жарақат қатты доғал заттың әсерінен болғаны, тексерілушінің айтқан мерзімі мен жағдайларда алынуы мүмкін екені көрсетілген, яғни сараптама қорытындысы да сотталған Нұрмағанбетовтың уәждерін толық бекітеді. Аталған дәлелдемелер және іс материалдары бойынша Қартбаевтың қарсы келе жатқан Нұрмағанбетов оны иығымен әдейі қағып өтіп, себепсіз төсінен ұрып жауырыны, мойыны және бүйрегі тұсынан пышақ салғаны туралы уәждері негізсіз. Керісінше, жоғарыда аталған, сот отырысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығы бойынша Нұрмағанбетовке жәбірленуші Қартбаевтың темекі сұрап тиіскені, содан соң өз бағытымен 60-70 метрдей қашықтыққа ұзап кеткен оны артынан қасындағы жолдастары Ақмамбетовпен Уразбаевты ертіп қуып жетіп, себепсіз ұрып-соққаны нақты қуатталады. Алайда, сот отырысында зерттелген дәлелдемелер негізінде бірінші сатыдағы сот өз үкімінде Нұрмағанбетов өзіне жәбірленуші Қартбаевтың себепсіз тиісіп ұрғандығына байланысты қолындағы пышақпен жәбірленушінің денесіне ұрып, оның өміріне қауіпті, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген деп анықтай тұра, оның әрекетін ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен қате дәрежелеген. Сонымен қатар сот, шабуыл жасаушы - жәбірленуші Қартбаевтың тарапынан болған қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың дәрежесі мен сипатын, қарқынын, сондай-ақ, шабуыл жасаушының қасында тағы да екі жолдасының, шабуыл түн мезгілінде, оңаша жерде болғанын, сотталғанның шабуылдан қорғану барысында жәбірленушіге зиян келтіруге мәжбүр болғанын ескермеген. Бұндай жағдайда, кассациялық алқа қорғаушының кассациялық шағымында келтірген уәждерін негізді деп танып, сотталғанның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігінен ҚР ҚК-нің 109 бабына ауыстырып қайта дәрежелеген (судья М.А.Сисенова).
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница