1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница5/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

Апелляциялық сот алқасының қаулыларының өзгертілу негіздері

2011 жылдың 1 жарты жылдығында қылмыстық істерді апелляциялық сот алқасында қарау сапасының сәл төмендеуі байқалады, өйткені кассациялық сот алқасында қаралған істер бойынша 1 адамға қатысты апелляциялық сот сатысының 1 қаулысы өзгертілді. Өткен жылдың осы кезеңінде облыстық соттың қадағалау алқасында апелляциялық сатының қаулылары бұзылмаған немесе өзгертілмеген.

13 желтоқсан 2010 жылғы Ақтөбе қалалық №2 сотының қаулысымен Шайгузов Е.Н. 2 жыл 6 айға жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған.

25 қаңтар 2011 жылғы Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сотының қаулысымен жоғарыда көрсетілген қаулы бұзылып, Шайгузовты жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы мекеменің әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сот сот мәжілісінде Шайгузовтың мерзімінен ерте шартты түрде босату туралы құжаттарын қараған кезде, жәбірленушілер А.Мамбетова және А.Алиевтар сот мәжілісіне қатыспағанын, олардың пікірлері сұралмағанын анықтаған.

Бұл жағдайда, апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың қаулысын бұзып, Шайгузовке қатысты құжаттарды ҚІЖК-нің 420 бабының 1 бөлімінің 1 тармағының негізінде жаңадан соттың қарауына жіберудің орнына, түзеу мекемесінің ұсынысын қанағаттандырудан бас тартып, сотталғанның жағдайын негізсіз ауырлатқан. Себебі, ҚІЖК-нің 454 бабының 3 бөліміне сәйкес сотталған адамды мерзімінен ерте шартты түрде босату жөніндегі жадығаттар бірінші сатыдағы соттың қарауына жатады. Бұл жөнінде, алқа, сотталғанның заңмен қорғалған мүдделері өрескел бұзылған деп, апелляциялық сот қаулысының күшін жойды (судья А.Т.Төлегенов).
Егер 2010 жылдың 6 айына арналған зерделеу бойынша, сол уақыт аралығында барлығы 31 кассациялық шағым қайтарылған болса, ал, зерделеу жасалып қамтылып отырылған 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 4 кассациялық шағым қайтарылған.

Бұл көрсеткіштердің өзі, сотқа түскен шағымның 8 есе азайғанының дәлелі.

2010 жылдың басындағы шағымдардың көп болуын, кассациялық сот алқасында қандай істердің және қандай негіздер бойынша қаралатынын, яғни азаматтық істер жүргізу Заңына енгізілген өзгерістерді жақтардың, не олардың өкілдерінің толық түсініп білмеуінен болғаны және жаңа заңның күшіне еніп жұмыс жасай бастағанымен түсіндіріледі.

Бүгінгі таңда баспасөз бетіндегі облыс судьяларының жаңа заңдағы өзгерістерді түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде негізсіз кассациялық шағымның сотқа түсуі азайды деуге болады.

Кәзіргі қалыптасқан тәжірибе, кассациялық сот алқасының бұл бағыттағы жұмысының біркелкі бағытқа түскенін көрсетеді, өйткені екінші жарты жылдықта қайтарылған 4 шағым заңда көрсетілген негіздер бойынша қайтарылған.

Кассациялық сот алқасы судьялары тарапынан кассациялық шағымдардың заңсыз қайтарылу фактілері орын алған жоқ.

2011 жылдың 1 жарты жылдығында кассациялық сот алқасының қарауының қорытындысымен ұсыныс хаттар немесе жеке қаулылар шығарылмаған. Ал, 2010 жылдың 6 айында кассациялық алқасымен 1 жеке қаулы шығарылған болатын.
2.2 Азаматтық істер бойынша

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында кассациялық сот алқасының қарауына 372 кассациялық шағым түскен, ал өткен 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында 246 кассациялық шағым түскен, яғни өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда биылғы жылы 126 шағымға немесе 32 пайызға өскен.

Шағым иесінің арызымен және шағымның талапқа сай болмауына байланысты өткен жылы 13 шағым қайтарылса, биылғы жылы түскен шағымның саны анағұрлым өссе де қайтарылған шағым саны 15, өткен жылғымен қарайлас.

Осы уақыт ішінде биыл 305 іс қаралса, өткен жылы қаралғаны 197 іс немесе өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 108 іс көп қаралған.

Мемлекеттік тілде өткен жылы 16 іс қаралған болса, немесе барлық қаралған істің 8 пайызын құраса, биылғы жылдың осы уақытында 27 іс мемлекеттік тілде қаралған, немесе барлық қаралған істің 9 пайызын құрайды.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 291 іс бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған, 9 іс бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысының күші жойылса, өткен жылдың осы уақытында 4 апелляциялық қаулының күші жойылған, 5 іс бойынша қаулылары өзгертілген, өткен жылы 5 қаулы өзгеріске ұшыраған.

9 іс бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысының күші жойылған, немесе барлық кассациялық сот алқасында қаралған (305) істің 2,9 пайызы, апелляциялық сот алқасымен қаралған (659) істің 1,4 пайызы, бірінші сот сатыдағы сотпен шешім шығарылып аяқталған (5533) істің 0,2 пайызы.

2 іс қайта қарауға апелляциялық сот алқасына жолданса, 2 іс бойынша кассациялық сот алқасымен жаңадан шешім алынған, талапкердің талабынан бас тартуына байланысты 3 іс бойынша іс жүргізу қысқартылған, 2 іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі қалпына келтірілген.

Апелляциялық сот алқасының 5 қаулысы өзгертілген, яғни, барлық кассациялық сот алқасында қаралған істің 2,3 пайызын, апелляциялық сот алқасымен қаралған істің 0,7 пайызын, бірінші сатыдағы шешім шығарылған істің 0,09 пайызы.

4 іс бойынша жаңа шешім шығарылып өзгеріске ұшыраса, 1 іс бойынша ішінара өзгертілген.

Сонымен, барлығы 14 апелляциялық сот алқасының қаулысының күші жойылып және өзгертілген, бұл кассациялық сот алқасында қаралған істің 4,6 пайызын, апелляциялық сот алқасында қаралған істің 2,1 пайызын, шешім шығарылып бірінші сатыда қаралған істің 0,2 пайызын құрайды.
Апелляциялық сот қаулыларының күшін жоюы
Н.Б.Имашевтың «Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансері» ММ-нің дәрігерінің әрекетіне шағымданып, дәрігерлік куәландырудың қорытындысының күшін жоюды сұраған арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша, арызданушының талабын қанағаттандырудан бас тартқан Ақтөбе қалалық сотының 01 ақпан 2011 жылғы шешімі, апелляциялық сот алқасының 05 мамыр 2011 жылғы қаулысымен күші жойылып, арызданушының талабын қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім қабылданған.

Кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтіру жөнінде шешім алды.

Алқаның тұжырымы бойынша, апелляциялық сот алқасының тарапынан АЗІЖ Кодексінің 345,347 баптарының талаптары бұзылған. Апелляциялық сот алқасы соттың шешіміне іс бойынша жинақталған және жаңадан алынған іс құжаттарды толығынан зерттеп, тексеріп баға бермей, сотпен анықталған мән жайлардың дұрыс анықталғанына, материалық және іс жүргізу құқтарының бұзылмағандығына назар аудармай асығыс шешім жасаған. Апелляциялық сот алқасының негізге алған сот сараптамасының өзінде де сарапшылардың бір-біріне қарама қайшы тұжырымдар жасағанын, яғни сараптама қорытындысын келісілген біркелі тұжырым деуге келмейтінін, яғни дәлелдеме ретінде алуға жеткіліксіз екені ескерілмеген. (А.А.Думова – А.И.Балдыкова – Б.Қ.Сабыров)

Талапкер «Ақтөбе қаласы салық басқармасы» ММ-нің жауапкер А.Х.Шоқпаровадан бір жылдан аз уақыт меншік құқында болып, сатылған үйі үшін құн өсімін төлеу жөніндегі талабын қанағаттандырудан бас тартқан Ақтөбе қалалық сотының 02 наурыз 2011 жылғы шешімі, апелляциялық сот алқасының 27 сәуір 2011 жылғы қаулысымен күші жойылған.

Кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтірді.

Салық кодексінің 166 бабының 1 бөлімінің а) тармағына сай, салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына: Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiк жатады.

Осы баптың 2 бөлімінде, мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармаєының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.
      Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

Іс құжаттарынан бірінші сатыдағы соттың шешімінің негізді екені анықталады, өйткені А.Х.Шоқпаровамен үйді сатудан пайда көрмегені қуатталған.( Ж.Ж.Биманова – М.Г.Үрістембаева – Е.Ж.Айтжанов)

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Ақтөбе облыстық салық департаменті» ММ-нің салық және салық өсімін есептеген хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған арызын қанағаттандырған Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 03 наурыз 2011 жылғы шешімі апелляциялық сот алқасының 11 сәуір 2011 жылғы қаулысымен өзгеріссіз күшінде қалдырылған.

Кассациялық сот алқасы аталған сот қаулыларының күшін жоя отырып, арызды қанағаттандырмау жөнінде жаңа шешім қабылдады.

Соттардың іс құжаттарындағы 26 қыркүйек 1997 жылғы №76 санды пайдалы қазбаны пайдалану Контрактісінің негізінде келісілген ортақ өткізу бағасына тасымал үшін кеткен барлық шығындарды, оның ішіне кедендік бажда кіреді деген тұжырымдары негізсіз.

Контракты бойынша да кедендік баж тасымал шығындарына жатпаған.

Сондықтан Қазақстан республикасындағы «Кеден ісі туралы» Заңының 109 бабына сай, кедендік баж заңды тұлғаның мемлекет алдындағы міндетті төлемі болып табылады және ол контракт бойынша кедендік баждан босатылуға келісілген деуге жатпайды.

Салық Кодексі бойынша да, Контракт бойынша да кедендік баждан акционерлік қоғам босатылуға тиіс емес.

Мұндай жағдайда, кедендік баж тасымал шығындарына негізсіз жатқызылған деген прокурордың наразылығы мен салық департаментінің кассациялық шағымының уәждерін орынды делінеді. (Б.Б.Жүсіпбекова- Е.К.Канапиев – Ш.С.Иманиязова)
Қаулылардың өзгертілуі
А.А.Жұмағалиеваның «Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бастығының бұйрықтарының күшін жойып, аталған мекеменің бас маманы қызметіне қайта орналастыруды сұраған талап арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша облыстық соттың апелляциялық сот алқасының 09 ақпан 2011 жылғы қаулысымен талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан Ақтөбе қалалық сотының 22 желтоқсан 2010 жылғы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

АІЖК-нің 364 бабының 1бөлімінің 3 тармағының талабына сай, бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнде баяндалған қорытындылардың iстiң мән-жайына сәйкес келмеуi, сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болады.

Бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық сот алқасының А.А.Жұмағалиеваның жұмыс орнында бірнеше күн болмағандықтан Еңбек кодексінің 54 бабының 1 бөлімінің 6 тармақшасына сай жұмыстан шығарылуын заңды деген шешімдерін кассациялық сот алқасы негізсіз деп танып, талапкердің талабын қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім қабылдады, өйткені соттардың тұжырымдары сотта анықталған мән жәйға сәйкес келмейді. Сотта А.А.Жұмағалиеваның еңбек демалысының пайдаланбаған күндерін пайдалану үшін, мекеме бастығы Н.Ш.Наурызбаевтан рұқсат сұрап, соңғының орныңа адам тап деген талабына сай, өз орнына маман С.Т.Тұрлыбаеваны дайындап,сол екеуі бастықтың қабылдауында болып, сүйтіп А.А.Жұмағалиеваның еңбек демалысына кетуі мекеменің бастығының келісімімен болғандығы анықталады. (Ж.С.Төленов – Ж.М.Ли - Б.Қ.Сабыров)

Г.К.Унайбаеваның С.Құрманов пен Қ.Төлешовтен материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіруді сұраған азаматтық іс бойынша Темір аудандық сотының 22 желтоқсан 2010 жылғы шешімімен талапкердің талабы ішінара қанағаттандырылған.

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 10 ақпан 2011 жылғы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Заңды күшіне енген сот үкімінде, талапкердің талабын қанағаттандыру құқығы танылып, оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына қалдырылған.

Сот үкімі бойынша, А.Абдировтың өлімі сотталған Р.Тулегеновтың қылмыстық іс әрекетінен болғаны анықталып, соңғысы кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Олай болса, А.Абдировтың өліміне тек қана Р.Тулегеновтың іс әрекетінде тікелей байланыс бар екендігі көзделеді.

Ал сотталған А.Карим және Д.Құрмановтың әрекеттері жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырмаған, сол себепті олардан материалдық залал орнын толтыру жөніндегі сот шешімі заңға сәйкес келмейді.

Сондықтан жауапкерлерден, яғни кәмелетке толмаған А.Карим және Д.Құрмановтың ата-анасынан, талапкердің пайдасына материалдық залал өндіру туралы сот шешімін күшін жойып, талапкердің талап арызы осы бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

Моральдық зиянды өндіру жөніндегі жауапкершілік сотталғандардың әр қайсысының жасаған қылмыстарына қарай болуға тиіс.

ҚР АК-нің 932 бабына сәйкес бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді.

Алқа талапкердің пайдасына жауапкерлерден ортақ 200 000 теңге моральдық зиян ретінде өндірген жөн деп есептеді.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінің, апелляциялық соттың қаулысының материалдық зиянды өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, материалдық зиян өндіруді сұраған талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. (Ә.Н.Тәжікенова – С.Қ.Елтүзер – Ш.С.Иманиязова)

«Альянс Банк» АҚ-ның «Уля» ЖШС-нен, М.Мұхамбеталинадан берешек ақшаны өндіріп және кепілге қойылған мүлікке бастапқы бағасын белгілеп беруді сұраған талап арызы бойынша талапкердің талабын қанаттандырған Ақтөбе қалалық сотының 21 ақпан 2011 жылғы шешімі апелляциялық сот алқасының 18 ақпан 2011 жылғы қаулысымен күшінде қалдырылған.

Кассациялық сот алқасының 25 мамыр 2011 жылғы қаулысымен сот шешімдерінің кепілге алынған мүлікті мерзімінен бұрын өндіріп алуға, АІЖК-нің 321-бабының 1 бөлімінде көрсетілген негіздердің, яғни кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге
салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуға мүмкіндік беретін негіздердің жоқтығы атап көрсетілген. (Ж.Ж.Биманова - А.И.Балдыкова – З.А.Үргенішбаева)

А.А.Абашеваның «Каспий Банк» АҚ-нан моралдық залалдың өтем ақысын өндіруді сұраған талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша талапкердің талабын қанағатандырған Ақтөбе қалалық сотының 25 наурыз 2011 жылғы шешімі апелляциялық сот алқасының 06 мамыр 2011 жылғы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.

Соттардың бұл шешімдерімен келіспеген кассациялық сот алқасы өзінің 08 маусым 2011 жылғы қаулысымен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің және апелляциялық сот алқасының қаулысының күшін жойып, талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім қабылдап өзгертті. Алқа пікірі бойынша, жауапкер - «Каспий Банк» АҚ-ы тарапынан талапкерге моралдық залал келтіретіндей кінәлі әрекеттер жасалмаған. (А.А.Думова – Г.С.Әлімбаева – Е.Ж.Айтжанов)

Кассациялық сот алқасының қарауының қорытындысымен әр түрлі сот сатысына барлығы 4 ұсыныс хаттар жолданған, өткен жылы да 4 ұсыныс хат жолданған болатын.

Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы «Ақтөбе –Темир-ВС» еншілес кәсіпорынның Қарғалы ауданы бойынша салық басқармасының тексеру актісін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған азаматтық ісі бойынша бірінші саты, апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларының күшін жойып іс қайта қарауға бірінші сатыдағы сотқа жолдаған ( Е.М.Сарсенов – Е.К.Канапиев – Т.А.Кожина).

«Жаңа-Алжан ұн комбинаты» ЖШС-нің Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған азаматтық ісі бойынша бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық сот алқаларының қаулыларының күшін жойып, хабарламаны заңсыз деп танып жаңа шешім шығарылған (Е.М.Сарсенов – А.И.Балдыков – З.А.Үргенішбаева).

«БТА Банк» АҚ-ның «АрМик», «Лад», «Казар» сауда үйі ЖШС-нен, А.М.Микаэлянуден берешек ақшаны және кепілге қойылған мүлікті өндіруді сұраған талап арызы бойынша талапкердің талабын қанаттандырған Ақтөбе қалалық сотының 6 мамыр 2010 жылғы шешімінің, шешімді күшінде қалдырған, апелляциялық сот алқасының 09 маусым 2010 жылғы және кассациялық сот алқасының 04 тамыз 2010 жылғы қаулыларының толық көлемде күші жойылып, іс басқа құрамда қайта қарауға бірінші сатыдағы сотқа жолданған.

Өйткені, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге қойылған мүлiктен ақы өндiрiп алуға мүмкіндік беретін негіздердің бар жоқтығы т.б. іс бойынша маңызы бар мән жайлардың

толық тексерілмегені көрсетілген (Б.Е.Батырханов-Р.Қ.Айтөкенова-Ш.С.Иманиязова).
3. Тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысы жөнінде
Облыстық сот судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының судьяларды тәртіптік жазаға тарту барысында тиісті дәлелдемелердің толық көлемде жинақталуы және оларға баға беруі талап деңгейінде болуына жауапкершіліктері күшейтілді.

2011 жылдың 1-жартыжылдығында облыстық соттың тәртіптік-біліктілік алқасының қарауына 3 судьяға қатысты тәртіптік іс қозғау туралы 4 ұсыным түсті. Оның 3-і облыстық сот төрағасы атынан (қалалық №2 сотының судьясы Б.С.Мұшатоваға, қалалық сот судьялары М.З.Сағынбазароваға, А.А.Думоваға қатысты), ал біреуі Ақтөбе қалалық сотының төрағасы атынан (судья А.А.Думоваға қатысты). 2010 жылдың осы кезеңінде тәртіптік-біліктілік алқасына 8 судьяға қатысты 9 ұсыным түскен болатын.

Түскен ұсыныстардың ішінде үстіміздегі жылда 2 судьяға қатысты 2 жүгіну қаралды (2010 жылы 6 судьяға қатысты 7 жүгіну).

Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы Б.С.Мұшатоваға қатысты 1 тәртіптік өндіріс қозғалды. Оған, судья Б.С.Мұшатованың «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 39 бабының 1,2 тармақтары негізінде судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны негіз болып табылды.

Тәртіптік өндірісті қозғау қаулысында алқамен тәртіптік істі қозғаудың негізі көрсетілді, іс материалдарына судьяны жеке мінездейтін мәліметтер, сот төрелігін атқару сапасы мен жұмыс көрсеткіші, түсініктемесі және судьяның тәртіптік өндіріспен танысқандығы туралы мәліметтер тіркелді.

Адвокат Б.А.Телибекованың судьяның өндірісіндегі азаматша Г.М.Садықоваға қатысты жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарау кезінде судьяның іс жүргізуден тыс қарым–қатынаста болғандығы жөніндегі шағымы бойынша тексеріс жүргізілді.

Алайда, облыстық сот төрағасының ұсынысты кері қайтару туралы өтініші бойынша судья Б.С.Мұшатоваға қатысты тәртіптік іс өндірістен қысқартылды.

Ақтөбе қалалық сотының төрағасы С.К.Төлегеновтың судья А.А.Думованың азаматтық істі қарау барысында іс қарау мерзімін негізсіз созғаны үшін тәртіптік өндірісті қозғау туралы ұсынысын қарап, ондағы материалдарымен танысып, ұсыныстағы уәждерді, судья А.А.Думованың түсініктемесін талқылап, тәртіптік – біліктілік алқасы судья А.А.Думованы тәртіптік жазаға тартуға негіз жоқ деген қорытындыға келіп, тәртіптік–біліктілік алқасының қаулысымен тәртіптік өндірісті қозғаудан бас тартты.

Осы шешімдерді шығару кезінде алқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 39 бабының талабын басшылыққа алды.

Тәртіптік–біліктілік алқасының қаралуына дейін 2 ұсыныс кері қайтарылған:

Олар, облыстық сот төрағасының судья М.З.Сағынбазарованың азаматтық істі қарау кезінде іс-жүргізу заңын бұзғаны үшін шығарылғын апелляциялық сот алқасының жеке ұйғарымы және істердің қаралу мерзімін бұзғаны бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы нәтижесінде келтірген ұсынысы.

-облыстық сот төрағасы міндетін атқарушының судья А.А.Думованың азаматтық істі қарау кезінде іс-жүргізу заңын бұзғаны үшін шығырылған апелляциялық сот алқасының жеке ұйғарымы және азамат Е.Досжановқа қатысты азаматтық іс бойынша сот шешімінің көшірмесін уақытында бермегені жөнінде қызметтік тексерістің қорытындысы негізінде келтірген ұсынысы.

Аталған ұсыныстар облыстық соттың жалпы отырысында талқыланып, Ақтөбе қалалық сотының судьялары М.З.Сағынбазарова мен А.А.Думова алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермеу туралы қатаң ескертулер беріліп, талқылаумен шектелінді.

Барлық тәртіптік өндіріс материалдары тәртіптік-біліктілік алқасында заң бұзушылықтарға жол берген судьялардың қатысуларымен қаралды. Судьялардың алқа отырысына қатыспай жалтару фактілері орын алған жоқ.

Сонымен қатар, тәртіптік-біліктілік алқа отырысына ұсыныстар келтірген облыстық және Ақтөбе қалалық соттарының төрағалары қатысты.

Келтірілген мәліметтер сот төрелігін атқару сапасын жақсарту мен іс-жүргізушілік заңнамаларды және судья әдебі кодексінің талаптарын сақтауға жауапкершілігін арттыру болып табылады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница