1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша




Название1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
страница6/8
Дата конвертации08.11.2012
Размер0.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

4.Судьялар әдебі комиссиясының жұмысы жөнінде
2011 жылдың алты айында судьялар одағының Ақтөбе облыстық филиалының сот әдебі жөніндегі комиссиясына 6 арыз, өтініш келіп түскен, яғни өткен жылдың 2 арыз қалдығын қосқанда 8 арызды құрайды.

Осы көрсеткіштер арыздардың түсуі 5 данаға азайғанын көрсетеді, өткен жылы түскен судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдар мен өтініштер саны 13 құраған болатын.

Сот әдебі нормаларын бұзғаны туралы 1 өтініштің қорытындысы бойынша шағымданушылардың уәждері расталған, бұл барлық түскен шағымдар мен өтініштердің 12,5 % құрайды.

Өткен жылы да уәждері расталған 2 өтініш түскен болатын, бұл 15,4 %.

Есеп беру мезгілінде 7 шағым азаматтық іс бойынша жақтар мен олардың өкілдерінен, аудандық соты төрағасынан 1 ұсыныс түскен.

Мысалы, жауапкер Кантарованың азаматтық ісі бойынша өкілі аз. Г.П.Петухованың шағымын тексеру барысында, апелляциялық сот алқасының судьясы Б.Алматованың әдепсіздік әрекеті ішінара өз дәлелін тапқан, ол 1 тоқсанның корытындысы бойынша хабарламада көрсетілген. Бұзушылық сипатын, істің мәнін, судьяның мінез-құлқын ескере отырып, Сот әдебі жөніндегі комиссиясы осы комиссия туралы Ереженің 4.9 тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматованың кодекстің талаптарын бұзушылық фактісін мойындағанын ескеріп, талқылаумен шектеліп, қаулы шығарған.

Қалған 6 шағым бойынша, комиссия мушелерімен, іс материалдары сұратылып, судьялардың, сот мәжілісінің хатшыларынан және іс бойынша қатысушылардан түсініктемелер алынып, тексеру жұргізілген. Шағымдарда көрсетілген мән-жайлар бойынша мұқият тексеру өткізіліп, арыздың шындыққа жатпайтыны және Сот әдебі жөніндегі комиссиясының отырысына ұсынуға негіздер жоқтығы анықталған.

Мысалы, талапкер Мостовойдың, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Б.Батырхановтың іс-әрекетіне шағымында, өзі жауапкер Агатаева, жеке нотариус Балпеисова мен үшінші түлға Мостовойға шартты жарамсыз деп тану туралы, Ағатаева Мостовойға адал иеленуші деп тану туралы қарсы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралу кезіндегі іс жүргізуден тыс қатынастар бойынша судьялар мен сот хатшыларынан, сотқа қатысушы тұлғалардан түсініктемелер алынып тексеріс жүргізілген.

Арызданушы өз арызында субъективтік қатынасты көрсеткен, іс бойынша төрағалық етушінің сыпайылықтан тыс ескертулер, қарсы жақпен іс жүргізуден тыс қатынастар бойынша дәлелдейтін айғақтар арыз берушімен тексеру барысында берілмеген.

Ал іске қосымша ретінде тіркелген фотосүреттер, арыз берушінің ісіне қатысы жоқ екендігінің және өз өкілімен сот төрағасының қабылдауына Атырау қаласынан келген азаматшаның өтінішін шешу кезінде судья Б.Батырхановқа шығарылған сот ұйғарымына, сот төрағасының қабылдауында берген түсніктемені қосымша беру тапсырылғаны, тексеру барысында анықталған.

Сондықтан, судьямен жоғарыда көрсетілген азаматтық ісі бойынша іс жүргізуден тыс қатынастар орын алмағаны анықталған.

Іс бойынша Мостовойдың мүддесін қорғайтын Г.Петухова екені анықталған, ол заң қызмет көрсету жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Барлық шағымдардың ішінде Г.Петухова мен оның сенім берушілерден, жоғарыда көрсеткен облыстық соттың судьясына және Ақтөбе қалалық сотының судьяларының іс әрекеттеріне 5 шағым түскені байқалды.

Судьялардың іс әрекеттеріне көрсетілген шағымдар, осы тұлғамен азаматтық істер қаралу кезінде берілген.

Тексеру жүргізген комиссия мүшелерінің пікірлері бойынша, осы шағымдардың ең басты мақсаты көрсетілген өкілдің сенім берушілердің мүддесі үшін қаралып жатқан істердің нәтижесіне ықпал жасау екені анықталған.

Хромтау аудандық сотының төрағасы Н.Сұлтановтың осы соттың судьясының іс әрекетіне ұсыныстан бас тартуына байланысты, кері қайтарылғандығы жөнінде 1 тоқсанның қорытындысында көрсетілген болатын.

Барлық түскен шағымдар уақытында қаралып, қаралу қорытындылары бойынша шағым иелеріне жазбаша жауап жолданды.

5. Оқу-ақпараттық орталық жұмысы туралы

Соттар білімін көтеру мақсаты Қазақстан Республикасында 2009 – 2011 жылдары соттар біліктіліктерін арттыру Стратегиясында көрсетілгендей, сот жүйесі біліктіліктерін жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру, сот корпусы кадрларын даярлау және қайта даярлау мақсатында жетілдіру нысаны мен жұмыс әдістерін жақсарту бағыттарындағы басым міндеттерін жаңарту болып табылады.

Мұндай мақсатқа жету үшін қазіргі таңда Ақтөбе облыстық сотының Оқу орталығында барлық жағдайлар жасалған.

Облыстық соттың оқу орталығымен, облыстық және қалалық соттар судьялары, прокуратура, салық, ішкі істер органдарының өкілдері, жергілікті әкімдік және адвокатура өкілдерімен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық секциялары бойынша 19 семинар сабақтары мен 6 дөнгелек үстелдер өткізілген. Талкылау тақырыптарын тудырған мәселелер болып салық жөнідегі дауларды қарау, сот актілерін орындау, қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған өзгерістермен танысу, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері және т.б. табылады.

Сот біліктілігін арттыру Стратегиясында көрсетілгендей, сот жүйесі біліктіліктерін жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру, сот корпусы кадрларын даярлау және қайта даярлау мақсатында «Skype» бағдарламасы арқылы аудандық судьяларды қашықтықта оқыту енгізілген. 2011 жылдың 1 жартыжылдығында аудандық соттар судьяларымен азаматттық, әкімшілік және қылмыстық құқық секциялары бойынша, дәріс материалдары пайдаланып интерактивтік оқыту әдісімен 12 дистанциялық сабақтар өткізілген. Осы оқу нысанына аудандық соттар судьялары оң баға беріп отыр.

Мұндай мақсатқа жету үшін қазіргі таңда Ақтөбе облыстық сотының Оқу орталығында барлық жағдайлар жасалған.

Облыстық сот төрағасының өкімімен қалалық, аудандық соттардың судьялары арасынан жергілікті соттардың оқу бағдарламаларының жетекшілер бекітілген. Сонымен қатар, аудандық соттар аумақтық принцип бойынша оқу топтарына бірлестірілген. Талдау жасалған мерзімде аудандық соттардың оқу топтарымен «Шарттарды жарамсыз деп тану істерін қарау, айғақ және айғақ беру» тақырыптарында 4 аумақтық семинарлар өткізілді.

Өз бетімен білім алу, судьялардың кәсіптік деңгейін көтерудің ең басты нысаны. Облыс судьялары өзгертілген және күші жойылған сот актілері бойынша мамандығын, заннаманы тереңдеп игеру, басқа санаттағы істер бойынша сот тәжірибесін зерттеуіне байланысты оқу жаспарлары құрастырылған. Осыған орай, судьяларға құқықтық тақырыпты бекітуімен бірге мамандығы бойынша тандаған тақырыпты терең зерттеу, жинақтаушы папкісін қалыптастыруы, өз бетімен білім алу нәтижелілік жетістікке әкелу және осы кәсіптік денгейін көтеру нысанын іске асыру кезінде формальдық тәсілден арылу қажеттігі міндеттелген.

Судьялық білім алу үзілмейтін әр-түрлі әдістегі процесс болып табылады, ол дистанциялық оқу әдісі арқылы оз бетімен білім алу, сонымен бірге талдау жұмысын жүргізу оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьяларды талдау жұмысына тарту тәжірибесін республика бойынша тарату қажет деп есептейміз, себебі олардың өздерінде қалыптасқан өмірлік және кәсіби тәжірибелерін қазіргі жас судьяларға беруі жұмыс сапасын арттыруға, судьялардың әрекетіне арыз-шағымдардың түспеуіне алып келетіні даусыз.

Отставкадағы судьяларды соттардағы оқу орталығының жұмыстарына тарту оң нәтиже береді деп санаймыз.

Тәлімгерлік Институтты енгізудің мақсаты, жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсету. Облыстық сот төрағасының 10.01.2011 жылғы №3 өкіміне сәйкес, жұмыс бабында жақсы көрсеткіштерге жеткен, ұжымда беделді облыстық соттың судьялары, тәжірибесі мол қалалық, аудандық сот судьяралынан арасынан Тәлімгерлік Кеңес құрылды. Бұдан басқа, облыстық сот төрағасының 19.01.2011 жылғы №8 өкіміне сәйкес, әр жас судьяға, тәлімгерлер бекітілді. Яғни, тәлімгерлердің және жас судьялардың тілектері бойынша, олардың арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіріп, тәлімгерлік институтының жұмысынан тиімді нәтижеге қол жеткізу қажет.

6. Кадр резервін қалыптастыру жұмысы туралы

Ақтөбе облыстық сотының кадрлар резерві жөніндегі комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2010 жылдың 15 маусымдағы №147 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен алқа төрағалары, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадр резерві туралы» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Кадрлар резервін қалыптастыру бойынша жұмысты сараптай келе басшылық лауазымға үміткерлерді таңдау барысында комиссия біріншіден судьяның кәсіптік, теориялық дайындығына, ұйымдастырушылық қабілетіне, жұмыс көрсеткіштеріне, судьяның әдеп талаптарын ұстана білуі сияқты жайттарға баса назар аударады. Сонымен қатар, кадр резервіне енгізу туралы мәселесін қарау барысында судьяның сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, іс әрекетіне түскен шағымдар, судьяға қатысты шығарылған жеке қаулылар және т.б. да мәліметтер басшылыққа алынады.

Қазіргі таңда, кадрлар резервіне 23 судья бекітіліп, енгізілген.
ҚР Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына үміткерлер:

  1. Р.Қ.Жанысбаев – облыстық соттың судьясы;

  2. З.А.Үргеншбаева – облыстық соттың судьясы;

  3. Н.О.Сисенова – облыстық соттың судьясы.


Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы лауазымына үміткерлер:

  1. Р.С.Хайруллин – облыстық соттың апелляциялық сот алқасының төрағасы.


Облыстық соттың алқа төрағасы лауазымына үміткерлер:

  1. Г.С.Әлімбаева – облыстық соттың судьясы;

  2. А.С.Жақыпова – облыстық соттың судьясы;

  3. Б.О.Өмірбаева – облыстық соттың судьясы;

  4. Д.Ә.Әбдәлі – мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы;

  5. А.А.Құрмантаев – Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы;

  6. С.К.Төлегенов – Ақтөбе қалалық сотының төрағасы;

  7. Ә.Ж.Шығамбаев – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.


Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына:

  1. Е.К.Қанапиев – облыстық соттың судьясы;

  2. А.С.Құлбосынова – облыстық соттың судьясы;

  3. М.С.Мұхамбетқалиев – Ақтөбе қалалық сотының судьясы;

  4. А.Б.Сабыров – Мұғалжар аудандық сотының судьясы;

  5. Ж.С.Төленов – Ақтөбе қалалық сотының судьясы;

  6. Н.Т.Сатыбалдина – Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

  7. А.М.Жүсіпов – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;

  8. Р.Қ.Қостанова – Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы.

  9. А.Н.Болатов – Хромтау аудандық сотының судьясы.

  10. Ш.Ж.Жәмиев – Ойыл аудандық сотының судьясы.

  11. Ә.Н.Тәжікенова – Темір аудандық сотының судьясы.


Мамандандырылған соттар төрағалары лауазымына:

  1. Ж.Қ.Әлішева – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;


Осы бағытта Ақтөбе облыстық сотының Комиссиясымен 2011 жылдың 6 айында тиісті жұмыстар атқарылды.

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотының судьясы Ш.Ж.Жәмиевтың және Темір аудандық сотының судьясы Ә.Н.Тәжікенованың аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына үміткер ретінде резервке алу жөніндегі 20.05.2011 арыздары облыстық соттың 2011 жылғы 23 мамырдағы жалпы отырысымен қанағаттандырылды.

2011 жылы кадр резервінен:

- ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы болып - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Б.Ә.Бекназаров;

- Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы лауазымына: Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып - кассациялық сот алқасының төрағасы Е.Ж.Айтжанов;

- Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына: Ойыл аудандық сотының төрағасы болып – Қарғалы аудандық сотының судьясы Н.А.Бақтығалиев тағайындалуы себепті шығарылған.

Кадр резервіне енгізілген судьяларды оқыту ҚР Жоғарғы Соты мен облыстық соттың жалпы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Резервке енгізілген судьялар республикалық, өңірлік, облыстық семинарларында, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жиі қатысып тұрады.

Резервке енгізілген А.С.Жақыпова – 2011 жылдың ақпан айында Алматы қаласына «Сот талқылауына дейінгі азаматтық істер бойынша дайындық» атты халықаралық, өңірлік семинарға қатысты.

Резервке енгізілген Р.С.Хайруллин – 2011 жылдың сәуір айында Астана қаласында «Сот практикасының біріңғайлығын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Облыстық соттың судьясы Н.О.Сисенова – 2011 жылдың маусым айында Астана қаласында ҚР Жоғарғы Соты Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаларды қолдау» жобасы шегінде «Сот практикасының біріңғайлығын қамтамасыз ету мәселері» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысты.

2011 жылдың маусым айының 27-не шілде айының 1-ші жұлдыздары аралығында ҚР Жоғарғы Сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьяларына арналған танымдық сапарға қатысу үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Д.Ә.Әбдәлі Германия Федеративтік Республикасына іссапарға жолданып отыр.

2009-2010 жылдар аралығы мен 2011 жылдың 6 айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында резервке енгізілген 11 судья біліктілігін арттырған. Олар, облыстық сот судьялары Н.О.Сисенова, Е.К.Қанапиев, А.С.Құлбосынова Ж.Қ.Әлішева (мамандандырылған экономикалық сотының судьясы лауазымында), Ақтөбе қалалық сотының судьясы М.С.Мұхамбетқалиев, Ж.С.Төленов, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.М.Жүсіпов, мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н.Т.Сатыбалдина, Ойыл аудандық сотының төрағасы Н.А.Бақтығалиев (Қарғалы аудандық сотының судьясы лауазымында), Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Б.Сабыров және Алға аудандық сотының төрағасы И.Р.Ерназаров (Хромтау аудандық сотының судьясы лауазымында).

Жоғарыда көрсетілген кезең ішінде ҚР Жоғарғы Сотында 2 судья тағылымдаман өткен: Н.О.Сисенова, А.С.Жақыпова.

Облыстық сотта 3 судья тағылымдамадан өткен, олар, мамандандырылған экономикалық сотының судьясы А.М.Жүсіпов, Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Б.Сабыров және Ойыл аудандық сотының төрағасы Н.А.Бақтығалиев (Қарғалы аудандық сотының судьясы лауазымында).

Жас мөлшері бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- 40 жасқа дейін – 4 үміткер,

- 40 жастан 50 жасқа дейін – 10 үміткер,

- 50 жастан жоғары – 9 үміткер.

Гендерлік құрам бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- ерлер – 13 үміткер,

- әйелдер – 10 үміткер.

Судьялық қызметтегі өтілімі бойынша резервке енгізілген судьялар келесі санаттарға бөлінеді:

- 5 жылға дейін – 2 үміткер,

- 5 жылдан 10 жылға дейін – 9 үміткер,

- 10 жылдан жоғары – 12 үміткер.

2009-2010 жылдар аралығы мен 2011 жылдың 6 айында кадр резервіне енгізілген судьялардың іс-әрекетіне келесідей шағымдар саны түскендігі анықталды:

З.А.Үргеншбаеваға – 5 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

Г.С.Әлімбаеваға – 1 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

А.С.Жақыповаға – 2 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

С.К.Төлегеновке – 7 шағым /1 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

Д.Ә.Әбдәліге – 2 шағым, тексеру қорытындысы бойынша 1 шағымның негіздері ішінара расталған;

А.А.Құрмантаевқа – 2 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

Ә.Ж.Шығамбаевқа – 3 шағым, тексеру қорытындысы бойынша 1 шағымның негіздері ішінара расталған.

Ж.Қ.Әлішеваға – 7 шағым /3 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

А.М.Жүсіпов – 3 шағым /1 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған.

Р.Қ.Қостанова – 12 шағым /2 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша 1 шағымның негіздері ішінара расталған.

А.С.Құлбосыноваға – 4 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған

А.Б.Сабыровқа – 1 шағым, тексеру қорытындысы бойынша негіздері расталмаған;

М.С.Мұхамбетқалиевке – 19 шағым /5 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша 1 шағымның негіздері расталған.

Ж.С.Төленовке – 12 шағым, тексеру қорытындысы бойынша 2 шағым негіздері ішінара расталған.

Ә.Н.Тәжікенова – 8 шағым /3 шағым екінші қайтара берілген/, тексеру қорытындысы бойынша 2 шағым негіздері ішінара расталған.

Аудандық соттар төрағалары резервіне енгізілген барлық үміткерлер ауылдық жерлерде қызмет етуге ниетін білдірді.

Комиссиямен мәжіліс хаттамаларына, қабылданған шешімдерге, Республикалық комиссияның бақылау тапсырмаларын орындау жөнінде құжаттарға жиынтықтар, сонымен қатар, әр үміткерге жеке жинақтау ісі жүргізіледі.

Комиссияның жұмыс жоспарында 2011 жылдың І жартыжылдығы бойынша қорытындысы шығарылғасын, резервке алынған судьялардың өз қызметтерінің талаптарын қаншалықты лайықты атқарып жүргеніне зерделеу жасап, зерделеу қорытындысымен тиісті шешім алу көзделіп отыр.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconПавлодар облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының Апелляциялық тәртіпте қарауға тағайындалған
Закона рк "Об мнистии" от 09. 01. 2006г. Рябикова В. Е. от назначенного наказания освободить
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 ноября 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 02 декабря 2010г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған азаматтық істер тізімі
Дата и время рассмотрения 15 декабря 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда
1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша iconАҚмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Дата и время рассмотрения 20 января 2011г. Место рассмотрения: здание областного суда 1 этаж
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница